Бөлімі: Тіл дамыту. Тақырыбы: Топпен танысу(саяхат). Мақсаты



бет5/6
Дата27.12.2016
өлшемі1,06 Mb.
#6231
1   2   3   4   5   6

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:дидактикалық ойының шартын түсініп,тапсырмасын;

Түсінуі керек:ойыншықтардың аттарыда кездесетін дыбыстарды қалай дұрыс айту керектегін;

Қолданады:қысқаша әңгіме құрастыра білу іскерліктерін.

Технологиялық карта 2.02.2016

Білім беру саласы: Қатынас.Әлеуметтік орта.

Тақырыбы: Қуыршақ Әйгерім және Динара балаларда қонақта.

Білім көздері: Тіл дамыту.

Мақсаты:а)Сөйлем құрастыра білуге,сұраққа дұрыс жауап беруге үйретуді жалғастыру.

ә)Зат есім және сын есімдерді байланыстырып,сөз тіркестерін құрастырады,дыбыстың дұрыс айтылуын бекіту.

б)Қамқорлыққа баулу,мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:бірі үлкен,бірі кішкентай әртүрлі киім киген екі қуыршақ.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс:балалардан үйлерінде қонақтарды қалай күтетіні туралы әңгімелесу.

Сөздік жұмыс:көлек,аяқкиім,шаш. .

Билингвальды компонент: көйлек-платье,аяқкиім-обувь,шаш-волосы.

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру, сезімді ояту.

Сәлемдесу.

-Ауа райы қандай?

-Балалар,сендер ойыншықтармен ойнағанды жақсы көресіңдер ме?

-Кімнің қандай ойыншығы бар?

-Балалар,бүгін бізге қуыршақтар қонаққа келіпті.

Тәрбиешінің үстелінің үстінде қуыршақтар отырады.Тәрбиеші олардың атын Әйгерім және Динара деп таныстырады.



Балалардың жауабы тыңдалады.

Ізденістер, ұйымдастыру.



- Бізде бүгін Әйгерәм мен Динара қонақта.Қуыршақтар әртүрлі екен.Қайсысының жасы үлкен,қайсысының жасы кішкентай?

-Әйгерімнің жасы кішкентай.

-Әйгерімның көйлегінің түсі қандай екен?
-Аяқкиімнің түсі қандай?Ол аяғына не киген?

-Кәне,барлығымыз қайталаймыз.


-Екінші қуыршағымыздың аты- Динара.Динараның жасы үлкен.
-Балалар,бізге келген Әйгерім мен Динара -сендермен танысқанына өте қуанышты.
Билингвальды компонент:көйлек-платье,аяқкиім-обувь,шаш-волосы.
Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар

Үп-үлкен болып өседі.

-Балалар,сендермен қонақ күту ойынын ойнаймыз.

«Қонақ күту»дидактикалық ойыны.Тәрбиеші қонақтарға шай даярлап,қонақ күту мәдениетін үйретеді.

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан үйлерінде қонақтарды қалай күтетіні туралы сұрау.



-Әйгерімнің жасы кішкентай.

-Көйлегінің түсі қызғылт.

-Аяқкиімнің түсі қызыл.Ол мәсі киген.Басына тақия киген.

-Динара.

-Динараның жасы үлкен.

-Көйлегінің түсі көк,аяқкиімі күлгін түсті.

Балалар қайталайды:көйлек-платье,аяқкиім-обувь,шаш-волосы.

Бірге қайталап,сәйкес қимыл жасайды.

Балалар тәрбиешінің көмегімен қонақ күту ойынын қызыға ойнайды.



Релаксация

Өзін-өзі бағалау

-Балалар,бүгін бізге қонаққа кімдер келді?

-Біз қонақтарымызды қалай күттік?




Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: қонақ күту рәсімін;

Түсінуі керек:зат есім және сын есімдерді байланыстырып,сөз тіркестерін қалай құрастыру керектегін;

Қолданады:сұраққа дұрыс жауап бере білу іскерліктерін.

Технологиялық карта 9.02.2016

Білім беру саласы: Қатынас.Таным.

Тақырыбы: Кімге не керек.(Дидактикалық ойын).

Білім көздері: Тіл дамыту.

Мақсаты: а)Жалпы есімдерді қолдану арқылы (киім,балалар,ұл,қыз т.б.)2-3 тұратын әңгіме құрастыруға жаттықтыру.

ә)Зат есім мен сын есімді байланыстырып,сөз тіркестіріп құрастыруды жалғастыру.

б)Балаларды тазалыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: №22 демонстрациялық материал(қыз бала мен ұлдың сұреті),№22 үлестірмелі материал(қыз бала мен ұлдың және олардың киімдерінің суреттері)

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу.

Сөздік жұмыс: көйлек,жейде,бәтеңке,шалбар.

Билингвальды компонент: көйлек-платье,жейде-рубашка,бәтеңке-ботинки,шалбар-брюки.

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру, сезімді ояту.

Тәрбиеші балалармен бірге шеңбер құрып,бір-бірімен амандасады.Бәрі бірге Е.Өтетілеуұлының өлең жолын қайталайды.

Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бар жандарға.

Ертемен ақ пеілмен,

«Қайырлы таң!»деймін мен.


Балалар тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталайды.

Ізденістер, ұйымдастыру.



22 демонстрациялық материалда берілген суретпен жұмыс.

-Балалар,сендер кімді көріп тұрсыңдар?


-Айман бесікпен құыршағын сүйреп жүр.Асқар машинамен ойнап жүр.Балалар өте көңілді.

Балалар өздерінің киімдері жайлы әңгімелеу.

-Ал енді тобымыздағы ұлдар және қыздармен танысамыз.

-Біздің топта ұлдар бар ма екен?Ұлдарды бір-бірден шығарып,олармен танысу.



Жейде,шалбар,бәтеңке,көйлек сөздеріне сөздік жұмысын жүргізеді.

Билингвальды компонент:көйлек-платье,жейде-рубашка,бәтеңке-ботинки,шалбар-брюки.


-Біздің топта қыздар бар ма екен?

Қыздарды бір-бірден шығарып,олармен танысу,киген киімдерін айту).

Бір ұл бала мен қыз баланы кезектесе отырып шығарып,олармен киімдерін,шаштарын,аяқкиімдерін салыстырады.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен болып өседі.

22 үлестірмелі материалдармен жұмыс.

«Кімге не керек?»дидактикалық ойыны.

Шарты:ұл бала мен қыз баланың киімдерін тауып,оларды сызықпен қосу.



Суретке қарайды,жауап береді.

-Ұл бала және қыз бала.

-Ойнап жүр.

Балалар қайталайды:

көйлек-платье,жейде-рубашка,бәтеңке-ботинки,шалбар-брюки.

-Менің атым-Ерлан.Менің шалбарым бар,жейдем бар.Менің атым-Жанар.Үстімде әдемі қызыл көйлегім бар.


Бірге қайталап,сәйкес қимыл жасайды.

Балалар ұл бала мен қыз баланың киімдерін тауып,оларды сызық арқылы сәйкестендіреді.




Релаксация

Өзін-өзі бағалау

-Балалар,бүгін біз не туралы сөйлестік?(Киім)

-Ұл бала мен қыз баланың киімдерің қандай айырмашылығы бар?

Балаларды мадақтап,оқу іс-әрекетін қорытындылайды.


Балалардың жауабы.Сабақта алған білімдерін пысықтайды.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:қыз бен ұл баланың киімін ажыратуға арналған тапсырманы;

Түсінеді:зат есім және сын есімдерді байланыстырып,сөз тіркестерін қалай құрастыру керектігін;

Қолданады:қыз бен ұл балаға арналған киімдерді салыстырып,олардың ерекшеліктерін айта білу іскерліктерін.

Технологиялық карта 16.02.2016

Білім беру саласы: Қатынас.Шығармашылық.

Тақырыбы:Музыкалық ойыншықтар(сипаттау,әңгіме құрастыру).

Білім көздері: Тіл дамыту

Мақсаты: а)Ойыншықтар туралы 2-3 сөйлем құрастыруға үйретуді жалғастыру (тәрбиешінің көмегімен).Таныс ойыншықтарды,олардың сапасы мен белгілері (түсі мен көлемі,дыбысы) арқы-лы ажыратуға үйрету(мысалы:сыбызғы гуілдейді,қоңырау сыңғырлайды,даулпаз дүңгірлейді).

ә)Дауыс артикуляциясы жаттығулары арқылы дыбыстарды дұрыс,анық айтуды үйрету.бекіту.

б)Музыкалық аспаптардан шыққан әуенді тыңдай білуге жаттықтыру.

Көрнекілігі: №23 демонстрациялық материал(сыбызғы,даулпаз,қоңырау суреттері).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: ән-күй залына саяхат.

Сөздік жұмыс:сыбызғы,даулпаз,қоңырау.

Билингвальды компонент: сыбызғы-дудка,даулпаз-барабан,қоңырау-колокольчик.

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру, сезімді ояту.

Балалармен сәлемдесіп,оларды шаттық шемберіне тұрғызу.

Қуан,шаттан алақай!

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң!Қайырлы күн!


Өлең жолдарын хормен қайталайды.

Ізденістер, ұйымдастыру.



23 демонстрациялық материалды қолдану.

-Балалар,мына суретте түрлі музыкалық аспаптар көрсетілген,олар түрлі дыбыс шығарады екен.

-Мынау-сыбызғы.Бұл-музыкалық аспап.Ол-дыбыс шығаратын тесіктері бар ұзынша түтікше.Түтікшені үрлейді,сол кезде гуілдеген дыбыс шығады.

-Балалар,сыбызғы «гу-гу-гу» деп гуілдейді екен.

-Балалар,даулпаз-бұл да музыкалық аспап,ол үлкен дөңгелек болып келеді,даулпазды таяғымен соққанда,ол «дүң-дүң-дүң»деген дыбыс шығарады.

-Мынау-қоңырау.Қолға ұстайтын айна тәрізді,көптеген ілгектерінде кішкентай қоңыраулары бар.Олар сыңғырлайды.


Билингвальды компонент:сыбызғы-дудка,даулпаз-барабан,қоңырау-колокольчик.
Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бір отырып,бір тұрып,

Біз тынығып аламыз.

«Шапшан-шапшан»дидактикалық ойын.

Балалар шеңберге тұрады.

Тәрбиеші қоңырауды көрсеткенде балалар жүгіреді.

Тәрбиеші даулпазды көрсеткенде балалар бір орындарында тұрып,аяқтарын тарсылдатады.Тәрбиеші сыбызғыны көрсеткенде,балалар сыбызғы тартқандай болады.



Суретке қарайды,жауап береді.

Тәрбиешінің көмегімен «сыбызғы»сөзін бірнеше рет қайталайды.

-«Гу-гу-гу»деп қайталайды.

«Даулпаз»сөзін айтады.

«Дүң-дүң-дүң»деп қайталайды.

«Қоңырау»сөзін айтады.


Балалар қайталайды:сыбызғы-дудка,даулпаз-барабан,қоңырау-колокольчик.
Бірге қайталап,сәйкес қимыл жасайды.

Шеңбер бойымен жүгіреді.Аяқтарын тарсылдатады.

Қолдарымен қимылдар көрсетеді.


Релаксация

Өзін-өзі бағалау

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан бүгін қандай музыкалық аспаптармен танысқандарын сұрау.

-Сыбызғының дыбысы қандай екен?

-Даулпаздың дыбысы қандай екен?

-Қоңыраудың дыбысы қандай екен?

-Музыкалық аспаптар сендерге ұнады ма?

Балаларды мадақтап,оқу іс-әрекетін қорытындылайды.



Балалар сұрақтарға жауап береді.

-«Гу-гу-гу» деп қайталайды.

-Сыңғырлайды.



Күтілетін нәтиже:

Орындайды:сурет бойынша әр музыкалық аспапты сипаттауға арналған тапсырманы;

Түсінеді:музыкалық аспаптардың аттарында кездесетін дыбыстарды қалай дұрыс және анық айтуды;

Қолданады:сұрақтарға толық жауап бере білу іскерліктерін.

Технологиялық карта 23.02.2016

Білім беру саласы: Қатынас.Таным.

Тақырыбы: Ертегіде қонақта(ертегі бойынша әңгімелеуге дайындау).

Білім көздері: Тіл дамыту.

Мақсаты: а)Балаларға ертегі мазмұнын айтуға,сахналауға үйрету.

ә)»Қ» дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіру арқылы «қ» дыбысының айтылуын меңгерту.

б)Ертегі мазмұны арқылы адал дастыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:№24 демонстрациялық материал (ертегі кейіпкерлерінің суреті).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: қандай ертегі білетіндері туралы әңгімелесу

Сөздік жұмыс:бауырсақ,қасқыр,қоян,аю,түлкі.

Билингвальды компонент: бауырсақ-баурсак,қасқыр-волк,қоян-заяц,аю-медведь,түлкі-лиса.

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру, сезімді ояту.

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!

-Балалар,үйлеріңде аналарың бауырсақ пісіре ме?

-Бауырсақтың дәмі қандай?

-Оның түсі қандай?

-Бүгін біз бауырсақ туралы ертегі тыңдаймыз.


Амандасады.

-Пісіреді.

-Дәмді.

-Сары,қызғылт.



Ізденістер, ұйымсадастыру.



24 демонстрациялық материал

-Бүгінгі тыңдайтын ертегіміздің аты-«Бауырсақ».Тәрбиеші ертегінің мазмұнын мәнерлеп айтып береді.

-Ертеде кімдер өмір сүріпті?

-Шал кемпірге не дейді?


-Пісірген бауырсағы қандай болыпты?

-Бауырсақ не істейді?(Бауырсақтың орманға дөңгелеп бара жатқанын көрсету).

-Бауырсақ қайда дөңгелеп бара жатыр?

-Бауырсақ қандай жануармен кездеседі?

-Балалар,қоян қандай болады?

Қоянға бауырсақ не деп ән салды?

-Менің атым-Бауырсақ.

Мені суға иледі,

Мені майға пісірді.

Терезенің алдына

Суытуға қойды.

Атайдан мен құтылдым,

Әжейден мен құтылдым.

Енді сенен құтылу,

Қиын емес бұл маған,-дейді де әрі қарай домалай жөнеледі.

-Бауырсаққа тағы қандай аң кездеседі?

-Балалар,қасқыр қандай болады?

-Қасқырға қандай ән айтып береді?
-Содан кейін қайсы аң кездеседі?

-Балалар,аю қандай болады?

Аюға қандай ән айтып береді?
-Содан кейін қайсы аң кездеседі?

-Балалар,түлкі қандай болады?

-Түлкіге қандай ән айтып береді?

-Одан кейін не болады?

-Түлкі қулығын асырып,бауырсақты жеп қояды.

Тәрбиеші балаларға жаңа сөздерді қайталатады.

Билингвальды компонент:бауырсақ-баурсак,қасқыр-волк,қоян-заяц,аю-медведь,түлкі-лиса.



Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп аламыз,

Қалтамызға саламыз.
Тәрбиеші балаларға «Бауырсақ» ертегісін сахналауға жетекшілік етеді.(«Қ»дыбысының анық айтылуна мән береді).Жеке жұмысты қажет ететін балалардан ертегі мазмұнын сұрау



Тыңдайды.

Ертегінің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.


-Шал мен кемпір.

-«Бауырсақ пісір»,-дейді.

-Дәмді, қызғылт сары.

-Орманға дөңгелеп кетеді.


-Қоянмен кездесті.

-Қоян қорқақ,кішкентай.

-Қасқыр.


-Түсі сұр,тістері сояудай.

Балалар хормен Бауырсақтың әнін айтады.

-Аю.

-Үлкен,маймақ.



Қорбандап жүреді.

Бауырсақтың әнін хормен айтады.

-Түлкі.

-Түлкі қу болады.



Бауырсақтың әнін қайталайды.

Балалар қайталайды:бауырсақ-баурсак,қасқыр-волк,қоян-заяц,аю-медведь,түлкі-лиса.


Бірге қайталап,сәйкес қимыл жасайды.

Балалар рөлдерге бөліп ойнайды.



Релаксация

Өзін-өзі бағалау

-Балаларр,бүгін біз қандай ертегі тыңдадық?

-Ертегіде қандай болып шықты?

Балаларды мадақтау.


Балалар сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.Бір-бірінің жауаптарын толықтырады.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: ертегінің мазмұнын түсіріп,әр кейіпкерді сомдауға(сахналауға) арналған тапсырманы;

Түсінуі керек:ертегіні диалог түрінде қалай әңгімелеу керектігін;

Қолданады: «қ» дыбысы келетін сөздерге мысалдар келтіріп,сол сөздерді дұрыс айта білу іскерліктерін.

Технологиялық карта 1.03.2016

Білім беру саласы: Қатынас.Таным.Шығармашылық.

Тақырыбы: Менің сүйыкті анам (тәжірибе бойынша әңгіме құрастыру).

Білім көздері: Тіл дамыту.

Мақсаты: а)Сұрақ-жауап әдісі арқылы әңгіме құрастыруды үйретуді жалғастыру,алгоритмдік ойлау машықтарын дамыту.Сөз тіркестерін (анам мейірімді,қамқоршы,әдемі,балаларды жақсы көреді,оларға қамқоршы),сөздерді және дыбыстарды анық,даустап айтуға жаттықтыру.

ә)Анасы туралы пікірін тиянақты,еркін жеткізе білуге талпындару.

б)Үлкенге ізіттілік көрсетуге,кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: №25 демонстрациялық материал (аналардың суреттері),№25 үлестірмелі материалмен жұмыс (әртүрлі аналар мен балалардың суреті).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу.

Сөздік жұмыс: сүйікті,мейірімді,қамқор.

Билингвальды компонент: сүйікті-любимый,мейірімді-добрый,қамқор-заботливый.

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру, `сезімді ояту.

Сәлемдесу.

-Балалар,біз дөңгелене тұрып,бір-біріміздің жүзімізді көреміз,бір-бірімізге жымиямыз,жылы лебіздер айтамыз,осылайша қуанышқа бөленеміз.



Балалар шеңбер құрып дөңгелене тұрады.Балалар сәлемдеседі.

Ізденістер, ұйымдастыру.



Ғажайып сәт.

Тәрбиеші сиқырлы қорапшадан қуыршақты шығарады.

-Балалар, қуыршағымыздың құыршағымыздың көңіл күйі жоқ.

Оған не болды екен?

Тәрбиеші қуыршаққа құлағын тосаады.

-Қуыршақ бізге бір жұмбақ жасырғысы келіп тұр.

-Кәне,тыңдайықшы:

Бала,бала,бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын тиөрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Ол кім?


-Қуыршағымыздың көңіл күйі неге жоқ екен?

-Ол анасын жоғалтып алыпты.

-Балалар,онда біз қуыршаққа көмектесейік,анасын іздеп табайық.

-Көмектесеміз бе?

-Ол үшін біз әрқайсымыз өз анамызды іздеп сипаттайық,сонда қуыршағымыз өз анасын тауып алады.

25 демонстрациялық материал.(Суреттегі киімінің,шашының түсіне қарай сәйкестендіріп,қуыршақтың анасын табу).Балалармен жеке жұмыс.

-Сая,сенің анаң қандай?(Әртүрлі аналардың суретін көрсету).

-Тасқын,сенің анаң қандай?т.б.


-Алақай!Қуыршақтың анасы табылды!

-Қарандаршы,қуыршағымыз қуанып қалды.

-Қуыршаққа анасын табуға көмектестік пе?

-Балалар,алдымызда қандай мереке келе жатыр?




Билингвальды компонент:сүйікті-любимый,мейірімді-добрый,қамқор-заботливый.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып,бір тұрып,

Біз демалып алайық .
25 үлестірмелі материалмен жұмыс.

«Компонент тап!»дидактикалық ойыны.

Тапсырманың шарты:киімдерінің түстеріне сәйкес аналарын тауып,сызықпен қосу.




Қорапшаға қарайды.

Сұрақтарға жауап береді.


Балалардың жауабы.

Ана.

-Иә.

Балалар өз аналарының суретін табады.



-Менің анам ақылды.

-Менің анам мейірімді.

-Менің анам әдемі.

-Менің анам қамқоршы.

-Иә.

-Аналар мерекесі,әжелер мерекесі,бұл күні біз аналарымыз бен әжелерімізге тілек айтамыз.



Балалар қайталайды:сүйікті-любимый,меірімді-добрый,қамқор-заботливый.
Бірге қайталап,сәйкес қимыл жасайды.

Ана мен балаларды бір-бірімен сәйкестендіреді.



Релаксация

Өзін-өзі бағалау

-Балалар,бүгін бізге кім қонаққа келді?

-Біз оған қандай көмек көрсеттік?

-Қуыршақтың көңіл күйі көтерілді ме?

Балаларды мадақтау.




Балалардың жауаптары тыңдалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет