Бөлім: Баланың негізгі құқықтары Тақырып


-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы



бет3/3
Дата26.05.2022
өлшемі16,44 Kb.
#145132
1   2   3
Байланысты:
Баланың сөз сөйлеу, ар-намысын қорғау, ақпарат және қоғамдық өмірге қатысу құқығы. баланың мүліктік құқығы

14-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы


1. Әрбiр баланың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге құқығы бар.
2. Білім беру ұйымдарындағы, медициналық және басқа да ұйымдардағы, оның ішінде қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін ұйымдардағы, қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы, патронаттық тәрбиедегі жетiм бала, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұрғын үйге меншiк құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын caқтайды, ал құқығы болмаған жағдайда олардың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй алуға құқығы бар.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй жетiм балаларда, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларда олар білім беру ұйымдарында, медициналық және басқа да ұйымдарда, оның ішінде қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін ұйымдарда, қорғаншылықта немесе қамқоршылықта, патронаттық тәрбиеде болған кезеңде олар кәмелетке толғанға дейін сақталады.
3. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, оның iшiнде жетiм балаларды оларға басқа тұрғын үй берiлмейiнше, тұрып жатқан тұрғын үйінен шығаруға болмайды.
4. Осы баптың 2-тармағында аталған балалардың тұрғын үйге меншiк құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын сақтауды жергiлiктi атқарушы органдар қамтамасыз етедi.
5. Он төрт жасқа толмаған жетім баланың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың тұрғын үйін иеліктен шығару, оның ішінде айырбастау немесе сыйға тарту бойынша мәмілелер жасауға немесе олардың атынан кепілгерлік шартын, тұрғын үйді өтеусіз пайдалануға тапсыру немесе кепілге қою бойынша мәмілелер, заң жүзінде, өсиет бойынша оларға тиесілі мұрагерлік құқықтардан бас тартуына, олардың тұрғын үйін бөлуге немесе одан ү

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет