Бөлімінің атауы беті



бет9/12
Дата06.07.2018
өлшемі0,62 Mb.
#47793
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Мәдениет

Саланың инфрақұрылымы. Облыстың мәдениет ұйымдарының желісі 2013 жылғы 1 қаңтардың жағдайы бойынша 653 нысанды құрайды, оның ішінде 335 кітапхана, 19 мұражай, 5 театр, 2 концерттік ұйым, 258 Мәдениет үйлері мен клубтар, 21 бейнемобиль, 7 мәдениет және демалыс саябақтары, зообақ, көрме залдары, кинотаетр, кинобейнепрокат, облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығы ғылыми-әдістемелік орталығы, тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция. Соңғы үш жылда жалпы облыс бойынша мәдениет нысандарының саны 5 бірлікке ұлғайды.

Мәдениет ұйымдарының қызмет көрсетуі. Үш жыл ішінде театрға келушілердің саны 11,2 % ұлғайды, концерттік ұйымдардың көрермендері 3,9 % ұлғайды, мұражайға келушілердің саны 7% ұлғайды.

2012 жылы 2,6 мың спектакль мен концерттер өтті, 32 мыңнан астам іс-шаралар, 10 археологиялық зерттеу, 11 тарих және мәдениет ескерткіштеріне жаңарту және жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Облыс мұражайларында 11 мыңдай экскурсия, 658 көрме, 1 мыңнан астам лекция жүргізілді, 10,5 мыңнан астам экспонатқа қол жеткізілді және 616 жаңартудан өткізілді. Облыс кітапханаларының кітап қоры 6,7 мыңнан астам кітап данасынан тұрады, оның ішінде мемлекеттік тілде 1,8 мың дана.

Мәдени іс-шаралар өткізу. Облыстың мәдени өмірі әртүрлі байқаулар мен фестивальдарға толы. Көпшілік мәдени ойын-сауық бағдарламаларын өткізу дәстүрге айналды, жұрттың бос уақытын қызықты өткізіп қана қоймай, сонымен қатар жас өнерпаздарды жарыққа шығару және жұмыстың жаңа формаларын табу болып табылады. Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттау жолына көп көңіл бөлінеді. Тәттімбет, Ж.Елебеков, Жас Қанат, Сарыарқа өнерпаздары атты байқаулар өте танымал. Жерлестеріміздің құрметіне шығармашылық кештер, байқаулар өткізу дәстүрге айналды.

2012 жылы К.Байсейітова мен Ж.Бектұровтың 100жылдығына арналған іс-шаралар; «Қош келдің, әз Наурыз» атты театрландырылған мерекелер; хор ұжымдарының «Ардагерлер ән салады» атты облыстық байқауы; облыс әкімінің және басқа да марапаттаулардың рәсімдері өткізілді. Сонымен бірге, мемлекеттік мерекелерге, меретойларға, шығармашылық кештер мен мәдениет және өнер қайраткерлерін еске алу кештері өтеді.

Саланың өзекті мәселелері мыналар: тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтау және жаңарту, қайта қалпына келтіру жұмыстары бойынша жұмыс көлемі жетіспейді (мемлекеттің қорғауындағы жергілікті 1538 тарих және мәдениет ескерткіштерінің 48 ескерткіші ғана жаңартылған); мәдениет нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін қажеттіліктер сақталуда, әсіресе ауылда (79% нысан бейімделген ғимаратта, жалпы көлемнің 36% нысаны жөндеу жұмыстарымен қамтылмаған); театр-ойын-сауық ұйымдарын кадрмен қамтамсыз ету мәселесі қалады, мамандардың мамандандырылған кадры жетіспейді, әсіресе ауылдық жерлерде (кадр жетіспеушілігі 15% құрайды), жалақы төмен, саланың жеке қызметкерлерінің зейнетке шығуы тәртіпке сай емес, мамандық лауазымын көтеруге жағдай жасалмаған.


Мұрағат ісі

Қарағанды облысында 21 мемлекеттік мұрағат қызмет атқарады: филиалымен 2 облыстық, 18 қалалық және аудандық мұрағат. Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағаттарында сақтауда тұрған Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 75 мың сақтау бірлігіне артты және 01.01.2013 ж. жағдай бойынша 2528 мың сақтау бірлігін құрады. Жыл сайын 40 мыңға жуық жеке және заңды тұлғалар мұрағаттық анықтамалар беру бойынша мемлекеттік қызметті тұтыну үшін мемлекеттік мұрағаттарға өтініш білдіреді. Ұлттық мұрағат қорын толықтыру көздері облыстағы 1161 ұйымның ведомстволық мұрағаттары болып табылады, оның 260-ы мемлекеттік емес меншік түрінде. Ведомстволарда сақтауда тұрған Ұлттық мұрағат қоры басқарушылық құжаттамасының көлемі 300 мыңнан аса сақтау бірлігін құрайды, оның ішінде мемлекеттік емес меншік түріндегі ұйымдарда 60 мың сақтау бірлігі. Бұл құжаттар мемлекеттік сақтауға қабылдауды күтіп тұр. Ғылыми-техникалық құжаттама жөніндегі облыстық мұрағаттың алаңы кеңеюіне байланысты ғылыми-техникалық құжаттаманы мемлекеттік сақтауға қабылдау деңгейі артып отыр.

Мұрағат саласындағы негізгі мәселе ретінде келесілерді айтуға болады.Ақпараттық технологиялар ғасыры болса да қағаздық негіздегі құжаттама көлемі азаяр емес. Мұрағат қоймаларының мемлекеттік сақтауға тиесілі құжаттарды орналастыруға мүмкіндігі жоқ, жаңа заманауи мұрағат құрылысы қажет етіледі. Ақпараттық технологияларды қолдану саласында мұрағат қызметін жаңашаландыру баяу қарқынмен жүргізілуде. Жаңашаландыру үдерісі ойдағыдай іске асса қажетті ақпаратты іздестіру және жұртшылыққа ұсыну жұмыстары айтарлықтай жанданар еді. Маңызды мәселенің бірі жабылып қалған заңды тұлғалар құжаттарының сақталуын қамтамасыз етудің қанағаттанарлықсыз болуы. Осының салдарынан азаматтар зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау үшін атқарған еңбегі жөнінде мәлімет алуға заңды құқығын жүзеге асыра алмайды.
Ішкі саясат

01.01.2013 жылғы жағдай бойынша облыста 9 саяси партия филиалы, 74 этномәдени бірлестік, 768 ҮЕҰ және 26 кәсіподақ ұйымы (олардың 17-сі Қарағанды облысының кәсіподақтар федерациясына кіреді), 190 бұқаралық ақпарат құралы жұмыс істейді.

Мүдделі құрылымдармен бірлесе отырып, жер-жердегі қоғамдық-саяси ахуал, әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтау және алдын алу бойынша мониторинг жүргізу жүйесі жолға қойылған.

Қоғамдық-саяси, этносаралық ахуалды зерттеу, тұрғындардың мемлекет жүргізіп отырған саясатқа, мемлекеттік рәміздерге деген көзқарасын, мемлекеттік саясаттың басым бағыттары туралы білу деңгейін, саяси күштердің орналасуын анықтау мақсатында жыл сайын 15 мыңнан астам адамды қамтыған 20-ға жуық әлеуметтік зерттеу жүргізіледі.

Сонымен қатар, тұрақты негізде елді дамытудың басты бағыттарын, стратегиялық бағдарламалық құжаттарды түсіндіруге бағытталған ақпараттық-насихаттау іс-шаралары тұрақты түрде жүргізіледі. Социологиялық мәліметтерге сәйкес халықтың бағдарламалық құжаттар мен мемлекеттік саясатты дамытудың негізгі бағыттары туралы хабардарлығы – 86 %-дан асады.

Халыққа патриоттық тәрбие беру, мемлекеттік рәміздерді насихаттап, оларды жаңа стандарттарға сай айырбастау бойынша мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Әлеуметтік-маңызды жобаларды жүзеге асыру саласындағы белсенді серіктес азаматтық сектор болып табылады. Күнделікті тәжірибе нәтижесінде ҮЕҰ заң жобаларын әзірлеуге, бағдарламаларды жүзеге асыруға, елді дамытудың маңызды мәселелері бойынша қоғамдық тыңдалымдар өткізуге кеңінен тартылды. Мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастығын дамыту үшін әр түрлі «диалог алаңдары» пайдаланылады, олардың арасында мемлекет пен ҮЕҰ серіктестігінің басымдықтарын анықтайтын ҮЕҰ-ның облыстық форумы дәстүрлі болып табылады.

2010 жылдан 2012 жылдар аралығындағы кезеңде облыстың үкіметтік емес ұйымдары Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша жалпы сомасы 52,6 млн. теңгеге 32 жобаны жүзеге асырды. «Қарағанды облысының Азаматтық Альянсы ассоциациясы» ЗТБ, «Гендерлік ақпараттық-талдамалық орталық» ҚБ, «Лучик надежды» Мүгедек балаларға көмек көрсету орталығы» ҚБ, «Озарение» ҚБ, «Қарағанды облысы бойынша іскер әйелдердің ассоциациясы» ҚБ және басқалары едәуір белсенді әріптестер болып табылады.

Мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласының басты бағыттары бойынша қызметін әдістемелік қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылған.

Көрсетілген іс-шаралар шеңберінде үш жылда ұлттық мәдениетті насихаттау және дамыту үшін этномәдени бірлестіктерге облыс әкімінің сыйлығына жалпы сомасы 55,9 млн. теңгеге және БАҚ қызметкерлеріне беретін облыс әкімінің сыйлығына 10,7 млн. теңге қаржы бөлінді.

Осы саланың басты проблемалары ретінде келесілерді айтуға болады: халық арасында ақпараттық-насихаттық жұмыс жүргізудің әдіснамасын жетілдіру, сондай-ақ «диалог алаңқайлары» қызметін қамтамасыз ету саласында әдіснамалық база құру қажеттігі бар; мемлекеттік рәміздер саласындағы заңнаманы мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз ету практикасы жетілдіруді қажет етеді; мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және орналастыру саласында заңнамалық, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық-әдістемелік сипаттағы проблемалар бар.
Ақпараттық саясат

Қарағанды облысының медиа-нарығында бүгінде 190 БАҚ тіркелген, оның негізгі бөлігін мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары құрайды. Оның 150-і – баспа БАҚ, 40-ы – электрондық БАҚ. БАҚ-тың басым бөлігін мемлекеттік емес басылымдар, теле және радиоканалдар (78 %) құрайды.

Мемлекеттік тапсырысты орындауға тартылған масс-медианың да саны артты. Жыл сайын орташа есеппен Басқарманың желісі бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты 30-дан аса БАҚ орындайды.

2012 жылдың қарашасында БАҚ ісі жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды. Оның қызметі мемлекеттік органдардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысы мәселелерін, түйінді мәселелер көтеріліп, оларды шешу жолдарын талқылау болып табылады.

Мерзімді баспа басылымдар мен телевизиялық өнімдердің деңгейі артып, сапасы жоғарылауда, оған облыстағы қайта құрылып және жаңадан ашылып жатқан бұқаралық ақпарат құралдары дәлел бола алады. Интернет-сервисі бар БАҚ саны да артуда. Баспа басылымдарының таралымы дакөбейді.

Қазақстандықтардың әлеуметтік оптимизмін қалыптастыру аясында мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру үшін ақпараттық саладағы заңнамалардың сақталуын және БАҚ-тардың құқықтық мәдениетін көтеруді, журналистер қауымының этикалық нормаларды сақтауын қамтамасыз ету қажет (БАҚ-қа мониторинг жүргізу).

Ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін мыналар қажет: мемлекеттік электрондық БАҚ-тардың тақырыптық дифференциясы; мемлекеттік БАҚ-тарды жан-жақты жаңғырту; бұқаралық ақпарат құралдарының үйлесімді дамуына ықпал ету.

Облыстың ақпараттық кеңістігін кеңейту, халықты отандық телебағдарламалардың таралуымен 100 % қамтуды қамтамасыз ету үшін облыста сандық телерадио хабар таратуға көшу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

2010-2012 жылдар аралығында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге 1014,3 млн. теңге бөлінген болатын.

Осы саланың басты проблемалары ретінде келесілерді айтуға болады: отандық ақпараттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің жеткіліксіздігі; БАҚ үшін мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде қаржыландыру тарифтері деңгейінің жеткіліксіздігі; Интернет желісінің қазақстандық сегментін дамытудың жеткіліксіздігі.



Жастар саясаты.2013 ж. 1 қаңтарына облыс бойынша 14 – 29 жас аралығындағы жастардың саны 337 905 құрайды. Облыстағы халықтың жалпы санынан алғанда бұл 24,8% құрайды.

Үкіметтік емес ұйымдардың санының артуы байқалады. Егер 2010 жылы ҮЕҰ-ның саны 68 болса, 2012 жылы 79 ҮЕҰ тіркелген. Атқарушы органдардың үкіметтік емес жастар ұйымдарымен бірлестігі жастарды әлеуметтендіруде, жастар мәселелерін шешуде маңызды орынға ие. Мемлекет пен қоғамдық бірлестіктер арасындағы байланысты облыс әкіміне қарасты кеңес беру органы Жастар ісі жөніндегі Кеңес және Жастар бастамашылдығы орталықтары жүзеге асырады.



Облыста «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында мемлекеттік жастар саясаты белсенді жүзеге асырылуда.Нәтижесінде жас азаматтың қалыптасуы мен дамуына, оның шығармашылық әлеуетінің қоғам мүддесі үшін толық жүзеге асуына қажетті саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктер жасалған.

Жастардың кәсіпкерлігін қолдау мақсатында ауылда Қарағанды облысы әкімінің грантын бөлу бойынша жұмыс жалғастырылды. Тұтастай алғанда, 2010-2012 жж. аралығында жалпы сомасы 5 млн. 980 мың теңгеге грант берілді. Ағымдағы жылы барлығы 16 жастар жалпы сомасы 3 млн. теңге шамасында гранттар алды.

Жазғы демалыс кезінде оқушылар мен студент жастарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында студенттік құрылыс жасақтарының және «Жасыл ел» жасақтарының облыстық штабының жұмысы ұйымдастырылды. СҚЖ және «Жасыл ел» облыстық штабының жұмыс қорытындылары бойынша 2010 жылдың еңбек маусымында облыстың қалалары мен аудандарының оқушылары, студенттері және жұмыссыз жастары қатарынан 4 804 адам еңбек өтеді. 2010-2012 жылдар кезеңіне жастар санының өсімі 2996 адамды құрады.

Тұрақты жұмыс таппаған, жұмыспен қамту органдарына тіркелген жоғары оқу орындарының, колледждердің түлектері үшін «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен 6 айлық мерзімге уақытша жұмыс орындары құрылады. 2012 жылы Жастар тәжірибесі аясында 531 адам жұмыспен қамтылған. Небәрі үш жылда (2010-2012 жылдар) Жастар тәжірибесі аясында 3926 адам жұмысқа орналастырылды.

Нашақорлық мәселелерін шешудің тиімді әдістерінің бірі жастардың спортпен шұғылдануына жағдай жасау, салауатты өмір салтын белсенді насихаттау болып табылады. Облыс аумағында балалар мен жеткіншектердің 71 аула клубтары құрылды және жұмыс істейді, олармен 7000-ға жуық жасөспірімдер қамтылған.

Оқушылар, студенттер, магистранттар арасында талантты жастарды анықтау мақсатында жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдар саласында үздік ғылыми жұмыс олимпиадалары, сайыстары ұйымдастырылады. Жастар саясатын дамытудағы үлесі, ғылым саласындағы жетістіктері үшін жас ғалымдарға арнайы сыйақылар тағайындалған. Ғылыми жұмыс жасауға жаңа ақпараттық технологияларға, ғылыми жұмыстарды жариялауға, түрлі семинарлар мен конференцияларға қатысуға жағдайлар жасалған.

2010 жылы облыс бойынша 7, ал 2012 жылы – 11 жастар баспа бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген. «Қазақстан», «Бірінші Қарағанды» телеарналарының жаңалықтар блогында сюжеттер жарыққа шығады. Жастардың заманауи дамуы жастардың ақпараттануын, жастар ақпараттық құралдары қызметін қамтамасыз етуді күшейтуді қажет етеді.

Жастар арасында сапалы білім алу, жұмыспен қамту, баспанамен қамту мәселесі көкейкесті мәселе.

Жастар үкіметтік емес ұйымдарының саны артқанымен, соңғы жылдары олардың 40% ғана белсенділік танытуда. Жастар үкіметтік емес ұйымдарының ұйымдастыруымен өткен іс-шараларға жастардың 30% қызығушылықпен қатысады.
Тілдерді дамыту

Қарағанды облысында тіл саясаты Қазақстан халқы бірлігінің факторы ретінде толерантты тіл ортасын құруды қамтамасыз етуге, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге, лингвистикалық капиталдың сақталуына және ономастика саласында мемлекеттік тіл саясатын жүргізуге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретін мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға бағытталған.

Мемлекеттік қызметшілер мен басқа санаттағы азаматтарды мемлекеттік тілге оқыту мақсатында облысымызда тілдерді оқытуға арналған 4 арнайы оқыту орталықтары: облыстық тілдерді дамыту басқармасы жанындағы «Қарағанды облыстық тілдерді оқыту орталығы» КМҚК, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері жанынан Балқаш қаласында «Тілдер орталығы» ММ, Жезқазған қаласында «Тілтану оқу-әдістемелік орталығы» ММ, Шахтинск қаласында «Бастау» оқу-әдістемелік орталығы» КММ, сонымен қатар, Теміртау, Саран, Сәтбаев қалалары мен Абай, Бұқар жырау аудандарында барлығы 5 тілдерді оқыту курстары жұмыс істейді.

Оқыту курстарында 2010 жылы – 506 тыңдаушы, 2011 жылы - 877 тыңдаушы, 2012 жылы – 1279 адам оқытылды. Сонымен қатар, мекемелерде мемлекеттік тілді оқыту курстары ұйымдастырылып, 1500 жуық адам оқытуға қамтылған.

Қазақ тілін үйренуге көпшілікті тарту мақсатында 2012 жылы «Қазақстан-Қарағанды» облыстық телеарнасы арқылы «Сарыарқа» оқу-әдістемелік кешені негізінде 90 сабаққа жоспарланған «Тілашар» телеоқыту бағдарламасы ұйымдастырылып, көрермендерге ұсынылды. Сондай-ақ, тіл саясатын жүзеге асыратын ақпараттық орталық болып табылатын облыстық мемлекеттік органдарының сайттары қызмет етеді.

Облыс бойынша мемлекеттік қызметшілерді ағылшын тіліне оқытуға жағдай жасалған. Ағылшын тілін оқыту курстарына 2010 жылы – 112 адам, 2011жылы – 192 адам, 2012 – 388 адам қамтылды.

Біздің алдымызға қойылған міндеттердің бірі – жергілікті атқарушы органдардағы құжат айналымын мемлекеттік тілге көшіру. Осы бағытта облыстың мемлекеттік органдарының құжат айналымындағы кіріс және шығыс құжаттарының мемлекеттік тілде ресімделуіне тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп тұрады. Мемлекеттік тілдегі құжаттардың үлесі 2010 жылы – 74,5%, ал 2011 жылы - 82% құраса, 2012 жылы - 87%-ды құрады. Мемлекеттік тілде іс жүргізу жұмыстарына әдістемелік көмек көрсету бағытында мекемелердің аудармашылары мен қызметкерлерін аударма ісі мен ілеспе аудармаға машықтандыру жөніндегі оқыту курстары мен семинарлары ұйымдастырылды. Осы курстарға 2010-2012 жылдары 72 адам қамтылды.

Мемлекеттік тілдің рөлін нығайтуды қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар да жүйелі түрде атқарылуда. Осы бағыттағы жұмыстардың басты мақсаты - тіл саясатын жүзеге асыру бағытындағы ісшараларға жастарды жаппай тарту және оларда қазақстандық патриотизм сезімдерін қатыптастыру болып табылады.

Мемлекеттік тіл мен облысымызды мекен ететін этностардың ана тілдерін насихаттау мақсатында түрлі ісшаралар: фестивальдер, байқаулар, олимпиадалар, семинарлар, конференциялар өткізіледі. Мемлекеттік тілді дамыту саласына үлес қосқан тұлғаларды ынталандыру мақсатында 7 номинация бойынша облыс әкімінің жыл сайынғы «Тіл жанашыры» сыйлығы тағайындалды.

Облыстағы көптілділіктің сақталуы үшін жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктері жанында ана тілдерін оқытатын 11 жексенбілік мектеп жұмыс істейді. Жалпы білім беру мектептерінде поляк, татар және корей тілдерін оқытудың факультативті курстары ұйымдастырылған. Этникалық топтардың 560-тан астам өкілі ана тілдерін үйренуде. Сонымен қатар, мемлкеттік тілді және ана тілдерін дамытуға бағытталған әртүрлі ісшаралар өткізіледі.

Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруды насихаттау және оның төңірегіндегі өзекті мәселелер бойынша жұмыстар жүргізіледі. Облыстың телеарналарында «Тіл – тұғырым» және интеллектуальдық танымдық «Жаңғырық» арнайы телебағдарламалары арқылы 2010 жылы – 28, 2011 жылы – 36, 2012 жылы – 30 телехабар көрермендерге ұсынылды.

Жергілікті баспа құралдарында мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға арналған мақалалар тұрақты түрде жарияланады. Басылымдық БАҚ-да 2010 жылы – 258, 2011 жылы – 300, 2012 жылы – 270 мақалалар жарыққа шықты.

Мемлекеттік тілдің рөлі білім жүйесінде де күшейтілуде. 2012-2013 оқу жылында облыс бойынша 255 қазақ тілінде оқытатын мектеп, 191 аралас тілде оқытатын мектепт, 110 орыс тілінде оқытатын мектеп жұмыс істеді. Қазақ мектептерінде оқитын балалардың үлесі 50,2% құрайды. 702 өзге ұлт балалары қазақ мектептерінде білім алады.

Облысымызда 41 балабақша қазақ тілінде тәрбие береді, яғни қазақтілді балабақшалардың үлесі 21,7% құрайды; орыс тілінде тәрбие беретін балабақша саны - 31 (16,4%), аралас балабақша саны - 117 (61,9%). Балалардың 48,2% қазақтілді балабақшаларда тәрбиеленеді. Соңғы үш жылда қазақ тілінде тәрбие беретін балабақшаның саны 21% өсті. 1237 өзге ұлт өкілдерінің балалары қазақ топтарында тәрбиеленуде.

Қазақ тілін меңгеру деңгейі 2010 жылы 42,6%-ды, ал 2011 жылы 46%-ды құраса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 52%-ға жетті.

Ересектерді оқыту жұмысында бір жүйедегі нормативтік талаптың жоқтығы; мемлекеттік тілді дамытудың бірыңғай құқықтық-заңнамалық базасының жеткіліксіз қамтамасыз етілуі; мемлекеттік тілді дамыту саласындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.


Құқықтық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыспен күрес

Облыста қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды есепке алу және тіркеудің толықтығын қамтамасыз ету, облыстағы қылмыстылықтың объективті статистикалық мәліметтеріне қол жеткізу және оларды анағұрлым шынайы тұрғысына келтіру бойынша қатал және мақсатты бағытталған жұмыс жүргізілуде.

Облыстың барлық ІІО-да мәліметтерді прокуратура органдарына «on-line» режимінде жолдаумен қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды электрондық тіркеу жүйесі енгізілді. Әрбір тіркелген өтінішке полициямен азаматтарға талон-хабарлама беріледі. Азаматтар Прокуратураның «Call-орталығы» арқылы өз өтініштерінің шешілу барысына қадағалай алады.

Қылмыстарды есептен және тіркеуден жасырудың әрбір фактісі бойынша кінәлілерге ішкі істер органдарынан шығаруға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға дейін қатаң тәртіптік шараларды қолданумен қызметтік тексерістер жүргізіледі.

Қабылданып жатқан шаралар қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды қабылдау мен тіркеу ресімдерінің ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ, оларды шешу жеделдігін арттыруға мүмкіндік берді.

Қылмыстарды толық тіркеу жағдайында тергеушілер мен жедел қызметкерлердің жүктемесі бірнеше есеге жоғарылады.

Егер 2010 жылы жалпы және жалпы қылмыстық қылмыстылықтың тіркелуі абсолютті санды құраса, сәйкесінше, 11111 және 9465 құраса, 2011 жылы бұл көрсеткіш 19149 және 18203, ал 2012 жылы - 24358 және 24327 өсті.

Қазіргі уақытта «жалған» сәттілікті құру мақсатында полиция қызметкерлерін қылмыстарды тіркеуден жасыруға ынталандырған «қылмыстылықтың деңгейін төмендету» және «ашу пайызын жоғарлату» сияқты ескірген көрсеткіштерін жоятын полиция қызметін бағалау критерийлерге жаңа көзқарастар әзірленді.

Болжам жасалғандай, соңғы жылдар бойы қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде қылмыстылықтың статистикалық өсу тенденциясы қалыптасты. Облыстағы шынайы криминогендік жағдай бұрынғы әлеуметтік-қолайлы деңгейінде сақталуда. Оның жағдайына бұрын қабылданған (2006-2008 жылдардағы) Құқық бұзушылықтың профилактикасы және қылмыстылықпен күресудің аймақтық бағдарламалар, сондай-ақ, қолданыстағы 2011-2013 жылдарға арналған Құқық бұзушылық профилактикасы бағдарламасы позитивті ықпал етеді.

Қоғамдық тәртіптің және қоғамдық қауіпсіздік жай-күйінің индикаторы болып табылатын 2011-2012 жылдардағы қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстардың жалпы санының өсуі жоғарыда көрсетілген себептермен түсіндіріледі.

Сол уақытта, талдау көше қылмыстылықтың өсу қарқынын соңғы жылдары баяулатқанын көрсетті: - 2010 жылы - 1106 (2009 жылмен салыстырғанда 6,5% төмен); - 2011 жылы - 4285 (2010 жылмен салыстырғанда 2,8 есе өсу); - 2012 жылы - 7906 (84,5% өсу).

Белгілі бір тұрақтылыққа қарамастан, соңғы екі жылдың ішінде травматикалық қаруды қолданумен жасалған қылмыстар әлі де болса жеткілікті. Сонымен, 2009 жылы 4 осындай қылмыс жасалды, 2010 жылы – 11, 2011 жылы және 2012 жылы – 9 қылмыстан. Көрсеткіштің өсуіне ықпал ететін себептердің бірі осы қарудың оңай қолға жетімділігі.



Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында бірқатар түйінді мәселелер бар:

- Тұрмыстық қылмыстарды алдын алу жөніндегі шаралар жеткіліксіз болып отыр. Жасалған адам өлтірулер және денсаулыққа ауыр зиян келтірулердің жартысы тұрмыстық жағдайда, әдетте, мас күйде жасалады. Облыста мамандандырылған емдеу мекемелердің (АЕПМ) бар саны спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланатын адамдарды мәжбүрлі түрде емдеуге, сонымен оларды қоғамнан біраз уақыт оқшаулауға толық көлемде жіберуге мүмкіндік туғызбайды.

- Көше қылмысын тоқтату үшін полицейлік автомобильді патрульдерінің саны жеткіліксіз, бейнебақылау жүйесін одан әрі жетілдіру қажет.

2010-2012 жылдары кіші қалаларда шағын жедел басқару орталықтарының жоқтығы, тәулік бойы режиміндегі полицияның стационарлық бекеттер жүйесін дамыту.

- қоғамдық құрылымдардың криминогендік үдерістерге профилактикалық ықпал ету тиімділігін арттыру қажет.

- Рецидивті қылмыстылығының деңгейі де елеулі, оның үлес салмағы 2012 жылы 12,3% құрады. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалтудың толыққанды жүйесі жоқ. Осы себептен олардың ӨИИДБісі қайталанған қылмыстарды жасап, қаңғыбастықпен айналысады.

- Денсаулық сақтау органдары қарауында тұрған медициналық айықтырғыштардың тапшылығы байқалады, облыста барлығы 4 осындай мекеме бар. Ауыр қылмыстардың жартысынан көп бөлігі тұрмыс негізде жасалады, әдетте алкогольді асыра пайдалану кезеңде.

Егер өткен жылдары бойы кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың саны тұрақты төмендегені байқалса, қазіргі уақытта кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстардың өсуі орын алды: 2010 жылы оның алдындағы жылмен салыстырғанда 11,4% -ға (457 қылмыс); 2011 жылы - 2,6%-ға (445); 2012 жылы - 2%-ға (454).

Бұның себептердің бірі жасөспірімдермен көп эпизодты қылмыстарды жасау болып табылады. Мүліктік сипаттағы қылмыстардың саны жиіледі, олар 14 жастан бастап 16 жасқа дейінгі аралықта кәмелетке толмағандармен жасалған бөтеннің мүлкін ұрлау және тонау.

Осыған орай «мектеп» полиция инспекторлары институтының дамуын жалғастыру қажет, олардың саны облыста, анық, жеткіліксіз. Полиция инспекторы әрбір қалалық және ірі ауылдық мектептерде болуы керектігі көзделген. Бұл оқушылар арасында құқық бұзушылықтарды ертерек алдын алумен айналысуға мүмкіндік береді.



Жасөспірім қылмыстылығын алдын алу аясында кезек күттірмейтін шараларды қабылдауды талап ететін мәселелер жинақталды:

- кәмелеттік жасқа толмаған құқық бұзушылары үшін облысымызда, сондай-ақ Республикамызда да білім берудің арнайы ұйымдары санының аз болуы. Бүгін облыста осындай небары 1-ақ ұйым Бұқар жырау ауданының Керней кентінде жұмыс істейді (еліміз бойынша – 10).

- Білім беру органдары жүйесінде қылмыстық жауапкершілік жасына жеткенге дейін қылмыс жасаған жасөспірімдері, сондай-ақ, сотпен қылмыстық жауапкершіліктен және тәрбиелік ықпал ету шараларын қабылдаумен жазадан босатылғандар үшін ұстаудың ерекше режимімен арнайы ұйымдарының қажетті саны жоқ.

Нәтижесінде облыста жыл сайын қылмыс жасаған және қылмыстық жауапкершілікке тарту жасына жетпеген жүздеген бала жасөспірім ортасында қалып, басқа жасөспірімдерге кері әсерін беретіндері сөзсіз.

Ё2өскені белгіленді (876).
Жол қозғалысы қатысушыларының көліктік тәртібі төмен болып қалуда. Соңғы жылдары облыстың жол-көліктік кешені қиын жағдайларда жұмыс істеуде. Автомобильді паркінің және қазіргі автокөліктердің жылдамдық сипаттамалардың өсу қарқыны көше-жол жүйесінің даму қарқынынан жоғары. Осы және басқа себептер кешені ЖКО санының өсуін ғана емес, сонымен қатар жол-көлік оқиғалардың ауыр салдарының жоғарлауын да алдын ала анықтайды.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында бірқатар мәселелер бар:

- Республикалық маңызы бар жолдар ұзындығының елеулі бөлігі күрделі жөндеуді, жолдың жүру бөлігінің енін кеңейтуді, оларды тосқауыл қоршаулармен жабдықтауды, жол белгілермен жарақтауды қажет етеді. Жергілікті маңызы бар жолдардың жағдайы қанағаттанарлықсыз күйде.

- Жүргізушілерді дайындау жүйесі маңызды жақсартуды қажет етеді.

Табиғи сипаттағы ТЖ салдарын тез жою және қиыншылықтың алдын-алу, азайту

Тұрғындар өмірінің сапасын жоғарлатуда бір бағыттардың бірі азаматтық қорғаныс жүйесінің жұмысын ұйымдастыру, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды төмендету, аймақтағы экономикалық потенциалды сақтау.Қызметтің негізгі векторлары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан тұрғындарды қорғау негізіндегі азаматтық қорғаныс және де төтенше жағдайлар салдарын жедел жою,алын алу және ауырлықты төмендету.

Қарағанды облысының аумағындағы әртүрлі табиғи, кен-геологиялық және геодинамикалық жағдайы оның тасқын, құйын, орман және дала өрттеріне, температураның күрт төмендеу және қарлы боран, індет пен эпизоотияға яғни табиғи апаттарға шалдыққыштығын алдын ала анықтайды.

Қарағанды облысының күрт континентті ауа-райы жағдайында және елді мекендердің бір-бірінен алыс орналасқандықтан қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлар адамдар өмірі мен денсаулықтарына анық қауіп туғызады.

2011ж. дан 2013ж. аралығында облыс автожолдарында қарлы борандар кезінде техниканың тоқтауымен байланысты 200 астам оқиғалар тіркелді. Оның ішінде қыс мезгілінде: 2010-2011 жылдар - 42 оқиға; 2011-2012 жылдар - 36 оқиға; 2012-2013 жылдар – 129 оқиға.

Жазғытұрым судағы төтенше жағдайлар саны және олардың салдары күрт көтеріледі.

2010-2012жж. облыс су қоймаларында шомылуға болатын маусымда қайтыс болған адамдар саны 141 адамды құрады, оның ішінде: 2010 ж. – 56 адам;

2011 ж. – 38 адам; 2012 ж. – 47 адам.

2010-2012жж. аралығында өткізілген шаралар, облыстағы қалалар мен аудандар аумақтарындағы көпжылдық бақылау мен мониторинг нәтижесінде су тосқынына ықтималды қауіпті аймағы, оның ішінде иесіз болып табылатын гидротехникалық құрылысты су объектілерінің толық базасы анықталды.

2010-2012 жылдардағы 36 иесіз аса қауіпті су шаруашылық ғимараттар қалалық (аудандық) коммуналдық иелікке берілген. Облыстық коммуналдық, мемлекеттік комуналдық өнеркәсіп балансындағы «Қарағанды су қоймалары» иелігіне берілгеннен кейін, бұл су объектілері күрделі тексеріс пен жөндеуден өте алады. Бұл жұмыстар 2011 жылдан басталынған. Қазіргі кезде 36 қауіпті су объектілерінен облыстық коммуналдық иелікке тек 3 объекті ғана берілген. Жөндеу жұмыстары 1ші Ботақара плотинасында бітірілген. Қазіргі таңда осы объектілерді облстық иелікке беріп, олардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалау қажет.

Табиғи өрт қауіпін жоюға қарсы облыс аймағында өз еркімен құрылған өртке қарсы ұйымдар бар. Бұл ұйымдардың өсуі олардың табиғи өрттерді қаншалықты жойғандарына байланысты.

2010 жылы 4036 адам құрайтын 446 өз еркімен құрылған өртке қарсы ұйымдар болды. Осы өз еркімен құрылған өртке қарсы ұйымдардың күшімен жойылған өрттер 44% құрады.

2011 жылы 4979 адам құрайтын 602 өз еркімен құрылған өртке қарсы ұйымдар болды. Осы өз еркімен құрылған өртке қарсы ұйымдардың күшімен жойылған өрттер 51% құрады.

2012 жылы 10812 адам құрайтын 727 өз еркімен құрылған өртке қарсы ұйымдар болды. Осы өз еркімен құрылған өртке қарсы ұйымдардың күшімен жойылған өрттер 60% құрады.

Осыған орай облыста біршама мәселелер туындады.

Өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесіне уақытылы жөндеулермен қамтамасыз етілмегендіктен өрттерді жою жеделдігіне әсер етіледі.



2010 жылы өрт гидранттарын жөндеу пайызы - 21%, 2011 жылы – 46% ; 2012 жылы 20% құрады.

Облыстағы орман, дала массивтерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және де мемлекеттік өрт сөндіру мекемелері құрылмаған елді мекендердегі қауіпсіздік қиын жағдай болып қалады. Бүгінгі күнде мемлекеттік өрт сөндіру қызметінің бөлімдерімен облыста 25 елді мекен өрттерден қорғалуда, жалпы елді мекендер санынан 5,6% құрайды.Сонымен қатар облыс аумағында орналасқан МӨҚҚ бөлімшелерінің жартысынан ӨИИДБі өрт бөліктерінің үлгілі штаттарына сәйкес келмейдi (шағын болып келеді).

Өз аумақтарында МӨҚҚ бөлімшелері жоқ, тұрғындар саны 5 мың және оданда көп елді мекендерді қорғауды қамтамасыз ету аймақта өтір тұраған сұрақ болып тұр (Жайрем, Актау, Қарағайлы, Топар, Долинка, Актас, Сарышаған, Жезқазған, Новодолинка кенттері).

Көрсетілген елді мекендерге жақын орналасқан МӨҚҚ бөлімшелерінің (20-30 км.) едәуір арақашықтықта орналасқандықтан елді мекенде болып жатқан өрттерге және басқа да төтенше жағдайларға күштер мен құралдардың жедел елендеуі қолайсыз



Жету жолдары:

Техногендік авариялар, ірі апаттар болу каупін жою, төтенще жағдайларды ескерту және жою мақсатында қала және аудан әкімшіліктері, табиғи ресурс басқармасы, табиғатты тиімді қолдану Қарағанды облысы басқармасы және мемлекеттік комуналдық «Қарағанды су қоймалары »өнеркәсібі бірлесе отырып облыстың қауіпті аймақтарында су тасқының болдырмау үшін маниторинг және біршама шаралар жүргізбек. Олар:

- Қауіпті су обьектілерінің дұрыс жұмыс істеуінің қалпына келтіру су тасқындарын жою жұмыстары арқылы жасалынады. Бұл іс шаралар табиғи ресурстар басқармасы және табиғатты тиімді қолдану Қарағанды облысы басқармасы және мемлекеттік комуналдық «Қарағанды су қоймалары »өнеркәсібі және Қарағанды облысының қалалар және аудандар әкімшіліктерімен бірлесе отырып атқарылады.

- Облыстағы елді мекендерде ерікті өрт сөндіру құрылымдарын құру және соңғы өрт сөндіру құралдары мен техникамен қамтамасыз ету жолдарымен өрттерге қарсы тұру инфрақұрылымы қамтамасыз етіледі. Берілген шаралар Қарағанды облысының қалалық және аудан әкімшіліктерімен қамтамасыз етіледі.

- Берілген жұмыстар түрін Қарағанды облысының төтенше жағдайлан департаменті үйлестіреді.

Автожолдар

Автомобиль жолдары – көліктік – коммуникациялық кешеннің маңызды бағытының біреуі.

Қарағанды облысының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 12516,4 км құрайды, оның ішінде:

- республикалық маңызды автомобиль жолдары – 2773 км;

- облыстық маңызды автогмобиль жолдары - 3549 км;

- аудандық маңызды автомобиль жолдары –2522,3 км;

- қалаішілік автомобиль жолдары – 1911,6 км;

- елді мекенішілік жолдар - 1760,5 км.



Қарағанды облысы бойынша жолдардың жалпы ұзындығы

Жалпы ұзындығы

Жабын түрі

асфальтбетонды

Қара ұсақ тас

Ірі құм – ұсақ тас

Қара жер

Км

км

км

км

км

12516,4

3441,1

4193

3851,7

1030,6


Республикалық маңызды жолдардың ұзындығы

Жалпы ұзындығы

Жабын түрі

асфальтбетонды

Қара ұсақ тас

Ірі құм – ұсақ тас

Қара жер

Км

км

км

км

км

2773

9382

1494

341

-


Облыстық маңызды жолдардың ұзындығы

Жалпы ұзындығы

Жабын түрі

асфальтбетонды

Қара ұсақ тас

Ірі құм – ұсақ тас

Қара жер

Км

км

км

км

км

3549

473

1696

1289

91


Аудандық маңызды жолдардың ұзындығы

Жалпы ұзындығы

Жабын түрі

асфальтбетонды

Қара ұсақ тас

Ірі құм – ұсақ тас

Қара жер

Км

км

км

км

км

2522,3

161

622

1708,3

31


Қалаішілік жолдардың ұзындығы

Жалпы ұзындығы

Жабын түрі

асфальтбетонды

Қара ұсақ тас

Ірі құм – ұсақ тас

Қара жер

Км

км

км

км

км

1911,6

1396,4

9,2

101,6

404,4



Қонысішілік жолдардың ұзындығы

Жалпы ұзындығы

Жабын түрі

асфальтбетонды

Қара ұсақ тас

Ірі құм – ұсақ тас

Қара жер

Км

км

км

км

км

1760,5

472,7

371,8

411,8

504,2

ӨИИДБінесе облыста жабыны бар жолдар, алайда қалалық жерлерде тұтқыр материалдармен өңделген жолдар жоқ. (мұндай жолдар тек Жезқазғанда, Қаражалда, Шахтинскіде, Саранда). Қатты жабыны бар жолдардың үлесі 74% құрайды.

Қарағанды облысының автомобиль жолдарының техникалық жағдайы :

- республикалық маңызды: жақсы жағдайда – 46,1%, қанағаттанарлық – 19,9%, қанағаттанарлықсыз – 34%;

- облыстық маңызды жолдардың тек аз бөлігі жақсы жағдайда екенін айту керек – барлығы 37,1%. Қалған жолдар қанағаттанарлық 34,5% және қанағаттанарлықсыз 28,5% жолдар ретінде топтастырылуы мүмкін.

- әлді мекенішілік жолдар жалпы жаман жағдайда, тек 6 % жолды жақсы жағдайда деп сипаттауға болады, 32% жол қанағаттанарлық жағдайдажәне 62 % – жол қанағаттанарлықсыз жағдайда тұр.

- қалаішілік жолдар жақсы жағдайда, бұл 22% құрайды, қанағаттанарлық – 42%, қанағаттанарлықсыз – 35% жолдар.

- қонысішілік жолдард жақсы жағдайда, бұл 5,8% құрайды, қанағаттанарлық – 27,1%, қанағаттанарлықсыз – 28,5% жолдар



Автомобиль жолдарының жағдайы диаграммада көрсетілген.
2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 12516,4 км жалпы ұзындықта автомобиль жолы желісінің жағдайы

Қарағанды облысы басым автожолдардағы қозғалыс қарқындылығы

Автожолдың атауы

Ұзындығы, км

Қозғалыстың тәуліктік қарқындылығы, авт/тәу

Қолдану дәрежесі, %

Республикалық маңызды автожолдар

Астана-Алматы

690

> 9000

~ 95

Қызылорда -Павлодар

889

> 6500

~ 90

Қарағанды - Аягөз - Бұғаз

303

> 3000

~ 85

Облыстық маңызды автожолдар

Қарағанды – Шахтинск – Есенгелді – Щербаковское - Киевка

255

> 2000

~ 70

Осакаровка – Молодежное

81

> 3000

~ 70

Осакаровка – Киевка

83

> 3500

~ 70

Просторное – Жарық – Ақсу-Аюлы – Ақтогай – Балқаш

435

> 2000

~ 70

Соңғы 5-6 жыл ішінде Қазақстан экономикасында мердігерліктің 8-10% жылдық өсу темпіне қол жеткізе отырып, едәуір жандану болды. Осы кезеңде көптеген қорлар Қарағанды облысының инфрақұрылымын қалпына келтіруге бағытталған.



2009-2015 жылдардағы Қарағанды облысы жолдарының ұзындығын өзгерту динамикасы

Жолдардың маңыздылығы/ жылдар

2009

2010

2011

2012

Республикалық маңызды

2773

2773

2773

2773

Облыстық маңызды

3549

3549

3549

3549

Аудандық маңызды

2522

2522

2522

2522

Қолданыстағы автомобиль жолдары өзінің географиялық орналасуы бойыншахалықаралық жүк тасымалдаудың негізгі бағыттарына сәйкес келеді. Оңтүстік – Шығыс Азия мемлекеттерінің және Қытайдың жоғары даму қарқындылығын ескергенде Қарағанды облысы аумағындағы аталған халықаралық көлік дәлізінің транзиттік тасымалдау көлемін игеруге жақсы келешегі бар.

Өткізу қабілеттілігін ағымдық және келешектегі қажеттілікке сәйкес келтіру үшін таяу арада олардың артылған техникалық санатқа ауыстырып қайта салынуына әкелу қажет (ең азымен екіншісін республиалық маңызды автожолдар үшін, үшіншісін облыстық маңызды автожолдар үшін).

Сондықтан, транзиттік әлеуеттікті тиімді қолдануды арттыру Қарағанды облысының басым автожолдарының жеткілікті өткізу қабілеттілігін қамтамасыз етуге шоғырландыру керек.

Келешекте қозғалыстың қарқындылығын және автомобиль жолдарын қолдану дәрежесін артытыру, сонымен қатар Қарағанды облысының жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарында апаттылықты төмендету күтіліп отыр.

Негізі облыстық және аудандық маңызды жолдар III-IV техникалық санаттарына жатады, ал кейбір елді мекендерге апаратын жолдар V техникалық санатқа жатады. Ауыспалы жабын түрлері бар автомобиль жолдарының телімі және қара жолдар не жылдамдық қозғалысы, не бойлық жүктеулер бойынша талаптарға жауап бермейді, не қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз етпейді.

Бүгінгі күні мердігерлік ұйымдар жаңа жол техникасын алып жатыр (автогрейдерлер, асфальт төсеушілер, тегістейтін катоктар және т.б.), сонымен қатар 19 асфальтбетон зауыты, 6 ұсатқыш бар, бұл жыл сайын бөлінген бюджеттік қаражатты толық көлемде игеруге мүмкіндік береді.

Жалпы қолданыстағы жолдарда апаттылықты төмендету бүгінде жол саласының негізгі тапсырмаларының бірі болып табылады.

Қазіргі уақытта қауіпсіз жол қозғалысының деңгейін арттыру жұмыстары жолдарда апаттылық себебін талдау негізінде құрылатын жылдық жоспарға сәйкес жүргізіледі. Көктемгі – күзгі қарастыру нәтижелері жолдары қауіпсіз ұстаудың барлық жақтарын білдіреді, бұл автожолдарда қауіпсіз қозғалыс шарттарын арттыру бойынша қажетті іс-шараларды уақтылы жоспарлауға мүмкіндік береді.

Автомобиль жолдарында апатты – қауіпті жерлерін анықтау, есепке алу және жою бойынша нұсқаулық әзірленді. Жол полиция органдары және жол – көлік оқиғаларынан экономикалық шығынды бағалау бойынша әдістеме үшін жол-көлік оқиғаларын тіркеу және талдау бойынша бағдарлама кешені әзірленді. Жол белгілері, жол қозғалысын ұйымдастыру құралдарына, таңбаға және қоршауларға қойылатын талаптар бөлінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін нормативтік – техникалық құжаттар қолданысқа енгізілген.

Қарағанды облысының экономикасын дамыту облыстық және аудандық маңызды автомобиль жолдарының желісін дамыту қажеттілігін де анықтайды. Әділ алғышарттар:

- өндірістік және ауылшаруашылық көлемінің өсуіне байланысты жалпы ішкі өнімнің өсуі;

- жүк және жолаушылар тасымалдау көлемінің өсуі;

- Қарағанды облысының автомобиль паркінің өсуі болып табылады.

Жол – құрылыс жұмыстарының үлкен көлемін қарқынды орындау индустриаландырудың деңгейін тұрақты арттырусыз мүмкін емес. Жол құрылысын индустриаландыру алдымен, негізін асфальтбетондық және бетондық қоспаларды, құрылымдарды және темірбетон, ұсақ тас, ірі құм, құм, басқа жол – құрылыс материалдарының жинағынан тұратын бұйымдарды шығаратын стационарлық және жылжымалы кәсіпорындар құрайтын өндірістік базасының жетілуін және дамуын қажет етеді.

Қаражаттың шектеулігінен автомобиль жолдарын ұстау және сақтандырып жөндеу ұмыстары толық жүргізілмей, қызмет көрсету мерзімінің қысқаруына және жол жабынының, жер түйінінің және жасанды құрылыстың уақытынан бұрын бұзылуына әкеледі.Көгалдандыру бойынша орман алқабын механикалық өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр және отырғызуларды жаңадан егу және күту жұмыстары толық жүргізілмейді.

Уақытнан бұрын бұзылу үрдісін тоқтату ұстау нормаларын қатаң сақтағанда ғана мүмкін.

Теміржол көлігі.

49 елді мекенді қамтитынтеміржол жолаушылар көлігінің 13 әлеуметтік маңызды ауданаралық (қалааралық) және ішкі қатынастар, соның ішінде 8 облысішілік ауданаралық және 5 ішкі қатынастар. Тасымалдаушы - «Қала жанындағы тасымалдаулар» АҚ. Облыс аумағында 24 теміржол вокзалы орналастырылған.

Қала жанындағы электрпоездар вагондарының паркін амортизациялау 90% құрайды. Ал жолаушылар вагоны жұмыс паркінің тозуы 96,4% құрайды.

Автомобиль көлігі.

Облыста 41 тасымалдаушы жұмыс істейді, облыстық орталықта қалалық бағыттарға 15 автокәсіпорын қызмет көрсетеді. Қалалық және қалааралық бағыттарды 1225 автобус қолданылады.

Қазіргі уақытта облыста 260 астам елді мекендегі жүйелі қатынасты қамтитын 270 автобус, соның ішінде 54 қала жанындағы және 79 облысішілік қалааралық, 14 облысаралық, 8 халықаралық және 115 қалаішілік бағыттар бойынша жолаушыларды және жүкті тасымалдау жүзеге асырады.

Жыл сайын облыста қоғамдық көлік паркін жаңарту жүргізіледі.

Жылжымалы құрамды жаңарту тасымалдаушылардың меншікті қаражаттарының есебінен жүргізіледі. Жергілікті бюджет есебінен тасымалдаушының әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асырумен байланысты залалдары субсидияланады.

Облыста 54 бірлік өзендік және 2 200 тар кемелер, соның ішінде 800 өздігінен жүретін және 400 өздігінен жүрмейтін механизмдер тіркелген.

Балқаш көлінде «Балқаш су жолдары кәсіпорны» республикалық қазыналық кәсіпорын орналасқан. Кәсіпорын қауіпсіз кеме қатынасы үшін флотта 7 кемені ұстайды, жалпы ұзындығы 987 км Балқаш көлі бойынша су жолында 5 кеме қатынасының телімі бар. Навигациялық кезең 214 тәулікті құрайды. 2009 жылы навигвция үшін 79 тың тонна жүк және 3700 жолаушы тасымалданған. ӨИИДБінесе тасымалданатын жүк балық өнімі болып табылады. Негізгі тасымалдаушылар - «Фирма Балқашбалык» ЖШС, «Арселор Миталл Теміртау» АҚ және «Fish market» ЖШС.

Теміртау қаласындағы Самарқанд су қоймасында «Арселор Миталл Теміртау» АҚ балансында 8 теплоход, оның ішінде 4 жолаушыларды тасымалдауға рұқсат қағазы бар. Жолаушыларды тасымалдаудың негізгі тағайындалуы кәсіпорын жұмыскерлерін жұмысқа және қайта жеткізу болып табылады.



Ауа көлігі

Ауа көлігінің де едәуір пайдасы бар, ол үш әуежайда – Қарағанды, Жезқазған және Балқаш қалаларында ұсынылған.

Қарағанды қаласындағы әуежай «Сары-Арқа» әуежайы» АҚ Қарағанды қаласынан 12 км жерде орналасқан. Әуежайда мықты күш – қуат бар және халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес келеді. Әуежайдың класы бірінші ИКАО санаты бойынша барлық түрлердің әуе кемелеріне қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Әуежайдан Москва, Санкт-Петербург, Киев, Минск, Алматы, Өскемен, Қызылорда, Балқаш, Жезқазған тәрізді ірі қалаларға сапарлар жүзеге асырылады.


2005-2009 жылдардағы көліктің барлық түрі жұмысының негізгі көрсеткіш динамикасы

Атауы


2009ж.

2010ж.

2011ж.

2012ж.

% 2012 жылдан 2009 жылға

Жолаушылар

айналымы, млн.ж-км



14 092,8

17 409,8

25 847,0

29 432,2

208,8%

Жүкайналым,

млн.т-км


4 592,6

5 608,1

7 406,3

8 426,8

118,2%

Жолаушылар тасымалданды, млн.адам

1 287,4

1 440,9

1 992,6

2 111,6

164%

Жүк тасымалданды, млн.тонна

380,9

444,0

551,3

619,7

162,7%


Байланыс

Телекоммуникация саласында облыстың барлық ауылдық елді мекендері телефондандырылды - 420 СНП.

420 СНП-дан кең жолақты интернетке қосылу қамтамасыз етілді – 157 тармақ немесе 37,3 %.

2012 жылға СНП саны, кең жолақты интернетке қосылу қамтамасыз ету 190 СНП немесе 42,5 % құрайды.

22 елді мекенді «Транстелеком» АҚ және «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШЧ қамтамасыз етті.

4 мобильдік операторлар GSM стандартта жұмыс істейді, біреуі – CDMA стандартында, кейбір фирмалар экспресс – пошта қызметін ұсынып жатыр.

Қарағанды ОДТ жүзеге асырылған көптеген ірі жобалардың бірі – бұл 2008 жылғы «Қарағанды – Ботақара – Қарқаралы ВОЛС қрылысы», ол жошыбай Бұқар жырау, Қарқаралы және Осакаров аудандарының 9 ауылдық елді мекендерін жандандыруға мүмкіндік берді.

Қарағанды облысында «Қазпошта» АҚ өндірістік нысандарының желісі 6 аудандық пошта байланысының түйінінен, 1 түйін пошта байланысы, 6 түйін қалалық пошта байланысы, 13 орталық операциялық учаскелер, 75 пошта байланысының қалалық бөлімшелері, 67 пошта байланысының ауылдық бөлімшелері, оның ішінде түбірлік тұрады.

Пошта байланысы пунктерінің барлығы – 142, оның ішінде қалалық – 35, ауылдық – 107.

ҚОФ құлымына «Сұрыптау учаскесі және пошта тасымалдау», «Арнайы байланыстың облыстық қызметі» және «Автобаза» бөлімшелері кіреді.

2012 жылы пошта байланысының 2 ауылдық бөлімшесі және пошта байланысының 2 пункті шағын және орта бизнес субъектілеріне пошта байланысы қызметін көрсету бойынша берілді.

Компьютерлік ақпараттық желі құрылған, барлық қалалық және аудандық бөлімшелер корпоративтік спутниктік телефон және электрондық байланыспен қамтылған. Бұл қазіргі уақытта ұқсас қызмет көрсететін компаниялардың мерзімінен кем түспейтін, қызметтерді көрсету (төлемдерді қабылдау, аударымдарды қабылдау және төлеу, шұғыл пошта жолдамалардың жетуін бақылау, зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу) мерзімдерін едәуір тездетуге мүмкіндік берді.



Электр және жылумен қамтамасыз ету

Бағдарламада Қарағанды облысының қолданыстағы жылу көздерінің энергетикалық қуатын өсіру мақсатында техникалық жарақтандыру және қолданыстағы электр стансаларын жаңғырту (4 жоба)және жаңа энергия көзін салу жоспарланған.(1 жоба) Бұл облыстың электрлік және жылу энергисының мұқтаждығын қатмасыз етіп, ол өз кезегінде жалпы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына жағымды әсерін тигізеді. Жылулық және электрлік желілерді жаңғырту олардың пайдалы әсерлі коэффицентін жоғарылатып және нормативті техникалық шығындарды азайтады.

Облыстың осындай масштабты шаруашылықтың дамутудың проблемалық мәселесі айтарлықтай уақыт және қаражат қажет етеді.

Жылулық желілердің жалпы ұзындығы 2 801,1 шақырым құрайды. Орнатылған қуаты 100 Гкал/сағ дейінгі қазандықтар саны 63 құрайды.

Қарағанды облысының қалаларында және аудандарында әлеумметік нысандар және көппәтерлі тұрғын үйлердің жылу және электрэнергиясының қолдану деңгейін төмендетуге арналған іс- шаралар өткізу жоспарланған.

Жылу маусымдық қарсанында энергиямен қамтамасыз ететін нысандарды дайындау облыс әкімшілігінің қаулысымен бекітілген іс-шаралар бойынша жүргізіледі.

Жылу желілерінде нормативті және нормативтен жоғары шығындарды азайту мақсатында Кешендік жоспармен озаттық технологиялық шешімдерді енгізу ұсынылады.

Біріншіден, жаңа жылу магистральдарын салуда және ескі магистральдарды жөндеген кезде, абсолютті саңылаусыздығын қамтамасыз ететін алдын ала оқшауланған құбырларды пайдаланытын құбырлардың арықсыз салу тәсілін қолдану ұсынылады. Тікелей жер астына салынатындықтан, осындай құбырларды және құрал жабдықтарды қолдану (бұрғыш, үшайыр, қозғалмайтын тірек, камерасыз аспаптардың шарлы арматура, өтемдеуіш және т.б) жылуды тасымалдау кезінде жылуды сақтау негізгі көзі болып табылады.

Осындай жүйелердегі оқшау арқылы жылулық энергияның техникалық шығындары 3% аспайды, сыртқа шығын жоқ, нормативті жұмыс мерзімі 30-50 жыл.

Екіншіден, электрқозғалқыштар мен насостардың реттемелі жетектерді ішінара қолданыс кезінде насостардың және электрқозғағыштардың жұмыс режиміне байланысты жетекке кететін электр энергиясы 30-50% азайтып, сонымен қатар электрқозғағыштар мен насостардың сенімділігі ғана өспей, қолданыс мерзімі де жоғарылайды.

Үшіншіден, жылу және электр энергиясын тұтынуды реттеу және қадағалау үшін есептеу аспаптарын енгізу.Аспаптар коммерциялық шығындарды қадағауды және ең үлкен шығындар орнын анықтауды қамтамасыз етеді

Төртіншіден, жылумен қамтамасыз етуде энергия-ресурстық сақтаудың бір бағыты болып автономдық қазандықтар орнына жылулық насос қондырғыларын (ЖНҚ) енгізу болып табылады. ЖНҚ төмен потенциалды жылу көзі жер асты сулары, кәріздік ағындар және т.б. болуы мүмкін. Әрбір жұмсалған 1 кВтсағ электр энергиясының орнына 3-4 кВтсағ жылуды алуға болғандықтан олардың тиімділігі айқын.

Электрмен жабдықтау желілерінде энергияны сақтау іс – шаралары мен технологияларды енгізу маңызды бағыт болып табылады.

Қолданыстағы заңңамаға сәйкес, 5 электржелілік кәсіпорындары қолданыстағы желілермен қосалқы стансаларды қалпына келтіру және жаңғырту, АСКУЭ орнату бойынша 2011-2015 жылдарға инвестициалық бағдарламалар құрастырған. Инвестициялық бағдарламарды іске асыруға 40 млрд 786 мың теңге қарастырылған, оның ішінде АСКУЭ орнатуға 5 млрд. 162 млн.теңге.

Тұтынушыларды сапалы энергиямен қамтамасыз ету мақсатында энергия кәсіпорындарымен инвестициялық бағдарламалар аясында жаңа қосалқы станса және электр желілерін салу жұмыстары жүргізілуде («Караганды Жарык» ЖШС - «ЖАРЫК» ҚС, жоғары желі (ВЛ) -220/110 кВ), кабельді және ауа желеілерін тіректерді ауыстыру және сым жуандығын ұлғайту, қосалқы стансаны күш трансформаторларын қуаты жоғары трансформаторларға ауыстыру арқылы қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қарағанды облысы бойынша «Караганды Жарык» ЖШС кәсіпорнымен қала тұтынушыларын сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етіп қана қоймай, қосымша қуаттарды және тұтынушыларды қосу мүмкіндігін тудыратын қосалқы стансаны 6 кВ қуаттан 10 кВт қуатта ауыстыру іс-шараларын жүргізуде. Сонымен қатар электр желілеріндегі коммерциялық шығындарды ең төмен деңгейге түсіретін 0,4 кВ ауа желілерін ӨКС (Өздік тарату Күштік Сым) ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар кәсіпорындармен артықшылығы анық электрэнергиясын бақылау және есептеу автоматтандырылған жүйелері (АСКУЭ) орнатылып жатыр. АСКУЭ жүйесінің жоғарғы деңгейі (110/35/10 кВ) энергоқолдануды және энергоқорлардың таратылуының жалпы жағдайын көруге мүмкіндік береді, энергокәсіпорындарымен энергонысандарды оңтайластыру бойынша мәселелерді шешуге мүмкіндік болады.

АСКУЭ төменгі деңгейін енгізу (10/6/0,4 кВ) – тұрмыстық тұтынушы қосалқы стансаларды ақпараттарды жинақтау және беру аспаптарымен, ұзақ мерзімді сақтау жадысымен және ақпараттарды автомантты түрде жинақтауды қамтамасыз ете алады.

Бюджеттік саладағы энергияны сақтау бойынша негізгі іс - шаралар:



  • нысандардың энергия аудитін және куәліктендіруін міндетті түрде жүргізу;

  • автоматтандырылған жылу пунктілерін орнату;

  • жылу, электр энергиясы, су есеп аспаптарын орнату;

  • терезелерді пластикалық шыныларға ауыстыру;

  • қызу шамдарын энергия сақтау шамдарына ауыстыру;

  • ғимараттарды терможаңғырту (төбелердің,сыртқы қабырғаларын, жертөлелердің жылу оқшаулау).

Автоматтандырылған жылу пунктері, энергия үнемдегіш шамдар, электр энергиясы және жылу, суық су және ыстық суды тұтынудың есепке алу аспаптарын анықталуы бойынша облыстың қалалары мен аудандарында, облыстық басқармаларында (білім, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік орта, спорт) мүліктендірілу жүргізілді.

2012 жылы бюджеттік сала нысандарындары коммуналдық қызметтердің 72 есеп аспабы орнатылды, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеумметік сала, спорт ұйымдары:



  • жылу энергиясының 50 есеп аспаптары;

  • ыстық су 12 есеп аспаптары;



  • суық су 10 есеп аспаптары;

  • 83 538 энергия сақтау шамдары;

  • 31 АЖП.

Энергия үнемдеу жобаларын іске асыру жергілікті атқарушы органдар кезінде ЭСКО құруда үлкен рөл атқарады, энергия сервистік келісімшарт енгізу, осы бағытта жұмыстар жалғасуда.

Орталықтандырылған энергиямен жабдықтаудың үлкен тарифтік шарттары нақты инвестициялық қатысушы жаңарушы энергия көздерін қолдану мүліктендіру мәселесі үлкен энергетикада маңызды рөл атқарады.

Облыста экологиялық таза дәстүрлі емес метериологиялық және географиялық табиғи шарттар есебінен жел электр қондырғылары,гелио су жылытқыштар және т.б қарастырылуда, жұмыс бойынша олардың жеке меншік жабдықтары мен технологияларын дамыту қабілеттіліктерін қолдану, рацианалды экономикаға шашыратқыштан адамдарды өзін-өзі тәрбиелеуін қамтамасыз етуіне көшуін қолдану.

Облыста жел электр стансасын және жел қондырғыларын электр энергиясын өндіру мүмкіндіктеріне байланысты орналастыру үшін бірнеше аулалар табылды, электр энергиясын тұтынуды қамтамасыз ету жеткілікті.

Қазақстан Республикаасының жаңа технологиялар және индустрия Бірінші Вице-Министрлігі А.П. Раудың 2010 жылдың 11 маусымындағы №111 бекітілген бұйрығындағы жаңарушы энергия көздерін қолдану бойынша нысандарды орналастыру жоспарына сәйкес және энергия үнемдеуді дамыту мәселесі бойынша Қарағанды облысының әкімдігі және ПРООН арасындағы қызметкерлік қатынас Меморандумы негізінде Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында қуаты 15 МВт жел электр стансасының құрылысы жоспарлануда.

Сонымен қатар Қарағанды облысында ЖЭК салу бойынша серіктестік жөнінде инвесторлармен Меморандум жасалды, оның ішінде:

- «Сарыарқа» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ және «OPUS Platform» - Қарағанды қаласында 10 МВт қуатты күнді электр стансасын салу бойынша;

- «ФОТОВОЛЬТ Кощице» АҚ - Саран қаласында 30 МВт қуатты күнді электр стансасын салу бойынша;

- «Samruk-Green ENERGY» ЖШС - Ақтоғай ауданы Гүлшәт кентінде қуаты 50 МВт желді электр стансасын салу бойынша.

Жоғарыда аталған ісшараларды енгізу және іске асыру келесі күтілетін нәтижелер алуға себін тигізеді:

- энергия көздерінде энерго және қорды үнемдеу мәселесін шешу;

- өзінің қажеттілігінің отынды-энергетикалық қорларының шығындарын азайту;

- жылулық және электрлік қуаттардық қосымша көлемдеріе алу;

- жылулық және электрлік энергиясының тапшылығын азайту;

- қоршаған ортаға тасталатын зиянды заттардың көлемін едәуір азату;

- тұрғылықты ғимараттар мен бюджеттік саладағы нысандардың энергия тиімділгін арттыру;

- коммуналдық қызметтерді төлеуге шығындарды азайту;

- берілетін коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру.

Тұрақты электрмен жабдықтау үшін 2010 жылы облыстық бюджеттің қаражаты есебінен Ақтоғай ауданының Ақсеңгір кентінде және Қарқаралы ауданының Едірей кентінде электр беру желілерін салу іске асырылған.

2011 жылы облыстық бюджеттің қаражаты есебінен Ақтоғай ауданының Имек кентінде және Шет ауданының Аяқшы кенті екі елді мекенінде электр беру желілерін салу іске асырылған.

Облыстың қалалары мен аудандарының тұрғындарын тұрақты жылумен және электромен жабдықтау мақсатында энерго беруші кәсіпорындарымен жылулық және электрлік желілерді, қосалқы стансаларды жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жыл сайын алдағы жылыту маусымдығына дайындалу аясында жылумен, электрмен жабдықтаушы кәсіпорындарымен жылу, электр желілерін және қосалқы стансаларды жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет