Бөлімдері: «Тіл дамыту» Тақырыбы: «ч-ш» дыбысын қою Түзету-оқыту мақсаты



Дата17.11.2023
өлшемі17,85 Kb.
#191934
түріСабақ
Байланысты:
«Ч-Ш» дыбысын қою
Екінші ретті туынды және оның физикалық мағынасы, 1305713866283

Түзету-дамыту оқу қызметінің
технологиялық картасы
Бөлімдері: « Тіл дамыту»
Тақырыбы: «Ч-Ш» дыбысын қою
Түзету-оқыту мақсаты: «Ч-Ш» дыбысын сөз ішінде анық айтуға үйрету. «Ш» дыбысының артикуляциялық позициясын көрсетуге үйрету.
Түзету-дамыту мақсаты: «Ч-Ш» дыбысын дұрыс шығаруға, дем алу гимнастикасы жаттығулары арқылы ауыз қуысын «ш» дыбысының артикуляциясын дамыту.
Түзету-тәрбие мақсаты: Сабаққа қатысуға деген жағымды к­өзқарас қалыптастыру.
Сөздік: шар, шөп, аша
Құрал: «Ч-Ш»тақырыбы бойынша суреттер
Алдын ала өткізетін жұмыс: «Ч-Ш» дыбысымен байланысты суреттерін қарастыру.



Әрететтің кезеңдері

Логопедтың әрекеті



Балалардың әрекеті

Талаптандыру дәлелдеу

«Алтын күн» психогимнастикасын өткізу.
Амансың ба Алтын күн,
Амансың ба Көк аспан.
Амансыңдар ма балалар!

Өлең сөздеріне байланысты қимылдар жасайды, бір-бірімен амандасады.



Ұйымдастыру ізденіс



Логопед тақырып бойынша әңгімелеседі. Суреттерді қарастыру.
Сөздік ойын: «Поезд»


Сергіту сәті.
«Мүйізді ешкі» жаттығуы
Мүйізді ешкі келеді,
Топ – топ, топ – топ,
Сұсты көзбен қарайды,
Тақ –тақ, тақ – тақ.
Кімде – кім сүт ішпесе,
Тойып тамақ жемесе,
Мүізді ешкікеледі,
Сол баланы сүзеді.
Дидактикалық ойын:
«Дұрыстап боя»

Балалар «Ч-Ш» дыбысы бар суретін,қарастырады,
сипаттайды, айтады.

Балалар екі топқа бөлінеді, біреулері вагондар болады екіншісі жұмысшылар болады. «Поезд жүрді!» дабылы бойынша іс-әрекетті білдіретін қимылдар жасап «т-т-т-т-т» деп вагонның дөңгелегінің дыбысын шығарып жүре бастайды. Шеңбермен бір айналып шығып бекетке тоқтағандай болады сол кезде жұмысшылар келіп вагонның дөңгелегін тексереді (балардың аяқ киімдерінен соғып «Тук-тук» дейді). Дабыл бойынша балалар ары қарай «т-т-т-т» деп жүре бастайды.


Мәтінге сай қимыл-қозғалыстарды жасайды.


Балалар ойынды ойнайды



Рефлексивті-түзету

Сабақта не істеген ұнады?
Нені үйрендік?
Сабақта не істегендерін естеріне түсіру.

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:
Білу керек:

Хабары болу керек:

Істеу білу керек:

  • Сұрақтарға жауап қайтару

  • Қимылдарды орындау

  • Қарама—қарсы сөздерді айту


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет