«Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебі» кмм «Ойлан. Тап»



бет2/6
Дата15.02.2023
өлшемі3,6 Mb.
#168838
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ойлан тап Тлеубаева Г

Жинақтаманың мақсаты:
Оқушылардың ауызша ойлау қабілетін арттырып, тез есептеу жолдарын
үйрету. Қызықты суреттер арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Міндеті:
1. Оқушыларға тез есептеу әдістерін үйрету
2. Ойын есептерін шешу жолдарын меңгерту
3. Ақыл – ойын және ерік сезім белсенділігін арттыру.
4. Математикалық сөйлеу машығын қалыптастыру
5. Қиялдарын ұштау, шығармашылық зерде үрдістерін жоғарлату
6. Оқушының тұлға ретінде қалыптастыруына әсер ету
7. Оқушының ақыл-ойының математикалық стилін, интеллектуалдық жэне ерік пен сезімге катысты сапаларын дамыту
8. Мектептің негізгі сатысында окуға, меңгерген математикалық білімін өмірде қолдануға жан- жақты дайындауды жүзеге асыру
9. Математиканың өмірде болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға және қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету
10. Оқушының өмір сүруіне және мектептің келесі деңгейде оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.

РУБИК ТЕКШЕСІ
Рубик текшесі (маж.Bűvös kocka — сиқырлы текше) — логикалық басқатырғыш ойын құралы ретінде пайдаланылады.
Рубик текшесі (көбіне «кубик-рубик» ретінде танымал) – 1974 жылы венгриялық мүсінші және архитектура оқытушысы Эрне Рубиктың ойлап тапқан (1975 жылы патенттеген) механикалық бас қатырғышы.

Эрне Рубик Будапешт технология және экономика университетінің құрылыс-архитектуралық факультетін бітіріп, 5 жыл бойы ғимараттарды жобалаумен айналысқан. Одан кейін ол Қолданбалы өнер академиясына оқытушы болып жұмыс кіреді. Сабақ беру барысында үш өлшемді кеңістікті үйрету өте қиын екеніне көзі жетіп, оны оңай түсіндірудің жолын іздеумен болады.
Рубик алғашында өз мақсатына қалай жетуді көп ойланды. Бір күні ол, Дунайдың жағасында отырып, толқындардың жұмыр тастарды ары бері қозғалтып, олардан көлемді геометриялық фигуралар жасайтындығына назар аударады. Бұл оған ой салып, үйіне асыға жетіп, бір жобаны ойластыра бастайды. Картон мен ағашты лақтырып тастап, пластмассаға тоқталады. Кіші көлемдегі текшелер 3 ось бойынша айналуы үшін энтузиаст ішкі цилиндрлік механизм ойлап табады. Әртүрлі нұсқаларды қарастырған Рубик, өз жобасының сыртқы бейнесі үшін алты түсті қарапайым гамманы таңдайды. Студенттерге бұл идея өте қатты ұнап, Рубик өте бір қызықты ойын жасап шығарғанын түсінеді.
Рубик текшесін жинауды үйрену төмендегі сілтемелерге кіріп, үйренуге болады.
https://www.youtube.com/watch?v=Iz5MaWI7nAs
https://www.youtube.com/watch?v=CJN_CrVtCv0
https://www.youtube.com/watch?v=YLY1_7-Zezg
https://www.youtube.com/watch?v=6J_UWWau8HM


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет