Бұйрық жобасы Медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы


тарау. Балаларға медициналық оңалту бойынша медициналық көмек көрсету тәртібі



бет5/9
Дата14.09.2023
өлшемі78,98 Kb.
#181010
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
759 4@0DB A 2 5AB=K9 30.03.2021 07

4 тарау. Балаларға медициналық оңалту бойынша медициналық көмек көрсету тәртібі.



  1. Балаларды медициналық оңалту оны жүргізу үшін медициналық көрсетілімдердің болуына байланысты жүргізіледі.

  2. Балаларды, оның ішінде перинаталдық кезеңдегі жекелеген жай-күйлері, туа біткен патологиялары, шала туған балалары, жарақаттары, дене салмағы аз және басқа да жай-күйлері бар балаларды медициналық оңалту катамнез кабинеті/бөлімшесі/орталығы туралы ережеге (осы Стандарттың 3-қосымшасы) сәйкес аурудың басталуынан немесе балада анықтаудан қысқа мерзімде басталуы тиіс.

  3. Балаларды медициналық оңалту патологиялық процестің күрделілігіне, аурудың ауырлығына, оның ағымына, негізгі аурудан және (немесе) ілеспе аурулардан болатын асқынуларға байланысты жүзеге асырылады.

  4. Барлық кезеңдерде балаларға медициналық оңалту көрсетуді жүргізілетін медициналық оңалту бейініне байланысты осы стандартқа Ережеге сәйкес МДТ мамандары жүзеге асырады.

  5. Медициналық ұйымның емдеуші дәрігері баланың денсаулық жағдайына бағалау жүргізгеннен кейін және оңалту үшін көрсетілімдер болған соң медициналық оңалтуға жібереді, аурудың бейіні бойынша клиникалық ұсынымдарға сәйкес оны жүргізу, бағыттау мерзімдерін айқындайды.

  6. Медициналық оңалту көрсететін медициналық ұйымның емдеуші дәрігері мынадай іс-шараларды жүргізеді:

медициналық оңалту алдында баланың денсаулық жағдайын бағалау;
медициналық оңалтуды жүргізу алдында оңалту әлеуетін бағалау;
аспаптық-зертханалық деректер, физикалық зерттеулер және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де әдістер негізінде баланың денсаулық жағдайына мониторинг жүргізу;
арнайы тесттер мен шкалаларды қосымша пайдалану кезінде ХКФ сәйкес баланың жағдайын толыққанды диагностикалау;
оңалту диагнозын белгілеу;
оңалту әлеуетін бағалау (0-ден 5 баллға дейін);
медициналық оңалту бойынша көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру үшін тәуекел факторларын, сондай-ақ оны ықтимал шектеуді бағалау;
оңалтудың техникалық құралдарын іріктеу және қолдану арқылы медициналық оңалтуды жүзеге асыру;
медициналық оңалтуды жүзеге асыру кезінде динамикалық медициналық бақылау, оның ішінде МДТ-мен бірлесіп;
медициналық оңалту бойынша іске асырылған медициналық қызметтердің тиімділігін бағалау;
оңалту болжамына (қолайлы, салыстырмалы түрде қолайлы, күмәнді, қолайсыз) сәйкес пациентті одан әрі жүргізу тактикасы бойынша, оның ішінде кейіннен әлеуметтік, кәсіптік, еңбек және физикалық оңалтуға, кешенді оңалту шеңберінде санаторий-курорттық емделуге жіберу үшін, медициналық күтім және (немесе) паллиативтік көмек үшін ұсынымдар қамтылған қорытындыны (оңалту эпикризін) жасау;
адамды мүгедек деп тану қағидаларына сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу.

  1. Қажеттілік туындаған кезде оңалтудың басқа түрлеріне, оның ішінде ерте араласуды іске асыру шеңберінде жіберу қажет.

  2. Мамандандырылған медициналық, оның ішінде жоғары технологиялық қызметтер, медициналық көмек көрсету кезінде медициналық оңалтуды жүзеге асыру Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бекітілген бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылады.

  3. Балаларға медициналық оңалту телемедициналық технологияларды қолдана отырып, консультациялар, дәрігерлер консилиумын ұйымдастыру және жүргізу арқылы көрсетілуі мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет