Бөлімінің атауы беті



бет2/12
Дата06.07.2018
өлшемі0,62 Mb.
#47793
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2010-2012 жылдар кезеңіне инновациялық өнім көлемі қолданыстағы бағаларда 60,2 млрд.теңге көлемінде болды.

Қаржыландыру көздері бойынша технологиялық инновацияларға шығындардың көбі кәсіпорындардың меншікті қаражаттарынан келеді - 76% (16490,4 млн.теңге), шетел кәсіпорындары -10,2% (2206,2 млн.теңге), бюджеттік қаражаттар – 9,3% (2021,2 млн.теңге).

2012-2010 жылдардың мәліметтерімен салыстырғанда негізгі капиталға инвестициялар көлемінің неғұрлым көп ұлғаюы қызметтің мына түрлері бойынша байқалады: өнеркәсіп – 132,7%, тау-кен өндірісі өнеркәсібі және карьерлерді әзірлеу – 179,6%, құрылыс – 260,4%, көлік және қоймалау – 221,4%, кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет 11 есе, білім беру – 232,2%.

Негізгі капиталға инвестициялардың негізгі көзі болып кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың меншікті қаражаттары болып табылды. Олардың арасалмағы инвестициялардың жалпы көлемінде 74,6% құрады.

Облыс бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 0,4%-ға төмендеді және жаңа жұмыс орындарын құру қолданыстағы өндірісті кеңейту, шағын және орта бизнесті дамыту есебінен 5,1%-ды құрады.

Облыстың әлеуметтік саласының жағдайы халықтың табиғи өсімінің қарқынымен оңтайлы, қолайлы демографиялық жағдаймен, сондай-ақ білім берудің сапалы қызметтерін ұсынуды жақсартумен сипатталады.

Сонымен қатар, экономиканы дамытуды тежеу мен бар әлеуетті толық пайдалануға жол бермейтін қарсы жақтары да бар.

Білім беру саласының жағымсыз жақтары 1 жастан 6 жас аралығындағы балалардың жеке аймақтардағы мектепке дейінгі білім беру қызметтерімен төмен деңгейде қамтылуында, педагогикалық кадрлардың тапшылығында, білім беру ғимараттарының моральдық және физикалық тұрғыдан айтарлықтай ескіруінде, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру нысандарының тиісті жабдық пен инвентарьмен қамтамасыздануының жеткіліксіз деңгейінде көрінеді.

Қарағанды облысы аумағында Қазақстанның магистралды көліктік жолдары өтеді. Облыстың транзиттік әлеуетін іске асыруға қажетті барлық инфрақұрылымды «Сарыарқа» Халықаралық әуежайы атқарады.

Облыста экономикалық кеңістіктің жоғары деңгейде қалалануы байқалады: қала халқының үлесі 77,8-78% құрайды. Қарағанды қалалық агломерациясының ядросы мен оның кенттену зонасы, орналастырудың тірек-каркасты құрылымының байланысы үздіксіз дамуда.

Облыста негізгі республикалық басымдылық бойынша 325 млрд.теңгеден жоғары инвестициялар көлемімен 12 мемлекеттік және салалық бағдарламалар жүзеге асырылуда (2013 жыл – 75 млрд.теңге). Бағдарламаларды іске асыру өнеркәсіпті әртараптандыру жолымен экономиканың тұрақты өсуіне қол жеткізуге, шағын кәсіпкерлікті, АӨК, тұрғын үй құрылысын, электроэнергетиканы, автомобиль жолдарын дамытуға, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға, денсаулық сақтау, білім беру және қоршаған ортаны қорғау салаларын дамытуға бағытталған.



2.2. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау

Өнеркәсіп.

Қарағанды облысы Қазақстан Республикасының индустриялық аймақтарының бірі болып табылады. Бұл жерде түсті және қара металлургияның, машиана жасау, тамақ, жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсібінің, құрылыс индустриясы мен энергетиканың ірі кәсіпорындары шоғырланған.

Пайдалы қазба байлықтарының кен орнын игеруде Қарағанды облысы Республиканың минералды шикізат кешенінде маңызды орын алады және Қазақстанның темір-мырыш, барит-полиметал, мыс кенді сирек метал провинциясы болып табылады. Қатты пайдалы қазбалардың негізгі түрі бойынша өңірдің баланстық қорының әлеуетті құндылығы 758,2 млрд. АҚШ долларын құрайды. Жер қойнауының қорлары мен болжамды ресурстары – 1162 млрд. АҚШ доллары.

Қарағанды көмір бассейні ТМД елдерінің көмір бассейіндері бойында табиғи газы бар аймақ болып табылады. Облыста металлургия және құрылыс индустриясы үшін кенсіз шикізаттың ірі қорлары бар.

2010 - 2012 жылдар аралығында Қарағанды облысының өнеркәсіптік өндіріс көлемі қолданыстағы бағаларда 1032,1-ден 1336,1 млрд. теңгеге дейін немесе 29,5 пайыздық тармаққа артты. ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіптің жалпы қосымша құны 914,5-ден 1234,7 млрд. теңгеге дейін немесе 35%-ға артты.

Облыс экономикасының негізін өнеркәсіп құрайды. Ай сайын Қарағанды облысының кәсіпорындарымен өнеркәсіп өндірісінің 7-8% республикалық көлемі –өндіріледі, жазық илектің бар көлемі, 82% - рафинирленген мыс, 76% - рафинирленбеген мырыш, 41% - аффинирленген күміс, 10,5% - аффинирленген алтын, 16,5% - жылу энергиясы, 13,5% - электр энергиясы, 77,8% - мыс кенін өндіру, 15,5% - темір рудасы және 29% - көмір.



Қарағанды облысының аумағында 209 тау-кен, өңдеу өнеркәсібінің, электрмен жабдықтау және сумен жабдықтаудың негізгі ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорындар әрекет етеді.
2009-2012 жылдардағы айғақты көлем индексінің және өнеркәсіптегі тауарлық өнім өндірісі көлемінің өзгеру динамикасы


2010-2012 жылдар аралығында облыстың жалпы өңірлік өнімінде өнеркәсіптің жалпы қосымша құн (ЖҚҚ) үлес салмағы өсімнің тұрақсыз динамикасына ие, және 2012 жылы 50,2% жетті (2010ж. – 48,9%).

Алайда, 2010 жылдан бері «ҚазақмысКорпорациясы» ЖШС мен «АрселорМитталТемиртау» АҚэкспортқа бағытталған кәсіпорындар өніміне сұраныстың азаюынан қаржы дағдарысына байланысты металға әлемдік құнның төмендеумен өндірістің айғақты көлем индексінің төмендеуі байқалды.

Оған қоса, 2010-2012 жылдар аралығында өнеркәсіпте ірі және орта кәсіпорындарда 110965-тен 128579-ға дейін жұмысшылардың көбею динамикасы көрініс тапты, ол 15,8% құрайды.




Көрсеткіш

2009ж

2010ж

2011ж

2012ж

Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ), млрд. теңге

1515,8

679,8

922,6

1144,3

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі, млрд.теңге

808,9

517,3

730,3

840,4

Өнеркәсіптің ЖҚҚ, млрд. теңге

755,0

350,3

497,2

587,2

ЖӨӨ-дегі өнеркәсіптің ЖҚҚ үлес салмағы, %

49,8

51,5

53,9

51,3

*Жылына орташа есеппен жұмысшылардың тізімдік саны, адам

113 688

110 965

112 320

128 579

*Кәсіпкерлікпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда
2010-2012 жылдар аралығында Қарағанды облысының экономикасына 787,9 млрд. теңге инвестиция салынды. Олардың ішінде инвестицияның жалпы көлемінен 73,5% – жеке меншік кәсіпорындардың капитальдық салымына, 4,5 тікелей шетелдік инвестициялар үлесі, бюджеттік қаражат үлесі – 15,4 %, қарыздық қаражат 6,6% құрайды.

Кедендік одақтың (КО) қатысушыларымен Қарағанды облысының тауар айналымы 2010-2012 жж. құрады.



Кедендік одақтың (КО) қатысушыларымен 2010-2012 жж тауар айналымының көрсеткіштері

млн. АҚШ долл.

Көрсеткіштер

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

ІТА

экспорт

импорт

ІТА

экспорт

импорт

ІТА

экспорт

импорт

Барлығы,оның ішінде

1519,3

874,0

645,3

2415,2

1567,5

847,6

2831,5

1679,4

1152,1

Ресей

1424,7

832,0

592,7

2309,7

1526,5

783,1

2712,6

1642,1

1070,4

Беларусь

94,6

42,0

52,6

105,5

41,0

64,5

118,9

37,3

81,7

Қарағанды облысының сауда айналымы Кедендік одақтың қатысушыларымен үш жылда 4093,5 млн.АҚШ долл.құрады. 2012 жылы бұл көрсеткіш 2831,5 млн.АҚШ долл. тең, бұл 2012 жылға қарағанда 1,9 есе көп.

Экспорт 2010-2012ж. 4120,9 млн. долларды құрады, 2012 жылы бұл көрсеткіш (179,3 млн. АҚШ долл.) 2010 жылға қарағанда 1,9 есеге жоғары, импорт аталмыш жылы (1152,1 млн.долл.) 1,8 есеге ұлғайды.

Негізгі экспортталатын тауарлар азық-түлік тауарлары, минералды өнімдер, химия өнеркәсібінің өнімі, тігін өнімі, металлдар және олардан өнімдер болып табылады.

Импортта негізгі тауарлық позициялар азық-түлік тауарлары, құрылыс материалдары, минералды өнімдер, химия өнеркәсібінің өнімдері, медикаменттер, тігін өнімдері, аяқ киім, металлдар мен олардың өнімдері, машиналар мен жабдықтар, көлік құралдары.

Облыста ресей және белорус әріптерстердің қатысуымен ұйымдастырылған 216 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді (Ресей Федерациясы - 210 кәсіпорын, Беларусь Республикасы - 6 кәсіпорын).

Тауар өндірушілердің өзара әрекеттестігі, Қарағанды облысының Ресей және Беларусь нарықтарымен іскерлігінің 2012 жылға арналған Жоспарының орындалуына сәйкес ағымдағы кезеңде мемлекеттік тапсырысты орындаушы облыстық және өңірлік БАҚ-та Кедендік одақтың мақсаттары мен артықшылығын түсіндіру бойынша 35 мақала жарияланып, 15 сюжет шығарылды.

Жалпы алғанда Кедендік одақ қатысушылары кәсіпорындарымен жедел және тікелей жұмыс саудалық-өнеркәсіптік палатасы (СӨП) арқылы жүзеге асырылады.

Қарағанды облысының саудалық-өнеркәсіптік палатасымен Ресей Федерациясы (РФ) мен Беларусь Республикасының (БР) саудалық-өнеркәсіптік палаталарымен бір қатар келісім-шарттар мен меморандумдарға қол қойылған.

Ресей: Оңтүстік Орал СӨП, Омск СӨП, Саратов СӨП, Вятск СӨП, СӨП Мордовия, Новосибирск СӨП, Алтай СӨП, Орал СӨП, Томск СӨП.

Беларусь: Белорусс СӨП Минск бөлімі, Белорусс СӨП Брест бөлімі.

Бұл Келісімдер іскерлік ақпаратпен жедел алмасуға және өзара тиімді қызметтестіктің дамуына ықпал етеді. Қарағанды облысының саудалық-өнеркәсіптік палатасына келіп түскен барлық іскерлік ұсыныстар (коммерциялық, көрмелер туралы және т.б.), палата мүшелері мен мүдделі кәсіпорындар назары-на ай сайынғы бюллетендер арқылы жеткізіледі және сайтта орналастырылады.

Сонымен қатар 2012 жылы Қарағанды облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінде «дөңгелек столдардың» 210 отырысы, Кедендік саясат бойынша қоғамдық кеңестің 5 отырысы және Кедендік кеңес жұмысын түсіндіру бойынша сыртқы экономикалық қызметінің қатысушыларымен семинар-кеңес өткізілді.

Экспортталған минералды өнімдердің жалпы көлемі – 1900,2 млн.АҚШ долларын немесе 2010-2012 жж. экспорттың жалпы көлемінің 14,3% құрады.

Минералды өнімдер импортының жалпы көлемі – 151,7 млн.АҚШ долларын немесе 2010-2012 жж. импорттың жалпы көлемінің 4,4% құрады.

2010 - 2012 жылдары Қарағанды облысының тауарлардың экспорты құрылымында «металлдар және олардан бұйымдар» тауарлар тобына экспорттық жүктеме келесі сипатта көрінеді.

Металлдар және олардан бұйымдар экспортының көлемі осы кезеңге 9622,4 млн. АҚШ долларын немесе экспорттың жалпы көлемінің 72,6% құрады.

Металлдар және олардан бұйымдар жалпы сомасы 556,0 млн. АҚШ долларға импортталды немесе 2010-2012 жж. импорттың жалпы көлемінен 29,3%.

Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары тобының экспорты 9,3 млн. АҚШ долларын құрады немесе экспорттың 3 жылға жалпы көлемінен 0,07%.

Импорт тауарлары тобының негізгі позициясы 2010-2012 жж. көлемі 1390,6 млн.АҚШ долларын немесе облыс импортының жалпы көлемінен 40,4% құраған машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құрылғылар және аппараттар болып табылады.

Химия және онымен байланысты өнеркәсіп саласы өнімдерінің экспорты 85,3 млн. АҚШ долларын немесе 2010-2012 жж. экспорттың жалпы көлемінің 0,6% құрады.

Химия және онымен байланысты өнеркәсіп саласы өнімдері 606,8 млн. АҚШ долларына импортталды немесе импорттың 3 жылға жалпы көлемінен 0,04%.

Құрылыс материалдарының экспорты 5,1 млн. АҚШ долларын немесе 2010-2012 жж. экспорттың жалпы көлемінің 0,04% құрады.

Құрылыс материалдарының импорты 125,8 млн. АҚШ долларын немесе қарастырылған кезең импортының жалпы көлемінің 3,7% құрады.

2010 - 2012 жылдар аралығында тау-кен өндірісі өнеркәсібінде өнеркәсіптік өндірістің көлемі қолданыстағы бағаларда 88,5-тен 134,7 млрд.теңгеге дейін немесе 152,2 пайыздық тармаққа ұлғайды.

2010 - 2012 жылдар аралығында тау-кен өнеркәсібінің жалпы қосымша құны 26,7%-ға ұлғайды және 267,9 млрд. теңгеге жетті. Өнеркәсіптің ВДС саласы жалпы қосымша құнының үлес салмағы 1,4 пайыздық тармаққа қысқарды, көмір өндіру саласының тұрақсыз жағдайына байланысты 23,1%-дан 21,7%-ға дейін (Гефест АПУП қаржылық жағдайымен байланысты – 2012 жылы «Западная» шахтасы 8 ай жұмыс істемеді).

2012 жылы тау-кен өндірісі өнеркәсібінде өнім өндірісінің көлемі 134,7 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2011 жылмен салыстырғанда – 110,7%. Тау-кен өндірісі өнеркәсібі өсуінің қарқыны көмір, темір, мыс кендері өндірісінің, сонымен қатар тау-кен өндірісі өнеркәсібінің басқа салаларында өнімнің ұлғаюының есебінен өңдеу өнеркәсібіне қарағанда жоғары болды.

Металл кендерін өндіру 38,5%-ға, түсті металл кендерін өндіру 45,4%-ға ұлғайды. Тау-кен өндірісі саласының үлесі өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінде - 10,1%.

Облыстың тау-кен өндірісі секторында марганец, темірмарганец және темір кендерін барлау және өндірудің негізгі кәсіпорындары «Жайрем тау-кен байыту комбинаты» АҚ, «Казхром» ТНК АҚ «Казмарганец» РУ, «Оркен» ЖШС, «Оркен-Атасу» ЖШС.

Қорғасын-мырыш кендері бойынша тау-кен өндіру және өңдеудің негізгі кәсіпорны «Nova-Цинк» ЖШС болып табылады. Одан басқа, қорғасын-мырыш жолай «Корпорация Қазақмыс» ЖШС кешенді мыс кендерінен өндіріледі.

Бағалы металл кендерінің негізгі қорлары Ағадырдың кен орындары ауданында (Көктіңкөлі, Қайрақты, Қараоба, Солтүстік Қатпар және т.б.).

Көмір өндіру кәсіпорындарына «ШұбаркөлКөмір» АҚ, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс» корпорациясы, «СарыаркаEnergi» ЖШС, «ГРК Қамбар» ЖШС, «ГРК Дархан» ЖШС, «ГРК Недра Казахстана» ЖШС және басқалары.



2010 - 2012 жылдар аралығында тау-кен өнеркәсібіне 108,5 млрд. теңге көлемінде инвестициялар салынды, 2012 жылға өсім 83,2% құрады (2012 жылы – 48,6 млрд. теңге).
2009-2012 жылдардағы тау-кен өндірісі өнеркәсібіндегі маңызды өнім түрлерін өндіру динамикасы




Өнім атауы

Өлш. брл.

Жылдар

2009

2010

2011

2012

1

2

3

4

5

6

7

1

Көмір және көмір концентраты

мың тонна

30722,2

32 584,5

35241,3

35387,8

2

Мыс кені

мың тонна

27405,6

27764,9

27671,9

30266,6

3

Қорғасын-мырыш кені

мың тонна

1145,1

990

1320

1464,2

4

Мырыш концентратындағы мырыш

мың тонна

42,6

45,2

40,5

37,3

5

Марганец кені

мың куб.м.

2457,4

3 044,7

2 948,4

2 964,1

6

Марганец концентраты

мың тонна

982,4

1 094,4

1 091,3

1 067,3

7

Табиғи құм

мың куб.м.

76,7

36,8

90,7

102,5

8

Тас түйіршігі, қиқымы, малтатас, қиыршықтас

мың куб.м.

1677,4

1 864,3

2 363,2

2 373,5



2009-2012 жылдардағы тау-кен өндірісі өнеркәсібіндегі тауарлық өнім өндірісінің айғақты көлем индексінің өзгеру динамикасы

2010 - 2012 жылдар аралығында салалық еңбек нарығында 19500-ден 29400-ге дейін немесе 50% жұмысшылардың көбеюінің айтарлықтай динамикасы белгіленді.

Еңбек өнімділігі бір жұмыс істеушіге 3 551,4 мың теңгеге дейін артты немесе 2010 жылдың деңгейіне 102,1%.

Келешекте 2015 жылға дейін «Шұбаркөл Көмір» АҚ, «АрселорМиттал Темиртау» АҚ, «Казахмыс» Корпорациясы» ЖШС, «Сарыарқа Energi» ЖШС және т.б. кәсіпорындарымен Қарағанды бассейінінің минералды-шикізат базасын дамыту бойынша шамамен 15 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Тұтас алғанда Қарағанды облысының шикізат базасының мүмкіндігі енді анықталған және барланған кен орындарымен тоқтап қалмайды, сондықтан геологиялық барлау жұмыстарының басты міндеті шикізат базасының құрылымын жақсартудан тұрады, яғни оның ішінде құрамында пайдалы компоненттері бар жеңіл қол жетімді кен орындарын (ашық өндіру үшін) іздеу және барлау.

Марганец кені

Атасу кен ауданының марганец кенінің барланған қорының едәуір бөлігі (90% артығы) тек жер асты тәсілімен әзірлеуге жарамды болғандықтан, геологиялық барлау жұмыстарын Сүйіртісудың шығыс бөлігі мен Атасу кен ауданының Шығыс-Сүйіртісудың оңтүстік бөлігіндегі Тур мен Богач және Сарысу-Теңіз кен ауданының жақын жатқан аудандары, Жезді ауданындағы Жақсықотыр кен алқаптарының шегінде үстіңгі қабатты жоғары сапалы кен табуға бағыттау қажет.



Мыс кені

Қарағанды облысы мыс қоры мен оны өндіру бойынша Республикада алдыңғы орынға ие. Облыста әртүрлі геологиялық типтегі мыстың шамамен 30 кен орны бар. Мыстың негізгі өнеркәсіптік қоры Жезқазған және Балқаш маңындағы кен аудандарында орналасқан. Облыстың барлық келешегі бар мыс кенді аудандарында мыс кенін игеру және өндірумен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС айналысады.

2009-2016жж. кезеңінде корпорация кен базасын одан әрі дамытуды және жаңғыртуды жоспарлап отыр, ол мынадай кеніштер негізінде: Абыз (ПГР) 2015ж., Құсмұрын (ПГР) 2013ж., Ақбастау (ОГР) 2011ж. («Қарағандытүстімет» ӨБ); Жомарт (II кезек) 2016ж., Шығыс Сары-Оба 2011ж. («Жезказғантүстімет» ӨБ); Саяқ IV (алтын, кобальт, мыс) 2015ж. («Балқаштүстімет» ӨБ).

Қорғасын-мырыш кені

Қорғасын мен мырыш қоры және оны өндіру бойынша Қарағанды облысы Республикада алдыңғы орынға ие. Қорғасын-мырыш өнеркәсібінің шикізат базасы артуы мүмкін, ал оның құрамы жаңа кен орындарын, оның ішінде Ақжал және Ақбастау құрылымдық-формациялық аймақтар шегіндегі Ағадыр және Атасу кенді аудандарында, Алашпай синклинали шегінде, Жайылмін грабен-синклинидің оңтүстік бортында, Бестөбе кен орны ауданында жаңа геологиялық-өнеркәсіптік түрлерін іздеу және барлау есебінен жақсаруы мүмкін.

Қазіргі уақытта облыста қорғасын-мырыш кенін өндіруді тек Ақжал кен орнында «Nova Trading & Commerce AG» фирмасы жүргізуде (еншілес кәсіпорын - «Nova цинк» ЖШС ОК).

Темір кені

Облыста темір және кешенді құрамында темірі бар кендердің 100-ден артық кен орны анықталды, оның ішінде 18 өнеркәсіптік темір кенді кен орны барланды және балансқа тіркелген.

2014 жылға дейін өндірісті дамытудың кешенді бағдарламасы шеңберінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ 2010 жылы Темір кені мен концентратына перспективті сұранысты қанағаттандыру үшін Атасу кенішін кеңейтуге инвестиция салуды көздеп отыр.

Одан басқа, 2013 жылдың қараша айында Қаражал қаласында «Өркен» ЖШС «Батыс Қаражал» шахтасы +44 көкжиегін іске қосу жоспарлануда. Жоба мақсаты жылына 2 млн. тоннаға дейін темір марганец кенін өндіруге мүмкіндік беретін «Батыс Қаражал» шахтасы бойынша қуаттылығын толтыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет