«Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты



бет38/56
Дата05.02.2022
өлшемі6,67 Mb.
#6245
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   56
Қазақстандағы орыстар. Қазақстанға алғашқы болып келгендер казактар мен әскери шенді о. болды. Олар шекара шебіндегі әскери бекіністер мен станицаларда тұрды. Кейін Қазақстанды отарлау әрекеті күшейген кезде казак әлеуметтік тобына қоныс аударып келген шаруалар мен мещандар, солдаттар да қабылдана берді.
Қазақстанға қоныс аударылған О. шаруалары шекарадағы әскерлерді, сондай–ақ Колыванов–Воскресенск зауыттарында, тау–кен өндірістерінде істейтін жұмысшыларды азық–түлікпен жабдықтау міндетін шешуге тиіс еді. Шаруаларды қазақ өлкесіне кеңінен тарту үшін патша үкіметі еркін отарлау әдісін де, күш қолдана отырып, еріксіз жер аудару тәсілін де қолданды. Кейде О. шаруаларының қатары орталықтан айыпты болып қашқан қашқындардың есебінен де толықтырылып отырылды. Мәселен, Бұқтырма өзенінің аңғарына, Алтай тауының адам аяғы жете бермейтін биік қойнауына зауыт жұмысшылары, солдаттар мен ынтымақ бұзушы секта жікшілдері қашып кете беретін. Сібір әкімшілігі қашқындардың поселкелерін жою және Бұқтырма аңғарына қашудың жолын кесу үшін қанша күш–жігер жұмсағанымен еш нәрсе шығара алмады. 1897 жылы Алтайда 90 мыңға жуық О. шаруалары болды.
Қазақстанда О. халқының саны XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде қызу қарқынмен өсті. Бұл кезеңде Ресейдің еуропалық бөлігіндегі шаруалар Қазақстанға жаппай көшіріле бастаған болатын. 1897 жылы Қазақстанның алты облысындағы О.–дың саны 544 мың адамға жетті. Олар қазақ өлкесіндегі бүкіл халықтың 12,8 пайызы болды. О. халқының негізгі бөлігін қоныс аударып келген шаруалар (40 пайыз), содан кейін казактар (33 пайыз), мещандар (19 пайыз), дворяндар (5 пайыз) және басқалары құрады. Қазақтар мен О. тұрғындары арасында өзара шаруашылық–мәдени алмасулар орын алды.
Орыстар мәдениеті. Орыстардың дәстүрлі шаруашылығы жер өңдеу болып табылады. Жер өңдеудегі басты бағыт дәнді дақылдар (бидай, қара бидай, тары, зығыр) өсіруге бағытталған. Оңтүстікте бау–бақша өсіру жақсы дамыған. Сонымен қатар мал шаруашылығымен айналысқан. О. ірі қара малын, жылқы, қой, шошқа және құс (қаз, үйрек және т.б) өсірген. Жүні майда аңдарды (тиін, түлкі және т.б.) аулау жақсы дамып, сонымен қатар жидек, саңырауқұлақ терумен де айналысқан. Дәстүрлі шаруашылықта балық аулау маңызды орын алған. Сәндік–қолданбалы өнер де жақсы дамыған. Ағаш, металл, қыш шыны, сүйек, мүйіз, мата және теріні өңдеп, көркемдеген. Ағашты ойып сурет салу, мүсіндік өнер, көркемдеп жазу, матаны көркемдеу және тоқу, кесте тоқу және т.б көпке мәлім болды. Алтын мен күмістен жасалған чеканкалар, діни мазмұндағы ағаштан жасалған мүсіндер кеңінен таралды. Ыдысты көркемдеп жазу көптеген аудандарға таралып, дамыған. Лакталаған кеңістікке көк шөп пен алтын–қызыл–қара гаммалы өрнектерді бейнелеу тән болған (хохломалық көркемдеу) новгородтық шеберлердің жұмыстары ерекше белгілі болды. Оралда ашық түсті гүл шоқтары бейнелеген металл подностар кең тарады. Сонымен қатар шеберлер алтын, күмістен әшекей бұйымдар жасаған.
Орыс халқының дәстүрлі киім–кешектері алуан түрлілігімен және аймақтарға байланысты бөлінуімен ерекшеленеді. Ресейдің кіші халықтарының әсері білінеді. Сонымен қатар кейбір жалпы стиль болды. Ерлер туника түріндегі және қисық жағалы жейделерді, шалбардың сыртына шығарып, белбеу тағып киген. Сыртқы киімі сол жағына қаусырылатын үшкіл шекпен болған. Көпестер мен бай шаруалар шекпен тәрізді белі бүрмелі бешпент киген. Қисық жағалы жейде, етіктің ішіне салынған шалбармен бірге киілген поддевка XIX ғасырдың аяғындағы интеллигенция арасында сәнді болып саналған. Деревняларда шаруалар көбінесе шұғадан жасалған ұзын етек шапан армяк киіп жүретін болған. Қыста қойдың терісінен жасалған қысқа тондар мен тұлыптарды ашық түсті мата белбеумен орап буып киген. Киім–кешектердің солтүстік және оңтүстік болып бөлінуі әйелдердің киіміне ерекше тән болған. Ақ кенептен жасалған иығына ендірме салып, жағасы жинақталып келген ұзын жейделер жалпы орыстардың дәстүрлі киім үлгісіне жатады. Солтүстік аймақтарда түсі мен тігуі жағынан әр түрлі ұзын сарафандар (ұзын, жеңсіз көйлек) киген. Тұрмысқа шыққан әйелдер бастарына кестемен, маржандармен әшекейленген биік төбелі бас киім кокошник киіп жүрген. Күнделікті бастарына орамал – байлаған кішірек бөрік болған. Түсі, түрі және матасы жағынан әр түрлі байламдарды міндетті түрде байлаған. Оңтүстік аймақтардағы орыстардың киімдері кенептен, ұзын жейде мен торлы жүннен жасалған матаның тілімі поневадан тұрған. Оның сыртынан алжапқыштың бір түрі – запан киген. Кейде тұрмыс құрған әйелдер мүйіз формалы күрделі бас киім киіп жүретін болған. Нақышты жапсырмалар, інжу, маржандарыдан тұратын өрнектер, алтын, күміс бұйымдар сияқты әшекейлер ерекше алуан түрлі болған.
Орыс халқының дәстүрлі азық–түліктері негізінен ұннан жасалған тағамдары болған. Қара бидай ұнынан, қышқыл қамырдан жасалған үлкен домалақ нандар пісірген. Құймақ, жұқа құймақтардың, жұқа нандардың алуан түрі пісірілген. Дәнді дақылдар жармаларынан сұйық ботқалар дайындалатын болған. Орал маңында тары жармасынан жасалған щи, оңтүстікте – бидайдан жасалған быламық ерекше cүйіп жейтін тағам болған. 19 ғасырдың аяғында күріш пайда болды. Бал немесе балы бар су қосылған үгітілмеген бидай, тары жармасынан жасалған ботқа – кутья кеңінен таралған. Бақша өсімдіктері ішінен ас үйде орамжапырақ жас күйінде де, тұздалған ашытылған күйінде де көп пайдаланған. Сонымен қатар, картоп та кеңінен танымал болған, оны қуырып, пісіріп тағам жасаған. Картоп пен тұздалған қияр орыс халқының негізгі тағамдары болған. Оған қоса қара нан, ботқа және щи қосып желінетін болған. О. халқы сонымен бірге еттен дайындалатын тағамдар да жасаған. Негізінен олар шошқа, сиыр етін жеген қой етін сирек пайдаланған. Жылқы етін жемеген, ал, балықты тамаққа жиі пайдаланған. Сусындар қара наннан жасалған квас және сыра болған. Кейбір кездері бал мен кептірілген жидектерден сусындар дайындаған. Кисель мен компот та кеңінен таралған сусын түрлері болған. Шай XIX ғасырда пайда болды. Шайды арнайы ыдыстан (әйгілі тула самаурындары сол кезде пайда болған) қант тістеп ішкен. Ресейде күнтізбелік әдет–ғұрыптар 20 ғасырдың басына дейін сақталып қалған. Оларда халық серуендеп, сауық–сайран құратын болған. Бірінші кезекте олар қасиетті – рождестволық, жаңа жылдық мейрамдар болған. Оларды әзіл–ысқақты, көңілді ғұрыптармен өткізетін болған. Бұлардың ішінде амандық–саулық тілеп жарапазан өлең айту кеңінен мәлім болған. Жарапазаншыларға тәтті, дәмді тағамдар сыйлаған. Бұл кезде сонымен қатар бал ашу да кеңінен таралған, қыздар болашақ жұбайларының есімдерін білу үшін бал ашқан. Көшелерде күлдіргіштер, сиқыршылар шынжырға байлаған аюмен жүретін болған. Бұл цикл шоқындырумен (қасиетті сумен бүрку, кейбіреулер мұзды суда шомылған) және крест жорықтарымен аяқталаған. Үлкен крест жорықтары тарихи оқиғаларға байланысты маңызды даталар бойынша жүргізілген. Қысты шығарып салу және көктем мерекесі – масленицада көбіне пұтқа табынушылық іздері сақталып қалған. Келесі үлкен мереке – Пасха.
Бұл мерекеде О. халқы кулич пісіріп, жұмыртқаны бояп пісірген және сауық–сайран құрған. Көктемнен жазға өту Троица мерекесімен белгілі болған. Қыздар ағаш бұтақтарын және гүлден жасалған тәждер әкеліп, алау жағып, өлең айтып, су шашып жастар сауық құрған. Көптеген мерекелерге байланысты жәрмеңкелер ұйымдастырылған. Рухани мәдениеттің қайнар көзі ауызша поэтикалық шығармашылықта жатыр. Осы мәдениеттің ежелгі, көпшілікке мәлім жанры – ән болып табылады. Олар стилі, тақырыбы бойынша алуан түрлі болған: колядка, овесенъ немесе таусень, виноградь, веснянки және т.б. Сонымен қатар О. халық ертегілері де ежелгі жанрлардың бірі болып табылады.


«ОТЫРАР САЗЫ» – Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» Қазақтың мемлекеттік академиялық фольклорлық–этнографиялық халық аспаптары оркестрі. Қазақ филормониясы жанынан 1980 ж. құрылған. Оның көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Н. Тілендиев басында шағын ансамбль ретінде ұйымдастырып, 1982 ж. оркестр санатына көтерген. Оркестрдің құрамында домбыра мен қобыздан басқа қазақтың жетіген, шертер, шаңқобыз, месқобыз, сырнай, сазсырнай, сыбызғы, асатаяқ, дауылпаз, тұяқтас, қоңырау т.б. саз аспаптары бар. «О. с.» репертуарындағы фольклорлық туындылармен қатар аңыз, шежіре, күйлер сипатында жазылған Қазақстан композиторларының шығармалары ұлттық нақышымен ерекшеленеді. Сондай–ақ оның репертуары кинофильмдер музыкасымен, солистер орындайтын аспаптық шығармалармен толықтырылған. Ұжым қазақтың музыкалық фольклорының тамаша үлгілерін сақтап қана қоймай, қазіргі мәнерлеу аспаптары мен оркестрдің тембр мүмкіндігіне сәйкес келетін туындыларды өңдеп, жетілдіріп келеді. Оркестр құрамында 65 өнер шебері қызмет етеді. Солтүстік Кореяда өткен дүниежүзілік өнер фестивалінде (1994) «О. с.» 1–орынды иеленіп, алтын жүлдемен оралды. 1999 ж. оркестрге Тілендиев есімі, 2000 ж. Академиялық атақ берілді. Оркестрдің репертуарында: халық күйлері – «Кеңес», «Сары өзен», «Сал күрең», халық композиторларының шығармалары «Қосбасар», «Саржайлау», Тәттімбеттің «Сылқылдағы», «Ерденнің күйі», Ықыластың «Қамбар батыры», М. Төлебаевтың «Еске алуы», Н. Тілендиевтің «Ата толғауы», «Қош керуені», К. Күмісбековтің «Қорқыт күйі», «Фараби сазы» және т. б. бар.


ОЮ–ӨРНЕК, орнамент (лат. огnаmеntum – әсемдеу, сәндеу) – әр түрлі заттарды (үй–іші мүліктері, тоқыма бұйымдар, еңбек құралдары, қару–жарақ), архит. ғимараттарды әшекейлеуге арналган жүйелі ырғақпен қайталанып отыратын әр үйлесімділікке құрылған өрнек–нақыштар. Қазақстан аумағында О–ө–тің ең қарапайым элементтері Андронов дәуірінен жеткен көзе әшекейлерінен байқалады. Мұндай әшекейлер "жал", нүкте, ирек тәріздес болып келеді. Ұлттық О. ө. көбіне өзіне тән белгілерінін жүйелерін қазақ халқының калыптасуымен әрі республиканың қазіргі аумағын мекендеген Азияның басқа да халықтары мәдениетімен тығыз байланыста дамыды. Бұл ортағасырлык архит. ғимараттардағы көгеріс және геом. О.–ө–терден (Бабажы қатын күмбезі. X–XI ғ., Айша–Бибі кесенесі, XI–XII ғ., Ахмет Ясауи кесе–несі, XIII – XIV ғ., т.б.) айқын көрінеді. О. ө. дәстүрлі тоқыма өнері үлгісінде (гобелен, текемет, алаша, сырмақ), кестеде (киім–кешек, тұрмыстық заттар), ағаш, мүйіз, сүйек, ғаныш, металл мен теріге өрнек салу мейлінше жетілдіріле түсті. Қазақ О. ө–нің негізгі түрлері: геом., зооморфтық пен көгеріс және қиял–ғажайып өрнектер (бойтұмарлар, аспан әлемінін белгісі). Олардың аса маңызды элементтері: қошқар мүйіз, құс тандай, түйе табан, үш жапырақты, бес жапырақгы, т.б. О.–ө–тің геом. элементтері шаршы, ромбы, жүлдызша түрінде), сондай–ақ, көгеріс өрнектері (гүл, жапырақ, бұтақ түрінде) ағаш ұқсатуда, әсіресе үй жиһазы мен ыдыс–аяқтарда, музыка аспаптары мен аңшылык қару–құралдарында сақталып қалды. Халық О. ө–гінің сан алуан түрлері әйел әшекейлерінде (сакина, сырға, бойтұмар, білезік) кездеседі. Ал сәулет өнерінде зооморфтық пен көгеріс өрнектері (сыңар мүйіз, құс мойын, түлкі бас, арқар мүйіз, т.б.) басым болды.

Әдебиет: Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық / Бас сарапшы Әшірбек Сығай. – Алматы: Аруна Ltd, 2005. – 656 б.



Мақал–мәтелдер – бабалардың дана да қанатты, нұсқалы да арнаулы сөздері, шындықтың ширақ көздері, тәрбиеліктің таусылмас тезі, түйінді ойдың көңіл аулайтын мәнді ауқымы; ұрпақ арасында рухани қазына мен құндылықты нақты өрнектеп алмастыратын ыңғайлы әдіс, тартымды құрал; көркемдік қасиеттері, әлеуметтік мәні зор жанр, құндылығы терең құбылыс. М.–м–дер – атам заманнан қорланып, сұрыпталынған фольклордың туындысы; сөздің құнары, үміттің ұраны, ойдың құралы; мазмұны жағынан мұраты биік, рухы шымыр, көркемдік мәні зор халық шығармашылығы мен даналығының кең таралған түрі. Бүгінгі күнге дейін іріктеліп жеткен қазақтың асыл қазынасы – мақалды сөз өнері мен көркем мәдени мұрасына жатқызады. «Мақал дегеніміз – өмір құбылыстарын жинақтайтын және типтендіретін, бір немесе екі бөлімнен құралып, алдыңғысында шарт немесе жалпы пайымдау, соңғысында қорытынды, түйінді пікір айтатын бітімі бекем, өте ықшам, бейнелі әрі ырғақты халық нақылы. «М–дар халықтың қуанышы мен қайғысын, даналығы мен өмірлік тәжірибесін білдіретін ең кеңінен таралған формасы ғана емес, моральдық нормалардың өзіндік кодексі» деген түсінікте қалыптасты. М–дағы өмір тәжірибесі татымды, онда сөз өнері «ерлік, ездік, жігер–махаббат, өнеге–ғибрат, ар–намыс тақырыптарының бәрі де өткен күнді қызықтау емес, ертеңгі күн талаптарының биігіне» көтереді (Ғ. Мүсірепов). М–да алғырлықтың үстем болуының түп–тамыры тереңде. Сөз өнері ойды құнарлайды және мәнерлейді десек, онымыз ойлану мәдениетінің өресі мен деңгейінен, ой түйіні мен талғамынан құралады. Өнерді өсіретін қылықтар әділ де пайдалы сыннан көрініс табады, сырласқандарға жол тапса, онда көпке жағады.
Мәтел дегеніміз – халық арасына көп тараған, қорытындысы болмайтын, тұжырымы тиянақталмаған, қарама–қарсы шендестіруі жоқ, ықшам кестелі халық сөзі» ( М. Әлімбаев). Мамандар қазақ халқының 50 мыңнан аса М.–м–дері жинақталынған, дейді. Оған жеке ойшылдардың қанатты да нақыл сөздері қосылмайды. Жиналмаған рухани қазынамыздың қаншама екені әзірге мәлімсіз. Дегенменде, М.–м.–ге деген сұраныстың халқымызда кең таралғандығы анық. Оның себебі неде?
Адам ақиқатты ақтау, әділетті жақтау, тәлімдікті баптау, адамдықты сақтау үшін М.–м–ге жүгінеді. Оларды айта отырып, халқымыздың тілдік шұрайын жаямыз, өмірлік тәжірибесімен тілдесеміз, ашық сабағынан тәлім аламыз. М.–м–дер танымдық мән–мағынасы, әлеуметтік қызметі жағынан: – адамды адастырмайтын, досты өзара достастыратын, елді елдестіретін, рухани қазынасын; адам жан дүниесінің, оның белсенділігі мен халық тыныс тіршілігінің айнасын; қоғам дамуының жаңа үрдістеріне сай толығатын, жаңаратын халықтық даналықтың қайнарын; әр дәуірдегі даналықтың халықтық және тұлғалық сипаты мен дәрежесін дәйектейтін ғибратнама. Ғибратнамадағы діттеушілік – танып–білу, өсиет, ұлағат, тәлім–тәрбие, парасат, ізгілік т.б.. Онда тұтас тірліктің қажетті көріністері іріктелген, белсенді жанның әрекеті дөп бағаланған. Ғибратнаманың қамтитын тақырыптары мен үрдістері алуан. Солардың қатарында:–туған жер, ел–жұрт, ағайын–туыс, халық, отан, бейбітшілік тақырыптары; ерлік, естілік, батырлық, батылдық, қайсарлық, бірлік идеялары; еңбек, еңбекқорлық, ұсталық, кәсіп, байлық, пайда мәселелері; тәлім–тәрбие, мінез–құлық, салт–сана, достық, үлгі өрнектері; ақыл, білім, ғылым, өнер, ақылдылық пен адамгершілік үлгілері; ынтымақтастық, сыйластық, сақтық, саулық, отбасы сұраныстары; жамандық, жалқаулық, сараңдық, ақымақтық, жарлылық салдары. Осы тұтастық пен тұлғалық, туралық пен тұрақтылық төңірегіндегі, соларға тектес мәселелер туралы түйінді ойлар мен нұсқаулардың жалпыадамзаттық негіздері айқын, ұлттық өрнектері басым. Онда халықтық көрегендік пен кісілік қасиеттер, саналы сезім мен сапалы әрекеттер тоғысады.
Әр ұлттың өмір тәжірибесінен алынған М.–м–дің тұтас мағынасы – көненің өнегелі бітім бейнесі мен ырғағында, ұрпақтардың рухани құндылықтарының қуатында. Ұғымтал ойдың қуаттылығы халықтың кемеңгер ойынан, сезімтал жүрегінен, қырағы көзінен туындаған. Мұның өзі халықтық мұраның арнасы, біржағы ұқсас, үйлес, түптес, біржағы жүрекке жақын рухани қазына екендігін айқындайды. Оған себеп – ортақ мәселе мен мақсатта, ірі мақсатқа мүдделілігінде.
Халықтың о бастан діттегені – ақиқат жолы, әділдік үрдісі, адамгершілік өнегесі, рух өресі. Халық өмірдің құнды өлшемдерін дау тудырмас құндылығы үшін, тапқыр мәнділігі үшін, өнеге үйретер тәлімділігі үшін, ықшамды өткірлігі мен уыттылығы үшін қадірлеп–қастерлейді. Қазақ М.–м–дері – рухани ақиқат өрнегі және әлеуметтік–психологиялық сабақтың өрісі; халықты еңбекке, кәсіпке, бай болуға тәрбилейтін әлеуметтік–философиялық маңызы күшті ұстаным. Қамал бұзар қаһарлы сөз бен тіл қаруын ел: а) санадағы даналықты қалыптастырады, өмірдегі достық пен махаббатың мәртебесін көтермелейді; ә) адамды жақсы әдет пен әдепке қаратады; б) елдікке, ерлікке, еркіндікке, естілікке, ептілікке үйретеді деп қабылдады. Рухы биік адам өз шоқтығымен таңырқатты, өз рухын таңдатқызды. Сөз зергерлерінің аузынан шыққан мақал–мәтелдерді үздіксіз пайдаланып, үлгі етіп, ұрпақ тәрбиесіне парықтап пайдалану дәстұрге айналған. М.–м–ң өтімділігі мен өміршеңдігі осында.


Мәдени мұра – Президент Н. Назарбаевтың ұсынысымен 2004 ж. қабылданған мемлекеттік бағдарлама. Бұл бағдарлама үш кезеңде – 2004–2006 жж, 2007–2009 жж, 2009–2011 жж. жылдар аралығында жүзеге асырылды. Алғашқы екі кезеңде 51 тарихи және мәдени ескерткіштер қалпына келтіріліп, қайта жаңғырту жұмыстары жасалды, еліміздің аумағындағы 39 қалашық пен қорғанда археологиялық зерттеу жүргізілді. Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі дайындалып, оған 218 нысан енгізілді. ІІІ кезеңде Есік және Берел қорғандарының құрылысы жүргізіліп, Дамаск қаласындағы әл–Фараби кесенесі мен Каирдегі Сұлтан Бейбарыстың мешітін қайта жаңғырту жұмыстары жалғастырылды. Шетелдерден қазақ тарихына қатысты 5000–ға жуық көшірмелер әкелінді. 10–шақты шет елдерде Қазақстан тарихы мен мәдени мұраларының көрмесі өткізілді. Осы мемлекеттік бағдарлама бойыиша ғаламдық ақыл–ой жемісі саналатын 350 шығармалар кітап болып басылды. Қазақшаға аударылды. Онда қоғамдық–саяси сала (философия, тарих, экономика, психология, саясаттану, әлеуметтану, педагогика) бойынша – 124. көркем әдебиет бойынша – 75 кітап түрлері жарық көрді. Осы бағдарлама аясында 40 археологиялық және 26 ғылыми– қолданбалы зерттеу жүргізілді, Тарихи–мәдени ескерткіштер мен ұлттың талантты перзенттері туралы оннан астам деректі фильм түсірілді.
«М.м.» бағдарламасының маңызы – ұлттық мәдени мұраларды зерттеудің тұтас жүйесі құрылды және гуманитарлық ғылымның мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын құрайтын қадамдар жасалынды; өткен ұрпақтардың көркем–тарихи ескерткіштері, ауызша–поэтикалық шығармалары, өнердің қолданбалы түрлері жинақталды; халқымыздың өзіндік санасы мен жаңашыл рухының танымдық, саяси, әлеуметтік–психологиялық аясы анықталды; мәдениеттің дәстүрлі ұстанымы мен халқымыздың рухани өмірінің сабақтастығы қалпына келтіріле бастады; «М.м.» білім мен өнердің әр саласында ғылыми айналымға енуде. Сонымен халықтың рухани–мәдени сұранысына жауап беретін бірден–бір жобаға айналды. Онда мәдениетке қатысты фундаменталды, қолданбалы, ұйымдастыру сипаттағы іс–шаралар кешені жүзеге аса бастады.
М.м. адамзаттың тарихи және әлеуметтік–мәдени тәжірибесінің материалы ғана емес, одан адамзат өркениетінің үлгілері мен сабақтастығы табылады. Өркениет ағымы мен ұлттық дәстүрлерден «Біз не істеуіміз керек?», «Қалай өмір сүруіміз керек?», «Қандай таңдау жасағанымыз дұрыс?» деген сауалдарға жауап алуға мүмкіндік туады.
М.м. халқымыздың өсуінің рухани әлеуетіне, ұлттық өзіндік ерекшелікті сақтаудың факторына, ұрпақтар мен ұлттар арасындағы сабақтастықты жалғастырудың дәнекеріне, өмірді ұйымдастырудың және оны басқарудың түріне айналуда.
М.м. бағдарламасы арқылы мәдениеттегі кеңістік пен өркениет туралы түсініктер кеңейді, түрлі өркениет пен мәдениеттің өзара байланыстары туралы көзқарастар жаңаша қалыптасты. Өз отанымыздағы халықтардың тарихи байланысы мен тарихи тәжірибесінің, дәстүр–салттар мен құндылық ұстанымдарының сабақтастығы анықталуда. Бұдан әлеуметтік–мәдени тәжірибе мен этникалық бірлестіктің өзара тәуелділігін, халқымыздың өзін–өзі таныту жолдарының әрқалай болғандығын пайымдаймыз. М.м. халқымыз бен еліміздің мәдени және саяси тарихын қалпына келтірудің түрі, мәдени тәжірибені тұжырымдаудың, оның бағдарларын таратудың тетігі. Халықтық мұра ендігі этникалық қарым–қатынасты үйлестірудің, мемлекеттік саясатты рухани жаңғыртудың мәдени мәйегіне айналуда. Бұдан туындайтын қорытынды: «Мәдениет – ұлттың бет–бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл–ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді–кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады» (Н. Назарбаев).


Нақыл сөз – өткір, ділмәр, мәнді, аталы сөздің тұнығы, ордалы да оралымды ойдың түйіні; жекенің де, көптің де көңілінен шығатын шешендік өнер. Н.с. – адамға сөз арқылы жәрдем беру, оның сеніміне дем беретін ата–бабаларымыздың сарқылмас рухани байлығы. Н. с–дің құндылығы, – өсиетінде, өміршеңдігінде, дәлдігінде, айқындылығында, деректілігінде, өмір тәжірибесіне, даналық тұжырымға, логикалық қисын мен ғибратты өнегеге негізделген терең ойлы, түйінді сөз. Уәждің мінсіздігі уақыт елегінен өтіп, ұрпақтар зердесіне ұялаған ұлағатты осы нақылдарда бекіген.
Н. с–дің өміршеңдігі – шындығы мен шеберлігінде, тәсіл айқындылығы мен ұстаным тазалығында, бірлік пен бітім үшін қажетті саналылық пен даналылықта. Адам ақыл–парасатының естілігі, екпінділігі осы саналылық пен даналықтан нәр алады, бітім табады. Н.с–де батыл да тиімді әрекеттің беталысы айшықтанады, тиімді әрекет, оптимистік рух жеке адамды да, тұтас ұрпақты да, тіпті бар халықты да жаңсақтықтан сақтандырады. Н. с–дер әмісе туралыққа, тұлғалыққа, тұтастыққа, тұрақтылыққа шақырады, ұлағаттылыққа қызмет етеді.
Қазақтың Н. с. – адам санасында шоғырланған толғаныс қуаты, ой мен көзқарас белсенділігінің нышаны. Ғұлама әл–Фарабидің тұжырымдауынша, Н с–дер «әрекетшіл себепті іздестіреді, қарама–қарсы болмыстың өзіне тиісті үлесін алуға үйретеді
Тыңдай білген жанға Н. с–дің мағынасы кең, мәні дәл де терең. Түсінгенге сөз өнері нәрлі, сәнді, өнегелі. Келісті сөз – қазына, қазынаға лайықты салмаққа ие.
Н.с–дер – Отан мен халыққа, дәуірге қатысты елі мен ері үшін, жері мен атамекені үшін тиімді қимыл–әрекетті қостайды, оқу–білім–ғылым–өнерге бағытталған ақыл–парасат пен арман–тілекке, адамдық мұрат пен ұлттық идеяға арналады; достық пен махаббатқа, ұрпақ сабақтастығына байланысты мінез ерекшеліктері мен адамгершілік қасиеттерге сүйенеді.
Н. с. адамның өз күшін қуаттайды, адамды шындық жолында шыңдайды, адалдық ұстауға бағыттайды. Оны адамның жанын да, жігерін де жанитын құдірет, деп қабылдаған. Құдіретті сөздің бас құпиясы ақыл адамға, нақыл – ұрпаққа серік болған сайын ашылады. Адам іс–әрекетін иемденген сайын, халық туған жерін игерген сайын сөз өнерін арттырады. Өсер елдің өсиеті адам күш–қуатын, ынта–ықыласын және үмітін ұрпақ өмірінің нақты бағдарына шоғырландырады, бағыт–бағдарды толғаныс торабына және қамқорлық аясына айналдырады.
«Атаң айтқан сөзінен аспа», «Атаңның сөзін екі қылма, Ата–анаға бек жақсы қызмет қыл». Осы құндылық тұрғысынан мінез–құлықты бағалайды . Осы ерекшеліктерге лайықты талаптар да қойылады. Нақылды адам ырысына айналдыратын ақыл ретінде қабылдайды содан кейін сөз бостандығының айғағына балайды. Н. с. танымдық қызметімен құнды. Тілді ақыл хақиқатты болжайды. Оған берілген шындық жолын онда ғасырлар ғажабы мен беттері, адам өмірінің құпиясы мен сырлары, айрықша өрнектелінеді.
Н. с–нің шығу тегіне көңіл аударсақ, Ол мақал–мәтелдерден, өсиет пен тілек–батадан көрініс тапты, сондай–ақ арнау, толғау, терме, желдірме, мадақтау өлеңдері арқылы желісін ұзартты. Қаһармандығымен көзге түскен, қажырлы қайратымен көңілден шыққандардың Н. с.–рі, өсиет үлгісі заманының көкейтесті мәселелерін көтерді, философиялық танымның көркемдік көздерін, ұрпақтық тәлімнің нақты үлгілерін көрсетті.
Өмірлік құндылық – дүниетанымдық, рәміздік, мәтіндік–кодтық негізгі «бағдарламаны» қоғамның рухани мұрасы ретінде реттейтін адами болмыстың тәсілі; әрбір этникалық мәдениет өкілдерінің дүниеге деген көзқарас жүйесін, дүниені қабылдау ерекшеліктерін қалыптастыратын ішкі тетіктер; мәдениеттің реттеуші функциясын жандандыратын деңгей, жаңа кезеңде қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын нығайтатын тәсілдік қызметтің құрал–сайманы; адамдардың тұрмыстық тіршіліктегі қалыптасқан әдеп нормаларының жиынтығы мен көріністері. Ө.қ. – адам мен қоғам рухани өмірінің өрнекті өресі, оралымды ортасы және тартымды тәсілі. Әлеуметтік тәжірибенің мұндай төл ұстанымы адамды өзінің ішкі, тұлғалық дүниесіне тартады, адам мәдениетін әлеуметтік тұрғыдан жаңғыртады. Бір уақытта адам мен қоғамның ішкі құрылымын құрайтын тұлғалық тәжірибе де, заттық қатынастан тыс рухани кеңістік те адамдық беделді сақтаушы тартымды күштер де – Ө. Қ–дың бастауы.
Ө. Қ.–тар қоғамдық тыныс пен адамның ішкі байлығының ауқымын сипаттайтын, алғы шебін көрсететін мәтіндер мен рәміздердің, жанрлар мен стильдердің жиынтығын құрайды; адамдардың этникалық тегі мен ортасын толықтыратын, этноұлттық болмыстың үйлестігін жалғастыратын дәстүр, салт, рәсім құрылымы. Ө.қ ұрпақтан ұрпаққа берілетін адами тәжірибелердің үлгілері және ұлттық характерді нығайтатын әлеуметтік орта. Ө.қ – талпыныс пен табысты қамтамасыз ететін тәртіп пен тәжірибе де, сондай өміршең дәстүрдің ортасы әрі құралы. Әрбір этностың ділінде батырлық, ұйымшылдық, елі мен туған жері үшін жанын пида ететін немесе сүйіспеншілік, ар–намыс, еркіндік, от–басы салты ерекше қызмет атқарады. Ө. әлеуметтік–мәдени ортадағы адамның әлеуметтік мінез–құлқын тұтастандыратын, оның тұлғалық психологиялық қабілет–қасиеттерін жетілдіреді. Адамның әлеуметтік мінез–құлықтар мен тұлғалық психологиялық қасиеттері – оның әрекеттегі Ө. қ–тарын құрайды. Түбірі тектес әлеуметтік және психологиялық қасиеттер бір–бірімен тоғысса, мұндай сірескен бірлестіктен ұлттық характердің жоғары құндылықтары нәр алады, күшейеді. Тәуелсіздік үшін күресте патриоттық қасиеттер, бітім мен бірлік үшін іс–әрекеттің құндылығы халықтық сипатқа айналды. Ұлттық мемлекеттің мәртебесін көтеру және тұрақтату үшін ұлттық мәдениеттің атқарар өмірлік қызметін арттыру – қажеттілік. Ө. қ–тың жағдайын ұлттық мәдениет, қоғам және этностық менталитет жасайды. Үш фактор құндылықтың этнопсихологиялық арқауын – мінез–құлықтың белгілі бір нормасын, нақты қимыл–әрекеттің гуманитарлық жүйесін шиаратады, мәдени жетістіктерге ұлттық мазмұн енгізеді. Ө. қ.–лық сыртқы қоғамдық табыстарды адам болмысының ішкі байлығына, керісінше, адамның тұлғалық қасиеттерін мәдениеттің өзіндік тетіктеріне айналдыратын ықпалды да интегралды фактор.
Ө. қ. – өзара сыйласуда, бір–біріне серіктестікте екенін ұғынушылық, сол өркениеттер сабақтастығына икемделе білуінде. Осы қағидаларды жаңғырту және жалғастыру барысында өзіндік сана–сезім мен өзіндік қатынастар күш алады. Өзіндік сана–сезім мен өзіндік қатынастар мәдени құндылықтар арқылы ұлттық характердің құрамына енеді, жаңа өмір–салт қалыптастырады. Ө. Қ.–тар қоғам мен адамның рухани болмысы мен ынтымағын жаңғыртуға, әлеуметтік–мәдени бағдарды қоғамдық қажеттілікке орай қолдануға белсенді адамдарды жұмылдырады. Тәуелсіздігін алған Қазақстан үшін жаңа Ө.– қ.–тары еркіндік, серіктестік, әлеуметтік, әділеттілік, төзімділік қоғамға да, жеке азаматқа да бірдей маңызды.


