Бөлімі: Тіл дамыту. Тақырыбы: Топпен танысу(саяхат). Мақсаты



бет4/6
Дата27.12.2016
өлшемі1,06 Mb.
#6231
1   2   3   4   5   6

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: «т» дыбысы кездесетін сөздерді қайталауға арналған тапсырмаларды;

Түсінуі керек:әр жыл мезгіліне қарай киім түрлерін,оның ішінде қысқы киімдер қалай кию керектігін;

Қолданады: қысқаша әңгіме құрастыра білу іскерліктерін.

= Технологиялық карта -16 29.12.2015ж.



Білім беру саласы: Қатынас.Таным.Шығармашылық.

Тақырыбы: Шана тебеміз(әңгіме құрастыру).

Білім көздері: Тіл дамыту.

Мақсаты: а)Тәрбиншінің үлгісі бойынша әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру.

ә)Киім(түс және мөлшер),әрекет(тебеміз,жүгіреміз,ойнаймыз т.б.)атауларын бекіту,қарама-қарсы мағынадағы сөздерді дұрыс және анық айтуға жаттықтыру.

б)Бір-біріне қамқор болуға,ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:№16 демонстрациялық материал (балалар және оның киімдері суреттері).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: «Қысқы ойындар туралы» әңгімелесу.

Сөздік жұмыс:шана,аяз,тымақ.

Билингвальды компонент: шана-сани,аяз-мороз,тымақ-шапка.

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекет

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру, сезімді ояту.

Тәрбиеші балалармен бірге шеңбер құрып,бір-бірімен амандасады.Бәрі бірге мына өлең жолын қайталайды.

Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бар жандарға

Ертемен ақпейілмен:

«Қайырлы таң!»-деймін мен.

(Е.Өтетілеуұлы).

-Балалар,бізге қонаққа Сауысқан келді.Оның аузында тістеген хаты бар екен.Тәрбиеші хат Ақшақардан келгенін,оның «Қыс қызығы» мерекесіне келетіндігін жазғандығын хабарлайды.

Тәрбиеші балаларға К.Мырза Әлидің «Шана» өлеңін оқып береді.

Қыр басына шарқ ұрып,

Бір орнында тұрмаймыз.

Шана сүйреп барамыз,

Қырдан төмен ағамыз.

Қалдық тіпті алқынып,

Ұшқан құстай зулаймыз,

Қандай ауыр шанамыз?!

Қандай жеңіл шанамыз?!

-Шана-қысқы сырғанайтын ойын көлігі.Балалар,бұл өлеңде жылдың қай мезгілі туралы айтылады?

-Иә,дұрыс,қыс мезгілі туралы.




Өлеңді тыңдайды.



Ізденістер, ұйымдастыру.


-Сендер жұмбақ шешкенді ұнатасыңдар ма?Ендеше,мына жұмбақты шешіп көріңдер.

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)

Қолы жоқ,сурет салады,

Тісі жоқ,тістеп алады. (Аяз)

-Аяз-қыс мезгілінің суық күні.

Билингвальды компонент:шана-сани,аяз-мороз,тымақ-шапка.
16 демонстрациялық материал

Тәрбиеші балаларға «Шана тебеміз»суретін көрсетіп,сурет бойынша балаларды әңгімеге тартады.


-Бір топ бала не істеп жүр?

-Иә,дұрыс,сырғанап жарысып жүр.

-Қандай қысқы ойындарды білесіңдер?-Балалар не теуіп жүр?

-Қыс қандай екен?

-Қыста не жауады?

-Қардан балалар не жасап жатыр?

-Балалар қалай киініп алған?

-Жылы,үстерінде тон,баскиім киіп,мойын орағышпен оранған.Қолғап,етік киген.

Тәрбиеші киімдерді атағанда «т» дыбысының айтылуына мән беру(тон,тымақ).Тымақ-құлағы бар жылы баскиім.
Сергіту сәті:

Боран соқты оң жақтан,

Боран соқты сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Су өтеді қолғаптан.

16үлестірмелі материал

«Қысқы киімдерді ата және киімдер» дидактикалық ойыны.

Шарты:үлестірмелі материалдарды пайдаланып,суреттегі ұл және қыз баланың киімдерін тапқызу,оларды сызықпен қостыру.

Жеке жұмыс қажет ететтін балалардан қыстық ойын түрлерін сұрау.

«Т»дыбысының сөздің басында,ортасында және соңында кездесетінін айтады,мысал келтіреді.




Сұрақтарға жауап береді.

-Жауабы:қар.


-Аяз.
Шана-сани,аяз-мороз,тымақ-шапка сөздерін қайталайды.
Суретке қарап,жауап береді.
-Ойнап жүр.

Сырғанаймыз,шаңғы,шана,коньки тебеміз,аққала соғамыз.

-Шана,шаңғы теуіп жүр.

-Көңілді екен.

-Қар жауады.

-Аққала жасап жатыр.

-Үстеріне жылы тон,баскиім,қолғап,аяқтарына етік киіп алған.
-Тон,тымақ.

Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды.

Тапсырманы орындайды.

Киімдерді иелерімен сәйкестендіреді.

Балалардың жауабы.


Релаксация

Өзін-өзі бағалау

-Балалар,қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?

-Қыстық қандай ерекшелігі бар?

-Сендерге көп-көп рақмет!Барлығың оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар!


Балалардың жауабы.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:қыс және оның ерекшелігі туралы әңгіме құрастыруға берілген тапсырманы;

Түсінуі керек: «т»дыбысының сөздің басында,ортасында және соңында кездесетіндігін;

Қолданады:қыстық киім атауларын дұрыс атап,ауызекі тілде қолдана білу іскерліктерін.

= Технологиялық карта 05.01.2016ж.



Білім беру саласы: Қатынас.Таным.

Тақырыбы: Жасыл шырша жаныңда (өлең бойынша әңгіме құрастыру,жаттау).

Білім көздері: Тіл дамыту.

Мақсаты: а) А.Асылббековтың «Жасыл шырша жанында»атты өлеңінің мазмұны бойынша әңгіме құрастыру,үйрену.

ә)Зат есім,сын есімдерді байланыстырып айтуға үйрету.(Мысалы:сәнді,тікекен шырша,алуан түрлі ойыншықтар,олар сылдырлайды және т.б.).Тілге тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.

б) Табиғатты аялауға,әсемдікті көре білуге,сезінуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: № 17 демонстрациялық материал,№17 үлестірмелі материал.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс:шырша мерекесі туралы әңгімелеу.

Сөздік жұмыс: шырша,Аязата,Ақшақар.

Билингвальды компонент: шырша-елка,Аязата-Дед Мороз,ақшақар-снегурочка.

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру, сезімді ояту.

-Салеметсіңдер ме,балалар!Қазір жылдың қай мезгілі?

-Ауа райы қандай?(Балалардың назарын әдемі шыршаға аударады).Біздің топта мынадай әдемі шырша бар екен.Ойыншықтары қандай әсем.



Тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.

Ізденістер, ұйымдастыру.



№17 демонстрациялық материал

Тәрбиеші балаларға сұретті мұқият қарауды ұсынады.Содан соң А.Асылбековтың «Жаңа жыл» өлеңән мәнерлеп оқиды.

Жаңа жыл,Жаңа жыл!

Жаңа жылда жаңа жыр!

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр!

Балалардан не туралы оқиғанын,суретте не көріп тұрғандарын сұрайды.

-Шырша түсі қандай екен?


-Шырша-Жаңа жылда безендірілетін қылқан жапырақты ағаш.
-Ол ұзын ба әлде қысқа ма?

-Қандай түсті ойыншықтары бар екен?

-Шыршаны айналып кімдер жүр?Не үшін?
Билингвальды компонент:шырша-елка,Аязата-Дед Мороз,Ақшақар-снегурочка.
Балаларға өлең жолдарын жаттауды ұсынады.

-Жаңа жыл,Жаңа жыл!

«Жа-сыл шыр-ша жа-нын-да».

Билеп барлық жүр,деген өлең жолдарын тәрбиеші бірнеше рет қайталап,дыбыстарды естірде мәнерлеп оқиды.Алдымен барлық балаларға,кеін жарты топқа,содан кеін бір балаға қарап оқиды.

Тәрбиеші өлеңді екі рет мәнерлеп оқып шығады.Өлеңді балалардың хормен қайталатады,бірнеше топқа және 2-3 балаға жеке-жеке айтқызады.

Сергіту сәті:

Қандай суық қыс деген?

Қалтырайды қыс деген.

Құлақшынды кимесең,

Құлағынды тістеген.

(А.Асылбеков)

17үлестірмелі материал

Шарты:шыршаның ойыншықтарын жабыстыру.

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан шырша мерекесі туралы сұрау.

Суретке қарайды.


Балалар өлен жолдарын тыңдайды.


Сұрақтарға жауап береді.

-Жасыл түсті шырша.

-Шыршаның түсі жасыл.Ол ойыншықтармен безендірілген.

-Балалар,Аязата,Ақшақар.


Шырша-елка,Аязата-Дед Мороз,Ақшақар-снегурочка сөздерін қайталайды.
Өлең жолдарын бірнеше рет қайталап айтады.

Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды.

Балалар шыршаның ойыншықтарын жабыстырады.


Релаксация

Өзін-өзі бағалау

-Балалар,өлең ұнады ма?

-Өлең нетуралы екен?

-Қандай сөздер естеріңде қалды?

-Дұрыс,шырша,жасыл,Жаңа жыл.

-Кім өлеңді айтып береді?


Сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:өлеңнің мазмұнын түсіне білуді;

Түсінуі керек:өлеңді жатқа айту керектігін;

Қолданады:тілге тән дыбыстарды дұрыс айтуды.


Технологиялық карта 12.01.2016

Білім беру саласы: Қатынас.Таным.Шығармашылық.

Тақырыбы: Қысқы серуен (әңгіме құрастыру).

Білім көздері: Тіл дамыту.

Мақсаты: а) Сурет бойынша әңгімелетуді жалғастыру.

ә) Қыс мезгілін сипаттай білуге үйрету,сөздік қорларын дамыту.Сөз тіркестерін дұрыс айта білуге жатықтыру.

б) Табиғатты аялауға,әсемдікті көре білуге,сезінуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: № 18 демонстрациялық материал(қысқы серуендегі балалардың суреттері), №18 үлестірмелі материал(аққала,шырша суреттері).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: қысқы серуен-шана тебу,аққала соғу.

Сөздік жұмыс:аққала,шана,қар.

.

Билингвальды компонент: аққала-снеговик,шана-сани,қар-снег.



Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру, сезімді ояту.

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!Қазір жылдың қай мезгілі?Ауа райы қандай?

-Дұрыс,қазыр қыс мезгілі.Қыста ауа райы суық болады.Қар жауады.Балалар қармен ойнайды.Енді мен сендерге осы қыс мезгілі туралы өлең оқып берейін,сендер мұқият тыңдап отырыңдар.



-Сәлеметсіз бе!
-Қыс мезгілі.Ауа райы суық..

Ізденістер, ұйымдастыру.


Аяз қысып,өрнек сызып,

Терезеңді торлайды.

Қарға омбығып,бет домбығып,

Сырғанап жастар ойнайды.

Бөбектерім айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

(Ш.Ахметов).

18 демонстрациялық материалмен жұмыс:

-Балалар,жылдың қай мезгілі суреттелген?

-Далада не жауып тұр?

-Балалардың киімдері қандай?

Балаларға өз ойларын айтуға мүмкіндік береді.

Қыста балалар немен сырғанайды?

-Суретте Сәбит Айгүлді шанамен сырғанатып жүр.Айгүл көнілді ме?

-Не үшін көңілді?

-Арман мен Асқат не істеп жатыр?

-Аққала қандай?Аққала-қардан соғылған домалақ қыс кейіпкері.

-Иә,балалар қысқы серуенді өте көңілді өткізіп жатыр.

Билингвальды компонент:аққала-снеговик,шана-сани,қар-снег.

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан қандай қыстық ойындарды білетінін сұрау.



Сергіту сәті:

(Орындарында тұрып жүгіреді).

«Қыста не болады?»дидактикалық ойыны.Шеңбер құрып тұрады.Допты бір-біріне лақтырып бере отырып,қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтады.Тәрбиеші көмек беріп тұрады.

Өленді тыңдайды.

Қыста.
Балалардың жауабы:

-Қыс мезгілі.

-Қар жауып тұр.

-Жылы киінген.


-Шанамен сырғанайды.

-Көңілді.

-Оны ағасы шанамен сүйреп жүр.

-Аққала соғып жатыр.

-Аққала үлкен,аппақ,домалақ.

Аққала-снеговик,шана-сани,қар-снег сөздерін қайталайды.

Аққала мен шыршаны жабыстырады.

Қимылдар тірбиешімен бірге жасайды.

Допты бір-біріне лақтырып бере отырып,қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтады.





Релаксация

Өзін-өзі бағалау

-Балалар,мына суретте не бейленген екен?

-Жылдың қай мезгілі екен?

-Балалар немен ойнап жүр?

-Өлең не туралы?



Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:сурет бойынша әңгімелеуге берілген тапсырманы;
Түсінеді:қыс мезгілінің ерекшеліктерін білдіретін сөздерді қолданып,сипаттау мәтінін қалай құрастыру керектегін;

Қолданады:сұрақтарға толық жауап бере білу іскерліктерін.

Технологиялық карта 19.01.2016

Білім беру саласы: Қатынас.Әлеуметтік орта.Шығармашылық.

Тақырыбы: Шай қайнатуды үйренеміз(дидактикалық ойын).

Білім көздері: Тіл дамыту.

Мақсаты:а) Тағам және шай ішуге арналған ыдыстармен таныстыру,түрлерін атай білуге үйрету,ойын жағдаяттарын көрсету арқылы шай дайындауды түсіндіру(шәйнекке шай салып,су құю).

ә)Есте сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайту.

б)Балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: № 19 демонстрациялық материал(шай ішуге арналған заттар),№19 үлестірмелі материал(шай ішуге арналған заттар,оларды бір-бірімен сәйкестендіру).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу, «ойыншықтар дүкені» ойының ойынату

Сөздік жұмыс:ыдыстар,аспаз,нан.

Билингвальды компонент:ыдыстар-посуда,аспаз-повар,нан-хлеб.

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру, сезімді ояту.

Сәлемдесу.

Білер қазақ баласы

Сәлем-сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көремез.

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз.

(Е.Өтетілеуұлы)



Сұрақтарға толық жауап береді.Бірінің жауаптарын бірі толықтырады.

Ізденістер, ұйымдастыру.



-Балалар,сендер тамақ ішкенді жақсы көресіңдер ме?Үйде аналарыңа көмектесесіңдер ме?

-Шай ішкенде үстелдің үстіне не қояды?

- Қазір біз сендермен шай жасап үйренеміз.Ортада тәрбиеші.Үстелде шай ішуге арналған ыдыстар:шәйнек,кесе,қантсауыт,қасық.

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады.

Кесе,шыны,пияла,

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейміз

Бәрінің атын не дейміз?

(Ыдыстар)

Тәрбиеші:

-Мына қораптың ішінде не бар?

Тәрбиеші қораптағы шайды қасықпен көрсетеді:

-Мына шәйнекке шайды саламыз.

Шәйнекке шайды салғаннан кейін үстіне қайнаған су құямыз,оған керегінше сүт құйып,қант саламыз.

-Балалар,оны бізге кім даярлайтынын білесіңдер ме?Мен сендерге Қ.Ыдырысовтың өлеңін оқып берейын.

Біздің гүл бақшада,

Бар әсем асхана.

Бар онда аспаз,

Ақкөңіл жақсы апа

Тұрады ортада.

Тәп-тәтті тағамы,

Апай-ас маманы.

Пісіре білгенге,

Астың жоқ жаманы.

-Иә,балалар,аспаз апай бізге шай даярлап береді екен.

Аспаз келіп бүгінгі астық атын айтып кетеді.Аспаз-ас даярлайтып апай.

Билингвальды компонент:ыдыстар-посуда,аспаз-повар,нан-хлеб.

Сергіту сәті:

Дастарқанды жаямыз,

Ыдыстарды қоямыз.

Тағамдарды әкеліп,

Дастарқанға қоямыз.

19 үлестірмелі материалдармен жұмыс.

«Орнын тап»дидактикалық ойыны.Әр затты бір-бірімен сәйкестендіру.

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан ыдыс-аяқ түрлерін сұрау.



Балалар дөңгеленіп отырады.

Балалар жұмбақты мұқият тыңдап,шешуге тырысады.

Демонстрациялық материалдағы суреттер бойынша балалардың жауабы.


Өлеңді мұқият тыңдайды.

Балалар қайталайды:ыдыстар-посуда,аспаз-повар,нан-хлеб.
Бірге қайталап,сәйкес қимыл жасайды.

Балалар әр затты бір-бірімен сәйкестендіріп,оларды сызықпен қосады.

Балалардың жауабы.


Релаксация

Өзін-өзі бағалау

19 демонстрациялық материалымен оқу іс-әрекетін қорытындылау.

-Балалар,бүгін біз сендермен не жасап үйрендік?

-Мынау ыдыстар қалай аталады?

-Шайды салғаннан кейін қандай су құяды екен?



Балалардың сурет бойынша жауабы.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:ыдыстарды дұрыс қолдана білуді;

Түсінеді:шай әзірлеудің ретін;

Қолданады:шай ішуге арналған ыдыстарының аттарын күнделікті өмірде.

Технологиялық карта 26.01.2016

Білім беру саласы: Қатынас.Әлеуметтік орта.

Тақырыбы: Ойыншық дүкені(Дидактикалық ойын).

Білім көздері: Тіл дамыту.

Мақсаты: а) Балаларды сұрақ-жауап әдісі арқылы әңгіме құрастыра білуге машықтандыру.

ә)Сапа және әрекетті білдіретін сөздерді қолдануға ынталандыру(ақ,жұмсақ қоян,үлкен,мейірімді мысық секіреді т.б.).Ойыншықтардың атауларындағы «б», «п» дыбыстарын дұрыс айтуға жаттығуды жалғастыру.

б)Ойыншықтарды күтіп,ұқыпты,таза ұстауға үйрету.

Көрнекілігі: №20 демонстрациялық материал(дүкендегі ойыншық түрлерінің суреттері),топтағы ойыншықтар.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: «Ойыншықтар дүкені» ойынын ойнату.

Сөздік жұмыс:аю,ит,мысық.

Билингвальды компонент: аю-медведь,ит-собака,мысық-кошка.

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру, сезімді ояту.

Балалар,шаттық шеңберіне тұрады.Бәрі бірге қосылып ән айтады:

Біз ұқыпты баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ойыншықты жинаймыз,

Үлкендерді сыйлаймыз.


Өлең жолдарын хормен қайталайды.

Ізденістер, ұйымдастыру.



-Сендердің сүйыкті ойыншықтарың бар ма?

-Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер?

- Ойыншықтарды қалай ұстау керек?

20 демонстрациялық материалдағы сурет бойынша жұмыс:



-Қандай әдемі дүкен!Дүкенде қандай ойыншықтар көріп тұрсыңдар?

-Динараға тек қана үлкен ойыншықтар ұнапты.

-Балалар,үлкен ойыншықтарды кім атап көрсетеді?

Үлкен ойыншықтар:Скуби-Ду,Гарфилд,Панда.

-Осы ойыншық аттарын бірге қайталайықшы?

-Скуби-Ду-ит,Гарфилд-мысық,Панда-аю.

Билингвальды компонент:аю-медведь,ит-собака,мысық-кошка.

Тәрбиеші ойыншықтарды атағанда «б», «п» дыбыстарына мән беріп қайталатады.

-Динара осы ойыншықтардың ішінен Скуби-Ду итін таңдады.

Үлестірмелі материалдармен жұмыс.

Ойыншықтардың арасынан Спанч Бобтың,үрпек Винни және Панданың суреттерін табу.

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан ойыншықтардың атауын,түр-түсін сұрау.

Сергіту сәті:

Оңға,оңға түзу тұр.

Солға,солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.
«Дүкендегі кезек» дидактикалық ойыны.

Тәрбиеші ойыншықтарды қаз-қатар тізіп,сатушы болып отырады,балалар кезекке тұрып,ұнаған ойыншықтарын сатып алады.





-Бар.

Балалардың жауабы тыңдалады.

-Ойыншықты ұқыпты,таза,сындырмай ұстау керек.

Балалар сұрақтарға жауап бере отырып,дүкендегі ойыншықтарды атайды.


-Үлкен ойыншықтар:Скуби-Ду,Гарфилд,Панда.

Аю-медведь,ит-собака,мысық-кошка сөздерін қайталайды.

Қайталайды.

Балалар ойыншықтардың арасынан Спанч Боб,Панда және үрпек Винниді табады.

Бірге қайталап,сәйкес қимыл жасайды.


Ойын барысында он шақты бала кезекке тұрып,сатушыдан ұнаған ойыншығын сатып алады.

Релаксация

Өзін-өзі бағалау

-Балалар,бүгін біз Динараға қандай көмек көрсеттік?

-Оған қандай ойыншық таңдап бердік?

-Өзімізге қандай ойыншықтар ұнады?

-Біз қандай ойын ойнадық?




Балалардың жауабы тыңдалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет