Бөлім: Қалдық Мұғалімнің аты-жөні



Дата17.02.2023
өлшемі37,46 Kb.
#169191
түріСабақ
Байланысты:
24.01.23
№5 лекция

Бөлім:

Қалдық

Мұғалімнің аты-жөні:

Кидирбаева А.С

Пән/Сынып:

11 «А» сынып

Күні:

24.01.2023

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қалдықтар

Сабақ мақсаты:

Қалдықтарға берілген сауаттылық есептерін шығара білу

Сабақ барысы:

Уақыты

Кезең
дері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

3 минут



Ұйымдас тыру

Бес бала санамақ арқылы ойынға бастаушы таңдады. Ереже бойынша соңғы сөз кімге түссе, сол бала ортаға шығады, содан соң санауды қайта жүргізеді. Санаушы бала, өзінен бастап санағанда бастаушы болу үшін, санамақтың сөз саны ең аз дегенде қанша бала бола алады?




Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы мадақтайды.

Сұрақтар топтамасы



40мин

Негізгі бөлім

1. Бір санды 13-ке және 15-ке бөлгенде бөлінділері бірдей болды, бірақ бірінші бөлу 8 қалдықпен, ал екіншісі қалдықсыз бөлінді. Осы санды тап.
2. 7-ге бөлгендегі бөлінді мен қалдығы бірдей болатын барлық санды тап.
3. Кез келген бүтін алты санның арасынан, айырмасы 5-ке бөлінетін екі санның табылатынын көрсет.
4.Санда 2-ге бөлгенде 1 қалдық, ал 3-ке бөлгенде 2 қалдық қалды. Осы санды 6-ға бөлгенде неше қалдық қалады?
5. Біреу базарға қияр алып келді: ол он-оннан санап еді, толық ондыққа 2 қияр жетпей қалды, ал он екі-он екіден санағанда 8 қияр асып қалды. Егер қиярдың саны 300-ден артық, бірақ 400-ден кем болса, онда базарға неше қияр әкелінген еді?
6. 2-ге бөлгенде 1 қалдық, 3-ке бөлгенде 2 қалдық, 4-ке бөлгенде 3 қалдық, 5-ке бөлгенде 4 қалдық, 6-ға бөлгенде 5 қалдық қалатын, ал 7-ге қалдықсыз бөлінетін ең кіші натурал санды тап.

Берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, жұптық талдау жасайды. Талқылау нәтижесінде өзара бір келісімге келіп есепті орындайды.






кеспе қағаздар





2 минут




Рефлексия:

Білемін

Білдім

Білгім келеді











Тақырыпты меңгергенін анықтау



Кері байланыс

Whatsapp қолдану


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет