БҚО,Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылы Е. Ш. Орақбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің



Дата08.09.2017
өлшемі192,62 Kb.
#30664
БҚО,Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылы

Е.Ш.Орақбаев атындағы

жалпы орта білім беретін мектептің

тарих пәні мұғалімі

Рысқалиева Жангүлім Қанатқалиқызы

Тақырыбы: «Қазақ мемлекеттілігінің құрылуы»

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: Қазақ хандығының негізінің қалануы тарихымен, Жәнібек пен Керей хандардың халқына, жеріне, еліне сіңірген қызметімен таныстыру, оқушыларға ұзақ ғасырларға созылған этникалық процестер арқасында, қазақ жерін мекендеген ру - тайпалардың қоғамдық - саяси, экономикалық, мәдени байланыстары мен тәуелсіз жеке ел болсақ деген арман - тілектерінің арқасында құрылған Қазақ хандығы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Қазақ хандығының тарихтағы орнын, зерттелуі туралы оқушының логикалық ойлау қабілетін арттыру, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы есте сақтау қабілетін, зейінін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ойын ашық, еркін жеткізуге, өз білімін бағалай білуге, Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа. туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: панорамалық сабақ

Сабақтың әдісі: СТО әдістері, топтық және жеке жұмыстар, деңгейлеп оқыту

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, Қазақ хандығының ХҮ - ХҮІІ картасы, Жәнібек пен Керейдің және басқа да қазақ хандарының портреттері, үлестірмелі қағаздар, слайд, тірек – сызбалар және қазақ хандығын суреттейтін плакаттар, бор, тақта

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақ әдебиеті, математика, география, құқық.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
- оқушылармен амандасу,
- қатыстарын түгелдеу,

- сабақ басындағы оқушылардың көңіл – күйлерін байқау мақсатында, смайликтерді үйлестіру.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Үй тапсырмасы: ХІІІ-ХҮ ғ І жартысындағы Қазақстан аумағындағы хандықтар.

І кезең: «Бес жолды өлең» әдісі :

1 кім? Не? 1 сөз

2 қандай? 2 сөз

3 қалай? 3сөз

4 не істеді? 4 сөз

ІІ кезең: «Математикалық ойын». Берілген есептің қорытындысында шыққан жылдың қандай оқиғамен байланысты екенін табу:

800*2-172 =

424*2-182 =

299*2+5 =

348*3+947 =

468*2+924-350 =

60*20+18 =

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

Ассоциация – кластер:

Қазақ хандығы – Қашан? Кім? Қайда? Кімге? Кімнен?
ІҮ. Жаңа сабақтың жоспары:

1.Қазақ хандығының құрылу алғышарттары, мақсаттары

2.Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы, міндеттері

І кезең. Қазақ хандығына саяхат( топтық жұмыстар).

Сынып оқушыларын екі топқа бөлу үшін, алдын ала дайындалған қызыл және сары қағаздардан қиылған жүректерді үлестіреміз. (Жүрекшелер сабақ соңында керек болады.) Сосын екі топтың біріне Керей ханның, біріне Жәнібек ханның суретін теріс қаратып ұстатып, келесі топтың оқушылары оның кім екенін жасырады, тапқан топ сол ханның атын алады.



І. топ. «Жәнібек хан» ( Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары, мақсаттары)

ІІ. топ. «Керей хан» (Қазақ хандығының құрылуы, нығаюы, міндеттері)

ІІ кезең. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыстар( топтық жұмыстар).

«А» деңгейі

«Керей» тобы

«Жәнібек» тобы

Мағынасына қарай топтастыр: харадж, тағар, құналғы, жамылғы,мардикар, бұқара, баж,қараша, қара кісі, құл-құтан, шаруа, зекет

Сандар сөйлейді:

1465-1466

1 млн

1582-1598



1680-1715

200 мың


1643




«В» деңгейі

«Керей» тобы

«Жәнібек» тобы

«Билік пирамидасы» сәйкестендіру


Керей хан

1523-1532

Қасым хан

1465-1466

Тахир хан

1538-1580

Хақназар хан

1511-1519

Тәуекел хан

1598-1613

Есім хан

1582-1598

Тәуке хан

1680-1715




Картамен жұмыс: Әбілхайыр хандығының, Моғолстан мемлекетінің, Қазақ хандығының (алғашқы кездегі) территорияларын көрсетіңдер



«С» деңгейі

Төменде берілген хандардың әр топ бірін таңдап болашақ ұрпаққа өз мемлекетінің ішкі – сыртқы жағдайын бағалап, іс-әрекеттерін түсіндіріп жазған сәлемхаттарын құрастырыңыздар

Қасым хан

Есім хан


Хақназар хан

Тәуке хан



Ү. Бекіту :

“Кубизм” әдісі

1. Суретте: Орбұлақ шайқасы жайлы сипаттама беріңіз.

2. Салыстыр: Әз Тәукенің “Жеті жарғысы” мен Қазақстан Республикасының Конституциясын салыстыр.

3. Зертте: Қазақ ханы Хақназардың ертеден жауласып келе жатқан Шайбани хан әулетімен қарым-қатынас орнатуға ұмтылып, Бұхар ханы ІІ Абдаллахпен “Дос болып, өзара көмектесу” жөніндегі ант беріскен шарт жасасудағы саясатына зерттеу жаса.

4. Қолдан: Қазақ хандығының территориясын картадан тауып көрсетіңіз. (картамен жұмыс)

5. Ойтолғау, сурет: Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы жайлы ойтолғау.

6. Талда, қолдан, қарсы шық: “Тұрсын ханның бүлігіне” талдау жаса.Осы тарихи оқиғаға қатысты сенің пікірің қандай?



ҮІ.Бағалау: Бағалау парағы арқылы.Критериалды бағалау.







ҮІІ. Қорытындылау.

1. Қолдарындағы әртүрлі жүрекшелерге Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған тілектерін жазып, алтын сандықшаға салып сақтап қоямыз.

2. Жаңа сабақтан алған әсерлерін байқау үшін, алдарындағы смайликтерін көтереді.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:

1. Қазақ хандығы мен Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қандай ұқсастығы мен ерекшеліктері бар екенін Венн диаграммасы арқылы орындап келу;



2. Тәуелсіз Қазақстанның бүгінге дейінгі тарихи маңызды күндерінің хронологиялық кестесін жасау.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет