Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев саяси модернизацияланудың өзіндік Қазақстандық жолын,яғни Демократиялық модернизация жолын ұсынды.
Сонда қоғамды модернизациялау әлемдік ғаламдық үрдіс болса, Қазақстанның саяси-құқықтық жүйені модернизациялауы әлемдік қауымдастықтың даму тәжірибесіне қосылған қомақты үлесі болып табылады. Оған негіз ретінде мына мәселелерге тоқталуға болады.
- Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына Қазақстан төрағалық мәртебелік миссиясын Еуропа мемлекеттерінің қолдауы;
- ЕҚЫҰ ның өзгеде мемлекеттермен бірге Қазақстан қазіргі әлемдік модернизация мәселелерінде Шығыс пен Батыстың арасын түсіністік арқылы жақындастыруға бағытталған; -
2030 бағдарламаның құжаттары қоғамға қажетті реформаларды дамыта отырып уақыт талабына сай елдің ішкі және сыртқы саясатында әлемдегі өзгерістерді үзбей бақылай алатын биліктің бар екеніне сендіреді;
- Қазақстан сан алуан ұлттар мен діндер өкілдерінің мекені болумен ерекшеленеді. Отанымызда 100 дей этнос 40-тан астам конфессия өкілдері бір шаңырақ астында татулықта тұрады;
-Астанада 2003 жылдан бастап конфессияаралақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының үш съезі болып өтті; - Еуразиялық кедендік Одақ құру жөніндегі бастаманың интеграциялық әлеуетін жүзеге асыру болып табылады. Президент Н.Ә.Назарбаевтың дағдарыстың болу себебі мен одан шығудың жолдарын теориялық және практикалық тұрғыдан зерттей келе тұжырымдап айтқан пікірлері біздің елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде қызу талқылануы, саяси ойлары әлемдік модернизацияға негізделгені байқалады.
Еліміздегі саяси жаңғырту мен даму стратегиясының негізгі бағыттары Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы (1992 ж.), Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтар-дың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы стратегиялық бағдарламасы (1997 ж.), Қазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты(2012 ж.) сияқты бағдарламаларда айқындалған.
Достарыңызбен бөлісу: |