«Проблеманы
айқындау» кезеңі
(лекцияның мақсаттарын
негізігі
идеяларын.
сұрактары мен
тусініктер нақты
айқындалып
студенттерге ұсынылады.
Жеке жұмыс
Топтық(немесе жұптық) жұмыс
|
Сауат ашу пәні – жалпы білімнің негіщін құрайтын, білім алушылардың оқу және жащу дағдыларын қалыптастыратын маңызды пәндердің бірі.
Студенттерге тапсырма:
Сауат ашу сабақтарына қойылатын негізгі талаптар:
Сауат ашудың негізгі мақсаты – болашақ ұрпаққа терең білім мен өнегелі тәрбие беру, сол арқылы оларды өмірге, өз Отанын, ел-жұртын шексіз сүйе білуге тәрбиелеу.
Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті – балаға хат таныту, яғни оған оқу мен жазуды үйрету.
А.С.Мухина мектеп табалдырығын жаңа аттаған балада кездесетін қиыншылықтың үш түрін көрсетеді: біріншісі, жаңа мектеп тәртібінің ерекшелігіне байланысты (уақытында оянып тұру, сабақты тастауға болмайтыны, барлық сабақтарда тыныш отыру, үй жұмысын орындау т.б.).
Екіншісі, баланың жаңа мұғаліммен, сыныптастарымен және отбасындағы қарым-қатынасқа байланысты туындайды. Мұғалімнің барлық мейірімі мен жақсы қарым-қатынасына қарамастан, ол оқушылар үшін қатаң талаптарды қоятын, тәртіп орнататын, үстемдік көрсететін бағыттаушы, басқарушы. Ол үшін оқушы мұғалімнің беделін сезінуі қажет. Осыдан барып, көбінесе бірінші сынып оқушысы, жаңа ортаға бейімделе алмай, жалғыздық сезімде болады.
Үшінші жағдайда баланың мектепке баруымен байланысты отбасындағы ролі де өзгереді. Балаға жаңа міндеттер мен жаңа құқықтар міндеттеледі (оқушының үй жұмысын жасауда өзіндік орны, уақытының бөлінуі, оның күн тәртібімен санасуы т.б.) оқу бағдарламаларының талаптарын орындау , мектептің ішкі тәртібін сақтау үлкендердің айтқандарын екі етпеу сияқты қатаң ережелер шеңберіне түседі. Енді оның субьектілік белгілерінің даму мүмкіндігі азая береді. Өйткені дәстүрлі мектептің мақсаттарын шешу үшін мұғалімнің айтқанын дұрыс тыңдап , тура сол түрде айнытпай айтып беру , тапсырманы қатесіз орындау жеткілікті. Белгілі үлгіден ауытқу , басқа шешім іздеу талап етіле бермейді.
|