Күтілетін нәтиж:
Орындайды:ыдыс-аяқтар аттарын қатыстырып,сөйлемдер құрастыру сияқты тапсырмалайды;
Түсінуі керек:ыдыстардың не үшін керектегін;
Қолданады:таныс шығармалардың мазмұнын әңгімелей білу іскерліктерін.
= Технологиялық карта 17.11.2015
Білім беру саласы: Қатынас.Әлеуметтік орта.
Тақырыбы: Ойыншықтар достығы.
Білім көздері: Тіл дамыту
Мақсаты:а)Ойыншықтар және олрдың достығы туралы қысқа сюжеттік әңгіме құрастыруға үйретуді жалғыстыру. «Қ» дыбысының дұрыс айтылуын бекіту.
ә)Өзара татулық сезімдерін дамыту.
б)Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:№ 11 демонстрациялық материал(суреттер,ойыншықтар:қуыршақ,маймыл,аю,көжек).
Алдын ала жұргізілетін жұмыс:әңгімелесу.
Сөздік жұмыс:маймыл,көжек. .
Билингвальды компонент:маймыл-обезьяна,көжек-зайчик.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Ынталандыру, сезімді ояту.
|
Шаттық шеңбері.
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.
Тәрбиеші балалармен достар,достық туралы әңгімелеседі.
|
Өлеңді тәрбиешімен бірге қосылып қайталайды.
|
Ізденістер, ұйымдастыру.
|
-Балалар,сонымен,достар бір-біріне әрдайым көмекке келіп,қолындағысымен бөлісетін,тату,сүйіспеншілігі мол,бір-бірін сыйлайтын жандар екенін айттық.Енді сендермен «Ойыншықтар достығы»шығармасын тыңдап көрейік.
Ертеде сұлу,әдемі қуыршақ болыпты.Ол өз әдемілігіне масаттаным,басқа ойыншықтармен ойнамапты.Достары:аюдың баласы-қонжық,қоянның баласы-көжек,маймыл(«Қ» дыбысының анық айтылуына мән беру керек)оны ойнауға шақырса,бармапты.Бір күні қатты жел соғып,қуыршақ еденге құлапты.Оның әдемі көйлегі жыртылып,қатты жылапты.Оны байқаған ойыншықтар не істепті?
-Маймыл не істеді?
-Көжек қалай көмектесті?
-Ал қонжық ше?
-Қуыршақ не себепті өзін танымай қалады?
Доссыз өмірдің қызық емес екенін ұғады.Осыдан соң қуыршақ менмендігін ұмытып,сұлулығына мақтанбай,достарының барын қуана айта жүріпті
Билингвальды компонент:маймыл-обезьяна,көжек-зайчик.
Сергіту сәті:
Санайық жаңаша,
Бір,екі,үш!
Желбіре,жалауша,
Достықта біздің күш!
«Менің досым» ойыны.
Шарты:балалар шеңбер құрып тұрады.Тәрбиеші допты лақтырып,кезек-кезек балаларға сұрақ қояды(қойылатын сұрақтарды алдын ала дайындап қояды).
-Сенін досың кім?
-Сен досыңды жақсы көресің бе?
-Досыңа қалай көмектесесің?
Жеке жұмысты қажет ететін балалармен достық жайлы әңгімелесу.
|
Балалар бір-бірімен дос болып,қолындағы ойыншықтарымен бөлісетінін,тату ойнатындарын айтады.
Шығарманы тыңдайды.
-Қуыршақты аяп кетіпті.
-Көйлегінің жыртығын тігіпті.
-Шашын сәндеді.
-Ол басынан сипап жұбатыпты.
-Қонжық болса,қуыршақты жерден көтеріп,орындыққа отыруына көмектесіпті.
Маймыл-обезьяна,көжек-зайчик,сөздерін қайталайды.
Қимылын келтіріп,жаттығуды орындайды.
Допты ұстап,сұрақтарға жауап береді.Кейбіреулеріне тәрбиеші көмектеседі.
Ойнын ойнап,сұрақтарға жауап береді.
|
Релаксация
Өзін-өзі бағалау
|
-Балалар,біз бүгін «дос», «достық» деген ұғымдармен таныстық.Достар қашанда бір-біріне көмектесіп,бірге ойнайды екен.
|
Достық туралы түсінгендерін айтйды.
|
Күтілетін нәтиже:
Орындайды:қысқа сюжеттік әңгіме құрастыруға арналған тапсырмаларды;
Түсінеді:достық пен бірліктің не екенін;
Қолданады:бір-біріне қол үшін беру керек дағдыларды.
= Технологиялық карта 24.11.2015
Білім беру саласы: Қатынас.Шығармашылық.
Тақырыбы:Ертегілер әлемі.
Білім көздері: Тіл дамыту.
Мақсаты: а)Ертегі мазмұнын түсіндіру.
ә)Ертегі мазмұнын айтқызу арқылы сөздік қорын молайтып,тілін дамыту.
б)Ертегідегі кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы балаларды тапқырлыққа,мейірімділікке,достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:№12 демонстрациялық материал немесе интерактивті тақта арқылы ертегіні көрсету,№12 үлестірмелі материал(сурет бойынша лақтарды қасқырдан құтқару жолын табу).
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу. .
Билингвальды компонент:қасқыр-волк,ешкі-коза.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Ынталандыру, сезімді ояту.
|
Балаларға шеңбер болып тұруды ұсынады.
Амансың ба,алтын Күн!
Амансың ба,Жер-ана!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам!
Қонаққа ертегілер елінен қоржынын арқалап Алдаркөсе келеді.
|
Тәрбиешімен бірге сәлемдесу рәсімін жасап,жылы тілектерін айтады.
Ертегілер елінен келген Алдаркөсемен амандасады.
|
Ізденістер, ұйымдастыру.
|
Ертегілер елінен келген Алдаркөсе балалардан қандай ертегілерді білетінін сұрайды.Алдаркөсе балаларға «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісін ұсынады.
№12 демонстрациялық материал.
Тәрбиеші балаларға «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісінің мазмұнын сюжетті сурет арқылы әңгімелеп береді,мазмұнын түсіндіреді.
(Интерактивті тақта арқылы ертегіні көрсетеді).
Ертегідегі қасқырды сипаттайды,оның іс-әрекетін,жауыздығын,ал лақтардың тапқырлығы туралы әңгімелейді.Балалармен сөздік жұмысын жүргізу.
Билингвальды компонент:қасқыр-волк,ешкі-коза.
Жағдаят шешу
«Лақтардың орнында болсаңдар,сендер не істер едіңдер?»деген сұрақ қою арқылы балалардың жауаптарын тыңдайды,қорытындылайды.
Сергіту сәті:
Шөре-шөре,лағым,
Тентек болма,шырағым.
Секеңдеме,деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
(І.Жансүгіров)
№12үлестірмелі материалмен жұмыс.
Лақтарды қасқырдан құтқаратын жолды тапқызу.
Жеке жұмысты қажет ететін балалармен ертегі кейіпкерлері,оның іс-әрекеттері туралы әңгімелесу.
|
Балалар «Бауырсақ», «Шалқан», «Лақтар мен қасқыр»т.б. ертегілерді білетіндерін айтады.
Мұқият тыңдайды,ертегі желісі бойынша сұрақтарға жауап береді.
Қасқыр-волк,ешкі-коза сөздерін қайталайды.
Қасқырды сипаттайды.
Лақтардың орнында өздері болса,не істейтіндерін айтады.
Өлең мазмұнына сай қимылып салады.
Балалар дұрыс жолды тауып белгілейді.Лақтарды қасқырдан құтқаратын жолды табады.
|
Релаксация
Өзін-өзі бағалау
|
Балаларға ертегі кейіпкерлерін сипаттау,сұрақ-жауап арқылы ертегінің мазмұнын бекіту.
|
Өз іс-әрекеттерін әңгімелейді.
|
Күтілетін нәтиже:
Орындайды:үй жануарларын жабайы жануарлардан ажырата білуге үйрететін тапсырмаларды;
Түсінуі керек:ертегі кейіпкерлерін қалай сипаттау керектігін;
Қолданады:ертегіні қысқаша әңгімелей білу іскерліктерін.
= Технологиялық карта 8.12.2015
Білім беру саласы: Қатынас.Таным.
Тақырыбы:Біздің ойыншығымыз.
Білім көздері: Тіл дамыту.
Мақсаты:а)Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту,ойыншықтардың аттарын атай отырып,оларды сипаттап айтуға үйрету.
ә)Жануарлардың төлдерінің аттарын жекеше,көпше түрде айтуға жаттықтыру.
б)Ойыншықтарды күтіп ұстаға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:№13 демонстрациялық материал(күшік,мысық,лақ,қозылардың суреттері).
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу.
Сөздік жұмыс:қозылар,күшіктер.
Билингвальды компонент:қозы-ягненок,күшік-щенок.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Ынталандыру, сезімді ояту.
|
Шаттық шеңбері.
Біз қандаймыз,қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз,
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.
(М.Жаманбалинов)
|
Балалар тәрбиешімен бірге сәлемдесу рәсімін жасап,ыстық тілектерін айтады.
|
Ізденістер, ұйымдастыру.
|
№13демонстрациялық материалмен жұмыс.
-Балалар,сендерді ата-әжелерің,әке-аналарың қандай сөздермен еркелетеді?
-Сендерді үлкендердің жақсы көретіні соншалық,төрт түлік малдың төлдерінің аттарымен еркелетеді екен.Тәрбиеші балаларға бір үй жануарының және олардың бірнешеу болып тұған суреттерін көрсетеді.
-Балалар,қандай үй жануарларын білесіңдер?
Олардың баласы(төлі)қалай аталады?
-Бірнеше қозыны қалай айтамыз?
-Бірнеше күшікті ше?
Билингвальды компонент:қозы-ягненок,күшік-щенок.
Сергіту сәті:
Құлыншағым,құндызым,
Құлдырайды,шабады.
Жылтыңдаған жұлдызым
Құстай қанат қағады.
(І.Жансүгіров)
«Не қалай дыбыстайды?»дидактикалық ойыны.
Шарты:үлестірмелі суркттерді пайдалана отырып,жануарлардың қалай дыбыстайтынын қайталайды.
Тәрбиеші жануарлардың суретін көрсетеді.
-Бұл не?
Сиырдың төле қалай аталады?Ол қалай дыбыстайды?
-Мынау не?
-Қой төлін қалай атаймыз?
-Қой мен қошақан қалай дыбыстайды?
Жеке жұмысты қажет ететін балалармен үй жануарлары және оның төлдерін атап,қалай дыбыстайтынын сұрау.
|
Құлыным,ботақаным,
лағым,қошақаным.
-Қой,ешкі,сиыр т.б.
-Қозы,лақ,бұзау т.б.
-Қозылар.
-Күшіктер т.б.
Қозы-ягненок,күшік-щенок сөздерін қайталайды.
Өлең мазмұнына сай құлынның қимылдарын келтіреді.
Ойынға кіріседі.
-Сиыр.
-Бұзау. «Мө-мө-мө»дейді,яғни мөңірейді.
-Қой.
-Қозы,қошақан.
- «Мә-мә-мә»дейді,яғни маңырайды.
Балалар орындайды.
|
Релаксация
Өзін-өзі бағалау
|
Балалардан үйде,балабақшада кіммен ойнатындарын,қандай ойыншықты жақсы көретіндері сұрап,жауап алу.
|
Балалар сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.
|
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: «ә»,дыбыстарын дұрыс айтуға арналған тапсырмаларды;
Түсінуі керек:жануарлар мен олардың төлдері туралы мағлұматтарды;
Қолданады:тәрбиеші сұрақтарына тыңғылықты жауап беру іскерліктерін.
= Технологиялық карта -14 15.12.2015
Білім беру саласы: Қатынас.Таным.
Тақырыбы: Марғау қыс мезгіліне қалай таңғалды?(Әңгіме құрастыру).
Білім көздері: Тіл дамыту.
Мақсаты:а) Тәрбиешінің көмегімен табиғат көріністерін сипаттау бойынша қысқа әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру.Қимыл-әрекетті білдіретін етістіктерді дұрыс таңдап,оларды қолдана білуді үйрету.
ә)Балаларға жұмбақ шешкізу арқылы сөздік қолдарын молайту.
б)Табиғатты аялауға,әсемдікті көре білуге,сезінуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: №14 демонстрациялық материал(марғау суреті).
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: серуенде қысқы табиғатты бақылау.
Сөздік жұмыс:марғау,қар,аппақ,қыс.
Билингвальды компонент: марғау-котенок,қыс-зима,қар-снег,аппақ-белый.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Ынталандыру, сезімді ояту.
|
Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып,бір-біріне ыстық тілектер айтуын ұйымдастырады.Балалардың назарын ауа райын бақылауға аударады.
-Қарандаршы,қар көп жауыпты.Қар өте суық,түсі аппақ,жұмсақ.Қар жердің бәрін ақ көрпе сияқты басып жатыр.Ағаш,шыршалардың бәрі қар жамылған.Қыста күн суық болады.
-Біз қыста қалай киінеміз?
|
Шеңбер құрып,тәрбиешімен кеін жылы тілек айтуды жалғастырады.
Тәрбиешімен қайталайды.
-Жылы киінеміз.
|
Ізденістер, ұйымдастыру.
|
Билингвальды компонент:марғау-котенок,қыс-зима,қар-снег,аппақ-белый.
№14демонстрациялық материалмен жұмыс.
Балаларға жұмбақты шешуді ұсынады.
Еріксе,құйрығымен ойнайды,
Зеріксе,ұйқыға бір тоймайды.
(Мысық)
-Балалар,бүгін бізге қонаққа жүні үлпілдеген марғау келді.Марғау-мысықтың баласы.
Сары ала марғаудың басынан өткізген қызықты бір оқиғаны айнап берейік,мұқият тыңдайық:
Бір күні марғау таңертең көзін ашып,керіліп,ұйқысынан оянады.Күндегі әдетінші далаға серуенге шықпақшы болады.Ол есіктен шыға бергенде аяғы аппақ, жұмсақ,суық нәрсеге тиеді.Ол қатты қорқып,таңғалып,үйге кіріп,төсектің астына тығылып қалады.
-Балалар,марғау неден қорқып таңғалды?Ол даладан нені көрді?
-Қыста қар қандай болады?
-Қар-аппақ,үлпілдек,мамық,жұмсақ,жеңіл.Қыста ұйтқып боран соққанда «у-у-у»деген дыбыс шығады.
-Балалар,кәне, бәріміз көрсетейікші боран қалай ұйтқып соғады?
-Балалар,марғау қарға үйреніп,қорықпас үшін,оны өзімізбен бірге серуенге алып шығайық.
Сергіту сәті:
Беті,қолын жуады,
Тышқандарды қуады.
Тазалықты сақтайды,
Анам оны мақтайды.
«Мұздатамын»дидактикалық ойыны.
Шарты:тәрбиешінің нұсқауымен дене мүшелерін(аяқ,қол,бет,мұрын)суықтан сақтау.Ептілік,шапшаңдыққа баулу.
|
Марғау-котенок,қыс-зима,қар-снег,аппақ-белый сөздерін қайталайды.
Жұмбақты шешеді.
Мұқият тыңдайды.
-Қарды алғаш көріп,соған қатты таңғалды.
-Қар- аппақ,үлпілдек,
Мамық,жұмсақ,жеңіл.
Балалар «у-у-у»,-деп
қайталайды.
Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды.
Балалар тәрбиешінің нұсқауымен дене мүшелерін атап,суықтан қалай қорғану керектігін
көрсетеді.
|
Релаксация
Өзін-өзі бағалау
|
Жеке жұмысты қажут ететін балалардан сурет бойынша сұрақ-жауап алып,оқу іс-әрекетін қорытындылайды.
-Далада не бар?
-Қардын түсі қандай?
-Балалар не істеп жүр?
-Қыста қалай киінеді?
-Сендер қалай киінесіңдер?
-Өз аулаларыңда немен ойнайсыңдар?
|
Сурет бойынша әңгіме құрастырады,сұрақтарға жауап береді.
|
Күтілетін нәтиже:
Орындайды:қысқы табиғатты сипаттаға берілген тапсырмаларды;
Түсінуі керек:сөйлем құрастыру үшін сөздерді бір-бірімен мағынасына қарай байланыстыру керектігін;
Қолданады:дыбыстарды дұрыс айта білу іскерліктерін;
= Технологиялық карта 22.12.2015
Білім беру саласы: Қатынас.Таным.
Тақырыбы: Қуыршақты серуенге шығару үшін киіндіреміз(дидактикалық ойын).
Білім көздері: Тіл дамыту.
Мақсаты: а)Тәрбиешінің көмегімен әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру.Киім-кешектерді,стеленетін әрекеттерді,түсті білдіретін сын есімдерді, атауды үйрету.
ә) «Т» дыбысын және сөздерді дұрыс және анық айтуға жаттықтыру.
б)Киімді ұқыпты,таза киюге,киінудің реттілігін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:№ 15 демонстрациялық материал(баланың және оның қыстық киімдері).
Алдын ала жүргізілетін жұмыс:қыстық киімдер туралы әңгімелесу.
Сөздік жұмысы:тон,малақай.
Билингвальды компонент:тон-шуба,малақай-ушанка.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Ынталандыру, сезімді ояту.
|
Балалар тәрбиешімен дөңгелене шеңбер құрып,өлең жолдарын бірге қайталайды.
Біздін топта ұл-қыздар,
Тату-тәтті ойнаймыз.
Айналаға бар адамға,
Тек мейірім сыйлаймыз.
|
Тәрбиешімен бірге өлеңді қайталайды.
|
Ізденістер, ұйымдастыру.
|
-Қайырлы таң!
-Бүгін ауа райы қандай?
-Жылдын қай мезгілі?
Қыс мезгілінде қалай киінеміз?
Киінген кезде басты ережелерді еске алу қажеттігін түсіндіреді.
1.Киінудің реттілігін сақтап отыру қажет.
2.Балалар киінгенде бір-біріне көмектесу керектігін ұсынады.
№15 демонстрациялық материал.
-Балалар,біз өзімізбен бірге топтағы қуыршақты шығарайық.
Ол сендермен бірге серуенге ойнағысы келеді.Бұл қуыршаққа Марат деп ат қояйық.
Серуенге шығару үшін қалай киіндіреміз?
-Ол серуенге шығу үшін қандай киімдер киеді?
-Малақай-құлағы бар жылы баскиім,құлақшын.
Тәрбиеші балаларға қуыршақ Маратты серуенге киіндіруді ұсынады.
«Т»дыбысының дұрыс,анық айтулуына мән беру.
Тон-иленген қой терісінен жүнін ішіне қаратып тіккен жылы сырт киім.
Билингвальды компонент:тон-шуба,малақай-ушанка.
-Балалар,тон дегенде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
-Дұрыс, «т»дыбысы.(Тәрбиешінің көмегімен «т»дыбысын қайталайды).
Сергіту сәті:
Санайық жаңаша,
Бір,екі,үш!
Желбіре,жалауша,
Достықта біздің күш!
«Қыстық киімдерді ата» дидактикалық ойыны.
Шарты:қыстық киімдерді ретімен атау.
Жеке жұмысты қажет ететін балалардан «Т»дыбысын дұрыс айтуды қайталату.
|
Балалардың жауабы.
1.Киінудің реттілігін сақтайды.
2.Балалар киінгенде бір-біріне көмектеседі.
Маратпен амандасады.
-Тон,жейде,малақай,етік,
Шалбар,жемпір.
Балалар қуыршақты киіну
Реттілігін сақтай отырып
киіндіреді,тәрбиеші көмегімен серуенге қалай
киінетіндерін айтады.
Тон-шуба,малақай-ушанка сөздерін қайталайды.
«Т»дыбысын бірнеше рет қайталап айтады.
Саусақтарын біріктіріп,үшке дейін санайды.
Қыстық киімдерді ретімен атайды.
|
Релаксация
Өзін-өзі бағалау
|
Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды.
-Қуыршақ Маратты серуенге шығару үшін қалай киіндірдік?
-Сендер өздерің серуенге қалай киінесіңдер?
|
Сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |