Мотивациялық – қозғаушылық
|
Педагог төмендегі тапсырмаларды орындатады: Сап – тізбекке тұру, тоқтап және тапсырманы орындай жүру; қолды жоғары көтеріп, қол мен денені байсалды оңға еңкейту. «Тышқандар қалай жүреді?»- жеңіл жайлап жүру. Қолды төмен түсіріп, жоғары көтеріп, денені байсалды төмен еңкейту; Тыныш, тыныш, тышқандар, шатырда мысық отыр. Желпімеңдер, сыбдырлатпаңдар. (Басты шайқап, сол қолды кеуде тұсында ұстап, «тыныштық» дегенді ыммен көрсету.
«Шу да шу» -қолды байсалды (жайлап) төмен түсіру, жоғары көтеріп, денені байсалды төмен еңкейту. «Түн таяп қалды»м – алақанды ауызға апарып (дем алу)
Қолды жайлап алға созып дем шығару. «Түн» дегенде қолдарын жақтарының астарына салып, жүрелеп отыру. «Түн бітті, таң атты» дегенде бытырап жүгіру. Бір –бірден сап тізбекке тұру.
|
Педагогті мұқият тыңдайды, дұрыс орындауға тырысады.
|