Болтаева ә. М


-кезең. Алынған мәліметтерді интерпретациялау



Pdf көрінісі
бет44/102
Дата27.09.2024
өлшемі2,94 Mb.
#205217
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   102
Байланысты:
2022 Болтаева А.М. ОПНИ кітап

6-кезең. Алынған мәліметтерді интерпретациялау.
Контент-анализ әдісінің түпкі мақсаты - текстен тыс шындыққа жету, яғни
құжаттегі текст негіздерінде оны талдау нәтижесінде, біз нақты адамдар мен 
құбылыстар жалпы қорытынды жасаймыз. 
3. 4. Эксперимент әдісі 
Эксперимент термині
 
латынның 
«experimentum»
(үлгі, тәжірибе) сөзінен 
шығып, ғылыми қалыптасқан тәжірибе ретінде түсіндіріледі. Арнайы жағдайда
құбылыстарды зерттеу, бақылау, және оны қайталау кезінде де тура сондай нәтиже 
алуға бағытталған зерттеу әдісі. Бұл зерттелетін объекті әрекеті көрсеткіштерінің
тапсырылатын және бақыланатын әсерлер нәтижесінде өзгеруі туралы ақпарат
алу әдісі.
Психологиялық 
эксперимент
– 
зерттелушілердің 
психикалық 
ерекшеліктерін зерттеуге бағытталып, экспериментатормен ұйымдастырылатын 
зерттелуші мен экспериментатордың ортақ іс-әрекеті. Ортақ іс-әрекетте 
ұйымдастырушы және бағыттаушы процесс қарым-қатынас болып табылады
18

Эксперимент-әдісінің эмпирикалық әдістерден негізгі ерекшеліктерінің бірі - 
экспериментатор белсенділігі, яғни қандай да бір эксперименттік әсерлердің 
енгізілуі. Сондықтан да эксперименттік әсерге дейінгі 
тәуелсіз айнымалы
, ал 
оның салдары немесе нәтижесі 
тәуелді айнымалы
 
деп аталады. Ал, 
эксперименттік салдардың өзгерісіне әсер ететін қосымша факторлар 
қосымша 
айнымалылар
деп аталады.
18
Кэмпбелл Д. Модели экспериментов в социальной психологии и прикладных исследованиях. 
М.: Прогресс, 1980. 392 с.


50 
Эксперименттік әсерлердің оның салдары мен байланысын көрсететін немесе 
екі айнымалылардың қатынасы каузальды (себеп –салдары) болатынын бекітетін 
мындай 3 шартты естен шығармау қажет:

Уақыт бойынша кезектесушілік шарты, яғни эксперименттік әсер уақыт 
бойынша оның салдарының немесе әсерінің алдында болуы керек.

Эксперименттік әсер мен оның салдары арасында статистикалық байланыс 
болу керек. Егер әсер мен эффект бір–бірімен байланыста болмаса, онда олар 
бір–бірлеріне себеп болуы мүмкін емес. Мұндай сәйкестене өзгеруді тексеру 
үшін статистикалық көрсеткіштер қолданылады. Сөйтіп статистикалық
көрсеткіштер сүзгі (фильтр) әрі реттегіштік қызметін атқарады.

Салдардың қалыптасуына әсер ететін эксперименттік әсерден басқа шындыққа 
жақын баламалы түсіндірмелер болмауы қажет.
Мақсаты -
зерттелетін құбылыстар арасындағы себеп-салдарлы байланыстар 
туралы ақпаратты анықтау, әлеуметтік процесс тенденцияларының заңдылықтары
қасиеттері нақты білім алу, жаңа жетістіктерге жету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет