Болат Ғасыр Топ: II емдеу ісі


Орындалған жұмыс мазмұны және көлемі



бет22/65
Дата07.02.2022
өлшемі103,66 Kb.
#92149
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   65
Байланысты:
Күнделік

Орындалған жұмыс мазмұны және көлемі

Іс-шаралар және олардың саны

Баға

Тәжірбие жетекшісінің қолы

25.05.2020

Мен Болат Ғасыр ШЖК КМК Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы жоғары мемлекеттік медицина колледжінің 2 – курс студенті. «Негізгі мейірбикелік күтім» пәні бойынша қашықтықтан оқыту барысында кәсіптік тәжірибемді жалғастырып жатырмыз.Таңғы сағат
14-19.00 ке шекті жетекшіміз Отынбаева Гульнара Калысовнамен ватцап желісі арқылы бүгінгі тақырыбымыз туралы талдадық.
Біз кәсіптік тәжірбиемізді мемлекетімізде короновирус пандемиясын таралуына байланысты қашықтықтан тәжірбиемді жалғастарудамыз.Бүгін біз Емдеу сауықтыру ұйымдарындағы санитарлық - эпидемияға қарсы тәртіп туралы өттік. Мейірбикенің жалпы жұмыс орнындағы қауіпсіздіктің жалпы шараларымен және Мейірбике міндеттерімен таныстық.Бұның ішінде

  1. Қолды жуу деңгейлерін сақтау.

  2. Биологиялық сұйықтықтармен, сонымен қатар қанмен жұмыс істегенде қолғап кию.

  3. Қолғапты шешкеннен кейін тез арада қолды жуу.

  4. Төгілген немесе шашылған зарарлы материалды тез арада жинау.

  5. Қолданылған құрал-саймандарды, күтім заттарын, таңу материалдарын нормативті құжаттарға сай тез арада зарарсыздандыру.

Қолғапты кию әдісіне тоқталсақ.


Мақсаты: науқастың және медициналық қызметкердің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

  • Науқастармен немесе олардың бөліністерімен жанасқанда қолғап кәсіптік жұқтырудың қауіп-қатерін төмендетеді.

  • Қолғап транзиторлы қоздырғыштармен қызметкерлердің қолының ластану қауіп-қатерін және кейіннен олардың науқастарға таралуын төмендетеді.

  • Қолғап медицина қызметкерлерінің қолының резиденттік флорасының бір бөлігі болып табылатын микробтарды науқастарға жұқтыру қауіп-қатерін төмендетеді.

Қолдану көрсетілімдері: инвазивтік емшараларды орындағанда, кез келген биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда, науқастың және медициналық қызметкерлердің терісінің бүтіндігі бұзылғанда, эндоскопиялық зерттеулер және манипуляциялар кезінде, клинико-диагностикалық, бактериологиялық зертханаларда науқастардан алынған материалдармен жұмыс істегенде, инъекциялар жасағанда, науқасты күту кезінде.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған ораудағы қолғапты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Қолыңызды тазартып, антисептикпен қолыңызды өңдеңіз.

  2. Залалсыздандырылған қаптамадағы қолғапты алып, бүктеуін жазыңыз.

  3. Оң қолға арналған қолғаптың қайырмасын сол қолмен алыңыз. Саусақтарыңыз қолғаптың кайырмасының ішкі бетіне тимеуі керек.

  4. Оң қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз.

  5. Оң қолдың саусақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз.

  6. Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарын сол қолғаптың қайырмасы астына кіргізіңіз, киілген қолғапта оң қолдың 1-ші саусағы, сол жақ қолғаптың 1-ші саусағы жағына бағытталған болуы керек.

  7. Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарымен сол жақ қолғапты тік ұстаңыз.

  8. Сол қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз.

  9. Сол қолдың саүсақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз.

  10. Сол қолғаптың қайырмасын жазыңыз, оны жеңге қарай тартып, сосын оң жаққа 2-ші және 3-ші саусақтар көмегімен қолғаптын бүгілген шетінің астына қарай тартыңыз.



Қолғапты шешу
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Оң қолдың саусақтарымен сол қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса, отырып қайырма жасаңыз.

  2. Сол қолдың саусақтарымен оң қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса, отырып қайырма жасаңыз.

  3. Сол қолдағы қолғапты, оны теріс айналдыра отырып, шешіңіз.

  4. Сол қолдан шешкен қолғапты оң қолмен қайырмасынан ұстаңыз.

  5. Сол қолмен оң қолдың қолғабын қайырмасының ішкі жағынан ұстаңыз.

  6. Оң қолдағы қолғапты, оны теріс айналдыра отырып, шешіңіз.

  7. Екі қолғапты да (сол қолғап оң қолғаптың ішінде болуы керек) қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

Пациенттің қаны мен басқа биологиялық сұйықтықтары арқылы жұғатын вирусты және бактериалды инфекцияны жұқтыру қауіпі жағдайларындағы мейірбике жұмысының ерекшеліктеріне тоқталсақ:


Манипуляцияны орындау кезінде биологиялық субстраттар мейірбикенің терісіне, көздің шырышты қабығына, мұрынның шырышты қабығына, бет терісіне, киіміне түскен кезде апат жағдайдағы қобдиша қолданылады.
Қобдиша құрамына кіреді:

  1. Крафт пакеттегі таңу материалы, стерильді мақта тампондары, турундалар.

  2. Крафт пакеттегі тамызғыштар - 4 дана.

  3. Ерітінділер үшін стерильді ыдыс - 3 дана.

  4. Ундинка (көз жууға арналған стакан)- стерильді 2 дана.

  5. 70% этил спирті – 100мл.

  6. 5% йод -10 мл.

  7. 0,05% калий перманганаты- 10мл

  8. 1% проторгол

  9. 6% сүтегінің асқын тотығы- 100мл

  10. Резеңке саусаққап-2-3 дана

  11. Бактерицидты лейкопластырь-2-3 дана

  12. Қайшы

Манипуляцияны орындаған соң мейірбике міндетті түрде орындауы қажет:

  1. Құрал-жабдықтар және таңу материалдарын дезинфекциялау (көрсетілген дезинфекциялық ерітінділердің біреуімен):

  • 3% хлораминде -60 минут;

  • 1,5% гипохлорид кальций -60 минут:

  • 4% сутегінің асқын тотығы -20 минут.

  1. Медициналық құрал-жабдықтарды залалсыздандыру алдында тазалау, дайындау және залалсыздандыру.

  2. Манипуляциядан соң жұмыс үстелін 3% хлорамин ерітіндісімен (2 рет) немесе басқа ұсынылған ерітіндімен өңдеу.

  3. Дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыста қолды жуғаннан соң, резеңке қолғаптарды шешу.

  4. Резеңке қолғаптарды дезерітіндіге салып қою.

  5. Халат, бет пердені шешіп, лас киімге арналған резеңке қапқа салу.

  6. Қолды ағып тұрған судың астында сабынмен (2 рет) жуу, құрғату.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет