Бұл курстық жұмыста көптеген әдебиеттер қолданылған. Ол дегеніміз газеттер, журналдар және кітаптар


Кәсіпорынның инновациялық қызметін дамытудағы нақты ұсыныстар



бет7/8
Дата06.02.2022
өлшемі42,01 Kb.
#79723
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2 апта

3.2. Кәсіпорынның инновациялық қызметін дамытудағы нақты ұсыныстар
Жаңа техника дегініміз еңбек ету процестерін тиімді етуді қамтамасыз ететін материалданған ғылыми еңбектер мен білім.
Инновациялық менеджмент – бұл инновациялық қызметті және осы процесте қамтылған қызмет етуші персоналды басқару мен ұйымдаструдың принциптері, әдістері мен түрлерінің жиынтығы.
Барлық дамыған, дамушы елдерде мемлекет инновациялық салаға қаржылай түрде, ұйымдастыру процесіне көмек көрсету арқылы қолдап отырады. Көптеген елдер тәжірибесі көрсеткендей, экономиканың күрт құлдырауы, қааржы кризистері кезенде же мемлекет инновациялық қызмет саласы қолдап, дамытып отыруы қажет.
Ал, «Уркер косметикс» кәсіпорынына келсек есепті жылы оның қаржылық жағдайы тұрақты болды деп айтуға болады. «Уркер косметикс» ПКФ-ның инновациялық қызметін қарыстырған кезде келесілерді ескеру қажет:

  • инновациялық процестер кездейсоқтық, мүмкіншілік сипатта болады және де олар әлсіз детерминацияланған болып келеді;

  • инновациялық процестер творчестволық сипатқа ие және же олар креативтік менеджмент тәсілдерін қолдануды талап етеді;

  • инновациялық жүйенің орталық субъектісі болып инноватор – инновациялық сфераның жұмысшысы саналады;

  • инновациялық қызметтің субъектісі болып табылатын новаторлар мен инновациялық менеджерлердің тұлғасын күрделі әлеуметтік жүйе ретінде қарастыру керек. Олар әлеуметтік – психологиялық, эвристикалық, дидактикалық тәсілдерін қолдануды талап етеді;

  • инновациялық қызметтің нәтижелілігін жоғарлату үшін икемді, адаптивті,моральдік – этикалық және индивидуалды тәсілдерді қолдану керек.

«Уркер косметикс» ПФК-ның инновациялық қызметін дамытуға мынандай ұсыныстар беруге болады:

  • экспортқа бағытталған өнімдердің шығарылуын қамтамасыз ететін технологияларды енгізу;

  • ішкі және сыртқы нарықтарда тұрақты сұранымға ие болатын өнімдерді шығаруға бағдарланған ғылымды қажетсінетін өндірістерді іске қосу;

  • инновациялық сала үшін білікті кадрлар даярлау;

  • өнімді өткізудің тұрақты нарықтары мен ірі өндірістерді қалыптастыру;

  • экономика салаларының технологиялық дамуын қамтамасыз ету;

  • халықаралық ғылыми – техникалық ынтымақтастықты дамыту;

  • инновациялық қызметті мемлекеттік ресерстіқ қолдау;

  • инновациялың неғұрлым тиімді түрлерін пайдалану.

Сонымен, дүниежүзілік тәжірибе көрсетуіне қарағанда, шағын инновациялық кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік ғылыми –техникалық саясаттың басты бағыты. Біздің елде шағын инновациялық кәсіпкерлікті қолдау бойынша нақты заң жоқ, ал дамыған елдерде бұл бизнес түрін мемлекет тарапынан қолдау жүйесі ұйымдастырылған.
Дүниежүзілік стандарт негізінен қарағанда, инновация дегеніміз – бұрын нарықта болмаған жаңа өнімді және жақсартылған технологиялық процестер түрінде көрінетін өзгерістер мен жаңалықтар.
Қазақстанда ғылымды қаржыландыру жеткілікте емес. Шаруашылық субъектілірінің ғылым мен инновациялық қызметке жұмсалатын шығындарын мемлекеттік ынталандыру жүйесі дамымаған, ғылыми – техникалық, ұйымдастырушылық және басқа да факторлар (4 кестеде) ықпал етеді.
Жоғары дамыған шетелдердің тәжірибелеріне сүйенсек, Қазақстан үшін инновациялардың мынандай түрлері неғұрлым тиімді:
«Үстемелеу» инновациясы – жаңа өнімдер мен отандық ғылыми – техникалық әлеуеттің технологияларын жасауда шетелдік ғалымдар мен конструкторлардың тәжірибесін пайдалану.
«Қарыз алу» инновациясы – бұрын Қазақстанда шығарылмаған және түпкі тұтыну өнімін шығаруға бағдарланған өнімдерді игеру.
«Көшіру» инновациясы – шетелдік ғылыми – техникалық әлеует пен жаңа енгізілімдерді отандық экономикаға тарту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет