Ширату тапсырмасы.
3.1.2.1 (Ұ; Т; Қ) Мəтіннің аты негізі ойдың қысқаша атауы екенін дəлелдеу.
38-жаттығу. Мəтінді тыңдайды. Мəтіннің атына назар аударып, ол негізгі ойдың қысқаша атауы екенін дəлелдейді.
(Ж) Берілген ақпараттың дұрыс-бұрысын анықтау.
Тыңдаған ақпаратының дұрыс-бұрыстығын анықтау үшін оқулықта берілген тапсырманы орындайды.
Ой сергек!
Бейнежазбадағы əуен ырғағымен билеу.
Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)
3.3.5.1 (МК; Ө; Қ) Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
39-жаттығу. Мəтінді қатесіз əрі көркем жазады. Оқушылардың бас əріп пен кіші əріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу жəне таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.
3.2.6.1 (МК; Т; Қ) Ұқсас тақырыпта берілген мəтін түрлерін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу.
Оқулықта берілген екі мəтінді жоғарыда берілген мəтін түрімен салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап, дəлелдеулер жасайды. Қай мəтінде ит туралы нақты фактілер берілгенін, қайсысы көркем мəтін кенін анықтап, дəлелдеулер жасап, ой қорытады. Жасаған ой қорытуларын топта жариялайды.
3.2.5.1 (МК; Ұ) Түрлі дереккөздерден ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау.
Тақырып мазмұнына сай материалдар жинақтап, алдын ала дайындалған сынып бұрышымен жұмыс ұйымдастырылады. Оқулықта берілген иттердің суретіне назар аудартылады. Суреттегі иттер туралы энциклопедиядан ақпарат тауып оқып, талдау жасайды. Жұмыстарын топта жариялайды.
3.2.6.1 (МК; Т; Қ) Мəтіндерді салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу.
Оқулықта берілген екі мəтінді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап, дəлелдеулер жасайды. Бірінші мəтіннің ғылыми мəтін екенін дəлелдейді. Мəтіннің түрін анықтайды. Əңгімелеу мəтіні мен пайымдау мəтінінің қайсысына келетінін анықтап, дəлелдеулер жасап, ой қорытады. Жасаған ой қорытуларын топта жариялайды.
Дескриптор:
Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтіннің
түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтай алады.
Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.
Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
|
Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.
Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)
Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау
|