Өзін–өзі анықтау адамның өзіндік «Мен–бейнесін» айқындау және үнемі жаңарту, өзінің тұлғалық тәжірибесін толықтыру арқылы басқалардың арасында өзін көрсету. Оның мәнісі адамның өмірге деген түсінігі тұрақтап, дүниедегі өз орнын ұққан сайын, өзінің ішкі жан дүниесін өзгерткен сайын ашыла түседі. Ө.–ө. а. саналы әрі бейсаналы тұрғыдан қабаттаса өтіп жатады. Адам әлеммен тұрақты қатынаста болып, өз қатынасын реттеген сайын Ө.–.ө. а–ды саналы түрде жүргізеді. Адам өз өмірінің мағынасын ұққан сайын, өмірлік мақсатты таңдап, оны қоғамдық құндылықтармен салыстыра өз болмысының негізін қалыптастырған сайын Ө.–ө. а–ға мүмкіндікті саналы арттырады. Өзіндік сананың ерекшеліктерін (әлеуметтік үйлестіктік, өзіне қатынас, мотивтер, құндылықтарды) шешім қабылдайтын тәсілдермен ұштастырған сайын Ө.–ө. а. моделінің негізі құралады. Өзін саналы анықтау барысында үйлестік, тұлғалық айқындылық қалыптасады. Ө.ө. а–ң бұл қос өлшемі мына міндеттерді: а) Ө–дік қатынасқа байланысты түрлі проблемалық жағдайлардың күрделі міндеттерін шешуге; ә) әлеуметтік үйлестікке, яғни индивидтің әрбір бірлестікке қатысты сезімін қалыптастыруға бағытталады. Тұлғаның Ө.– ө. а–ң негізгі бұл бағыттары бірін–бірі толықтырады. Адам белгілі бір өмір сүруге қажетті құндылықтар мен тәжірибені – қоғамдық өмірдегі өз орнын табуға және өзінің өмірлік жолын жасауға бағыштайды. Тұлғалық даму барысында адам: а) Ө.–ө. үйлеседі, өз болмысын, өмірлік жолын айқындайды; ә) материалдық қажетін, әлеуметтік байланысын анықтайды; б) адамгершілік қабілеті мен келбетін қалыптастырады.
Адамгершілік тұрғысынан Ө.–ө. а. – жеке тұлға және әлеуметтік деңгейде өмірдің қағидалары мен мағынасын, құндылықтары мен мұратын, мінез–құлық нормалары мен ережелерін қалыптастырудың нақты әлеуметтік–психологиялық тетігі. Адам есейген сайын өзінің кім екенін, жақсы немесе жаман жақтарын білуге, өзінің мінез–құлқын реттеуге, мүддесін қолдауға, тазалығы мен адамзаттық мәртебесін сақтауға ұмтылады. Осы төрт бірдей тіректі тең ұстауға арналған бағдардың адамгершілігі мол, жұртқа жағымды екені даусыз.
Ө.– ө. а. өмір бойы толастамайтын және адам белсенділігінің күллі аясын қамтитын үдемелі үрдіс. Адамгершілік көзқарас өмірлік қағидалар мен құндылықтарды, мұрат пен мінез талаптарын арттыру, олардың мән–мағынасын салыстыруды, сондай–ақ, тұлғаның өмірлік байланысын реттеуді көздейді. Ө.–ө. а–ң кейбір құрамдас бөлімдері – адамгершілік көзқарастар, адамгершіліктің стратегиялық бағыты, тұлғаның адамгершілік бағдары ғылыми талдаудың енді ғана арнайы проблемасына айналуда. Адамгершілік стратегиясы тұлға бағдарламасы мен өмірдің кейбір аясы туралы түсінікке негізделген мінез–құлық кеңістігін, адами дамудың сатыларын құрайды. Тұлғаның адамгершілік бағдарлары деп адамның өзіне жақын түрлі объектілерге (эгоорталық, топорталық, гуманистік, жасампаздық және т.б.) адамгершілік қалыпты таңдау, қолдау, бағыттау және іріктеу үрдісін айтамыз. Ө.–ө. а–дың адамгершілік бағдарлары танымдық, эмоциялық, мінез–құлықтық, үйлестік және этикалық құрамдары арқылы пайымдалады.
Адамгершіл мұрат пен құндылықтар жүйесінде, адамдар мен әлеуметтік топтар арасында тұлғалардың гуманистік бағдарды ұстауы, өз адамгершілігінің үлгісі мен мұраттарын саналы түрде іздеуі, таңдауы, солардың ырқында принциптерді, құндылықтарды, нормалар мен ережелерді толықтыруы – Ө.–ө. а–дың негізін құрайды. Осындай талпыныстың барысында адамгершіл позицияның екі бірдей деңгейі – этикалық принциптерді, нормаларды және сенімдерді оқып білу, сондай–ақ тұлғаның жағымды немесе жағымсыз қатынастар жүйесін талдау қатар қалыптасады.
Түрлі жастағы топтардың Ө.–ө. а. көрсеткіштерін қарастырсақ, олар адамгершілік тұрғысынан біртекті емес, бірақ орташа өсіп отырады. Тұлғаның адамгершілігін қоғамға маңызы зор және тұтас тұлғалықтың күш–қуатының көрсеткішін жоғарылатады. Оқу мен еңбектегі сияқты түрлі моралдық кодекстерді бір–бірімен толықтыру, моралдық түрлі түсініктердің қажет екендігін аңғартады. Құбылмалы әлеуметтік–мәдени ортада жастардың өмірдегі өз орнын анықтау қайшылығы мол мәселеге айналады. Қоғамдық даму қарқындағанда: а) жеке адамның, әлеуметтік топтардың және қоғамдық сананың құрылымында күтпеген өзгерістер болады; ә) адам күрделі кезеңдерге ұшырайды; б) жеке адамның белсенділігі мен әлеуметтік мінез–құлықтарын реттейтін рухани–адамгершіл, адамгершіл–психологиялық факторлардың ықпалы артады.


Өзін–өзі әлдендіру – Ө.–ө.ә. анықтаудың өтімді жолы. Ө.–ө. ә.– тұлғаның қимыл–әрекеттегі өзін көрсетудің нақты құзіреті; адам дамуының ішкі тетігі, оның өз мақсатына жетудің, өзіндік ғұмырының субъективті жақтарын айқындаудың біртұтас қайнары. Оның басты ерекшелігі – Ө.–ө. нақты жағдайда әлдендіру, өз әрекетін осы бір кезде өтімді ету, әлдендіретін күш–қуатты мүмкіндіктен шындыққа айналдыру; әсерлі әрекетті адамның өзіне бағыттау, бойдағы күшті адамның әрекетіне айналдыру; Ө.–дік әрекетті сыртқы жәрдемсіз, басқалардың көмегінсіз жүзеге асыру. Адам Ө.–ө. ә. барысында дамудың өзіндік мүмкіндігін шындық деңгейіне айналдырады әрі жетілдіреді.
Ө.–ө. ә. – адам болмысындағы танымға деген талпыныстың, ө.–ө. қабылдаудың мотивін ізденіске жұмылдырады; адам санасында уақытпен есептесудің, уақытты бетке ұстаудың білгірлігін қалыптастырады; мінез–құлықта өзгерістерге дайындық, өзгерістегі жағдайға бейімделу ырқын анықтайды; көзқарастағы таптаурыннан бас тарту, жаңа білімге деген ынтаның тұлғалық құзіретіне факторлық талдау жасауға ұйытқылық етеді. Бұл – ө.–ө. тануға жүйе құрайтын әлді әрекет. өзіндік анықтаудың интегративті қосындысы. Әлді әрекет адамның өз күшін жүзеге асырудан бұрын болады. Адам алдымен әрекетте әлденіп, әрленіп өзін көрсетудің алғы шартын жасайды; өз болмысын заттық түрге айналдырады және ө.–ө. жүзеге, жарамды іске асырады. Ө.–ө. ә–дің тәсілі мен тәжірибесі, көрінісі мен қызметі әрқалай, көп қырлы. Ол туралы түсініктер де, көзқарастар да алуан.
Ө.–ө. ә.–адамның ішкі белсенділігін көрсетудің мүмкіндігі мен қажеттілігін үйлестіретін үдемелі үрдістің қозғаушы күші; адамның өзіндік дамуы мен өзіндік жүзеге асудың бағытын, қарқынын және тиімділігін анықтауға бағытталған басылыңқы түрткілердің демеушісі; адамның жеке тұлғалығын жүзеге асырудың қажеті, нәтижесі және үрдісі; тұлғалық жетілудің психикалық күйі және нышаны; тұлғалық бағыттың белгісі және жүйелі сапасы; адамның өзіндік даму әлеуетін реттеу, оны өзінше ұйымдастырудың айғағы. Бұл – қатынастағы икемділік пен ілгерілеушіліктің, байланыс құзырлығының айғағы.
Ө.–ө. ә.–дің осындай қимыл–әрекетінде ө.–ө. дамытуға деген мүдде қалыптасады, оған деген қажеттілік пен қабілет айқындалады. Қабілеттің құралы – тұлғалық қасиетті дамытуға ықпал ететін ұйымдастырылған, қосақтаулы қимыл–әрекеттер мен тәжірибелі тәсілдердің жүйесінде. Тұлғалық құзырлық пен қасиет уақытпен санасуға, ө.–ө. дұрыс қабылдауға, танымға құштар, шығармашылыққа ынталы болуға, тез тіл табысып түсінісуге ұйытқылық етеді. Сондағы діттегені – шындыққа, игілікке, көркемдікке, тұтастыққа, өміршең жетістікке, әділеттілікке, тәртіпке, ө.–ө. қамтамасыз етуге жету. Қасиеттер жалқы емес, тұлғалық тұтастыққа арқау болатын жоғары құндылықтар желісі.
Ө.–ө. ә–дің динамикалық және мазмұндық жақтарын айыру маңызды. Динамикалық тұрғыдан алғанда ө.–ө. ә. – өзіндік дамудың ішкі қайшылықтарын айқындау, оның өмірлік проблемаларын шешу барысында өзін–өзі көрсетудің жаңа сатысына ауысу. Мазмұндық тұрғыдан қарастырсақ, ол, біржағы, ө.–ө. ә. өзіндік дамудың ішкі қайшылықтарын игерудің қабілеті мен дайындығын жетілдіреді, тұлғалық және кәсіби міндеттерді тиімді шешуге ұйытқы болады; біржағы, ө.–ө. ә. қиыншылықты жеңуге, ішкі қайшылықты шешуге лайықты тұлғалық қасиеттің жарасты жалғасына лайықты.
Ө.–дік ә.–дің әрекеті дара, бағдарлы, қарқынды және тиімді болуы үшін адамның өзіндік дамуы мен ө.–ө. көрсету мүмкіндігі, тұлғалық құзырлығы артуы шарт. Даралық, а) ө.–ө. анықтауға арналған тәуелсіз талпыныс, өзінің еркіндігі, ой–пікірі және өз шешімі үшін қақтығыс, жаңа қабілет пен құндылық игеруге арналған жарыс; ә) мақсат пен мүдде көздеген ерік–жігер, ө.–ө. басқаруға демеушілік, ө.–ө. жүзеге асырмақ ерік бостандығы. Осы тұрғыдан адамды ішкі және сыртқы жағдайға бейімдейтін ізденіс–әрекетті қолдау, саналы қимыл–әрекетті оңдау әрі жұмылдыру, ішкі босаңдық пен текетіресті басу алғышарттарды құрайды. Өмірлік мақсатқа іштей тән, әрекеттегі тетікке кәсіби дайындық пен деңгейді көтермелейтін шығармашылық әлеуметтік байланысты, жалпы адам ресурсын жетілдіретін әрі олардың өзара байланысын басқаратын креативті рефлекске жол ашады.


Өзін – өзі тану – жеке тұлғалық түсінік, өзгеден ерекше көзқарас, өз көңілін көтерер ізденіс. Көне дәуірдегі дастандардан әлемдегі өз орнын іздеген кейіпкерлерді кезіктіреміз. Құдіретті күштер кейіпкерлердің мінез–құлықтарына әрқалай ықпал етіп отырды. Белгісіз жағдайда кейіпкерлердің алдағы қимыл–әрекетін немесе жан дүниесін болжау қиындады. Өмірдің қиыншылығынан құтылу немесе оны шешу барысында жеке адам өзін жақын, дұрыс, толығырақ түсіне бастады. Әрбір құбылыс, зат немесе объект туралы қарама–қарсы көзқарастарды байқаған, олардың дұрыс–бұрыс жағын айқындай, ажырата алғандар, өз мәселесін шеше алды, өмірге тезірек бейімделді. Өзін өзгеден ажырата алғандар бойында тұлғалық қасиеттерді тұтатты. Өмірлік жолдың ерекшелігін жан–тәнімен ұқты. Өзінің өсу, жетілу себептерін өз қабілетінен іздегендер тез есейді, іс–әрекеттің жетекші күшіне, субъектісіне айналды. Субъект деп отырғанымыз қабілет иесі, қарым–қатынастың қозғаушы күші, кеңістік мүмкіншілігінен өз дегенін, өз бағытын таңдай алушы. Адамның өзіне деген бетбұрысқа сүйіспеншілік, моральдық нормалар, өзін–өзі көрсетпек талпыныс, материалдық игілікті көбірек иемденбек талпыныс басым ықпал етеді.
Ежелгі антикалық драматургтер шығармаларында кейіпкерлер нақты жағдайдың мәселелерін өз бетінше шешетін күйде қарастырылады. Дельфадағы Аполлон храмында «Өзіңді өзің таны» деген жазу сақталынған. Б.д.д. ҮІ ғ.шамасында жазылған бұл өсиетті әркім өзінше түсінген, ойшылдар әрқалай түсіндірген. Ертедегі гректер жазуды «өзіңді біл», «өзіңді бақыла», «тоқмейілсініп кетпе, қылмысқа ұрынба» деген мағынада қабылдап, адамды ө.–ө. ұстауға шақырады. Тек Сократ (б.д.д. 470–399 жж) ғана бұл өсиетті адамгершіл қасиеттер арқылы, адамның ішкі дүниесімен салыстыра қарастырады. Оның шәкірті Платон (б.д.д. 427–347 жж) адам дүниесінің рухани мәндік жағына баса көңіл бөліп, жеке тұлға мәселесін тұрақты ізденістің объектісіне айналдырады. Оның пайымдауынша, өзіне ғана тәуелді жан акылды, білгір, әділетті.
Батыстың қайта өрлеу дәуірінде (ХҮ ғ. бертін) нақты адамға түскен салмақ, жауапкершілік анағұрлым артты. Адам болмысы, оның денелік белсенділігі, сезімдік қабілеті басты да ортақ мәселеге айналды. Белсенді адамның жаны мен тән бірлестігі қатар қойылды. Адам өз белсенділігімен, озық ісімен табиғаттың ерікті күшіне, басалқы құндылығына айналды. Өз құндылығы мен ізгілігін көрсете алған адам тұлғалық қасиеттерін, тұтастыра бастады.
Жеке адамның өмір жолы дүниетанымдық тұрғыдан түгенделінді, ал психологиялық тұрғыдан – оның қайталанбас ерекше өзіндік бағыты, бұлыңғыр жақтары анықталды. Біртіндеп жеке тұлғалықты а) нақты адам болмысының өзіндік тәсілі; ә) адамның қоғамдық өмірінің жеке дара түрі; б) адамның өзіндік дүниесінің көрінісі, в) еркіндік, сенім, шығармашылық бірлестігі деп қабылдаушылық қалыптасты. Өз күшіне, шығармашыл қабілетіне сенген адамның жаңа бейнесі, келбеті айқындалынды. Ақыл–парасат ақтаған, білім қоштаған жаңашыл адам құдайдың беделіне бұрынғыдай сүйене бермей, өз қабілетін өзі реттеуге ықылас танытты. Ө.–дік іс–әрекетті билік дәстүрімен есептесе бермей үдетті. Жаңашыл ағымда адамды зат, объект ретінде қабылдау, «қоғамдық қатынастардың ансамблі» немесе психикалық процестердің жиынтығы деп қарастыру дағдысы қалыптасты. ХІХ ғ. екінші жартысында рухани бағдар ықпалы әлсіреп адам бейнесі бұлыңғырланды. Мұндай белгісіздікте: а) «Құдай болмағанда, жын пері де болмайды», « Егер Құдай жоқ болса, онда бәрінде істеуге болады» деген Ф.М. Достаевский кейіпкерінің сөзі еске түседі; ә) адамдық тұлғалық христиан құндылығынан шеттетіліп, моральдық релятивизмге ұшырады. Мораль бұрынғы мызғымас негізден арыла бастағанда адам өзін де, өзгені де дұрыс түсіне алмай қалды. Өмірдің өткір мәселелері жауапсыз қалды.
ХХ ғ. дүниежүзілік соғыстар ағартушылардың сауатты, тәрбиелі адамға деген сеніміне күдік түсірді. Қоғам да, ұлт та, адамның өзі де іштей жіктеле бастады, өзінің әлеуметтік–мәдени тұтастығы мен тұрақтылығынан ауытқыды.
Ө.–ө. т–ң озық және сенімді құралы – ақыл–ой мен білімдарлық. Тәрбиедегі ақыл–ой – нақты. Білімдарлықтың қуаты – білуге, білімді ақиқатқа айналдыруға деген құштарлықта. Білімдарлықтың қайнар көзі – халық тәжірибесі мен рухани қазынада. Екі жүйе қатарымен адамның Ө.–ө. т–на жөн көрсететін ақыл–оймен азықтандырады, адам өмірінің рухани құндылықтарын байытады.
Ө.–ө т–дағы күрделі де қиын мәселе – рухани тәрбиеде, мәдени көзқараста, екеуіне тиек болатын – әдептілікте. Әдепті адамның өзін тәрбиелейтін құралға айналдыру – ө–ндік т.–ның жоғары ұстанымы. Ө.–ө. т. – құбылыстың ортақ белгісі мен сипатын табу, қатынасты ерекше үйлестікпен толықтыру, құдіретті өнердің сара жолына айналуы;
өзімен сырласу, өзгемен сұқбаттасу, оқиғадағы өз орны мен рөлін анықтау аясында бірлестік пен айырмашылықта қанағаттанаралық тоқтамға келіп, қанағатты серік етуі;
жекеше ізденуде, бірлесе шығармашылық жұмысымен шұғылдануда қасиеттің құндылығына, оқиғаның мән–жайына назар аударуы, сол биік деңгейге жеткендерге аса сүйіспеншілікпен қарауы;
бірлескен шығармашылықта субъектінің рөлін жаңартып, жақсартып, өзара сенімділік пен келісімді орнықтыруы;
танымның қай әдістерінің белсенділік пен ұйымдастыру мәдениетін жетілдіруге ықпал еткенін, ұйытқы болғанын анықтау арқылы жаңа идея мен шешімді ұсынып қана қоймай, оларды қолдауы және қолдануы;
өзінің талдау қабілетін жетілдіруі, ақыл–парасатты ұштауы арқылы танымның мазмұны мен нәтижесін жаңғыртуы әрі ұлғайтуы;
жеке бастың өткірлігі басқа серіктеске қалай ықпал ететінін пайымдау барысында өзін ұстау мен басқарудың стилін қалыптастыруы. Бұл орайда әркім өз сөзі мен ісіне мықты болуы керек. Білікті қалаған дүниені іздеп көруге, тыңдауға, оқуға, құштар көңіл–күйін салауаттылыққа тұстар.


Өзін–өзі кемелдендіру – тұлғалық дамудың басты мәселесі, адамның физикалық және әлеуметтік қоршағандардан салыстырмалы тәуелсіздігін, сондай–ақ өз әлеуеттері мен ресурстарына тәуелділігін нығайту. Ө. к–ң тартымды көрсеткіштері – көзбе көз сөйлесуде мүмкіндік пен күш–қуатты іріктей алу; шындықты, адам табиғатын (жағымды немесе жағымсыз жақтарын) нақты өз қалпында әділ, дұрыс қабылдау; мәліметтерді дұрыс жинақтау, шындықты дұрыс қабылдау және дәйекті көрсету; жаңаның, ерекшенің және жалпының ішінен нақтыны өте тез ажырата алу; адам өзінің дарындылығы мен қабілеттерін, өзінің тұлғалық әлеуеттерін толық қолдануға жеткіліктілігін аңғарту; қолындағы бар факторларға сүйеніп, болашаққа жасаған болжамдарды жүзеге асыру. Бұл – интеллекті әрекеттің оң белгісі, интеллекті күш–қуатты бекітудің айғағы. Кемелділердің ойы да, ісі де аяқ астылықпен ерекшелінеді. Олардың мінез–құлқының басқалардан ерекшелігі күтпеген ішкі себептерге, табиғи ұмтылыстары мен ой–пікірлеріне байланысты. Ө.–ө. к–н адам маңызды да қажет істі атқару үшін керек кезде қабылданған ережелерден бас тарта алады, бірақ басқаларға зия келтірмеуге тырысады. Ондай тынымсыз адал жан басқа біреулерді оқытуға, үйретуге немесе басқа адамдарды қорғауға тырысады. Мұнда іс–әрекет мотивациясы да сапалық тұрғыдан ерекшелінеді. Кемелденген адам үшін мотивация жеке тұлғалық өсу, өзін көрсете білу, даму үшін қажет, сол үшін жұмыс істейді әрі күреседі.
Ө. к–тін адам нақты өзекті проблемаға үңіледі, белгілі бір мақсатты ұстанады, нақты мәселені шешеді, сол үшін көп уақытын және күшін жұмсайды. Оған көзқарасының кеңдігі, күйкі тірлік мәселелерінен жоғары тұру, кеңінен ойлау тән. Ол жеке басының пайдасын ойламайды, қайта халқына немесе отбасы мүшелеріне көмектескісі келеді. Әлеуметтік еркін де тең қарым–қатынастар арқылы ортада тыныштықты орнатуға және өтпелі құбылысты жеңуге деген сенімділікті нығайтады.
Ө.–ө. к–ің басты өлшемі – адамның әдептілігінде, өзінің табиғи қалпын сақтай білуінде, осы бағыттағы креативті қабілетте. Кісілігі жітік адамдар амал–әрекеттің үлкен мақсатқа тәуелді болуын қалайды. Ортақ мақсат – психикалық денсаулық, салауаттылық сияқты базалық қабілеттерді қанағаттандыру. Базалық қабілеттерде: сабырлылық пен тыныштықты сақтау, өз абыройын сақтау және қиын жағдайлардан абыроймен шығу – басты парыз, нақты өлшем; өзіндік ойлар, мінез–құлық және эмоциялық көрініс тыңғылықты, ақыл–ойдың демократиялық белгілері немесе жеңілдеу түрде кезігеді; достық қарым–қатынас өте жақындықпен, өзара тәуелділікпен, жылылықпен сипатталады, рухани жақындарға мәртебелілерден жоғары қою қалыптасқан, өздерінде қоршағандармен ажырамас тартымдылықты сезіну тұрақты; өз ісін өзі шешуді жауапкершілік, Ө.– ө. қадағалау деп ұғынушылық қалыптасқан; кемелденбек адам үшін ішкі өсу мен даму марапаттаудан, қоғамдық қызметтен, танымдылықтан маңызды. Күнделікті тіршілікке, жұмысқа қызыға қараушылық олардың құндылығын және өзінің кемелденуін көтермелейді.
Адам тұтастықта, бірлікте тым ерекше болады, өзін ерекше тиімді көрсете алады, әр істі тиянақты істейді. Ө.– ө. к–тін адамдар қиындықта да шыдамсыздық танытпайды, қоғамға риза еместігін көрсетпейді; өзін бірқалыпты ұстап өмірдің жақсартуын күтуде ұстамдылық танытады. Олар шындықты дұрыс қабылдайды, өмірге қуанышпен қарап, уақытты көңілді өткізе алады. Қоғамдық пікірден гөрі өздерінің принциптері мен ұстанымын медеу тұтады, сондықтан мәселені әуелі таразылайды, талдайды, ойластырады, содан кейін ғана шешім қабылдайды. Оның әрбір дәйекті де деректі шешімі кісілік пен құндылықты көтермелейді, кісіліктің қадір–қасиетін туралайды, өмірлік құндылықтарды тұтастайды. Кемелденетін адамдар басалқы ерекшеліктерге – болмыспен қалыптасқан өзара әрекетке, басқа адамдармен туыстықы сезінуге; базалық қажеттіліктерге, соның ішінде материалдық жетістікке қанағаттануға, үйлесті қатынастың болуына ерекше ықылас бөледі, жауапкершілікпен қарайды. Оның өмірлік кредосы: Өмірдің сапалық өлшемдері мен өзгерістерін ескере отырып, «Өзіңнің ойыңа сен, сонда сау боласың» деген ережеге саяды.
Ө.–ө. к. – жеке нәрсеге немесе қылыққа әуестену емес, тұлғаның жан–тәнінің саулығы мен тұтастығына талпыныс; тыйым салған қылықтарды әдіспен басу және өзін түбегейлі бастауда, нақты істе сынай білу; тұлғаның ішкі тұтастығы, яғни адам мен қоршаған ортаның үйлесімдігі, адамның Ө.–ө. қабылдауының өнімдері. Ө.–ө. к–тін тұлғаға ішкі қалыпты ұстайтын және қадағалайтын күштердің арасындағы тартыс тән емес. Жетік жанның жасампаздықты өңдеуі адамның өзін өсіретін және өсіруге келетін өмірдің бар саласына таратылады. Сол үшін эмоциялы ұстанымдарды, талғамдарды, таңдауларды иемденуге үйрету қажет. Ол дегеніміз мақсатсыз, мотивтелмеген қызығушылықтан арылу, Ө. к–ге, яғни шынайы сезімге, эстетикалық қабылдауға, емін–еркін зейінді ұғынуға көбірек көңіл бөлу.


Өзін–өзі бағалау – адам интеллектісіне іштей тән субъективті әлеует, сана ырқына тікелей бағына бермейтін қабілет, ұғынуға мәнді де икемді түсініктердің индивидуалды санадағы деңгейі. Ө.–ө. б. – а) нақты десек те күрделі үрдіс, салалы десекте жүйелі ағым; ә) ақыл–ойдағы әрекет туралы мәліметтерді игеру дәрежесі және ондағы жеке бас талпынысының айырмашылықтары; б) өзгеге және әлеуметтік нормалармен салыстыруда іріктелетін түсініктер түйіні. Адамның ішкі дүниесі мен қобалжу мотивтері адамның өзіне ашық, өзгелермен байланыстағы кеңістік пен құндылықтардың индивидуалды мән–мағынасы түсінікті болғанда – оның өзін–өзі түсінуі тереңдейді, тұтастанады. Осы тұрғыдан алғанда, Ө.–ө. б. – интегралды құрылым, өзіндік сана–сезім деңгейіндегі диалогиялық белсенділік көрсеткіші. Ө.–ө. б. – «Мен–тұғырнаманың» аффективті бөлшегі немесе өзіндік сананың құрамы әрі өлшемі; өмірлік позицияның психологиялық табиғатына – эмоциялық, реттеуші, бағалаушы жақтарына ерекше көңіл бөледі. Адамның эмоциялы көзқарасында өзіне деген сүйіспеншілік, Ө.–ө. құптау және кәсіби құзіреттілікті бағалау айқын.
Ө.–ө. б. туралы тағы бір көзқарас когнитивті, эмоциялы және мінез–құлықтық деңгейіне қатысты. Когнитивті баға адамның өзінің құзырлы/құзырлы еместігін саралауға, эмоциялы сезімдегі күйзеліс немесе торығуды, мақтаныш немесе ұятты салыстыруға, мінез–құлықтық сезім сенімділік немесе қорқақтықты ажыратуға бағытталады. Мұндай көзқараста Ө.ө. б. мен өзіндік сананың құрылымы бір–бірімен айырғысыз ұласады. Өзіндік сана Ө.ө. б. деңгейіне төмендетіледі, керісінше, Өзіндік баға өзіндік сана деңгейіне көтеріліп, негізсіз теңестіріледі.
Мұнда Ө.–өзіндік бағалау. нақты және идеалды «Мен» үйлестігі арқылы анықталады, ө–дік реттеудің басалқы құрамы ретінде қарастырылады. Бағалаудың реттеуші түрлеріне бағалау, бақылау, демеулік ету, қорғау, шеттету функциялары жатады. Ө.–өзіндік бағалау. іс–әрекетке сәйкес болса, онда ол «Мен» және сыртқы дүниенің дәнекерлігіне жарайды, индивидтің мінез–құлқы мен қызметінің тиімділігін басқаруды орнықтыра түседі. Онсыз өзіндік баға өзіндік санаға толық сіңіседі немесе өзінің функциясынан айрылады.
Мен–тұғырнамада бағаны бөлек құрам ретінде, Ө–дік б.–н теңестіре қарастыруға бейім. Мұнда Өзіндік бағалау өзіндік қатынас жетілуінің және адамның өзі туралы білім мен өзіне деген көзқарас бірлестігінің нәтижесі ретінде қабылданады. Ө–дік бағалау туралы мұндай түсінік өзіндік таным мен өзіндік қатынастың сапалық ерекшелігін ашпайды. Онда Ө.–ө. бағалау түрлі сипаттамаға, түсінікке және өлшемдерге ұрындырады.
Ө. б. адамның өзі туралы білімді жеткізетін когнитивті өлшемді де, эмоциялы сарынды да өз құрамына тартады, адамның өзі туралы маңызды мәліметтің біреуімен шектелмейді. Ө–дік баға Мен нені айтқым келеді, оның мән–мағынасы неде сияқты мәселелерге өзіндік қатынасты іріктейді.
Ө.– ө. б. дегеніміз адамның өзі туралы білімді салыстыру, оның маңызын ұғыну, ішкі негізін қалыптастыру, дәйектеу. Ө–дік б. стандарты, негізі, өлшемдері анықталғанда ғана тұлғалық қабілет–қасиетті дұрыс түсіндіру мүмкіндігі арта бермек. Сондықтан Ө–дік б.: Менде не бар дегеннен гөрі, бұл неге құнды, ол нені білдіреді? деген сауалға жауап іздестіреді. Осы кешенді ізденісте тұлғаның өзіндік санасы дараланады. Өзіндік сана құрылымына өзіндік қабылдау, өзіндік баға және өзіндік қатынас енеді.
Ө.–ө. б. тұлғалық қабілетті, адам ұнатқан түсінік пен ғылыми танымның моделін салыстыру барысында ниет пен қажеттілікті үйлестіруге серпіліс енгізеді, адамның ғұмырына бағытталған интеграциялық талпыныстың артықшылығын айқындай түседі. Оған парасаттық негіз бен тұлғалық түсініктердің мағыналық үйлестігі ұйытқы.Ө.–ө. б.–дың мотивін, мақсатын, мағынасын ұққан сайын, Ө–дік б–дың субъективті өмірімен байланысты екендігін, оның құндылығын ажыратамыз, ұғамыз. Ө.–ө. б. менің өмірімнің, жеке «Меннің» өмірлік мағынасының қандай екендігін айқындауға арқау болады, ұйытқылық етеді.
Өзіндік сана компоненттерінің арасында үйлестік, келісім жене бірін–бірі толықтыру орнықса немесе, керісінше, үйлессіздікке, шиеленіске жол берілмесе, онда өзіндік міндетті таңдау, өзін–өзі тану, өзін–өзі қабылдау, өзіне деген сенім айқын да басым болмақ. Мұның өзі кәмелетке жеткен адамның дамыған «Менін», оның мотивін, мақсатын, тұлғалық ерекшелігін қайта талдай алатындығын айғақтайды. Мәселе, а) Ө.–ө. б–дағы сауаттылық пен оптимистік рухты сақтап қалуда, жалғастыруда, ә) адам өзін бағалағанда эгоизмнен, күш көрсетуден, қыңырлыққа ұрынудан сақ болуы шарт. Бұдан жеке тұлғалық, тұлғалық бірегейлік пен өзіндік құндылық адамның өмірлік таңдауы мен құштарлығын арттыратыны хақ. Психолог Дж. Крокер (АҚШ, 2004) Ө.–к б –ң басты жеті негізін атайды. Олар – құптау, басқалардың қабылдауына қосылу; отбасын қолдау; құдайға табынушылық; академиялық қабілеттілік немесе біліктілік; денелік жарастық; мораль және ізгілік; сәйкестілік. Біреудің бағасына – құптауына немесе жек көруіне, әлеуметтік қолдауына немесе қарсылығына жалтақтау – Ө–дік б–ң тәуелділігін арттыратын сыртқы жағдайлар. Жеке тұлға өз басы мен тағдырын өзінше талдап, бағалап жатқанда, өзінің абыройы мен біліктілігін, осы қасиеттер мен тұлғалық құндылықтардың тиімділігін сақтап қалуға күш–қуатын жұмсайды.
Ө.–ө. б–у біртіндеп қалыптасатын, әрдайым жаңаратын үрдіс. Үрдістің басты өлшемі – өз тұрмыс салтын тиімді басқаруда, осы тәжірибенің толыққанды, үйлесті өмірдің қайнар көзіне лайықты қабілетті жүзеге асыруда. Сонда ғана Ө–дік б. тұлғалық өмірдің сапасы мен тұрақтылығын реттейтін маңызды тетікті әрі ресурсты құрайды.


Өзіндік қатынастың тарихы тереңде, жетістіктері әлемге әйгілі. Бірақ оның мәдени әлеуеті мен өлшемі әрқалай анықталды, біртіндеп тұлғананылды. Ө. қ.–тың тұлғалануы адамның болмысына орай үнемі жетіледі. Адамның онтологиясы «жетілу қатынасы» туралы, «болмыстың шектеусіз деңгейлері» туралы, «адамның жоғары құндылықтары мен қасиеттері» туралы ілім. Ө. қ–ң бұл бастамаларының рефлексивті, шығармашыл, сұхбаттасу, феноменологиялық (құбылыстық) астарлары бар. Рефлексивті талдау адамның танымдық белсенділігіне және өз болмысын анықтайтын қабілетіне сүйенеді. Осы мәнге кеңінен енген тұлға заттық және тұлғалық мәнді қатар тани алады. С. Л. Рубинштейннің пайымдауынша, белсенді адам дүниені философиялық–антропологиялық, индивидуальді–психологиялық және рефлексивті тұрғыдан таниды, сол тұрғыдан талдау жүргізеді. Болмыс аясында адам өзін ғана танып қоймайды, өзімен қатынаста болады, өзі туралы толғаныс тәсілдерін қалыптастырады. Өзімен үндес адам болмыстық бастаманы зерттегенде: а) онтологиялық және индивидтік–тұлғалық түсініктерді бір–бірімен салыстырады; ә) өзіне деген қатынастың моделіне тұлға туралы түрлі тұжырымдамалар ендіріледі; б) Ө. қ. дамыту моделдері категориялық аппараттың ұқсастығы негізінде және өмірлік бірлікті толықтыру барысында бір–бірімен толықтырылды; в) тұлғаның өзіне деген қатынасын түсіну және талдау үшін адам болмысының жаңа мүмкіндіктері ескерілді. Жаңа мүмкіндіктер: а) ойланудың, толғанудың, бағалаудың және іс–әрекеттің үйлестігін қарастырғанда; ә) адамның өзіне деген танымдық көзқарасты қалыптастырғанда; б) өзіндік танымның мотивациялық, эмоциялық және құндылық жақтарын ескергенде; в) басқа адамға деген этикалық, эстетикалық, теориялық және практикалық қатынастарды бір–бірімен үйлестіргенде, мәдениет аясында Ө. қ–ң тұлғалануы моделін жасау барысында ашылды. Модель басты бірнеше бағдарларды – адамның мәдени қабілетін, уақыт бағдарын, мақсатты және мағыналы үстемелерін, Басқалардың ықпалы мен рөлін, рухани–адамгершілік мәселелерін, өзіне деген көзқарастың рефлексивті түрлерін қамтиды.
Рефлексия – нақты тұлғаның өзіне–өзі қатынасын танудың құрамы әрі құралы. Өзіндік қатынастың мазмұндық тұрғыдан толығуы, үрдістік жетілуі, құрылымдық тұтастығы, ықпалдылық деңгейі – мұның бәрі де адамның индивидуалды және қоғамдық өміріне ықпал ететін тұлғалық тәжірибенің көріністері, өмірлік тәсіл. Ө. қ.–ң осы типтес модельдері С.Л. Рубинштейн, М.М. Бахтин, М.К. Мамардашвили, Е.Б. Старовойтенко тұжырымдамасы негізінде жасалынды.
Ө.–ө. қ. адамның өзін және дүниедегі өз болмысын тануды, оның онтологиялық және индивидуальді өлшемдерін қамтиды. Ол дегеніміз: І. Адам болмыс құрамына енеді. Адамның қасиеті мен болмыстың қасиеті бір–бірінен тәуелді. Адам болмыстың объектісі және субъектісі ретінде онымен салыстырылады. 2. Жеке адамның ақиқатты білмек, сұлулықты іздеу, ізгілікті, сенім мен сүйіспеншілікті орнықтыру әрекетінің барысында дүниеге, өзге адамдарға деген қатынастарды жаңғырту және қайта жасау. Жеке нәрсе басқа нәрсемен тең, үйлес болса, онда жалпы нәрсе жаңарады. 3. Нақты адамның дүниедегі индивидуальді өмірін жүзеге асыру. Адам дүниедегі себепті байланыстарда болады, оларды өзгертеді, жетілдіреді, сынайды, оларға ықпал ете отырып, сыртқы дүниемен араласады. 4. Адамның субъект ретінде дамуы, өзін–өзі және өзгені анықтауда индивидуальді өлшемнің өзгеруі. Адамның «өмір сүру» қабілеті тұлғаның дүниеге және өзге адамдарға қарым–қатынастарынан туындайды. Мұндағы басты формула: «істегім келеді – істей аламын – істеймін –жасаймын» деген сатылардан көрініс табады. 5. Өмірдің субъектісі сыртқы ықпалдарды өзінше әрекеттенетін себептілік ретінде қабылдап, оларды өмірінің ішкі негіздеріне, сапалық сипаттарға, өзгелермен тұрақты қатынастың себептеріне айналдырады. 6. Әр адамның басқа адамдармен түрлі қатынастарда болуы, өзін өзгенің объектісіне айналдыру, керісінше, басқаларды өзінің объектісі ретінде талқылау белсенділігі. Мұндай ерекше жағдайда адам өзіне де, өзгеге де субъкт–субъектілі қатынастарды қалыптастырады. «Мен» өзімен–өзі заттық қатынасқа ұшырайды. 7. «Мен» өзіне деген қатынасты саналы түрде дамытып, өзгелердің өмірімен белсенді араласатын өзіндік сананы қалыптастырады. «Мен» өзін адам, субъект, саналы қызметкер, нақты тұлға ретінде қабылдайды. «Мен» – саналы түрде қызмет ететін іскер келбет, танымның, дүние мен өзін–өзі қабылдаудың саналы субъектісі. 8. Өзіне де, өзгеге де нақты «меннің» қалыптасуы. Нақты «мен» басқа көптеген «меннің» объектісі әрі субъектісі, басқалардың тіршілік етуіне жағдай жасалынады. Көптеген «Мен» бір–бірінен өздерін тауып, «өзім» деген ұғымға көтеріледі. Басқаны танып, олардың жетістігін бойына сіңіріп өз қабілетін көтермелеу – адамдықтың өзіндік қасқа жолы. 9. Өзгенің көзқарасын қабылдау, оны өзіңе қарсы қою емес, өзіңді оның, басқаны өзіңнің құрамдас бөлімі ретінде тұтас қарастыру, қабылдау. Қоршаған орта мен өзімнен нені қабылдасам, ұқсам, сол толығу «Мені» жаңа жағдайға нақтылай, бейімдей түседі. Түрлі ортада өз тұтастығын сақтаған адам тұлғалық белсенділігін, өзіндік «Мен–ді» жетілдіре береді. 10. Дүниемен түрлі қатынаста болу, онда өз басын қорғай алу – өмір сүрудің ерекше тәсілін қалыптастырады. Өмір сүру тәсілі қабылдау, сезім, ойлану, тану, толғану және іс–әрекет бірлестігінен қалыптасады, өзіндік сана мен өзіндік қызметте жалғасын тауып, ішкі дүниені жетілдіреді. Бұдан «Менің» дүниеге, ортаның «маған» тигізер ықпалы да, өмірлік қатынастардың өнімділігі де артады. Өмірлік қатынас адамның өзіне деген түсінігі мен белссенділігін арттырып, өмірдің индивидуалды мән–мағынасын ашады, тұлғалық тіршілікті бір–бірмен үйлестіруге жағдай тудырады. 11. Тұлға түрлі қатынастардың басын құрай алған сайын маңызды өмірлік жағдайларға енеді. Маңызды өмірлік жағдай тіршіліктің ішкі және сыртқы сипаттарын, жеке тұлға мен басқа адамдардың қарым–қатынасын, олардың психикалық және практикалық белсенділігін қамтиды, соларға сүйенеді. Бұрын–соңды мәліметсіз мұндай жағдайларды икемдеп игерген сайын адам өзінің жаңа өмірін жалғастырады. Өмірдің тың проблемалары мен қайшылықтары тұлғаның өзгеруіне, өзін–өзі өзгертуге мәжбүр етеді. 12. Нақты өмірлік жағдайларда тұлғалық қатынастардың ықпалы артқан сайын, біржағы жеке тұлғалықтың қабілет–қасиеттері анықталады, жетіледі, біржағы, адамның нақты болмысының байланыстары тереңдейді әрі аумақтанады. Жаңа жағдайдағы, жаңа болмыстағы адамның әрекеті оның бойында бір нәрсені жаңғыртады, жаңартады, жағымдын жүзеге асырады, енді бір көндіккен әдетті өзгертуге, жоюға итермелейді. Адамның нақты болмысы белгілі бір кеңістік пен уақытта үнемі өзгерісте болады, оны өзіміз жетілдіруге тиіспіз. 13. Тұлғаның басқа адаммен қарым–қатынасы мен адамның өзіндік құндылықтар мен мұраттар дүниесінің арасындағы байланыстар тығыз, өрби түспесе өшпейді. Адам біреуге деген этикалық көзқарасы, таңдауы, мінез–құлқы және әдеп–ғұрпы арқылы өзінің шындыққа, әділеттілікке, көркемдікке деген ынта–ықыласын танытады, адамдық құндылықтарды ашық қолдайды. Біртіндеп тұлғалық келбетін қалыптастырады. 14. Өзіндік сана мен өзіндік әрекет аясында «Меннің» өзім үшін, жеке тұлғаның өзі үшін мәнісі ашылады. «Меннің» өзім үшін мәнісі адам өмірінің құндылық аясын айқындайды, «Менің» өзге адамдарға бағытталған этикалық, эстетикалық, танымдық қатынастарын аша түседі. Құндылық дүниесіндегі қарым–қатынастардың алмасуы өзіндік еркіндік сезімін тудырады, тіпті өзіндік еркіндікті қолдану аясын кеңейтеді. «Өзіндік еркіндік деп отырғанымыз жеке бастан туындайтын инициатива, күдіктен арылу үшін тәуекел деп қимыл–әрекетке мәжбүр еткізетін мүмкіндік, ашық сын мен тексеру еркіндігі, ар–намыс еркіндігі» (С. Л. Рубинштейн). 15. Жеке тұлғалық болмыс деп отырғанымыз адамдардың өмірге деген жинақталынған қатынасының көрінісі, нәтижесі. Адамның өмір мен өлімге, ізгілік пен зұлымдыққа, шындық пен жалғандыққа, еркіндік пен қажеттілікке, адамды құрметтейтін дәстүрге немесе жек көретін дағдыға деген нақты түсініктері мен тұрақты көзқарастары осы жинақталынған қатынастар шеңберінде қалыптасады, жетіледі, тарайды. Осыдан тұлғаның адам болмысына араласудың іргел өмірлікі мағынасы анықталады, толықтырылады.
Әсердің бастауында маған не нәрсе маңызды, мен өзім нені өмірімнің маңызды нәрсесі деп таңдадым, мен өзім нендей мүмкіндіктен бас тарттым деген сауалдарға түсініктер қалыптасады. Ө.–ө. бағалау барысында «Мен» тұжырымдамасына қатысты осы мәселелердің әрқайсысының өмірлік маңызы, оның тұлғалық өмірге жағымды, жағымсыз жақтары анықталады. Одан тұлғаның Ө. Қ. жетіледі, өзін–өзі бағалау субъектінің өзіндік санасының және өмірлік қатынасының құрамына енеді.


Өзін–өзі ашу – адамның өзгелермен қарым–қатынаста жеке тұлғалылықтың тартымдылығын көрсету, сондай–ақ өзін де, өзгені де ашуға мүмкіндікті арттыру; гуманистік психологияның бір бағыты және өзекті проблемасы. Осы проблеманы алғаш зерттеген американдық гуманистік психологияның өкілі С. Джурардудің (1971) пайымдауынша: «Ө.–ө. а. – өзі туралы тұлғалық информацияны басқаларға мәлімдеу; басқаға өзіндік «Мені» саналы және ерікті түрде ашу; бізді қабылдайтын адамдарға өзін таныстыру және көрсету актісі». Оның бастауын материалдық қарым–қатынастар мен әлеуметтік–психикалық байланыстар құрайды. Қос ағымның тоғысында тұлғалылыққа тартымдылық қалыптасады. Тұлғалылыққа тартымдылық – жеке адамның, оның тұлғалық қабілет–қасиеттері мен әлеуметтік ұжымның адамға деген ашық ықыласы. Содан: а) индивидтің психикалық және тұлғалық ерекшелігі, адам мінез–құлқының қайталанбас көрінісі деген көзқарас кең таралған (С.Л. Рубинштейн, Л.С Выготский, Б.М. Теплов, В.С. Мерлина, Б.Г. Ананьев және т.б,); ә) жеке тұлғалылықты тұлғааралық қатынастарда адамның өзін–өзі реттеуге және өзін–өзі ұйымдастыруға қабілеті деп ұғыну тамыр жаюда. Адам саясат, этика, дін, отбасы және т.б. туралы өзінің сезімдерін, көзқарастарын, ойларын ашық жеткізуге, сол үшін өзара сұхбаттасуға тырысса, мұның бәрі өзін–өзі ашуды іштей демеушілік.
Өзін–өзі реттеу уақыттық шектелуде жүзеге асады. Танымайтын серіктеспен қарым–қатынаста шектелушілік өрістейді, Ө.–ө. а–ң этикалық нормалары, олар туралы ой–пікір, мүдде, жұмыс тұйықталады. Шектелушілік, тұйықталушылық өзіндік ресурсқа бейімделуді немесе оны ашуды қиындатады. Бір шартта немесе нақты жағдайда тұйықтаушылық ө.–ө. а–ң тереңдігін, ауқымын, мазмұнын дұрыс ұғынуға, оның шындықпен үйлестіретін бағдарын анықтамақ әрекетте шектеу үдейді. Одан Ө.–ө. А. проблемасы, ол туралы диалог тарылады, қарым–қатынас жетілмейді. Проблеманы талқылауға екі жақ бірдей, еркін қатыса алмайды. Ақырында, топтар арасында жағымды байланыс қалыптаспайды. Жетіспей жатқан нәрсе – сенімділік пен тәжірибенің әлеуметтік алмасуы. Өзіне, өз ісіне деген сенімділік, адамға күш–қуат әкеледі. Озат, орнықты тәжірибемен алмасу барысында адам жақсыға, жағымды бастауға ереді. Бойынан күш қуаты арылмаған, қиын–қыстауда тарылмаған жан өзін, өзінің қабілетін еркін ашады. Табысқа қуанып, барына жұбанып, кемшілікте тарығып мауқын басады.
Түптей келсек, Ө.–ө. а. – қарым–қатынас аясындағы тұлғалық қажеттілік. Әр адам қатынастағы субъективті іс–әрекетінің нәтижесін; қарым–қатынастағы сенімділік нышаны және оның жалғасын; тұлғаның кәсіби және әлеуметтік тұрғыдан өзін–өзі анықтау жолын пайымдайды. Ересек, кәмелетке жеткен адам бұл міндетті мақсатқа орай жүйелі де ерекше орындауға талпынады. Кең мағынада, Ө.–ө. а. аясында информацияны қабылдайтын адамдарға өзі туралы мәлімдеу; адам мінез–құлқының тұлғааралық қарым–қатынастағы ашықтығы, ықыластылығы, сенімді арттыру, өзара ынтымақтасу қатынастарын жасау жүзеге асады. Мұны өмірдің әр саласында адамның Ө.–ө. кеңірек, кеңейте ашуға бағытталған жаңа позиция, өшпес ұмтылыс дерлік.
Өзара сенім болған және орныққан жағдайда Ө.–ө. а. әрекеті белгілі бір салада қарқындап тереңдейді, өз арнасын табады. Адам бірнеше қызметтің түрін атқарса, онда оның өмірлік тәжірибесі әлеуметтік тұрғыдан айырбастаудың түріне айналады. Ө.–ө. а. әруақытта тұтас та нақты қолдау таппаса, онда ол туралы түсініктер тереңдей немесе кеңи бермейді. Онсыз жағымсыз, теріс эмоцияларға тосқауыл болмай, не жетіспей қалады. Ө.–ө. а. құбылысы тұлғалылық қасиет ретінде нақты да жан–жақты зерттеліне қойған жоқ. Одан әр түрлі қызметпен шұғылданатын мамандар арасында өзара ашықтық орныға қоймайды. Бұдан қосымша қиындықтар туындайды. Осыдан Ө.–ө. а. тәрбиенің жаңа парадигмасына айналдыру міндеті күтіп тұр.
Егер басқаны құндылық ретінде қабылдап, дүниеге және адамның өзіне деген қатынаста шынайылық, ашықтық, күдіксіздік, сенімділік орнықса, онда мұның өзі тұлғалылықтың нығаюына ұйытқы, себепкер болмақ. Ұстаз бен шәкірт, бастық пен қарамағындағылар серіктес болса, онда көзқарастарды, идеяларды ашық алмастыруға, нақты өмірлік мәселе туралы плюралистік түсінікке төзімділік таныту – Ө.–ө. а. қабілетін тәрбиелеудің түрлеріне жатады. Ө.–ө. а–ң басты бір серпілісі – тұлғааралық және кәсіби қарым–қатынастағы талпыныста, басқалармен ашық та сенімді сұхбаттасуға араласуда, соған бейім болудан білінеді. Тұлғааралық қарым–қатынастағы жағдайда тұлғаның Ө.–ө. а. дайындығы – әлеуметтік–психологиялық деңгейдегі ашықтықтың көрінісі. Осы тұрғыдан алғанда, «Ө.–ө. а. тұлғааралық қатынастардың табысты дамуына және тұлғаның өзін іске асыру әрекеті жемісті болуына, қарым–қатынаста тұлғалылыққа негіз болатын тұлға әлеуетінің қалыптасуына елеулі ықпал етеді».
Әлеуметтік–психологиялық деңгейдегі ашық тұлғаның Ө.–ө. а–ң – дайындалғпн қарым–қатынастағы тұлғалылықтың белсенді өмір салтының айғағы. Ө.–ө. а. білімді жеке дара тұлғалық деңгейден әлеуметтік–психологиялық деңгейге дейін қарастыру, тұлғаны әлеуметтік тұрғыдан Ө.–ө. а–ға демеулік ету, тіпті қоғамда Ө.–ө. көрсетуге жол ашу – қоғамдық дамудың барысында анықталуда, оларға деген әлеуметтік сұраныс артуда. Қоғамдық болмыстың әлеуметтікмәдени, этикалық, аймақтық, ұлттық нормаларын айқындау, соларды қабылдау – Ө.–ө. а–ң мазмұндық сипаттамасын құрайды. Тар мағынада, Ө.–ө. а. қарым–қатынастың уақытына және контекстіне, қарым–қатынастың рөлдік және мәртебелі жағдайына, сенімділік деңгейіне сәйкес болуы. Өзіндік қатынаста дара тұлғаның психофизиологиялық, психикалық және әлеуметтік–психологиялық қасиеттері жетіліп көзге түседі. Бұл ерекшелік, а) Ө.–ө. а–ға дайындық пен қабілеттен білінеді, ә) тұлғааралық қатынастардың қайталанбас бірегейлігінен көрініс табады. Ө.–ө. а–ң өмірлік мәні, оның жетекші күші – субъектінің белсенділігі мен болмыстағы мәртебесіне қатысты. Болмыстағы субъект тұлғаның кәсіби саладағы әлеуетін жүзеге асырып қана қоймай, тұлғааралық қатынастың бастамасы мен бағытын үйлестіре түседі.
Тұлғаның өзін іс жүзінде көрсетудің бастауы – гуманистік идеяда, адамдардың шығармашыл ынтымағында, ашық ойжарыста, тұлғааралық қатынастардың тазалығы мен сенімділігінде. Бұны күнделікті тұрмыстағы өзара зейінділік, қамқорлық, түсінушілік депте немесе бірлескен ізденістің, ашық қарым–қатынастың, Ө.–ө. а. дайындықтың айғағы депте ұғынуға тұрарлық. Ө.–ө. а–ң мазмұндық және уақытша параметрлерін ажырата білу, солармен есептеу қажет. Әлеуметтік өмірдің құбылыстары мен сыртқы объектісіне орай өзін–өзі ашу, С. Джурардудің пікірінше, мына индекстерді қамтиды. Бірінші деңгейдегі индекстер: 1) қатынастар, ұстанымдар, қоғамдық және мәдени өмірдегі пікірлер мен құндылықтар; 2) талғамдар, мүдделер және ұнатушылық; 3) жұмыс, кәсіп. Екінші деңгейге өмірдің адамгершілік және моральдық–этикалық жақтаныа деген қатынас: 4) бюджет, ақша; 5) тұлға, «өзімнің Менім»; 6) дене, денсаулық. Осы бағаттарда өзара сенімге негізделген қарым–қатынастар орнықса, тұлғалану мен өзін–өзі тану үрдістері қатар жүреді.
Қарым–қатынастағы Ө.–ө. а–ң басты мәселесі – бірлескен қызметтің бағытын және өзіндік іс–әрекетті жүзеге асыруды орнықтыру.Ол үшін әрбір адам басқаны мұқият тыңдай білуі, өзгенің көзқарасына төзімділік танытып, оны бөлісуден бас тартпау, өзін ашық көрсете білуі шарт. Ө.–ө. а. – тұлғааралық қарым–қатынастарда тұлғаның өз әлеуетін жүзеге асырудың белгілі бір кезеңі, жағдайы, шарты дерлік. Ол ашық, өзара тартымды, жеке тұлғалылықты орнықтыратын, жеке адамның өз әлеуетін ашатын, тұлғааралық қарым–қатынастарды жандандыруға мүмкіндікті арттырады. Ө.–ө. іс жүзінде көрсету – өмірде өз орнын табу және өзінің кім екендігін дәйектеу. Сол үшін мінез–құлқы мен қимыл–әрекеттерін бағыттау. Адам уақыт аясында өзін дамытады, кеңістік шеңберінде өзін–өзі көрсетеді.


Өзін–өзі реттеу – адамның іс–әрекеттер, мінез–құлық, өмірлік қызмет субъектісі ретіндегі психологиялық белсенділігін өзінше ұйымдастыруды және оның индивидуалды тұтастығын қамтамасыз ететін күрделі үрдіс; құрылымы жағынан тұтас та тұйық, бірақ информациялық жүйенің функционалды бөлімдерінің өзара қарым–қатынасын реттейтін ашық тетік. Ө.–ө. р–ң проблемасын – қызметтегі мінез–құлық пен іс–әрекетті реттеудің жалпы заңдылықтары мен индивидуалды ерекшеліктерін, олардың танымдық, эмоционалды–еріктік, тұлғалық функционалды күйлерін реттейтін, әрі осы тектес шешімдерді қабылдайтын психологиялық ізденістерді құрайды. Мақсат – адамды өзін–өзі ұйымдастыратын тұтас жүйе ретінде қарастыратын интегралды көзқарасты қалыптастыру, қызметтің әр саласы мен кезеңіндегі Ө.–ө. р–ң психологиялық факторларын зерттеу. Қызмет неғұрлым күрделі, шығармашыл сипатта және қатаң нұсқау мен алгоритмге тәуелді болған сайын Ө.–ө. р–ді аңғарудың психологиялық деңгейі, оның соңғы нәтижеге – саналы талдауға, бағалауға, бақылауға және өзінше басқаруға ұғымды ықпалы арта бермек. Ө.–ө. р. тұлға қабілетін үйлестіретін тетік. Ол өзіндік дамудың психологиялық ресурсы ретінде қызметтің де, оның субъектісінің де өзара байланысын нығайтады.
Адам ортамен тиянақты қатынаста өзінің құрылымдық белсенділігін, оның мазмұнын саналы түрде реттеуге мүмкіндігін кеңейтеді. Реттеудегі саналылық дегеніміз өзінің атқармақ іс–әрекеттерінің мақсатын өзінше қабылдап, оны тиянақты тәсілдермен жетуді ұйымдастырып, оның түрлі индивидуалды деңгейін айқындау. Адамның тұлғалық өмір салты, характері мен өзіндік санасы индивидуалды айырмашылықтың алуан түрлі екендігін айқындайды. Ө.–ө. р–дің индивидуалды сипатына жақындау, а) төзімділік, икемділік, дербестік, тиянақтылық, қауіптенушілік сияқты, ә) жауапкершілік, табандылық, сенімділік, рефлексивтілік тектес тұлғалық қасиеттер қосымша демеулік етеді. Іс–әрекетті жоспарлау немесе қатынасты реттеу кезіндегі санасыздық Ө.–ө. р. шарасына күтпеген кедергілер тудырады, оның тиянақтылығына күмәнді күшейтеді. Әрбір индивидте Ө.– ө. р–дің тұлғалық және субъективті тұтас жүйесін жетілдіру – діттеулі басты мәселеге айналуда. Индивидуалды тұрғыдан Ө.– ө. р. субъективті белсенділіктің даму дәрежесіне және өзін–өзі өзгерту, өз кемшілігін шектейтін қабілетіне тікелей тәуелді. Тәуелділік субъективті қызметтің мазмұнына, бағытына және өзіндік сана–сезіміне қатысты, тұлғаның тұтыну мотивімен тамырлас. Бұл мәнді мәселелер дұрыс шешуін таппай Ө.–ө. р–дің мақсаттарын ұсыну және мақсат–мүддені саналы түрде басқару мәселесі күн тәртібінен түсіп қалмақ.
Ө.–ө. р–дің тетіктері әр кезеңде әрқалай болуы ықтимал. Күн тәртібінде қызметтің Ө.–ө. р–дің индивидуалды ерекшеліктері, стильдік айырмашылығы, Ө.–ө. р. стилінің құрылымы мен функциясы, олардың өнімділікпен өзара байланысы, өзін–өзі аңғару мен субъективті сапаны дамыту, Ө.–ө. р–дегі индивидуалды ерекшелік, адамның тұлғалық және субъекттивті ресурсы қатар қойылуда. Ө.–ө.р–дің индивидуалдық стилі – өзін–өзі реттеуден, жоспарлаудан, модельдеуден, бағдарламадан, нәтижені бағалаудан, икемділік пен бас бостандығынан құралады. Оқу жүйесін реттеуде оқушылардың дербестік, жауапкершіл, сенімділік, икемділік сияқты субъективті сапалық қасиеттерін қолдау – индивидуалды ортадағы Ө.–ө. р–ді аңғару қабілетін жетілдіруге, болжауға үлес қосу. Осы психологиялық факторлардың әр түрі мен сатысында Ө.–ө. р. тетіктерін дербес қолдану мүмкіндіктері жетілдірілмесе, онда стрестен арылу, Ө.–ө. р–ң жастық ерекшеліктерін ескеру, қысқасы, индивидті субъект ретінде дамыту мәселесі дәйекті шешіле бермейді. Ө.–ө. р–ң ерікті психологиялық (эмоциялы, когнитивту, тұлғалық) тәсілдерін және ұғымтал (өзіндік сананың, субъективті сапаның) түрлерін біртіндеп тоғыстыру – шығармашыл тәсілдің түрі, сондай–ақ өз болмысын, өзіндік құндылықтарды сақтау кепілдігі. Шығармашыл тәсіл адамды титықтатар қиындықтан шығарады. Онда Ө.–ө. р. қағидасы адамның индивидуалды болмысын қалыптастырады. Іс–әрекеттің бір түрін ескермеу немесе қызмет алмасуының жеке сатысын асыра бағалау – Ө. р–дің қарқыны мен шығармашыл құндылығын әлсіретеді. Оқу жүйесінде оқушылардың өзін–өзі реттеу әдістемесі назардан тыс қалады. Индивидуалды Ө.–ө. р–ді дамыту – психикалық дамудың интегралды көрсеткіштерін дұрыс толықтыруға икемдеу және пайдалануға жағдай жасаумен бірдей.


Өзіңмен шұғылдану, өзіңмен жұмыс істеу– адамның ішкі тұтастығың сақтауға, тұлғалық тұтастыққа кедергілерді жеңе білуге, біреудің кемшілігін кешіре білуге, сол үшін «жүрегіңмен өмір сүруге» дағдылану, қызмет ету. Өмірді сүйетін адамда жүрек, сана–сезім, жан–тән болмысы жарасты, олардың дүрсілі бірін–бірі толықтырып, ұқсас ритмге айналады. Өзімен жарасты адам қуатты, жігерлі. Оның бойында тұтас күш арнасы жүйесін табады. Қуатты адамның қимыл–әрекетке мүмкіншілігі басым, сенімі айқын. Сенімдінің көңіл–күйі жарасты, ішкі теңдік пен тәуелсіздіктің рәсімін сақтайды. Іштей тәуелсіз біреуге жамандық істеуге бет алмайды, өзінің мақсат–мұратымен өмір сүреді. Өз қабілетіне сенетіндер біреудің көңілін қалдырып тиіспейді немесе орынсыз ренжіп, ашуға салынбайды. Ұстамды жан – сабырлы, салауатты. Ол өзгенің кінәратына төзімді, бірақ өз кемшілігіне көндіге бермейді. Бұл – өзіндік ұстаным талаптары. Өзіндік ұстаным – рухани құндылықтың, әдептің түпқазығы. Оның тоқтамы баяғыдан мәлім: «Адам көре, ести, үйрене, оқи, түсіне келе есейеді; Есейген адам Жаратқанға жақындай түседі». Рухани құндылықтың ережесі – адамның ішкі және сыртқы тұтастығын, оның эстетикасы мен этикасын ашып беру, сөйлескенде сөздің шырқын, мінез ырқын бұзбау. Бұл – әдептілік нышаны әрі нысаны. Талпыныс – немкетерлікке ұшырау немесе тоқырау емес, кедергіні жеңіп ілгерілеу, мақсат төңірегіне қасиеттерді іріктеу, ілгерілеуге лайықты сенімді бойда ұштау. Талпыныстың күштілігі – бір нысананы көздеуі, басты ұстанымнан ауытқымауы, ортақ құдіретке сенуі, бойдағы күш–қуатты шыңдауы. Шындық пен әдептілікке тұрақтаған талпыныс адамды ерікті, есті, елеулі етеді. Еріктілік, естілік іштей тәуелсіздіктің тіректері, рухани жаңғырудың сатылары. Талпыныстың түбірі – жарастық пен жақсылыққа деген ұмтылыста, өзін танытатын қасиетте екенін аңғарамыз.Талпыныстан түйіндейтініміз не? Жақсы мен жаманның, ізгілік пен зұлымдықтың ішкі мән–мағынасын ұғыну, шын мәліметтерге сүйену, соған қызмет ету. Информация – қуатқа, қуат – күшке айналған заманда, адамның өзін–өзі ұстай білуі ұқыптылық пен ұлағаттылықты қажет етеді.
Өзінің көңілін қалдырған қылықтарға қылт етіп өкпелей бермейді, қайта, оны жеке басының кем–кетігімен қосымша жұмыс істеу деп ұғады. Өз бойынан қуаттың жаңа көзін іздеген адам тіршіліктегі ұсақ–түйекке сүріне бермей, жаңаны тануға талпынады, өзін тәрбиелеуге, біреуге қол ұшын беретін жаранға еруді жөн көреді. Сүйіспеншілік сезімін бойынан арылатпаған жан алдымен өзіне көмек етуге бейім тұрады. Өзіне көмектесудің бір түрі – қиын жағдайдан амал тауып, одан босанудың мүмкіндігін кеңейтеді. Ашушаң аяғынан шалынады, шамадан шығатын қылыққа ұрынады. Мінезі жеңілтек ашушаң, әр нәрсеге ұрынады. Тек өзін тәрбиелейтін ынта–ықыластан арылады. Барға көну, барды қанағат тұту – бір қарағанға әдепсіздікке, әлсіздікке қарсы шықпау іспетті. Байыбына барсақ, қанағатшыл жамандық пен зұлымдыққа көну емес, жаңа айналымға енудің мүмкіндігін күту, өзін тынымды жаңа әрекетке дайындау. Өзін жамандықтан құтқарған, өзін қайта өрлеуге діттейді. Өзін ұстай білу – тұлғалыққа тән талпыныс ындыны.


Өнер – өмірдің ерекше көне де, өнімді түрі. Ө–сіз адам өмірі өріс алмайды, оған көңіл толмайды. «Өнер» термині күнделікті тіршілікте екі мағынада қолданылады. Ө–дің кең мағынасы «өндіру», «жасау», «құру» деген негізде, қоғамдық өмірмен ұштаса өрбиді. Қоғамда өмір сүру тәсілдері жетіліп, адамның өмірлік тәжірибесі тиянақталған сайын Ө. туралы, оның атқаратын функциялары туралы түсініктер жаңарды. Олардың негізгілері: Ө. – бұл а) шындықты меңгерудің ерекше бір түрі, яғни шындықты рухани бейнелер арқылы меңгеру; ә) көркемдік–эстетикалық құндылықтар жиналған мәдениеттің бірден–бір элементі; б) әлемді сезім арқылы тану формасы. Ө. – көпқырлы құбылыс, түрлі функция атқаратын қызметтің жүйесі. Ө–ң түрлі белгілерін өмірде – күтім, егу, қамқорлық, әсемдеу, безендіру, өмір салты, құрылым, даму, тәрбиелеу, жаттығу, шұғылдану, айналысу, адамды құрметтеу, құдіретке табыну деп жіктеп, сабақтап жатады.
«Ө.» ұғымының тар мағынасын қоғамдық өмірдің нақты қолданбалы түрлерімен, атап айтсақ: а) егіс алқабына дән егу, егінді өңдеу, өсімдіктерге қарау, өсіру сияқты қолданбалы әрекеттермен; ә) көркем шығармашылықпен, оның нақты нәтижелерімен (бейнелеу, поэзия, әуен, би, кино т.б.) байланыстырады. Аталынған көріністер «Ө. әлемін» құрайды. Ө. әлеміне адамның жасампаздық және эстетикалық көзқарасы тән. Осындай көркемдік сипатпен сыртқы құбылыстар Ө–дің құрамына енеді, суретшілер қауымдастығының ерекше қызметін құрайды.
Ө–ң мұраты биік, рухани қуаты әсерлі. Функционалды қызметі жағынан оны шынайы бейнелердің тамаша әлемі, адами қиялдың асқақтауы, өмір мен адам болмысының мәнін көркемдік шығармашылық арқылы ұғынуға мүмкіндік ашу, адамның жасампаздық қабілетін шыңдау деп ұғамыз. Мұндай түсінікті кейбір философтар адам өмірінің идеалды моделін жасау деп ойларын тұжырымдайды.
Ө–де сезімділік пен сезімдік тәсіл басым, бейнелік көрініс пен сипат айқын. Ө–гі сезімталдық адамның шығармашылық қабілетіндегі серпіліс. Ө. деп адамның рухани болмысына, сезіміне, эмоциясына әсер етіп, оны толғандыратын суреткер қолынан шыққан шығармашылық пен адами ақиқат, адамдандырылған «екінші, қосалқы әлем» үлгісін айтамыз. Көркемдік бейнелерде шындық сәйкес суреттеліп қана қоймай, мәдени дәуірлердің дүниені сезінуі, дүниені тануы да көрініс табады. Ө–ге деген ынта–ықылас әу баста табиғатты әсемдеу мен еліктеушілік инстинкті арқылы іске асқан. Әсемдікке әуестену рахат сезімін сыйлайды, адамның бейсаналы бастамасының көрініс алуына септігін тигізеді, демеулік етеді. Әйгілі психолог–ғалым Л.С. Выготский: «Өнер алғашқыда тіршілік ету үшін күресудің күрделі құралы ретінде пайда болды, әрине, оның рөлін сезім коммуникациясымен шектеп және және де онда осы сезімге ешқандай билік жоқ деп ойлауға болмайды. Егер Ө. тек қуаныш немесе қайғы әкелетін болса, онда сақталып қалмас және оның ешқандай мәні болмас еді» –деп, дұрыс есептейді. Мұнда Ө–ге деген тәжірибелік талдау мен эстетикалық талғам айқын. Тәжірибелік талдау Ө–ң нақты шығармасына немесе жеке саласына бағытталады, нақты сапасына сүйенеді. Осы тұрғыдан американдық өнертанушы С.К. Лангер «Ө–ді адам сапасына лайықты форманы жасау» дейді. Бірақ, адам сапасы дегенде суретшінің қабілетін ескереміз бе, әлде көрерменнің ынта–ықыласы мен дайындығын негізге аламыз ба? Беті ашылмаған, мағынасы айқындалмаған мәселе. Тәжірибелі түсінікте әр суретші, ақын, сазгер, сәулетші тек өз саласының ғана ортақ белгілері мен сипаттарын қамтиды. Ал Ө–дің басқа салалары назардан тыс қалып қояды. Бұл көзқараста сыңаржақтылық орын алады.
Ө. – адамдар арасындағы қатынасты жандандыратын құрал, тұлға арқылы өзіндік сана мен өзіндік жеткізу әдісі әрі тарихи кезеңдер мен халықтар туралы деректер беретін өзіндік құпия код. Бұл қағидадан туындайтын тоқтам: а) Ө. іс–әрекеттің құралы ретінде өмір жолын жинақтайтын білімді бейнелейді және мәдениеттің түрлі қырларын ашады; ә) Ө. коммуникация әдісі ретінде қарастырылады. Сонымен Ө. қоғаммен байланысты, тарихпен тамырлас. Әр замандағы ө–дің объектісі мен тәсілдері үйлесе бермейді. Олай болса, тарихи тұрғыдан салыстыра қарастырсақ, «Ө–дің – өнер еместен» ажырату күрделі мәселеге айналады. Әр замандағы Ө–дің өлшемі өзгерді, Ө–дің түрлеріне деген адамдардың сұранысы да жаңарып жатты. Қоғамдық дамудың бағыты мен қарқынына орай көркемдік практика, көркемдік сын және Ө–ді ұйымдастыру аясы өзгереді. Сондықтан Ө–ң сапалық деңгейі мен бағдарын қоғамның даму мәтінімен үйлестіре қарастыру шарт.
Функционалды тұрғыдан алғанда Ө–ң әлеуметтік және тұлғалық (персоналды) рөлін жіктей, саралай аламыз. Әлеуметтік тұрғыдан қарастырғанда Ө. индивидті әлеуметтендірудің ықпалды құралы болып табылады. Ө. – адамды қауымдастырудың дәнекері. Тұлғалық тұрғыдан қарастырсақ, Ө. адамның өзін–өзі танудың, оның жан дүниесін, сезімталдық және пайымшыл қабілет–қасиетін жетілдіретін және кеңейтетін құрал, әдіс болып шығады. Жеке адам алдыңғы ұрпақтардың тәжірибесін меңгере отырып, оның мағыналарын өз санасына енгізгенде ғана әлгі мәліметтерді құндылық ретінде иемдене алады. Тұлға Ө.–дің шығармасын өзінше өңдейді, толықтырады, саралайды, сабақтайды.
Көркемдікті түйсіну – бұл көркем бейнедегі парасаттылық пен бейсаналық, эмоциялық сезім және интуитивті–психологиялық тұтастықты қабылдау және қалпына келтіру. Көркемдік қабылдау бейнелеудің аталынған құрамдарын әсерлейді және өзара толықтырады. «Көркемділік дегеніміз біз қанша қарасақ та көзіміз тоймайтын, сырын түгелдей аша алмайтын жұмбақ зат. Бұның мағынасы көркем суретті қаншама терең қарасақ та онда біз түсіне алмайтын жұмбақ, суретті қабылдаған сайын қобалжу тудыратын түсініксіздік бар»,– дейді тағы бір ғұлама Лосев А.Ф. Ө–дің түсінетін, түсіндіріп бере алатын жақтары, белгілері бар, сондай–ақ түсіне алмай жатқан құпиялы көріністері де аз емес. театр, музыка, поэзия, кино туралы пікірталастың осыдан толастамауы. Бәлкім, Ө–дің құдіреті де осы қайшылықта болар. Адамның қажеттіліктері, қызығушылықтары, мақсаттары, жасырын күйлері мен күйзелістері Ө–ді әр қырынан өңдейді, оның құпиясын бір сәтті, нақты, енді бірде сәтсіз, құбылмалы сипаттайды.
Ө–дегі үйлесімділік – кемелдік бейнесі, адамның шексіз болмыстық сұрақтарына (өмір мәні, өлім, бақыт, парыз бен қарыз, сүйіспеншілік, әсемдік және т.б.) жауап табуға қызығушылық. Ө. гуманистік қағидаларды тіршіліктің жоғары құндылығына көтермелейді. Ол қоғамның даму кезеңдері мен нәтижелерін көрнекілеп, айнадай бейнелеп қоймай, сонымен қатар, әлеуметтік–рухани өмірдің күйіне өз әсерін тигізеді. Рухани құндылықтардың шоғырлану барысында адам мен қоғам арасындағы қатынастар нығаяды. Көркем шығармашылық нәтижелері уақыт тұрғысынан алғанда – келесі дәуірлерге, кеңістік тұрғысынан алғанда – басқа елдерге таралады.
Ө–ң мәдениетте алатын орны ерекше. Өмірден тікелей нәр алатын, қолдау табатын Ө–де ғана қоғамдық сана өзін толығымен тұтас көрсете алады. Мәдениеттің басқа салаларында жіктелген заттық және руханилық, объектілік және идеалдық, рационалдық және эмоционалдық – осылардың бәрі Ө–де бірлесе, біте қайнасып жатады.
Әдебиеттер:И.П. Философия искусства.Москва, 2008

ӨРКЕНИЕТ (лат. сіvіles – азаматтық) – тарих, антропология, мәдениеттануда кеңінен қолданылатын ұғым. Ө. ұғымы антикалық қоғамның жабайы ортадан сапалық ерекшелігінің анықтамасы ретінде сонау көне дәуірде пайда болды. XІX ғ. Ағарту дәуірінде әлеуметтік мәдени дамудың ең биік сипаттамасы ретінде қолданылады. XX ғ. О. Шпенглер мен А.Тойнби еңбектерінде бұл термин анық көрінген ерекшелігі бар жергілікті қауымдастық мағынасы, яғни “тарихи өркениеттер” (Қытай, Вавилон, Түркі, Мұсылман, орта ғасыр т.б.). Алайда өркениетті классификациялаудың бірегей өлшемдері мен ұстанымдары әлі күнге дейін жасалған жоқ. Соңғы кездері өркениетті бір аймақта тұратын халықтардың тарихи тағдырластығы, олардың арасындағы ұзақ та тығыз мәдени байланыс нәтижесінде әлеуметтік ұйымдасуы мен реттелудің — заңдық және саяси жүйелерде, шаруашылық түрлері формаларында, дін, философия, ғылым, білім жүйесі, көркем шығарм–та – этноаралық жергілікті қауымдастық деген анықтама кеңінен тарап отыр. Ө. категориясы мәдени типтерді зерттеу немесе мәдени–тарихи типологияны жасауда қолданылады. Сондай–ақ өркениет типтерін: шығыстық және батыстық деп бөледі, “глобальды өркениет” және “техногендік өркениет” ұғымдары жұмыс істейді. Мәдениеттанушылар Ө–ті “мәдениет” ұғымын салыстыра қарастырады.


Әдебиет: Мәдени–философиялық энциклопедия / Құраст. Т. Ғабитов, А. Құлсариева, Ә. Әлімжанова ж.т.б.. Алматы, 2007.




ПАРЫЗ адамды өз болмысын адамгершіліктік құндылықтарға сай қалыптастыруға мәжбүрлейтін, ол үшін ішкі міндетке айналатын рухани қажеттілікті бейнелейтін философиялық–этикалық категория. Маңыздылығы жағынан П–ды ар–ұжданмен қатар қоюға болады. Ар–ұждан секілді П. да адамның адамгершілік санасын, тәртібін бақылап және реттеп отыратын ішкі механизм. Тұлғаның П–ын атқаруын сыртқы моральдық санкциялардың көмегімен бақылауға да болады. П–ды осы экстроверттік жолмен, сыртқы жағдайлардан (ол жалпы қоғам, оның мүшелері, қоғамда қабылданған салт–дәстүрлер, әдеп–ғұрып, қоғамдық пікір, белгілі бір моральдық нормалар болуы мүмкін) қорқып–сескенгеннен, басқаша айтсақ, “П–ды орындау” сезімінің басқаруымен атқару да кездеседі. Мұндай жағдайда көзге бәрі дұрыс секілді көрінгенмен, тұлғаның ішкі жан дүниесінде тыныштық болмай, адам тіпті күйзеліс пен қамығуға ұшырауы мүмкін. Ал интроверттік сипатқа ие П. адамның ішкі дүниесінің, ақыл–ойының талабынан туындайды, оған адам саналы түрде, еш қысымсыз, өз еркімен келеді. Сана деңгейінде түсініліп атқарылған осындай П. ғана адамға өзінің рухани–адамгершілік қуатын ашуға, өзін өз тағдырының қожасы ретінде сезінуге, өзін–өзі жасап–қалыптастыруға, өзінің табиғи сезімдерін шектеп, олардан ақыл–ойын жоғары қою арқылы адамшылық бастауларын дамытуға, сөйтіп, адамзат пен өзінің алдындағы П–ын атқаруына мүмкіндік береді. Яғни, саналы түрде, рационалдық деңгейде орындалған П. ғана адамның философиялық–антропологиялық сипатын аша алады. Қазақ халқы П. ұғымын осы, адам болу, адамшылық пен адамгершілікке жету мақсатымен тығыз байланысты қарастырады. Ақыл–ой адамға басқа тіршілік етуші мақұлықтар секілді инстинктер деңгейінде өмір кешу үшін емес, жоғары адами мақсаттарды орындау үшін берілген, сондықтан да өзінің табиғи қасиеттерін ақыл–ойдың көмегіне сүйене отырып жан–жақты дамыту, адам деген қасиетті атаққа сай болу адамның басты П–ы.
П. – ар өлшемі, адамгершіліктің жоғары талабы. Жер бетіндегі жанды туындылардың ең жоғары тұғырда тұрғаны – адам. Ұлы Абай айтқандай, құдай адамзатты өз махаббатымен жаратқан. Адам үшін тіршіліктің ең қиыны, күрделісі – нағыз адам болу. Біз адам деген ардақты атқа кір келтірмеу үшін, күнделікті тыныс – тіршілікте осы мақсатқа жету үшін күресу қажет. Әйтпесе, адамдық қабілеттері жоғалып, хайуанға ұқсап кетуі ғажап емес. Мұндай жағдайда адам өзінің кісілік қасиеттерінен айырылып қалады. «Адам болар баланың кісіменен ісі бар» деген халқымыз. Ал кісілік – имандылық дейтін үлкен ұғымның бел баласы сияқты ұлағатты қасиет. П.– адамзат жануарлар дүниесінен бөлініп шыққаннан бері қалыптасқан моральдық сезімдердің бірі. Ол ар–ұят сияқты адамның өзін–өзі бақылауының құралы. П. – адамгершілік негіздерін сақтайтын итермеші себеп, рухани әдептілік талабының «бұйрық» түріндегі көрінісі. Амалдардың бірлесіп, қоғамдасып өмір сүруінің қарапайым ережелері, бұл тұлғалық санада парыз деңгейінде бейнеленеді. П. діні мен тілі, шаруашылық және әлеуметтік дамуы әр түрлі елдерге ортақ ұғым. Күш көрсетуге тыйым салу, кісіні өлтірмеу, біреуге қиянат көрсетпеу, үлкенді сыйлау, жақсыны бағалау, өтірік айтпау, т.б. осы сияқты адамгершіліктің П –дары кез келген ұлттың рухани мәдениетінің төрінен орын алады. Ең үлкен П –дың бірі – «адамгершіліктің алтын заңында» жарияланған: «Өзіңе не тілесең, басқаға да соны тіле!». Бұл тарихи даму нәтижесінде кейіннен діни мазмұнға ие болып, имандылық талаптарына айналған П. ұғымының қысқа да, нұсқа мазмұны.
Қоғамның негізгі бастамасы, ілкі ұясы – отбасы. Отбасының енді бір баламасын «жанұя» деп халық бекерге айтпаған. Нағыз терең әдептік сезімдер мен ұғымдар отбасында қалыптасады. Шын мәнісінде өз ата–анасын құрметтемейтін, олардың алдындағы парызы мен қарызын ұмытып кеткен адамнан өткен имансыз жоқ. Әке шешесін сыйламайтын адам басқаны да жарылқай қоймайды. «Бала – адамның бауыр еті», деп халық бекер айтпаған. Ата–ананың парызы құдайдан тек бала тілеп алумен шектелмейді. Мұндағы ең басты П. – балаларының адамша өмір сүруіне қажетті дұрыс тәрбие беру, ұрпағы алдындағы үлкен жауапкершілікті түсіну. Дұрыстап тәрбилей алсаң, ғұлама Абай айтқандай, баланың жақсысы – қызық. Егер балаң жаман болса онда әке–шешенің өмірі тозаққа айналады, онда олар құдайдан бала емес, бәле тілеп алған болып шығады.
Әсіресе, қазіргі кездегі жағдайда кейбіреулер ата–аналық П–ды тек күнкөріс пен байлыққа теліп қоюда. Бұдан ұлттық салт–дәстүрді сыйламайтын, тек алып – сатарлық әдістерді жақсы меңгерген, әдеп – инабатқа немқұрайды қарайтын «іскерлер» туындайды. Олар дүниенің барлығын сатып алуға болады деп, тіпті, ата–ана алдындағы қарызды теңгемен өтесекте жетеді деп ойлайды. Кейбіреулер ата–аналарын қарттар үйіне тапсыруға дейін барып жүр. Отбасында дұрыс тәрбие алмағандар немесе қазіргі кездегі жұмыссыздық салдарынан босқа сенделіп жүргендерден ата–ана алдындағы П–ды табу қиын. Қазірде кейбір жастардың үлкендерге дөрекі сөйлеуі, әйел жұртын сыйламау, жанжалқойлық, батыс мәдениетінің теріс жақтарына ұмтылу (есірткі, маскүнемдік, күш көрсету, нәпсіқұмарлық) секілді келеңсіз, теріс қылықтары ата–аналарды қатты ойлантып жүр. Ата–ана алдындағы парызды өтеуде етектен тартып жүрген тағы бір қырсық, кейбір отбасындағылардың өз перзенттерін ана тілінде тәрбиелемеуі.
Баланы нағыз толыққанды азамат етіп тәрбиелеу – ата–ананың басты П–ы болса, оларды қадір тұтып, қастерлеу, қартайғанда бағып–қағу перзенттік қарыз. Құдайдан «баламның табанына кірген тікен менің маңдайыма кірсін», «өзімді алып, баламды аман қалдыр» деп жалбарынған ата–ананы қалайша сыйламауға болады? Бұл қарызды ешқандай қаржымен, дүние–мүлік молдығымен өтеуге болмайды. Ата–ана алдындағы П–ды түсіну – бұл жас ұрпақтың мәдениеттілігінің, адамгершілігінің, инабаттылығының белгісі. Осы қарыздың түйіні – ана сүтін ақтау. Ол жөнінде халқымыз «Ана алдындағы П–ыңды, оны Меккеге үш рет арқалап апарып келсең де өтей алмайсың» деген. Бала ата–ана өмірінің жалғасы, олардың орындалмаған арман–тілектерінің жүзеге асу үміті. Кішіпейіл, ақжарқын, мейірімді болып өскен ұл–қыз ата–ананың қас–қабағына қарап, хал–жағдайларын айтқызбай аңғарып, олардың күнделікті тыныс–тіршілігін қадағалап, сәл нәрсенің өзінен көңілін тауып, мерейін өсірмей ме?
Перзенттік П–дың негізі – ата–ананы риза қылып, олардың үнемі алғысын, ақ батасын алу. Ата–ана алдындағы П. сияқты адам үшін ең қастерлі және жауапты П –дың бірі – туған жер, атамекен, Отан алдындағы перзенттік П.. Туған жердің, бабаларыңның қаны мен тері сіңген қасиетті топырақ – ұрпақтар үндестігінің куәсі. Адам үшін одан аяулы, қымбатты сезім бар ма? Ана мен Отанды халық бір–біріне бекерден бекер теңемейді. Әр заман ойшылдары Отан туралы тебіреніп, тамаша пікірлер айтқан. Қаз дауысты Қазбек би: «Алтын ұяң – Отан қымбат ... туып өскен елің қымбат, кіндік кесіп, кір жуған жерің қымбат», десе, Бауыржан Момышұлы: «Отан үшін отқа түс – күймейсің» дейді. Заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезов: «Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ» – деп ер, «қайратыңа мін – дағы, өрге бас» деп тебіренеді.
Кісі өз анасын басқаның зорлық – зомбылығынан қалай қорғайтын болса, өз Отанын да шексіз сүйіп, оны ата жауынан жан аямай қорғауы тиіс. Бұл оның қасиетті П–ы. Кешегі Желтоқсан оқиғалары (1986) кезінде осындай П–дың озат үлгісін шыбын жанын халқы үшін пида еткен Қайрат Рысқұлбеков көрсеткен жоқ па? Өз Отанын қорғауға дайын болу тек азаматтық П. емес, сонымен бірге ер жігіттің ар–намысымен де байланысып жататын кең мағыналы ұғым. Бала ер жетіп, жігіт болғаннан соң өзінің, туыстарының, елінің намысын қорғай білуге міндетті.
Ата–анасын ардақтау, өнер үйрену, білімді азамат атану, әділетті болу, біреуге кіріптар болмау, кісіге қиянат жасамау, әйел адамды құрметтеу, т.б. осы сияқты ізгі қасиеттерді бойға сіңіру парыз болып табылады. Адамдық П –дың ішінде ерекше орын алатыны «көрші ақысы», «көрші қарызы» дегендер. Халқымыздың «ұлың өссе – ұлы жақсымен ауылдас бол» деген нақыл сөзінің мол тәрбиелік маңызы бар. Халық «үй сатып алма – көрші сатып ал» деп тегін айтпаған. Мұсылмандық рәсімде де туысқандық хақысынан кейін көрші хақысы келеді. Оның мәні – көршілерді ренжітпеу, олардың мұқтаждықтарын ескеріп, шамасы жеткенше бір–біріне қарасу, оларға ешқандай зиян тигізбеу. Қазақ халқының дәстүр салтында П. бен қарыздың неше алуан түрлері бар. Олар: ұстаз алдындағы қарыз, табиғатты аялау, меймандостық қарыздары т.б. Адамға өз ісін жетік білу де басты П.. Ол үшін көп оқып, көп білу керек. Себебі, немістің ұлы ақыны Гете айтқандай: «Білімсіз тәжірибе – соқыр, ал тәжірибесіз ғылым жемісі жоқ ағаш секілді жалаң». Пайғамбар хадистерінде: «Үйретуден сараңдық қылмадым, үйренуге қорланбадым, әркімнен үйрендім, әркімге үйреттім» деген ұлағатты сөз қалған.
Ғылым – адамзаттың қазынасы, ал білім қазынасының кілтін тауып, құпиясын ашу қажет. Қалай ашу керектігін сұраған адам сауапқа батады, яғни ізденген, білім жолын білгісі келген кісі адамгершіліктің биік деңгейіне көтеріледі. Шәкірттің ғылым сарайына енсем деп армандағаны – адамгершілік парыз. П. орындаған адам обал–сауапты жақсы біледі. Халық адамдық П–дарын орындамағандарды күнәһар деп есептейді.


ПРЕЗИДЕНТГІК МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҒЫ – Астанадағы көп қызметті мәдени–ағарту мекемесі. 2000 жылдың 24 қазанында ашылды. П. м. о. ның кешені мұражай, кітапхана және концерт залынан тұрады. Мұражай ғыл.–зерттеу және мәдени–ағарту жұмыстарын атқарады. БҰҰ басқармасьның 2002 ж. шешімі бойынша П. м. о–ның кітапханасы БҰҰ–ның Депозитарлық кітапхана жүйесіне енген. Қазіргі кезде П. м. о. Астана тұрғындары мен қонақтарына мұражайлық, көрмелік, кітапханалық–ақпараттық және концерттік–сахналық қызмет көрсетіп отыр.


Рахат– адам жанының немесе тәнінің ләзәтті күй кешу сезімі. Ертедегі грек ойшылы Эпикур адам рахаттану үшін өмір сүруі қажет деген екен. Р. бақыттың ажырамас бөлігі болса, азап бақытсыздықтың серігі. Р. шынайы және жалған болуы мүмкін, шынайы рахат адамның рухани өмір сүруінің басты арқауы. Шынайы Р–тың бірнеше түрі бар. Олар дене қажеттіктерін өтеу (тамақтану, сусындау, ұйқы, т.б.). Оларды тән Р–тары деп атауға болады. Бұлар хайуанаттар әлемінде де кездеседі. Р–тың енді бір көрінісі – жан Р–ы. Ол білсем, көрсем, үйренсем екен деген түсінік. Бұл екеуі де бала кезден ерекше байқалып жүрген Р–тың түрі. Кішкентайдан қалыптасқан жан Р–ы, ес кіріп, етек жапқан кезде тән Р–ының құлына да айналып кетуі адам мүмкін. Осыдан барып басқаның азабына рахаттану, нәпсіқұмарлық, қатыгездік, өзін–өзі қинаушылық пайда болып, жалған Р–тар адам өміріне қайғы мен қасірет әкелетін кездері де болады.


Рахымдылық–қайырым, мейірім, ізгілік сипаты. Қайырымдылықпен егіздің сыңарындай болып келетін жақсы қасиет – Р. Иманды адамның басты қасиеті – оның Р–ғы. Қасиетті Құран Кәрімде: «Рахым, рахмет – жақсылық, ізгілік, мейірім, қамқорлық» делінген. Үйде де, түзде де басқаларға ерекше бір мейірімділікпен қарау, олардың қамын ойлау, жан ашырлық пен қамқорлық жасай білу–Р. Үлкеннің кішіге қамқорлығы, кішінің үлкен алдындағы ізеттілігі, баланың ата–анаға деген мейір–шапағаты Р–тың тамаша көріністері. «Ағасы бардың жағасы бар», «інісі бардың тынысы бар» дегенмен кісінің Р–ғы тек өзінің жақын туған–туыстарына ғана емес, сонымен бірге бүкіл адамзатқа арналуы тиіс. Әсіресе, мүгедек, әлжуаз, жарлы–жақыбай кісілерге Р. жасау керек. Құранда да ондай кісілерге жәрдемдесу қажеттілігі ерекше ескерілген. Р–қа қарама–қарсы жаман қасиет – рахымсыздық. Ондай адам басқалардың тыныс–тіршілігіне немқұрайды қарайды. Ол тек өзі үшін, өзінің жеке басының баюы үшін ғана өмір сүруді ұнатады. Р–сыздықтың тағы бір көрінісі – адамға жаны ашымаушылық. Р–сыз бала ата–анасымен, ұстазымен, басқалармен дөрекі сөйлеседі, бейпілауыз келеді. Ол көп жағдайда өз қылығының әдепсіз екенін біле тұра, айылын жимайды, әдеп, ұят дегенді жинап қояды. Р–сыз атаулыдан сақтану керек. Әр кезде басқаға Р–ды болуға тырысу қажет.
.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОРЕЙ МУЗЫКАЛЫҚ КОМЕДИЯ ТЕАТРЫ мәдени–сахналық мекеме. Ресейде Владивосток қ–нда 1932 ж. "Корей өлкелік театры" деген атпен көркемөнерпаздар үйірмесі негізінде ұйымдастырылды. Қазақстанға XX ғ–дың 30–жылдарының аяғында қоныс аударып, Корей муз. драма театры деген атпен жұмыс істей бастады. 1937–41 және 1959–68 жж. Қызылорда қ–нда, 1942–59 ж. Алматы обл. Үштөбе қ–нда орналасып, 1968 ж. Алматы қ–на түпкілікті қоныс аударды. Театр репертуарынан корейдің ұлттық классикасынан бастап шет ел, орыс (Ли Ден Ним, Ен Сен Нен, Тен Дон Хек, Хан Дин; У.Шекспир, Ф.Шиллер, К.Гольдони, Ж.Б. Мольер, А.Н. Островский, Н.В. Гоголь, т.б.) және қазақ, қырғыз, өзбек драматургиясының туындылары да (М.Әуезовтін "Еңлік – Кебегі" (1962) мен "Қарагөзі" (1970); Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш – Баян сұлуы" 1949, 1975; Қ.Байсейітовтың "Беу, қыздарайы", 1965; Қ.Мұхамеджановтың "Бөлтірік бөрік астындасы", 1967; О.Бодықовтың "Қарақұм трагедиясы", 1970; Ш.Айтматовтын "Арманым, Әселім" мен "Ана–Жер–анасы" бойынша, 1967, 1972; Х.Хамзанын "Бай мен баты–рағы", 1971; т.б.) орын алды. Театр ұжымының шығарм. жағынан қалыптасып өсу жолында актерлер Ким Дин, Н.П. Ли, Ли Хам Дек, Ли Гер Су, Пак Чун Себ, Цой Бон До, В.Е. Ким, И.Ким, режиссерлер мен суретшілері Ен Сен Нен, Мен Дон Ук, Те Ден Гу, Тхай Дян Чун, Цай Ен, Г.М. Кан, К.Е. Пак, т.б. мол үлес қосты. Театр ұжымы 1966 ж. респ. театр дәрежесін алды, 1978 жылдан қазіргі атымен белгілі. Театр құрамында "Ариран" эстрада ансамблі (1967 жылдан) мен ұлттық бишілер тобы жұмыс істейді. 1982 ж. театр ұжымы "Құрмет белгісі" орденімен марапатталды. 1990 жылдан театрдың көркемдік жағын В.Е. Ким басқарды. Театр ұжымы гастрольдік сапармен Ресейде (Сахалинде, Мәскеуде), Өзбекстанда және Қырғызстанда болып, өнер көрсетті.
Әдебиет: Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық / Бас сарапшы Әшірбек Сығай. – Алматы: Аруна Ltd, 2005. – 656 б.


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ НЕМІС ДРАМА ТЕАТРЫ – мәдени–сахналық мекеме. Теміртау қ–нда 1980 ж. 26 желтоқсанда тұңғыш рет шымылдығын А.Реймгеннің "Алғашқылар" спектаклімен ашты. Театрдың актерлік труппасының негізін Мәскеу театр училищесінің түлектері құрады. 1989 ж. театр Алматы қ–сына қоныс аударды. 1990 ж. ұжым Алматыдағы Неміс театр академиясының түлек–терімен толықты. Театр репертуарында орыс және неміс классиктерінің шығармалары: Г.Э.Лессингтің "Эмилия Галотти", Ф.Шиллердің "Зұлымдық пен махаббат", Н.В. Гогольдің "Үйлену", Б.Брехтің "Үш тиындық опера", Дюрренматтың "Физиктер", А.В. Вампиловтың "Провинция анекдоттары", В.М. Шукшиннің "Жүрек қалауы", т.б. және импровизацияға құрылған "Ғажайып алаңы", "Уникуп", "Байқоңыр", т.б. спектакльдер бар. Театр ағылшын, неміс, орыс, тілдерінде спектакльдер көрсетеді. Театр ұжымы гастрольдік сапармен Германия, Швейцария, Ресей, т.б. елдерде болып өнер көрсетті. Көркемдік жетекшісі – Б. Атабаев (2004 жылдан).
Әдебиет: Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық / Бас сарапшы Әшірбек Сығай. – Алматы: Аруна Ltd, 2005. – 656 б.


ҰЙҒЫР МУЗЫКАЛЫҚ КОМЕДИЯ ТЕАТРЫ, Қ.Қожамияров атындағы – мәдени–сахналық мекеме. 1934 ж. 24 қыркүйекте Д.Асимов пен А.Садыровтың "Анархан" атты музыкалық драмасымен тұңғыш рет өз шымылдығын ашты. Алғашында Ұйғыр муз. драма театры деп аталды. (Алматы обл.) орналасып, 1961 ж. Алматы қ–на қайта қоныс аударды. Театр труппасы 1940–50 жылдары ұлттық драматургиямен катар аударма, муз., драм. шығармаларға да ден койды. Актерлер М.Бақиев, М.Семятова, С. Саттарова, А.Шәмиев, А.Ақбаров, З.Ақбарова, Қ.Әбдірәсілов, Р. Илахунова, Н.Мәметова, Ж.Асимов, Т.Бахтыбаев, Ғ.Жәлелов, М.Зайнаутдинов, Х.Илиева, А.Супиев, Р.Тохтанова, реж. А.Ибрагимов, А.Марджанов, Д.Садырова, С.Башоян, Б.Омаров, Қ.Жетпісбаев, театр суретшілері К.Пак, И.И6рагимов, композиторлар Қ.Қожамияров, Ғ.Зайнаутдинов, И.Масимов, И.Исаев, т.б.–лар театрдың нығайып қалыптасуына, өсіп дамуына елеулі үлес қосты. 20 ғ–дың 60–80– жылдары ұйғыр жазушыларының драм. шығармалары қойылып, театрдың ұлттық бағдары айқындала түсті. 1964 ж. Респ. ұйғыр муз. драма театрына айналды, 1967 жылдан қазіргі атымен белгілі. Әр жылдары театр репертуарынан орыс (Н.В. Гоголь, М. Горький, И.Ф. Попов, В.С. Розов т.б.), өзбек (Х.Хамза, К.Яшен, А.Каһар, С.Ахмад), қырғыз (ІП.Айтматов, М.Байджиев), башқұрт (М.Кәрім) және қазақ жазушыларының (М.Әуезовтің "Айман – Шолпаны", Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш –Баян сұлуы" мен "Қыз Жібегі", С.Мұқановтың "Қашғар қызы", Ш.Құсайыновтың "Шолпаны" мен "Қайран Гәккуі" т.б.), шет ел драматургиясының (У.Шекспир, А.В. Вальехо) туындылары да орын алды. Театр жанынан "Яшлық" және "Нава" ансамбльдері құрылды. Театр труппасы гастрольдік сапармен Мәскеу қ–нда (1981), сондай–ак Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстан, Египетте болып, өнер көрсетті. Театр ұжымы 1984 ж. "Құрмет белгісі" орденімен марапатталды.

Әдебиет: Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық / Бас сарапшы Әшірбек Сығай. – Алматы: Аруна Ltd, 2005. – 656 б.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет