«Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы Адамның үйлесімді даму институты Ата-аналарға арналған нұсқаулық


«Өзін-өзі тану» пәні бойынша жобалардың тақырыптары



бет13/17
Дата21.12.2021
өлшемі174,5 Kb.
#104612
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Ата-аналарға арналған нұсқау

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша жобалардың тақырыптары

Сынып

Тақырып

5

Жақсылық менен басталады

6

Табиғат – баға жетпес сый

7

Ұжымдағы достық

8

Қоғамға қызмет ету

9

Менің құрдастарым

10

Менің борышым

11

Адамзаттың шынайы көшбасшылары

Өзінің құрылымы мен мазмұны бойынша жоба зерттеушілік, шығармашылық, ақпараттық және әлеуметтік болып табылады. Орындалу ұзақтығы бойынша әлеуметтік бағытталған жобалар ұзақ мерзімді болып табылады, яғни бір оқу жылына есептелген және жазғы демалыста орындауға арналған тапсырмаларды қамтиды.

Ата-аналардың міндеттері-оқушыларға қоғамдық пайдалы іс-әрекетте өзінің мақсаттарын, мүдделерін, интеллектуалдық және рухани сұраныстарын, адамгершілік бағдарларын, өзінің мүмкіндіктерін және өз замандастарының жетістіктерін зерттеу арқылы қазіргі әлемдегі өзінің «Менін» ұғынуға көмектесу.

Жобаның іске асырылуына оқушылар ғана емес, олардың отбасыларының мүшелері, достары мен таныстары да қатыстырылады. Осылайша, жоба әртүрлі жастағы, мамандықтағы, әлеуметтік дәрежедегі адамдарды біріктіреді және жалпыадамзаттық құндылықтарды нығайту жолында қоғамның салауатты күш-қуатын біріктіруге мүмкіндік туғызады. Жоба бойынша іс-әрекеттің барысы Оқушы дәптеріндегіЖоба күнделігінде жазылған. 5-10 сыныпқа арналған Оқушы дәптерлері www.ozinozi-tanu.kzрухани-адамгершілік білім беру порталында орналасқан.

Күнделікті еркін формада да жүргізуге болады, оның орнына альбом, файл папкасы, А4 форматындағы арнайы дәптерді пайдалануға болады. Жоба төрт бөліктен тұрады. Әрбір бӛлігі белгілі бір бӛлімнің мазмұнымен байланысты, алайда тек онымен шектелмейді. Осының барлығы зерттеудің төрт кезеңін шамалайды.

Бірінші кезеңде оқушылар рефлексиялық қызметті орындай алады, яғни оқулықта немесе оқушы дәптерінде берілген сұрақтарға жауап беру арқылы өздерінің ішкі жай-күйлеріне талдау жасайды. Бәлкім, бұл сұрақтар тұлғаның барлық эмоционалдық-еріктік сұраныстарын қанағаттандырмауы мүмкін, алайда өз-өзімен және қоршаған әлеммен қарым-қатынасына талдау жасауға көмектесері анық. Сұрақтар мұғалім мен оқушылар тарапынан толықтырылуы мүмкін. Бұл сұрақтарға жауап іздеу үй жұмысына берілетін тапсырма ретінде ұсынылады, орындалу нәтижелері өзін-өзі тану сабақтарында талқыланады. Талқыланатын тақырыпқа қызығушылық арттыру үшін сұрақты жауап беруге ынта білдірген оқушылардан бастап, бірте-бірте қалған оқушыларды да әңгімеге тартуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет