«Болашақ» тобына арналған ойындар



бет8/8
Дата13.12.2021
өлшемі26,73 Kb.
#125439
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ойындар

Тақырыбы: «Мамандықтар таңдау»

Мақсаты: Баланың мамандықтар туралы білімін кеңейте отырып, еңбек ету арқылы өз мақсатына жетуге болатындығын ұғындыру.

Ортаға әр түрлі мамандықтар аты жазылған қағаздар тасталынады. Әр бала бір-біреуден алады. Әркім өзіне тиесілі мамандық бойынша: шағын көрініс, тақпақ, қысқаша монолог, сипаттама т.б. жасап, мамандықты барынша дәріптейді, презентация жасайды. Ойын соңында «Ең жақсы презентация» марапатталады. Барлық қатысушыларды қамту мақсатында әр түрлі марапаттар ұйымдастыруға болады.

Тақырыбы: «Мен кіммін?»

Мақсаты: Баланың өз бойындағы қасиеттері мен қылықтарын таразылауға үйрету. Әрі ол арды жақсы, жаман деп жіктей білуге, ажыратуға үйрету. Әділ болуға, шыншылдыққа тәрбиелеу.



Әр бала параққа екі бейне салады. Біреуі: күліп тұрған бала-күннің бейнесі. Бұл бейненің жан-жағына тек қана өз бойындағы жақсы қасиеттерін жазады. Екінші сурет: қабағын түйіп, түнеріп тұрған бала-күннің бейнесі. Бұл суретке керісінше өз бойындағы өзіне ұнамайтын қылықтарын жазады. Ең соңында әр бала өз жұмысына өзі баға береді. «Шыншыл бала» атағы беріледі.

«Ақ сүйек» ойыны

Балалар екі топқа бөлінеді. Ойын бастаушы сүйекті қолына алып, алысқа сермеп лақтырады. Теріс қарап тұрып балалар жапа тармағай жүгіріп сүйекті іздеп кетеді. Сүйекті тапқан адам басқа топтағыларға көрсетпей сөреге қарай жүгіруі керек. Сол кезде екінші топ оны сезіп қойып, артынан жүгіріп жетіп ұстап алса, ол сүйекті қайтадан лақтырады. Қай топтың адамы сүйекті бірінші тауып, сөреге жеткізетін болса, сол топ жеңіске жетеді.
«Санамақ» ойыны

Ойынға барлық оқушылар қатысады. Ойынның шарты: ойын бастаушы ойынға қатысушы бір баланы ортаға алып шығады. Ол оқушы бір тектес атау сөзден жаңылмай, кідірмей атап жүріп, айтып шығуы керек. Тоқтамай, қателеспей айтып шықса, жүлде алады. Егер қателессе, ойыннан шығады. Мысалы, жаңылмай бір дыбыстан басталатын он адамның немесе ақынның атын атауы керек: немесе тағам аттарын атайды.
«Тымпи – тымпи» ойыны

Ойынды бастаушы өз орындарында отырған оқушылардың ортасына шығып: «Тым-тырыс, тымпи - тымпи»,- дейді. Осы сәтте қалған оқушылар үндемеуі тиіс. Ортаға шыққан оқушы әртүрлі әзіл, сықақ, қызықты әңгімелер айтып, отырғандарды күлдіруге тырысады. Белгілі уақытқа дейін өзінің осындай «өнерімен» ешкімді күлдіре алмаса, жеке оқушының жанына барып, соны күлдіруге күш салады. Әзіл-сықақтары әлсіз, әсерсіз болса, ауызы - мұрнын қисайтып, түрлі қолапайсыз қимылдар жасап күлдіруге әрекет етеді. 
Осы сәтте әлгі ойыншы үн шығармауға, ортадағы оқушының сұрағына жауап бермеуге тырысады. Ал сөйлеп, күліп қойса, айыпкер саналады. Айыбы үшін тақпақ, өлең айтып, би билейді. Айыбын өтегеннен кейін ол ортаға шығып, ойынды басқарып кетеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет