Ширату тапсырмасы.
3.2.1.1 (Ұ; Т; Қ) Мазмұнын айту. Мəтін түрлерін жəне
оның құрылымдық бөліктерін анықтау.
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
9 мин.
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
28 мин.
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
6 мин.
Кері байланыс 2мин. 41-жаттығу. Мəтінді түсініп оқиды. Мəтіннің не туралы екенін анықтап, мəтінді мазмұндайды. Мəтіндегі негізгі ойды анықтайды. Мəтіннің түрін жəне бөліктерін анықтайды. Мəннің неліктен «Ағаш ек» деп аталғаны туралы өз көзқарастарын білдіреді.
3.3.5.1 (Ө; Ж; Қ) Көшіріп жазу.
Бабаларымыздың өсиет сөзін көшіріп жазады. Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.
Ой сергек!
Бейнежазбадағы əуен ырғағымен билеу
Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)
3.3.5.1 (МК; Ө; Қ) Өлеңнің ұйқасын табу. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
Шығармашылық үзіліс.
42-жаттығу. Өлеңнің ұйқасын тауып жазады. Оқушылардың бас əріп пен кіші əріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу жəне таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.
(Т) Берілген тапсырма бойынша ой тұжырым жасау.
Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады. Жазған өлеңі бойынша өзіндік ой тұжырым жасап, өлеңнің ұйқасқа құрылатынын айтады.
3.2.3.1 (МК; Т; Қ) Берілген тақырып бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру.
43-жаттығу. «Табиғатты қорғау үшін не істеу керек?» тақырыбында пікір білдіруге арналған сұрақтар құрастыру үшін топтық жұмыс жасайды. Топта берілген тапсырма бойынша талқылау жасайды. Арнайы берілген флипчарттарға құрастырған сұрақтарын жазады. Мұғалім оқушыларға топтық жұмысты орындау жəне оны қорғаудың мақсаты мен қойылатын талаптарын белгілейді жəне қағазға түсіріп, сынып қабырғасына іліп қояды. Үлгі:
• тапсырманы орындау барысында тақырыптан ауытқымау;
• интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;
• сөйлеу барысында берілген уақытты сақтау.
Жұмыстарын топта жариялау.
Достарыңызбен бөлісу: |