Бөлім: Дене шынықтыру. Тақырыбы: «Нарғызға қонаққа барамыз». Мақсаты



бет186/200
Дата07.02.2022
өлшемі201,31 Kb.
#88029
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   200
Байланысты:
2 5404868312226072430

Қолданылатын құрал-жабдықтар: «аттар», орындықтар,диаметірі 15 см доптар

Оқу қызметінің түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация- қозғаушы

Педагогпен төмендегі тапсырмаларды орындатады:
«Аттар». Қолды еркін қалыпта ұстап жай жүру; аяқты тізеден жоғары көтеріп « аттар», қырынан, аяқты-аяққа тақап қойып жүру, жүгіру; өздігінен қосарланып шеңбер құрып тұру, қол ұстасып, шеңберді тарылтпай жүру, бір-біріне соғылмай, тез тоқтау.

Педагогті мұқият тыңдайды, дұрыс орындауға тырысады.



Іздену- ұйымдастыру



Жалпы дамыту жаттығулары
1. «Алақанды шарт еткізу». Б.қ..: қолды шетке созып,орындықта отыру. Қолды төмен түсіріп, орындықты алақанмен шарт еткізу «шарт-шарт»деу; бастапқы қалыпқа оралу.
2. «Еңкею». Б.қ.:орындықтың арасына қарап, отырғыдан ұстап отыру. Оңға еңкею, еденге қол тигізу; бастапқы қалыпқа оралу.
Келесі жаққа қайталап орындау. Арқаны түзу ұстап, аяқты жылжытпау.
3. «Бұрылып қара» . Б.қ.: қолды иыққа қойып, орындықта отыру. Оңға бұрылып қарау: «көріп тұрмын» деу; бастапқы қалыпқа оралу. Келесі жаққа қайталап орындау. Арқаны түзу ұстап, аяқты жылжытпау.
4. «Сақ бол». Б.қ.: аяқ қолға тіреле еденге отыру. Бір аяқты орындықтың астынан енгізіп созу, бастапқы қалыпқа оралу. Келесі аяқпен орындау, бастапқы қалыпқа оралу. «Сақ бол! Аяғыңды соғып алма»
5. «Көрсет те, тығып қой». Б.қ.: отырғыдан ұстап, орындықта отыру. Аяқты түзу ұстап, аяқтың ұшын алға созу, төмен түсіріп, орындықтың астынан тығып қою.
6. «Шапқылаймыз». –-Шапқылаймыз,шапқылаймыз,шапқылаймыз,(орындықтың айналасында шапқылайды).
Адымдаймыз,адымдаймыз,шапқылаймыз,шапқылаймыз,(орындықтың айналасында).
Адымдаймыз,адымдаймыз,шапқылаймыз,Тоқта!
Тыныс алу жаттығуы: «Демді ішке тарту-демді шығару


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет