Бөлімінің атауы беті


Сумен жабдықтау және су бұру



бет10/12
Дата06.07.2018
өлшемі0,62 Mb.
#47793
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Сумен жабдықтау және су бұру

Қарағанды облысы бойынша сумен жабдықтау желілерінің ортақ ұзындығы 6 459 км. құрайды.

2004 жылдан 2009 жылға дейін желіге су беру көлемі өзгерді. Қарағанды, Жезқазған және Теміртау қалаларының су қолданулары бастапқы қалыпта қалды. Балхаш, Қаражал, Саран қалаларында, Нұра және Осакаровка аудандарында (7-14%) су қолдану қысқару белгіленді; қалған қалалар мен аудандарда су қолданудың маңызды түрде өсті (Приозерскте 24%-ке, Улытау ауданында 20 есе).

Облыста су кұбыры желілерінің тығыздығы шекті әркелкілікпен сипатталады. Солай облыстың үлкен қалаларында – Қарағанды және Теміртау – желі тығыздығы ең жоғары және 1 шаршы километрге 2 км. артық. Қаражалдан басқа қалаларда желі тығыздықтары 0,1 – 0,7 км. аралығында. Ал ауылды аудандарда және Қаражал қаласында желі тығыздығы 1 шаршы километрге 0,02 км. әзер жетеді.

Желілердің тозуы 80%-дан артады, Қарағанды, Қаражал, Саран қалаларында байқалады. Желілердің тозуы 50-75% Балхаш және Шахтинск қалаларында, Ақтоғай, Қарқаралы және Нұра аудандарында. Қолайлырақ жағдай Жезқазған, Приозерск және Жаңаарқа ауданында (тозу 10-20%).

Су бұру желілерінің ортақ ұзындығы 2 468,0 км., оның 1 941,4 км. (78,7%) жеке меншікте.

Су бұру жүйесінің желілері мен құрылыстарының ӨИИДБі, сумен жабдықтау объектілері сияқты, 20 жылдан астам бұрын пайданануға еңгізілген және түбірлі ремонтталған.

Жалпы, сенімді пайдаланудың нормалы уақыты 25 жыл болуына сүйене отырып, 80%-дан астам желілерге түбірлі ремонт немесе олардың толық ауыстырылуы қажет. Кәріз желілерінің тозуынан жылдан жылға тазаланбаған ағын сулардың рельефке ағуымен сансыз апаттар болып жатыр.

Ағын суларының маңызды көлемі өнеркәсіптік кәсіпорындарынан (жеке қалаларда 24%-ға дейін) тікелей бастапқыда тазалауға ескерілмеген қалалық тазалау құрылыстарына ағады. Қолданыстағы тазалау құрылыстарының ӨИИДБісі өзінің пайдалану ресурстарын жұмсады және ауыстыруды талап етеді.

Газбен қамтамасыз ету

Орталықтандырылған газбен қамтамасыздандырылған Қарағанды облысының Қарағанды және Теміртау қалалары. Отын ретінде сұйықталған көмірсутекті газ – мұнай өңдеу өнімі қолданылады. Қарағанды қаласында газбен қамтамасыздандыратын ұйым «Алем Газ» ЖШС қызмет көрсетеді, Теміртау қаласында – «Темір-Газ» ЖШС, 2012 жылында жеткізу көлемі 13 973,1 тонна құрды. Оьлыстың қалған қалаларында орталықтандырылған газбен қамтамасыздандыру жоқ, тұрмыста газ баллондары қолданылады. Соған байланысты көпқабатты салуларда газ баллонын қолдану мәселесі бар.

Қарағанды облысы бойынша газ шаруашылығы 1962-1976 жылдар аралығында қалыптасты. Пайдалану мерзімі 40-50 жыл құраған, газ реттеуші құрылғылардың сыртқы газ құбырлары, сауыт және газ жабдықтарының техникалық сапасы өте тозған.

Олардың тозу мөлшері 85% құрайды, ал кейбір газ жабдықтау объектілерінің тозу жағдайы өте нашар, бұл себептен апат болу мүмкіндігі жоғары.

Жыл сайын кәсіпорындар қаражаттары арқылы газ тарату шаруашылығында ағымдағы жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізіліп отырады.

Бірақ бұл қалаларда барлық газ реттеуші құрылғылардың үштен бір бөлігі тозу себептерінен пайдаланылмайды.



Қатты тұрмыстық қоқыстарды пайдалану

Жыл сайын облыс бойынша 580 мыңнан астам тонна қоқыстар құралады, соның ішінде 400 мың тонна коммуналдық және 180 мың тонна өндірістік. Қатты-тұрмыстық қоқыстардың орталықтандырылған жүйелі жинауымен облыстың барлық қалалары қамтылған. Қатты тұрмыстық қоқыстарды жинау мен көмудің негізгі орындары полигондар және ауылдық елді мекендерде ұйымдастырылған қоқыс тастайтын жерлер болып есептеледі.

Өткізілген зерттеулерге сәйкес ҚТҚ құрамына негізінде органикалық (тамақтық) қоқыстар, автошиналар, майлар, салқындатушы сұйықтардың қоқыстары және аккумуляторлар сияқты қауіпті қоқыстары бар екінші қайтара шикізат және қалдықтар бар.

ҚТҚнің 5 %-дан азы өңдеуге душар болады, қалған қалдықтар қалдық полигонында сұрыптаусыз жиналады, ол қоршаған ортаны қосымша ластауына әкеп соқтырады. Сараптамаушылардың берілгені бойынша ҚТҚнің морфологиялық құрамының 40 % өнеркәсіпте қолдану үшін потенциалдық шикізат құрайды, 30 % компострлеуге жатады. Автосервис қоқыстары да бағалы материалдарды, соның ішінде жанатын-майлайтын материалдарды және отынның басқа түрлерін, құрылыс материалдарды және тағы басқаларды өңдіру үшін шикізат болып саналады. Мысалы, 1 тонна шина 700 кг. резіңке, 160 кг. метал, 170 кг. тоқыма құрайды.

Олай болса пайдалы екінші қайтара шикізатқа ҚТҚ пайдалануы Қазақстанда экономикалық тартымдылықтың және де экологиялық қауіпсіздіктің көзқарасынан преспективалы бағыты болып табылады.

ҚТҚні басқару бірнеше мақсат көздейді:


  • қоршаған ортаға әсерін төмендету;

  • шығарылатын материалдардың екінші қайтарма қолдануына оралуы;

  • үй алдындағы аумақтардың ұстау мәдениетін жоғарлату.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында қоршаған ортаға негативті әсерді төмендетуге бағытталған бірнеше іс-шаралар қолдануда. Бірнеше қалаларда ҚТҚ-ны өңдеу бойынша кәсіпорындар салынды және пайдлануда, өңдеуге макулатураны қабылдау бойынша пунктер ашылды.

Сонымен бірге бекітілмеген муниципалды қоқыстарды көмуіне бақылау және жауаптылықты одан әрі жетілдіру, ережелер мен ҚТҚ бөлек жинау бойынша кепілдеме өңдеу, жаңа құрылыста қоқыс жинау бойынша жер астын контейнерлерді енгізуге бағытталған ережелерді өңдеу қажеттілігі бар.

Берілген саланың табысты дамуы үшін бәсекені қамтамасыздандыру қажет, ол үшін жер туралы заңнамамен сәйкес айналманың инфрақұрылым субъектілеріне лайықты жер учаскілерінің шағын және орта бизнеске беру мүмкіншілігін қарау керек.

Тұрғын үй секторы

Үй іші және қалалық инженерлік желілердің техникалық жағдайы коммуналдық қызметтерді көрсету сапасын арттыруға рұқсат етпейді.

Тұрғын үй қорының инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыздығы құрайды: суқұбыры – 63,6%, канализация – 39,7%, орталық жылыту - 37,8 %, ыстық сумен қамтамасыздандыру - 37,5%.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық негізгі қорының иелері сияқты коммуналдық кәсіпрындар осы қорларды жаңғырту және қайта жасау программаларын өткізу үшін қаржы қаражатында өткір мұқтаждық көреді. Шектеулі жергілікті бюджеттер қажетті қаржы қаражаттарды беру жағдайда емес, осыған байланысты жылдан жылға коммуналдық сектордың кәсіпорындарда ескірген өндірістік қорлардың көлемі өсуді, инженерлік желілер жарамсыздыққа келеді, көрсетілетін қызметтердің сапасы төмендейді, оларды қалпына келтіру үшін шығындар ӨИИДБееді.

Бөлінген қаржы қаражаттардың толық емес көлемі коммуналдық секордың объектілері толығымен қайта жасауға мүмкіндік бермейді.

Коммуналдық кәсіпорындардың күрделі қаржы жағдайы қызметтер өндірісінде нақты шығындар мен тарифтердің сәйкессіздігімен ӨИИДБінесе ескертілген. Қолданылатын тарифтер коммуналдық сектордың шығынсыз қызметтерін жүзеге асыруға рұқсат етпейді.

Суық су есеп аспабымен жабдықталған – 73,2%, ыстық судың - 75,6 %, жылу энергиясы - 9,1%, электр энергиясы - 100%.

Абаттандыру.

2009 жылға орташа қалалық деңгейдегі шамдарды орнату қажеттілігі 51,5%, көгалдандыру қажеттілігі – 46,3%, қоқыс контейнерлерді орнату қажеттілігі – 62,4% құрды. Берілген көрсеткіштердің орташа аймақтық деңгейі төмен және 51,5%, 46.3%, 62.4% құрайды. Әл - ауқаттық дәрежесіне қарай облыс қалалар және аудандарын шартты түрде 5 түрге бөлуге болады:

Біріншіге шамдарды орнату, көгалдандыру және қоқыс контейнерлерді орнату қажеттілік көрсеткіштері 70% тең немесе үлкен қалалар мен аймақтар кіреді. Оларға жататын қалалар Жезказган, Саран, Абай ауданы, Жанаарка ауданы және Шет ауданы.

Облыс аймақтарына және қалаларына 70%дан үлкен екі көрсеткіштерімен Қарағанды және Осакаровка ауданы жатады.

Балқаш, Қаражал және Теміртау қалалары сияқты және Нура ауданында қоқыс контейнерлерін орнату қажеттілігі орташа 56,4% тең. Бұл қалаларда және аудандарда қалған көрсеткіштер 47,5% аспайды.

Шахтинск қаласы және Ұлытау ауданы барлық үш көрсеткіштерде орташа деңгейі 50-60% аралығында.

Приозерск және Сәтбаев сияқты қалалар барлық үш көрсеткіштері бойынша қамтамасыздануы бойынша орташа деңгейге ие. Ақтоғай, Бұқар-Жырау және Қарқаралы аудандарында барлық үш қажеттілік көрсеткіштер орташа деңгейге ие.

Аумақтық (кеңістік) дамыту.

Қарағанды облысында экономикалық кеңістіктің кенттенуінің жоғары деңгейі байқалады: қала халқының үлесі 77,9-78% құрайды. Қарағандының қалалық агломерациясының ядросы және оның кенттену аймағы, қоныстану құрылымының тірек-қаңқасы аса жіті дамып келеді. Дамудың позитивті серпіні КГА-ға шектесіп жатқан Бұқар жырау ауданындағы және «Қарағанды-Теміртау-Астана» «Сарыарқа» өңірі өсіміндегі осте орналасқан Осакаров ауданындағы кеңістікті бір қалыпты қоныстанудың селолық үлгісі көрсетеді. Жалпы облыс бойынша сондай-ақ экономикалық кеңістік сапасы көрсеткіштерінің, шаруашылық қызметінің тығыздығы көрсеткіштерінің өсуі, сондай-ақ оның вариациясы көрсеткіштерінің қысқаруы, оның ішінде қалаішілік және селолық жерлерде байқалады.

Экономикалық кеңістіктің төмен сапасы кеңістікті-бір қалыпты емес қоныстану үлгілерінде байқалады: Қарқаралы және Нұра аудандарында қоныстанудың селолық үлгісі, Ұлытау мен Ақтоғай аудандарынының шаруашылық-игерілмеген аумақтарының басымдылығымен Балқаш пен Жезқазған қалалары маңында орналасудың ошақты түрі, сондай-ақ Шет ауданында тура-ошақты бір қалыпты емес қоныстану түрі.

Экономикалық кеңістіктің әлеуетін дамытудың алғы шарты ретінде Астана-Алматы өсімінің осіндегі мультитранспорттық түйін ретінде Қазақстанның орталығындағы КГА геоэкономикалық ахуалы деп бөлуге болады, ол серіктес қалалардың өсуі және кенттену концентрациясы аймағында агломерациялық-желілік қоныстануды қалыптастыруға, сондай-ақ Жезқазған, Сәтпаев, Балқаш қалаларының экономикалық қарқынды дамуына ықпал ететін темір жолдар мен магистралды автомобиль жолдарын салу бойынша ҚТЖ жобаларын іске асыруға мүмкіндік береді.

Облысты дамытудың бастапқы қатері Ұлытау, Ақтоғай, Қарқаралы және Нұра аудандарынан (батыс бөлігі) халықтың орын ауыстыруы және ауыл шаруашылығы жайылымдары үлесінің қысқаруы болып табылады.

Өңірді дамытудың орталық осі «Алматы-Балқаш-Қарағанды-Астана-Көкшетау-Петропавловск» кеңістік қаңқасының негізгі жоспарлы осінің бойында қалыптасады.

Сондай-ақ дамытуды 2 санаттағы жоспарлы осі жанында «Достық – Ақтоғай – Балқаш – Жезқазған – Сексеуіл – Шалқар – Бейнеу – Ақтау» жүзеге асыру жоспарлануда.

Қостанай-Жезқазған-Қызылорда-Аягөз-Қарағанды жергілікті осаралық желілердің дамуымен қатар орталық осі маңында орналасқан аумақтарды игеру елдің бірыңғай ішкі экономикалық кеңістігін, Ресей Федерациясының Азиаттық бөлігі – Орталық және Оңтүстік Азия (Солтүстік-Оңт.) бағытындағы сауда-экономикалық коридорларды қалыптастырудың негізі болуы тиіс.

Сарыарқа өңірінің аумағындағы көшбасшы-қала Астана қаласы болады, онда жоғары әлеуметтік-мәдени деңгейдегі орасан экономикалық әлеует шоғырланады, сол уақытта ұлттық мәндегі тірек қала ретінде Қарағанды қаласы және Теміртау мен Саран қалалары бар Қарағандылық қалалық агломерация болады. Тірек орталықтары мен шалғайдағы ауылдар арасындағы байланыстырушы орталық болуға қабілетті Жезқазған және Балқаш болашағы бар хаба қалалар болып табылады.

Өңірді кеңістікті дамыту тұрғын үй құрылысы (оның ішінде жалға берілетін), ауылдық елді мекендерді тұрақты дамыту (сумен жабдықтауды және кәрізді қоса алғанда), ТКШ қызметтерді көрсету, облыстың қалаларын және аудандарын дамытудың экологиялық шектеулерін бейтараптау негізінде облыстың елді мекендерінің әлеуметтік тартымдылығын арттыру есебінен экономикалық кеңістіктің сапасын жақсартуға бағытталады.

Өңірдің инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде басқармалармен және «Қарағанды облысының мемлекеттік жеке меншік серіктестігі өңірлік орталығы» АҚ-мен бірлесіп мемлекеттік жеке меншік әріптестік тетіктерін қолдана отырып жүзеге асырылады.

Селолық елді мекендерді тұрақты дамыту шарттарын қалыптастыру, оның ішінде халықтың шамадан тыс орын ауыстыруы (Ұлытау, Ақтоғай, Қарқаралы аудандары) бар Қарағанды облысының проблемалы аудандарының селоларында жағымсыз әлеуметік-экономикалық үрдісті еңсеру үшін аграрлық экономиканы (СЗЦ негізінде), әлеуметтік саланы (ауыз су, жолдар, мектептер және басқалар) дамыту шараларының жүйесі, оларды тұрақты дамытуға шығару іске асырылады.

Облыстың селолық халқының өмір сапасын арттырудың маңызды жолдарының бірі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инфрақұрылымдық элементтерінің тозуы, әрі халыққа көрсетілетін қызмет сапасының төмендігі салдарынан тұрғын үй-коммуналдық секторының бастапқы қызмет берушілерінің әлеуетін арттыру және пәтер иелері кооперативтерінің әлеуетін арттыру мен кондоминиум объектілерін басқару нысандарын оңтайландыру бойынша жұмысты бір мезгілде өткізу мақсатында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инфрақұрылымын жаңғырту негізінде көрсетілетін қызметтің сапасын арттырудың негізгі бағыттарын іске асыруды талап етеді. Кондоминиум объектілерін басқару және ұстау бойынша кәсіби басқарушы компанияларды тарту сияқты көп пәтерлі үйлерді дамыту нысандарын дамыту қажет.

Облыс халқының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, антропогендік әрекеттің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әрекет етуін болдырмау және өңірде биологиялық әр түрлілікті сақтау облыстың экологиялық жағдайының қаурыттылығын кеміту бойынша экологиялық саясаттың бағытын айқындайды:



  • тазалау ғимараттарының тиімді жұмыс істеуін арттыру;

  • облыстың ірі су қоймаларын тазалау және үстіңгі қабаттағы суаттарға жеткіліксіз тазаланған ағын сулардың ағымын кеміту бойынша іс-шараларды өткізу;

  • бұзылған жерлерді тыңайтуды іске асыру, өнеркәсіптік және қатты тұрмыс қалдықтарын орналастыру көлемдерін кеміту;

  • қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігін жетілдіру.

Облыста 418 селолық елді мекен бар, оның 108 дамудың жоғары әлеуетімен, 301 - орташа және 9 – дамудың төменгі әлеуетімен.

Бағдарламаны іке асыру кезеңінде (2004 жылдан бастап) қаржыландырудың барлық көздерінен АЕМ-нің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға 37 млрд. 864 млн.теңге жіберілді, оның шінде: республикалық бюджеттен – 12 млрд. 322 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 19 млрд. 268 млн. теңге, бюджетен тыс көздерден – 6 млрд. 274 млн.теңге.

419 АЕМ қызмет етеді:

- 358 мектеп, оның ішінде 190 мектеп (53%) үлгі ғимараттарда, 168 – бейімделген мекемелерде орналасқан (47%);

- 234 денсаулық сақтау нысаны, оның ішінде 64 объект үлгі үй-жайларда (28%), 170 – бейімделген (72%). 68 нысан жөндеуді және бейімделгендер орнына 38 объекті құрылысты талап етеді.

Клубтар (жеке меншіктілерді қоса алғанда) 217 АЕМ қамтылған, ол АЕМ-нің (419) 52 пайызын құрайды. Жұмыс істеп тұрған клубтардың – 123 объектісі жөндеуді қажет етеді. Қосымша 27 АЕМ клубтарын салу қажет.

Барлық аудан орталықтарында балалар-жасөспірімдердің спорт мектептері бар (10 объект, Осакаровка ауданында - 2). Спорт залдары - 259, ашық спорт алаңдары – 67, стадиондар – 9, жабық спорт кешендері – 9.

212 АЕМ (50,6 %) ауылдық елді мекендер орталықтандырылған суды, 204 АЕМ (48,7 %) – орталықтандырылмаған сумен қамту көздерін пайдаланады.

3 АЕМ ( 518 адам халқымен) - су тасылады. Бұлар: Бұқар жырау ауданының Асыл, Аюлы ауылдары, Сәтпаев селосы.

Облыста 11 АЕМ электр орнатылған. Сондай-ақ электр энергетикасы үшін электр беру желілерінің жоғары тозуы проблема болып отыр. 19 АЕМ электр беру желілерінің тозуы 85%-дан астамды құрайды, қайта құруға және күрделі жөндеуге көп шығынды талап етеді.

Облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығының (6071,3 км) 41% автомобиль жолдары қанағаттанарлықсыз жағдайда.

140 АЕМ (33,5%) аудан орталығына дейінгі жолдар қанағаттанарлықсыз жағдайда.

Телекоммуникция желісімен 419 АЕМ қамтылған. Ауыл халқына қызмет көрсететін– 193 стационарлық және 8 жылжымалы пошта байланысының объектілерімен барлық селолар (кенттік округтар) қамтылған.
Мемлекеттік қызметтерді және мемлекеттік органдардың функцияларын электрондық нысанға ауыстыру
2010-2012 жылдардағы жұмыс қорытындысы бойынша 15 мемлекеттік қызметтер автоматтандырылды және «электрондық үкіметінің» Порталына шығарылды:

1.Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспананы алуға кезекті байқау;

2.Мұрағаттық анықтамаларды облыс, қала және аудан мұрағаттарынан беру;

3.Балабақшаға кезек нөмірін байқау;

4.Баланы балабақша кезегіне тұрғызу;

5.Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру;

6.Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру;

7.Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;

8.Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу;

9.Дәрігерді үйге шақыру;

10.Дәрігер қабылдауына жазылу;

11.Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымдарына тіркелу;

12.Облыс аумағында (республикалық маңызы бар қалалар, астана) таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу;

13.Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау;

14.Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою;

15.Жұмыссыз азаматтардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру.

Көрсетілген 15 қызметінен 7 әлеуметтік маңызды болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда Елбасының 60% әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді электрондық нұсқауға аудару жөніндегі тапсырма орындалды.

2012 жылғы 10 қазанынан бастап Қарағанды облысының электрондық қызметтер порталы іске қосылды. Қарағанды облысының электрондық қызметтерінің порталы мен «Электрондық үкіметінің» порталымен өзара қарым-қатынасты каматамсыз ету жұмыстары жүргізілді, Қарағанды облысының электрондық қызметтерінің порталына электрондық нұсқауға аударылған барлық мемлекеттік қызметтер шығарылды.

Сонымен қатар, облыстың электрондық қызметтер порталына қосымша 9 қызметтер мен сервистер шығарылды:


  1. ТКШ жөніндегі мәселелер бойынша туындаған проблеманың географиялық және нүктелі көрсетуімен қаланың электрондық картасы арқылы өтініш жасау;

  2. Қарағанды облысы аймақтары кескінінде дүкендер мен нарықтардағы халық тұтынатын тауарларға бағалар;

  3. Қарағанды облысында жүзеге асатын инвестициялық жобалар және осы жобалар аясында ашылатын жұмыс орындар саны туралы ақпараттандыру;

  4. Бизнесті қорғау (кәсіпкерліктердің заңды құқықтарына қысым жасалған жағдайда олардан өтініштерді қабылдау);

  5. «Өзінді сайлаушылар тізімінде тексер» - аймақ азаматтардың тиісті сайлау учаскесін іздестіру;

  6. Сайлау учаскелерінің шекаралары – сайлау учаскелерінің электрондық картасында көрнекі бейнесі;

  7. Сайлау учаскесінің мекен-жайы немесе нөмір бойынша іздестіру;

  8. Қарағанды облысы әкімінің блогына түскен өтініштерді қабылдау;

  9. Компьютерлік сауаттылыққа оқыту.

Мемлекеттік қызметтер регламенттерін әзірлеу мен бекіту жұмыстары орталық мемлекеттік органдар деңгейінде бекітілген стандарттары бар мемлекеттік қызметтер бойынша жүргізілді. Жалпы алғанда облыс деңгейде көрсетілетін 78 мемлекеттік қызметтерінен регламенттері 61 қызмет бойынша бекітілді.

Бизнес-үдерістерді оңтайландыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында халықтан талап ететін құжаттардың санын азайту бойынша іс-шаралар аясында «Электрондық үкіметінің» өңірлік шлюзі (Е-Әкімдігі)» АЖ орталық мемлекеттік органдары ақпараттық жүйелерімен ықпалдастыру жұмыстары келесі мемлекеттік қызметтер бойынша жүргізілді: «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою», «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою» және «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға құжаттар ресімдеу». Сонымен қатар толықтыру үшін «Қорғаншылық және қамқоршылық бойынша электрондық тізбесі» қосымша ретінде әзірленді.

Облыстың электрондық нұсқауда мемлекеттік қызметтерді көрсететін барлық жергілікті атқарушы органдарына ЭҮӨШ АЖ таратылымы жүргізілді. Жүйенің сүйемелдеуі үнемі түрде жүргізілуде.

«Электрондық үкіметінің» порталын насихаттау және әйгілеу мақсатында облыс бойынша жүйелі түрде e.gov.kz поталы арқылы әртүрлі қызметтерді алу мүмкіндігі жөнінде ақпараттық модульдер жарияланады. Телеараналар және жарықдиодты арналар эфирінде «Электрондық үкіметін» насихаттау жөніндегі 4 бейнероликтер айналдыруы қамтамасыз етілді, арнайы телебағдарламалардың шығуы ұйымдастырылды. 2012 жылы жалпы электрондық БАҚ 30 бейнематериалдар көрсетілді, баспа БАҚ 80 астап басым шығарылды. «Электрондық үкіметін» насихаттау бойынша әртүрлі сыртқы әлеуметтік жарнамаларды орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта облыс аумағында осы тақырып бойынша сыртқы жарнаманың 8 орналастырылды (3Х6 балборттар), 80 плакат.

Жергілікті бюджеттен қаржылындырылатын облыстағы атқарушы органдарының 98,8% электрондық құжат айналымына қосылды.

Облыс әкімі аппарат басшының деңгейінде әкім аппараты басшысымен 2012 ж. 16 қарашадағы № 276-п «Қарағанды облысы әкімінің аппаратында қағазсыз құжат айналымын ұйымдастыру туралы» бұйрық қабылданды.

ҚР Бас Прокурорының 2011 жылғы 16 қарашадағы № 109 бұйрығының талаптарына сәйкес облыстық электрондық құжат айналымының жаңартылуы жүргізілді.

«Электрондық құжат айналымы» ААЖ аттестаттық талдау жүргізілді.

Халықты компьютерлік сауаттылығы бойынша оқу жүргізілді. ҚҚР Статистика жөніндегі агенттігінің 2012 жылғы 1 қаңтары жағдайына облыста компьютерлік сауаттылығымен 49,2% экономикалық белсенді тұрғындар игерді. Осы көрсеткішті 50% дейін жеткізу үшін 2012 жылы 0,8% немесе 8 026 экономикалық белсенді тұрғындарды оқыту қажет етті. 2012 жылда 12 682 адам оқытылды. Жоспар 158 % орындалды. Оның ішінде ҚР ККМ ұсынылған жоспар-кестесіне сәйкес 2012 жылы «Электрондық мемлекеттік қызметтер» бойынша 3900 адам оқытылуы жоспарланған еді. Осы бағыт бойынша 6 276 адам оқытылды. Жоспар 160,9 % орындалды. ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша 2013 жылғы 1 қаңтарына облыста компьютерлік сауаттылығын 61,2 % тұрғындар игерді.

2010-2012 жыл қорытындысы бойынша Қарағанды облысы жергілікті атқарушы органдарының автоматтандыруға жататын 179 функцияларынан 121 функция (немесе 67,6%) автоматтандырылды, олардың ішінде 26 толықтай автоматтандырылды, 95 – ішінара автоматырылды. 2011 жылымен салыстырғанда функцияларды автоматтандыру пайызы 107% өсті, 2010 жылмен салыстырғанда – 163,5 %. (2011 жыл қорытындысы бойынша автоматтандыруға жататын 178 функцияларынан 113 функция (немесе 63,4%) автоматтандырылды, олардың ішінде 12 толықтай, 101 – ішінара. 2010 жыл қорытындысы бойынша автоматтандыруға жататын 130 функцияларынан 74 функция (немесе 56,9%) автоматтандырылды, оның ішінде 5 толықтай, 69 ішінара).

Осы бағыт бойынша проблемалық мәселелерге келесіні жатқызуға болады:

- облыстың ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігіне аттестауын жүргізу;

- облыстық ақпараттық жүйелерді электрондық үкіметінің негізгі компоненттерімен (ЖК МДҚ, ЗТ МДҚ, МТ АЖ, ЖМТ МДҚ) және Халыққа қызмет көрсету орталықтарына арналған ықпалдасқан ақпараттық жүйесімен «ХҚКО ЫАЖ»ықпалдастыру.

Проблемалық маселелерді шешу жолдары:

1) Қарағанды облысы әкімі аппараты жанындағы ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі бөлімшені құру;

2) облыс әкімдігінін, сондай-ақ облыс әкімдігі ғимаратынан тыс орналасқан облыс басқармалары басқа органдарының ғимараттарын ҚР заңымасанымен бекітілген ақпараттық қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестендіру;

3) Қарағанды облысы «электрондық әкімінің» ақпараттық жүйелерін ақпараттық қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестендіру бойынша кезеңдік аттесттауын жүргізу;

4) Қарағанды облысы «электрондық әкімдігінің» ақпараттық жүйелерін электрондық үкіметінің негізгі компоненттерімен және ХҚКО ЫАЖ кезеңдік ықпалдастыруын жүргізу.

Өңірді дамытудың әлеуметтік-экономикалық нәтижелерінің кешендік сипаттамасы негізгі проблемаларда, факторларды тежейтін тәуекелдерде, бәсекелесті басымдықтар мен мүмкіндіктерде айқындалған SWOT-талдау басымдылығында көрінеді.
SWOT-талдау басымдылығы

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

А басымдығы

1. Металлургия-металл өңдеу, машина жасау және саласындағы айрықша экономикалық әлеует және фармацевтика және химия өнімдері өндірісіндегі инновациялық әлеует.

2. Минералдық шикізаттың айрықша қорларының болуы тау-кен өндіру өнеркәсібін дамыту үшін негізін құрайды.

3.Экономикалық және саяси тұрақтылық ұстап тұрған елдің қолайлы бизнес-климаты.

4. Бай табиғи және минералдық ресурстардың бар болуының нәтижесінде өңірдің жоғары инвестициялық тартымдылығы.

5. Орталық Азияның, Ресейдің, үнді және Қытайдың ірі тұтыну нарықтарына облыстың тиімді географиялық орналасуы.

6.Ландшафтардың әртүрлілігі (жазық даладан бастап таулар мен ормандар), сондай-ақ бірегей туристік объектілердің болуы: Қарқаралы тау-орман оазисі, Ұлытау таулары, Балқаш көлі.

7. Дамыған медицина ұйымдарының желісі.

8.Негізгі медицина-демографиялық көрсеткіштерінің оң қарқыны – баланың тууы, табиғи өсім, жалпы өлімнің төмендеуі.

9.Стационарды алмастыратын технологияларды пайдалану және тәулік бойы жұмыс істейтін стационарлық көмек көлемдерін қысқарту үшін кең мүмкіндіктер.

10.Тіркелген кедейлік деңгейін 0,5 пайызға төмендету байқалады.

11.Еңбекақының өсімі 2,3 есені құрады.

12. Мемлекет тарапынан қолдау.

13.Инновациялық жобалардың қолдаудың дамыған инфрақұрылымы.



В басымдығы

1.Елдің аумағындағы орталық жағдай есебінен облыстың айрықша транзитті әлеуеті.

2.Қазіргі заманғы кәсіби білім үшін ресурстар кешенінің болуы: инфрақұрылым, профессорлық-оқытушылар құрамының жоғары біліктілігі.

3.Мектеп жасына дейінгі балаларды қамту өсімі байқалады, қалада – 86,4 %-ға дейін, селолық жерлерде 87,7 %-ға дейін.

4. Ыстық тағаммен қамту 87,2%-ды құрайды.

5. Жұмысқа орналасқан колледж түлектері санының өсуі.

6.Облыста білім берудің қалпына келтіру ұйымдарының желілері кең дамыған, бұзушылықтардың барлық түрлері бойынша 10 арнайы қалпына келтіретін мектеп-интернаттар жұмыс істейді.

С басымдығы.

1.Жұмыссыздықтың жоғары деңгейі.

2.Халықтың жан басына етпен, астықпен және картоппен қамтамасыз етілгендігінің жеткілікті деңгейі.

3.Инновациялық әлеуеттің кешенді әлементтерінің бар болуы («Технопрак Сарыарқа» ЖШС, «Караганда-Инвест» («Сарыарқа» АЭА) АҚ).

4.Құрылыс индустриясын дамыту үшін шикізат көздерінің бар болуы.

5.Халыққа кең спекторлы қызмет көрсететін ҮЕҰ белсенді секторлары.

6. Мәдениет мекемелері қызметтерінің талап етілу дәрежелерінің жоспарлы өсімі байқалады.

7.Медициналық кадрлармен қамтылғанының тұрақты көрсеткіштері (облыста жоғары және орта медициналық оқыту мекемелерінің бар болуы).

8.Ірі облыстық медицианлық ұйымдардың кадрлық және материалдық-техникалық базасы ЖММК-нің (жоғары мамандандырылған медициналық көмек) шеңберінде қызметтерді көрсетуге мүмкіндік береді.

9.Облыста 10 интернат үйлері, үйге барып әлеуметтік көмек көрсететін 69 бөлімше, белгілі бір тұрғылықты орны жоқ адамдар үшін 3 әлеуметтік бейімделу орталығы жұмыс істейді.





А басымдығы

1.Өнеркәсіпті дамытуды шектейтін желілерде өсіп жатқан қуат тапшылығы және шығынның жоғары деңгейі.

2.Салалық теңдестірілмеуі: өнеркәсіптің және шағын бизнестің салалық құрылымының төменгі әртараптануы.

3.Фармацевтикадан басқа, іс жүзінде өнеркәсіп салаларында жоғары технологиялы және ғылымды қажет ететін өнімді шығару бойынша өндірістер жоқ.

4.Жоғары энергияны, еңбекті және материалды қажет ететіндәстүрлі және ескірген технологияларды басымдау.

5.Жоғары қосылған құны бар түпкілікті қайт бөлу өнімі үлесінің төмендігі.

6.Инвестицияларды тарту бойынша әлсіз бәсекелестік шарттары (кедендік және валюталық режим).

7.Инвестицияларды тартуды қамтамасыз ететін инфрақұрылымының дамымауы (арнайы аймақ, қаржы, банктік, ақпараттық-талдамалы, консалтингтік, көліктік және өзгелері).

8.Инвестицияларды тартумен байланысты мемлекеттік басқару жүйесінің тұрақсыздығы.

Визалық режим.

9.Кәсіпорындардың экспортқа дайын болмауы (маркетингпен, релевантті ақпаратпен алмасу, басқарумен, сапамен, кадрмен, шикізатпен қамтамасыз ету, энергиямен қамтамасыз ету, оң сауда имиджінің болмауы және т.б. проблемалар).

10.Туристік инфрақұрылымның халықаралық талаптарға сәйкес келмеуі (туристік объектілерге кіру жолдарының болмауы/төменгі сапасы).

11. Нарықтың шынайы тұтынушылығы саласында кадрларды дайындау бағдарламасының сәйкес келмеуі.

12. Әлеуметтік маңызы бар аурулармен аурудың жоғары деңгейі – ҚЖА (қан айналу жүйелерінің ауруы), туберкулез, қатерлі ісік аурулары.

13.Кәсіби дайындыққа және қайта дайындауға жіберілгендер үлесі төмен.

14.Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелеріне деген жоғары тұтынушылық.

15.Мектеп жасына дейінгі ұйымдардағы орындардың тапшылығы байқалады.

16.Білім беру ұйымдарында, оның ішінде орта арнайы да кадрлар тапшылығы аса өткір орын алады.

17.Энергия көздерінің жетіспеушілігі.

В басымдығы.

1.Негізгі капиталға инвестициялардың төмен деңгейі кезіндегі негізгі қорлардың жоғары тозуы.

2.Пайдаланылатын шикізаттан пайдалы элементтерді қайта өңдеу кешендігі және алу толықтығының төмендігі.

3.Қоршаған ортаның көптеген ағымдағы және тарихи ластанулары (9 жергілікті және 3 ұлттық экологиялық проблемалар).

4.Шаруашылық-игерілмеген аумақтардың жоғары пайызы бар өңірдің оңтүстік бөлігінде орналасудың нүктелі-ошақты бір қалыпты емес үлгісі.

5.Селоның инфрақұрылымдық әлеуетінің бір қалыпсыздығының жоғары деңгейі.

6.Ауылшаруашылық өнімін қайта өңдеу үлесінің төмендігі: ет – 6%, сүт - 11%.

7.Дәнді дақылдар астығының деңгейінің жылына 0,43 т/га төмендеуі.

8.Ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарының мамандармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі.

9.Әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы төменгі еңбекақы.



С басымдығы.

1.Азаматтар үшін қолжетімді тұрғын үй деңгейінің жеткіліксіз деңгейі.

2.Қалалық жерлерде кәріз және су өткізу желілерінің 70%-дан 80%-ға дейін тозуы.

3.Кәсіптер мен мамандықтар бойынша еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныстардың сәйкессіздігі.

4. Селолық мәденинт объектілерінің материалдық-техникалық базасының нашар деңгейі, мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігі.


Мүмкіндіктері

Қатерлері

А басымдығы.

1.«Өнімділік 2020», «Инвестор 2020» бағдарламаларының шеңберіндегі мемлекеттік қолдау өңдеуші өнеркәсіптің үлесін ұлғайтуға және өңірдің экономикасын әртараптандыруға мүмкіндік береді.

2. Өнеркәсіптің негізгі салаларын дамыту тұжырымдамасын іске асыру технологияны жаңғыртуға және дамудың инновациялық моделіне көшуге мүмкіндік береді.

3. «Сарыарқа» Технопаркі» ЖШС, «Караганда-Инвест» АҚ, («Сарыарқа» АЭА) қызметтерін жандандыру өнеркәсіп саласын дамытуға және инновациялық белсенділікті арттыруға мүмкіндік береді.

4.Экономикалық кеңістіктің әлеуетін дамытудың алғы шарты ретінде Астана-Алматы өсімінің осіндегі мультитранспорттық түйін ретінде Қазақстанның орталығындағы КГА геоэкономикалық ахуал серіктес қалалардың өсуі және кенттену концентрациясы аймағында агломерациялық-желілік қоныстануды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

5.Инвестицияларды тарту көлемдері бойынша өңірлік көшбасшы ұстанымына шығу.

6.Капиталдың әлемдік нарығында елдің оң инвестициялық имиджін құру.

7.Туризм саласында, оның ішінде жергілікті жерлерде жаңа жұмыс орындарын құру.

8.Келушілер және ішкі туризм бойынша туристік ағындарды ұлғайту.

9.Кеден одағының шеңберінде бірыңғай экономикалық кеңістікті құру.

10.Инновациялық-белсенді кәсіпорындар санын ұлғайту.

11.Шетелдік инвестицияларды технологияны тарту.



В басымдығы.

1.Теміржол жолдарының және магистральды жолдарды салу бойынша ҚТЖ жобаларын іске асыру Жезқазған және Сәтпаев қалалары мен іргелес жатқан аумақтардың экономикалық дамуына импульс береді.

2.Энергетика, көлік, әлеуметтік сала және басқа салаларда, оның ішінде мемлекеттік-жеке серіктестік тетіктерін пайдалана отырып, инфрақұрылымды дамыту жобаларын іске асыру.

3.Облысты дамытудың кеңістікті-құрылымдық бір қалыпты еместігін төмендету (Ұлытау, Қарқаралы, Ақтоғай аудандары).

4.Инвестицияларды тарту бойынша жүйелі және дәйекті мемлекеттік саясатты құру.

5.Инвестицияларды тарту бойынша тиімді мемлекеттік және жеке инфрақұрылымды қалыптастыру.



С басымдығы.

1.Орта және шағын қалаларда тұрғын үй құрылысының және жалға берілетін үйлер құрылысының мемлекеттік бағдарламасын іске асыру.

2.Экономиканың өндіруші секторынан қайта өңдеу секторына инвестицияларды қайта бөлу есебінен елдің тұрақты және теңгерімді экономикалық өсімін қамтамасыз ету.

3.СДО қалыптастыру тетігінің негізінде ауылдық өндірушілер кооперациясының үдерісін жандандыру есебінен ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу дәрежесін ұлғайту.



А басымдығы.

1.Энергия тапшылығын сақтау салдарынан облыс экономикасын дамыту қарқындарын бәсеңдету.

2.Өңірлік экономиканың технологиялық дамытудағы және өңірлік экономиканың салалық тепе-теңсіздігіндегі артта қалушылық салдарынан ішкі нарықтың импортқа тәуелсіздігін ұлғайту.

3.Қаржы-несие жүйесінің тұрақсыздығы күшінде құрылыс саласының тұралағанын сақтау.

4.Экономиканың шикізат бағдарын сақтау және тиісінше экспорттың шикізат бағдарын бекіту.

5.Туризм саласындағы инвестициялық белсенділіктің төменгі деңгейі.

6.Шикізат базасының тозуы салдарынан елдің инвестициялық тартымдылығын жоғалту.

7.Негізгі капиталға инвестицияның төменгі капиталдарына байланысты, елді дамытудың қолда бар өнеркәсіптік-өндірістік әлеуетін жоғалту.

8.Әлемдік нарық конъюктурасының ықпалы.

В басымдығы.

1.Минералды-шикізат ресурстарын біріктіру және олардың заттық құрамын күрделендіру нәтижесінде кен өндіру көлемдерін қысқарту.

2.Кәсіби білім беру жүйесіндегі тепе-теңсіздікті сақтауеңбек ресурстарына деген сұранысты қанағаттандыруға жағымсыз әсер етеді.

3.Жол шаруашылығын және көлікті дамытудың ағымдағы деңгейін сақтау кезінде бәсекелестік артықшылықтарды төмендету.

4.Инвестицияларды тартуға бағытталған қаражаттарды тиімсіз қолдануға байланысты мемлекеттік бюджеттің тікелей шығындары.

С басымдығы.

1.Көмір өндірудің тау-кен геологиялық және тау-кен техникалық жағдайларының нашарлауы.

2.Тұрғындардың өмірі сапасының және желілердің тозуының жоғары деңгейін сақтау кезінде бизнесті жүргізу шарттарының нашарлауы.

3.Ауыл халқының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спортқызметтеріне бір қалыпты емес ену ауылдық аудандарда адамдық әлеуетінің деңгейін төмендетеді.

4.Ауылдық аумақтарды әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілерімен жеткіліксіз қамтамасыз ету.

5.Индустриялық парк құрылысының аяқталу мерзімінің ұзаққа созылуына байланысты әртараптануды ұстау.




3. ӨҢІРДІ ДАМЫТУ КӨРІНІСІ
Қарағанды облысы дәстүрлі экспорттық секторларда және көліктік-коммуникациялық пен энергетикалық кешеннің жаңғыртылған инфрақұрылымы бар (фармацевтика, құрылыс материалдары, АӨК) экономиканың басым салаларындағы инновациялық өндірістерде тікелей әртараптандыруды байланыстыратын серпінді өндіруші өнеркәсіп орталығы; экономикалық кеңістіктің оң серпінді сапасы және адамшылық әлеуетті дамыту шарттары бар өңір болады.
Негізгі индикаторлар:

Экономика:



  • Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі - 2015 жылы алдыңғы жылға 104,5%;

  • Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі - 2015 жылы 102,6%;

  • Өңдеуші өнеркәсіптің шығаратын өнімінің нақты көлем индексі - 2015 жылы 103,7%;

  • Тау-кен өнеркәсібі өнімін шығарудың және кеніштерді игерулердің НКИ - 2015 жылы 102,4%;

  • Металлургия өнеркәсібінің НКИ - 2015 жылы 105,8%;

  • Машина жасаудың НКИ - 2015 жылы 110,3%;

  • Өзге металл емес минералдық өнімдер өндірісінің НКИ - 2015 жылы 109,6%;

  • Өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі - ;

  • Электр энергиясын өндіруді ұлғайту - 2015 жылы 110%;

  • Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің НКИ - 2015 жылы 102,0 % (2009 жылы -108,6 %).

  • Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім өндірісінің нақты көлем индексі - 2015 жылы 100,8%;

  • Бөлшек сауданың нақты көлем индексі - 2015 жылы 106,4%;

  • Өнеркәсіпке салынатын инвестициялардың нақты көлем индексі – 2015 жылы 112,4%.

  • Инновация саласында кәсіпорындар мен ұйымдардың белсенділік деңгейінің өсімі (технопарктер, бизнес-инкубаторлар, индустриялық парктер және т.б.) - 2015 жылы 6,6%;

  • Жүйе құрушы кәсіпорындарда тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға жергілікті қамту үлесін 2015 жылы 66,4% ұлғайту.

  • Кедендік одақтың қатысушыларымен сыртқы сауда айналымының көлемін 2015 жылға дейін 30%-ға ұлғайту.


Әлеуметтік сала:

  • Халықтың білім сапасымен және қолжетімділігімен қанағаттануы деңгейі 2015 жылы 60%;

  • Балаларды мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиелеумен қамту 2015 жылы 99%;

  • Типтік жастағы жастарды (14-24 жас) техникалық және кәсіптік біліммен қамту үлесі 2015 жылы 22,1%;

  • Халықтың медициналық қызмет сапасына қанағаттануын ұлғайту 2015 жылға қарай 98,2%;

  • Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығын 2015 жылға қарай 70 жасқа дейін ұзарту;

  • Жалпы өлім-жітімді 2015 жылға қарай 7,7% жеткізу.

  • Жұмыссыздық деңгейі 2015 жылы – 5,1%;

- Өмір сүру шегінен төмен табысы бар халықтың үлесі 2015 жылы – 2,5%;

- Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (оларды алуды қажет ететін тұлғалардың жалпы санында) 2015 жылы – 90%;



- Мәдениет саласының қызмет көрсету сапасына халықтың қанағаттану деңгейі (2009 жыл – 38%) 2013 жылға 75%, 2015 жылға 77% ;

  • Облыстың мемлекеттік тілді меңгерген халқының үлесі 2015 жылға қарай – 72 %;

  • Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын халықтың барлық жас топтарын қамтуды 2015 жылы - 29% ұлғайту;

  • Туристік қызмет саласында қызмет көрсететін ұйымдардың жиынтық табысын алдағы жылдың деңгейіне - 2015 жылы – 3% ұлғайту;

  • Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара байланысын оң бағалайтын тұрғындар үлесін 2015 жылы 78% ұлғайту;

  • халықтың ішкі істер органдарына сенімінің болжамдық деңгейі 2015 жылы 50% кем емес деңгейде (2009ж. – 50%);

  • Төтенше жағдайлардан болатын адамдар мен материалдық шығындарды 2015 жылы 1,5% төмендету.


Инфрақұрылым:

  • Халықтың байланыс және коммуникациялар саласындағы қызмет сапасымен қанағаттануы деңгейі - %;

  • Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі алдыңғы жылға %, 2015 жылы– 107%;

  • Тұрғын үй ғимараттарды пайдалануға беру, жалпы алаңның ш.м. 2015ж. – 335,3 ш. м.;

  • Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 2015 жылы 77% (2009ж. – 60%);

  • Жүк айналымы көлемі 2015 жылы – 9402 млн.тонна-км (2009ж. – 4588,4 млн.тонна-км);

  • Жолаушыларды тасымалдау айналымының көлемі 2015 жылы – 33880 млн.жолаушы-км (2009ж. – 4588,4 млн.жолаушы-км);

  • тұтынушылардың коммуналдық қызметпен қанағаттану сапасының деңгейі 2015 жылы 51,5%-дан кем емес (2009 ж. - 48,3%);

  • Халықтың орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге қол жетімділік деңгейін 2015 жылы 72,5% ұлғайту;

  • Жылумен жабдықтау қызметімен қамтамасыз ету деңгейін 2015 жылы 78% ұлғайту;

  • Халықты субұру қызметімен қамтамасыз ету деңгейін 2015 жылы 55% ұлғайту.


Ауылдық аумақтарды дамыту, экология:

  • Дамудың жоғары әлеуеті бар ауылдық елді мекендердің саны;

  • Тіректі ауылдық елді мекендердің (агроқалашықтар) саны;

  • зиянды заттардың жалпы шығарылуы жыл сайын 2015 жылға дейін 2000 тонна шегінде төмендету;

  • мемлекеттік орман қоры алаңдарының орманды алқаптарының аумағы 2015 жылға қарай 91920 га дейін.


Мемлекеттік қызметтерді көрсету:

  • халыққа әлеуметтік маңызды қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттандырылу деңгейі 2015 жылы 98%;

  • Жергілікті атқарушы органдардың функцияларын (үдерістерін) автоматтандырудың орташа дәрежесі 2015 жылы 80%.



4. Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР мен нәтижеЛЕРДІң көрсеткіштері
1-бағыт «Экономика»

Өңірлік макроэкономика

Мақсаты: Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу




п/п

Нысаналы индикаторлар/тікелей нәтижелердің көрсеткіштері ****

I кезең

II кезең

2011ж.

2012ж.

2013ж.

2014ж.

2015ж.

1

Нысаналы индикатор:

Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі, % алдыңғы жылға

106,4

101,2

103,2

103,8

104,5

1-міндет. Қосылған құнды тұрақты ұлғайту

1

Жалпы өңірлік өнімнің көлемі, млрд. теңге

2397,9

2459,0

2538,4

2635,5

2753,3

2-міндет. Сыртқы сауда айналымы

2

Экспорт, млн.АҚШ долл./ млн. теңге

5300,6

3844,3

3577,8

3761,4

4435,9

777174,0

573228,0

543825,6

575494,2

683128,6

3

Импорт, млн.АҚШ долл. / млн. теңге

1103,6

1178,6

1192,6

1253,8

1478,6

161809,8

175741,0

181275,2

191831,4

227704,4

3-міндет. Тауарлар мен қызметтердің бағаларының өзгеру деңгейі

4

Кезең соңына инфляция деңгейі, %

8,2

6,1

6,0-8,0

6,0-8,0

6,0-8,0



Қол жеткізу жолдары:

Жалпы өңірлік өнімнің өсімі экономиканың барлық салаларында қалыптастырылған қосылған құнның тұрақты ұлғаюы есебінен қол жеткізілетін болады.

Бұл міндеттерге қол жеткізу Бірыңғай экономикалық кеңістіктің, өңіраралық кооперацияны Қазақстанның ішінде, сондай-ақ БЭК-тің шеңберінде дамыту және кеңейту шеңберінде жоспарланған.

Ақшалай-несиелік саясаттың шаралары экономикалық өсімді қолдауға мүмкіндік береді.


Өнеркәсіп

Мақсаты: Ұлттық және өңірлік экономикаларда бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту және экономиканы жаңғырту негізінде өнеркәсіптегі құрылымдық ілгерілеу




Нысаналы индикаторлар/Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері****

I-кезең

II-кезең

2011

2012

2013

2014

2015

1

Өнеркәсіптік өнімнің НКИ %

102,8

97,6

100,5

101,5

102,6

2

Өңдеуші өнеркәсіп өнімін шығарудың НКИ - %

106,3

93,3

95,5

101,5

103,7

3

Тау-кен өнеркәсібі өнімін шығарудың және кеніштерді игерулердің НКИ - %

102,8

110,7

115,0

102,7

102,4

4

Металлургия өнеркәсібінің НКИ - %

103,8

90,9

91,7

100,3

101,0

5

Машина жасаудың НКИ %

139,6

130,1

93,1

100

101,1

6

Өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі - %

-

-

-

-

-

1

ЖАӨ -дегі өнеркәсіптің үлесі,%

49,4

50,2

50,3

50,3

50,4

2

Өнеркәсіптік өндіріс құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіп үлесі - %

79,6

78,6

70,3

73,0

75,4

3

Өнеркәсіп өнімінің ЖҚҚ ұлғайту - %

103,7*

97,8

99,2

101,7

102,9

1

Лигнит және көмір өндіру НКИ- %

108,8

102,5

103,0

103,3

103,5

2

Металл кендерін өндірудің НКИ- %

91,8

103,1

102,5

103,0

103,1

3

Темір кендерін өндірудің НКИ- %

114,4

94,3

100,4

101,5

101,8

1

ЖАӨ -дегі өңдеуші өнеркәсіптің үлесі %

34,9

35,1

37,7

39,3

40,9

2

Өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі

85,5

118,9

120

125,4

132

3

Өңдеуші өнеркәсіп өнімі экспортының өсімі %

113,7

80,9

99,8

120,1

112,1

4

Қара металлургияның өнiмi өндiрiсiнiң НКИ %

108,0

83,3

90,9

100,9

101,2

5

Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдары өндiрісінің НКИ %

150,7

103,2

98,4

100,0

101,5

6

Машина жасау саласында еңбек өнiмдiлiгiн 14,8 мың АҚШ долларына дейін ұлғайту

9,5

10,2

12,6

13,5

14,8

7

Өзге металл емес минералды өнімдер өндірісінің НКИ - %

112,4

127,3

108,1

109,5

109,6

8

Жеңіл өнеркәсіп өнімінің НКИ- %

134,4

116,6

81,0

100,8

101,5


Қол жеткізу жолдары(жобалар базасы):




Іс-шараның атауы

Орындалу мерзімі

Қажетті қаражат көлемі,

млн. теңге



Қаржыландыру көздері

Жауаптылар

2 міндет. Тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарының азаймалы қуаттылықтарын толтыру

1

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахталарындағы қазіргі тау-шахталық құралдарын, жаңа технологияларды енгізу мен өндірісті жетілдіру арқылы көмір өндіру көлемін жылына 13 млн. тоннаға дейін өсіру

2018ж.

44900,0

Өз қаражаты

ӨИИДБ, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД

2

АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахталарынан алынатын метаннан электр қуатын шығаратын қуаттылығы 1,3 мВт тәжірибелі құралды алу

2012ж.

251,6

Өз қаражаты

ӨИИДБ , Теміртау қ. әкімі, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД

3

«Шубаркөл Көмір» АҚ-а пайдаланылған кокс газынан 5,5 мВт электр қуатын өндіретін электр технологиялық кешенін ұйымдастыру

2012ж.

1220,3

Өз қаражаты

ӨИИДБ, Нұра ауданының әкімі, «Шұбаркөл Көмір» АҚ

4

"САРЫАРҚА ENERGY" ЖШС-ң «Жалын» кен орнында көмір өндірісін ұйымдастыру мен көмір өндірудің қуаттылығын 0,5-тен 1,0 млн. тоннаға дейін ұлғайту

2010-2015жж.

20,2

Өз қаражаты

ӨИИДБ, Жаңаарқа ауданы әкімі, "САРЫАРКА ENERGY" ЖШС

5

Индустрияландыру картасына енген инвестициялық жобалардың актуализациядан кейінгі іске асыру

2013-2015жж.

-

Өз қаражаты

ӨИИДБ, инвестор

3 міндет. Өнеркәсіптегі құрылымдық жылжуларды қамтамасыз ету

Жеңіл өнеркәсіп

1

«Ютария ltd» ЖШС тігін өндірісін жетілдіру

2010-2012жж.


420

Өз қаражаты, БЖК

ӨИИДБ, Жезказган қ. әкімі, «Ютария ltd» ЖШС

2

«Тэгам» ЖШС-дегі шұлық бұйымдары өндірісін жетілдіру

2010-2013жж.

25

Өз қаражаты

ӨИИДБ, Қарағанды қ. әкімі, ТОО «Тэгам»

3

Индустрияландыру картасына енген инвестициялық жобалардың актуализациядан кейінгі іске асыру

2013-2015жж.

-

Өз қаражаты

ӨИИДБ, инвестор

Химиялық өнеркәсібі

4

"Kazcentrelectroprovod" ЖШС-да - жылына 1200км полиэтилен құбырлар өндірісі

2011ж.


150

Өз қаражаты

ӨИИДБ, Саран қ. әкімі, "Kazcentrelectroprovod" ЖШС

5

«А-сервис» техникалық көмек орталығы»ЖШС-де - жылына 3000 тоннаға дейін полипропиленнен тоқылмаған материалдар өндірісі

2010-2013жж.


300

Өз қаражаты

ӨИИДБ, Темиртау қ. әкімі, «А-сервис» техникалық көмек орталығы»ЖШС

6

«ТНК «ТИАТР» ЖШС полиэтилен құбырлар өндірісі

2012ж.

350

Өз қаражаты

ӨИИДБ, Қарағанды қ. әкімі, «ТНК «ТИАТР» ЖШС

7

Индустрияландыру картасына енген инвестициялық жобалардың актуализациядан кейінгі іске асыру

2013-2015жж.

-

Өз қаражаты

ӨИИДБ , инвестор

8

«Сарыарка» АЭА инвестициялық жобаларын іске асыру

2013-2020ж.


-

Өз қаражаты

ӨИИДБ, «Караганда-Инвест» АҚ, инвестор

Фармацевтикалық өнеркәсіп

9

GMP "Қарағанды фармацевтикалықкешені" ЖШС, "Халықаралық НПХ "Фитохимия"АҚ стандарттары бойынша біртума фитопрепараттар өндірісін ұйымдастыру

2015ж.

650

Өз қаражаты

ӨИИДБ, Қарағанды қ. әкімі , "Қарағанды фармацевтикалықкешені" ЖШС, "Халықаралық НПХ "Фитохимия"

10

Индустрияландыру картасына енген инвестициялық жобалардың актуализациядан кейінгі іске асыру

2013-2015жж.

-

Өз қаражаты

ӨИИДБ, инвестор

Басқа да металлдық емес минералдық өнімдер өндірісі

11

"Kарцемент"АҚ-да құрғақ тәсілмен жылына 1,5 млн. тонна шығаратын цемент өндірісінің №5 технологиялық линиясын қосу

2008-2014жж

12300

Өз қаражаты

ӨИИДБ, Темиртау қ. әкімі, "Қарцемент" АҚ

12

Жаңа құрылыс материалдарын өндіру

(темірбетон бұйымдар)



2012ж.

234

Өз қаражаты

ӨИИДБ, Қарағанды қ. әкімі,

«Экостройсервис» АҚ



13

Темірбетон бұйымдарөндіретін зауыт «ККК Бетон» ЖШС

2015г.

1254

Өз қаражаты

ӨИИДБ, Саран қ. әкімі, , «ККК Бетон» ЖШС

14

«SAS CR-800» битумы модификаторы мен ыстық және суық қолданылатын гидроизоляциялық антикоррозиялық мастикалар шығаратын зауыт құрылысы

2012-2014жж

2599

Өз қаражаты

ӨИИДБ, Қарағанды қ.,

«Карстройиндустрия» өндірістік бірлестігі».




15

Индустрияландыру картасына енген инвестициялық жобалардың актуализациядан кейінгі іске асыру

2013-2015жж

-

Өз қаражаты

ӨИИДБ, инвестор

16

«Сарыарка» АЭА инвестициялық жобаларын іске асыру

2013-2020жж.

-

Өз қаражаты

ӨИИДБ, «Караганда-Инвест» АҚ, инвестор

Металлургиялық өнеркәсіп

17

Развитие и модернизация

«АрселорМиттал Теміртау» дамыту мен жетілдіру арқылы жылына 6 млн. тоннаға дейін болат өндірісін өсіру



2010-2015жж


133554

Өз қаражаты

ӨИИДБ, Темиртау қ. әкімі, "АрселорМиттал Темиртау" АҚ

17.1

«Linde» фирмасының кислород өндірісінің ауаны ыдырату блогы құрылысы

2012ж.

18700

Өз қаражаты

ӨИИДБ, Темиртау қ. әкімі, "АрселорМиттал Темиртау" АҚ КД

17.2

№2 домналық пешін қалпына келтіру

2012ж.

15000

Өз қаражаты

ӨИИДБ, Темиртау қ. әкімі, "АрселорМиттал Темиртау" АҚ

17.3

№3 домналық пешін қалпына келтіру

2013ж.

19500

Өз қаражаты

ӨИИДБ, Темиртау қ. әкімі, "АрселорМиттал Темиртау" АҚ

17.4

Алтыжылғалы құймаларды үздіксіз даярлайтын машина (МНЛЗ №3)

2013ж.

14000

Өз қаражаты

ӨИИДБ, Темиртау қ. әкімі, "АрселорМиттал Темиртау" АҚ

17.5

№1 газ тазалағыш конвертерді қайта қалпына келтіру

2013ж.

18600

Өз қаражаты

ӨИИДБ, Темиртау қ. әкімі, "АрселорМиттал Темиртау" АҚ

17.6

Домен газындағы қазандық станциясын салу

2012ж.

2700

Өз қаражаты

ӨИИДБ, Темиртау қ. әкімі, "АрселорМиттал Темиртау" АҚ

17.7

Алгомашиналардың салқындатқыш аймағының артындағы шаңнан тазартқыш жүйесін қалпына келтіру

2012ж.

2800

Өз қаражаты

ӨИИДБ, Темиртау қ. әкімі, "АрселорМиттал Темиртау" АҚ

18.

Катодты мыс шығаратын зауыт салу «Сары Казна» ЖШС

2012ж.

7300

Өз қаражаты

ӨИИДБ, Балхаш қ. әкімі, "Сары - Қазна" ЖШС

19.

«Көктасжал» кен орнының базасында тау-кен кешенін салу мен пайдалану


2010-2013жж


12865

Өз қаражаты

ӨИИДБ, Қарқаралы ауданының әкімі, "Алтай - Полиметаллы" ЖШС

20.

Ферросиликоаллюминия шығару бойынша ферро қорытпа өндірісін құру

2014-2015жж.

82500

Өз қаражаты

ӨИИДБ, Қарағанды қ. әкімінің, «Қарағанды кешенді қорытпалар зауыты» ЖШС

21.

Индустрияландыру картасына енген инвестициялық жобалардың өзектендіргеннен кейін іске асыру

2013-2015жж

-

Өз қаражаты

ӨИИДБ, инвестор

22.

«Сарыарка» АЭА инвестициялық жобаларын іске асыру

2013-2020жж

-

Өз қаражаты

ӨИИДБ, «Караганда-Инвест» АҚ, инвестор

Машина жасау

23.

«Пархоменко атындағы Қарағанды машзауыты» ЖШС-де жүк вагондарына ірі құймалар өндірісі - жылына 15 мыңдана

2008-2012жж


3130

Өз қаражаты

ӨИИДБ, Қарағанды қ. әкімі, «Пархоменко атындағы Қарағанды машзауыты» ЖШС

24.

"ҚазАвиаСпектр" ЖШС-де ауыл шаруашылығына арналған сериялық ұшақтар өндірісін ұйымдастыру - жылына 36 ұшақ

2010-2013жж


1648

Өз қаражаты

ӨИИДБ, Қарағанды қ. әкімі, "КазАвиаСпектр" ЖШС

25.

«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС КЛМЗ филиалында БелАЗ техникаларын жинау мен жөндеуді ұйымдастыру және бөлшектерін шығару

2016ж.


10500

Өз қаражаты

ӨИИДБ, Қарағанды қ. әкімі, ТОО «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС КЛМЗ

26.

Технологиялық газдарды тазалауға арналған құралдар шығаратын зауыт салу «AbsalutEcology» ЖШС

2010-2013жж


12600

Қарыз қаражаттар

ӨИИДБ, Қарағанды қ. әкімі , инвестор

27.

Индустрияландыру картасына енген инвестициялық жобалардың актуализациядан кейінгі іске асыру

2013-2015жж

-

Өз қаражаты

ӨИИДБ, инвестор

28.

«Сарыарка» АЭА инвестициялық жобаларын іске асыру

2013-2020жж

-

Өз қаражаты

ӨИИДБ, «Караганда-Инвест» АҚ, инвестор


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет