Бөж саяси модернизацияның үлгілерін таңдау шарттары мен негізгі факторлар


Соның ішінде, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Жолдауы



бет3/8
Дата09.11.2022
өлшемі76,52 Kb.
#157288
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Абдултәліп Мөлдір бөж

Соның ішінде, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Жолдауы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру, Бәсекеге қабілетті мемлекет қалыптастыру тұжырымдамасы негізінде ұсынған ұзақмерзімді басымдылықтың жетіншісі - мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру, мына міндеттерді ұсынды:
1. адал бәсекелестік, әділеттілік, заңның үстемдігі, жоғары құқықтық мәдениет ахуалын қалыптастыру;
2. мемлекеттің үкіметтік емес сектормен және бизнеспен өзара іс-қимылының жаңартылған тәсілдерін қалыптастыру;
3. сот жүйесі ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс;
4. мемлекеттік кәсіпорындардың, ұлттық компаниялар мен бюджеттік мекемелердің кадр саясатына меритократия қағидаттарын енгізуі;
5. сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру;
6. жергілікті жерлердегі басқару органдарына көбірек дербестік беру .
Қазақстан-2050 Стратегиясы еліміздің мемлекеттік институттарының саяси дамуына, мемлекеттің өзгерушi әлеуметтiк жағдайға икемдi бейiмделу қабiлетiнiң жетілуіне және талап-қолдау мен саяси шешiм-әрекет арасында керi байланыстың тиiмдi механизмiнiң қалыптасуына алып келеді. Еліміздегі саяси жаңғыртудың мақсаты мемлекеттік институттар және ашық түрдегi саяси билік арқылы бiрте-бiрте күрделенiп келе жатқан экономикалық және әлеуметтiк мәселелердi шешу болып табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей саяси жүйені жаңғыртудағы маңыздысы құрылымын өзгертуде емес, оның іс-әрекеті мен қызметін жетілдіруде. Сондықтан, саяси жүйені жаңғырту, модернизациялау мыналарға:
- саяси институттардың жаңа проблемаларды шеше бiлу қабiлетiн арттыруға;
- саяси жүйенiң өзгерушi әлеуметтiк жағдайға икемдi бейiмделу қабiлетiн көтеруге;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет