Бөрлі аудындық саз мектебінің оқытушысы Құмарғалиева Эльмиранның ашық сабағы. «Төменгі сынып оқушыларымен жұмыстану»



бет2/5
Дата21.07.2017
өлшемі1,64 Mb.
#21567
1   2   3   4   5


Қорқыт Ата туралы аңыз

Аңыз бойынша, анасы Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Жылына бір рет толғақ қысып отырады екен. Қорқыт дүниеге келер алдында әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады. Сұрапыл қара дауыл соғып, ел-жұртты қорқыныш сезімі билеген. Осыған орай баланың атын “Қорқыт” деп қойған дейді. Қорқыттың күйі « Қорқыт»



Жан дүниеңді тербетеді толқытып,

Бұл аспаптың естігенде саз үнін.
Қорқыт бабам тіл бітірген, қай аспап?
Бұл, әрине, қасиетті қобызым


Қобыздың шығу тарихы

  Қобыз – ежелден келе жатқан аспап. Халық аңызы мен Орта Азия ғалымдарының кейбір деректеріне қарағанда, VIII-IX ғасырларда қобызды Қорқыт жасаған және оған алғаш рет күй шығарып тартқан деседі.

Қорқыттың қобыз аспабын ойлап табуы жөнініде мынадай аңыз бар: «Қорқыт жасынан өте ұғымтал, құйма құлақ болып өседі. Сол кездегі аспаптардың бәрінде ойнайды екен. Алайда ол оған қанағаттанбай, адам мен жануардың үнін, табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін жаңа бір аспап жасағысы келеді. Он ойланып, тоғыз толғанады. Қарағай ағашын кесіп әкеліп, одан бір нәрсенің жобасын жасайды. Бірақ әрі қарай қалай, не істерін білмей қиналады. Күндер осылай өте береді. Бір күні шаршап отырып, көзі ілініп кетіп, түс көреді. Түсіне періште енеді. Ол балаға: «Қорқыт, жасаған қобызың 6 жасар нар атанның жілігіндей екен. Енді оған нар терісінен жасалған шанақ, ор текенің мүйізінен ойылған тиек, бесті айғырдың кұйрығынан тартылған қыл ішек жетпей тұр. Осылар болса, аспабың сайрағалы тұр екен» — деп кеңес береді. Қорқыт ұйқысынан ояна салып, осы айтылғандардың бәрін жасайды.
Қарағайдың түбінен

Қайырып алған, қобызым.

Үйеңкінің түбінен

Үйіріп алған қобызым.

Желмаяның терісін

Шанақ қылған, қобызым.

Ортекенің мүйізін

Тиек қылған, қобызым.

Бесті айғырдың құйрығын

Ішек қылған, қобызым.

Құлағыңды бұрайын

Осы айтқаным болмаса,

      Қайырып жерге ұрайын,

- деп қобызды қолына алған кезде, аспап боздап қоя беріпті. Қобыз үнін бар табиғат, ұшқан құс, ескен жел, жүгірген аң – бәрі тоқтай қалып, құлақ түре тыңдапты».(М.Жарқынбаев. Қорқыт. Өнер, 1987 ж.)

«Ұшардың ұлуы» күйін тыңдату.

Қобыз – таңқаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембрлі аспап. Біреулер оны құс даусына ұқсатады: «Оның дауысы аспаптың ішегін аттың жалынан керілген қылдан тартылған еспе ысқышпен үйкелегенде аққудың үніне ұқсас дауыс шығады» – дейді (П.Паллас). Енді біреулер қобыз үнін адам даусына ұқсатады (Б.Сарыбаев) ащы, зарлы, өксікті үн шығарады деген де пікір айтады (И.Гмелин).



Қылқобыз екі ішекті 40-қа тарта аттың ұзын қылы керілген ысқышы бар аспап. Қылқобыз аталуы да осыдан болар. Қобыз үнінің төмендеп қайта жоғарылап дыбыс шығаруы – ішектеріне саусақтың ұшын ғана тигізіп, сәл ғана басып шертіп, керілген қылды ысқышпен үйкеп ысқылап тарту арқылы ысқышты аспапқа «іліп қойғандай» етіп көлденең ұстап ысқылап сүйкеп-сүйкеп жібергенде флажолетті обертонды қою-қошқыл  сазды мұңлы болып шығады

Қорқыт Ата ескерткіші – сәулет өнерінің айрықша үлгісі. Қызылорда облысы, Жосалы кентінен 18 км жерде, Қорқыт станциясының түбінде (1980). Авторлары –Б.Ә.Ыбыраев, С.И.Исатаев. Қорқыт Ата ескерткіші темір бетоннан жасалған биіктігі 8 метр, 4 тік стеладан тұрады. Әрбір стела әр тарапқа қаратып тұрғызылған құлпытастарға ұқсайды. Жоғары жағы кеңейе келіп, шөміш пішінінде түйісетін стелалар қобыз бейнесін де меңзейді. Түйісер түбіндегі орталық тесігінде 40 металл түтік бар. Олар жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шығарады.

Қорқыт Ата мазары

Қорқыт Ата мазары – тарихи сәулет өнері ескерткіші. Шамамен 9 – 10 ғасырларда қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қорқыт станциясынан 3 км жерде Қорқыт әулиеге тұрғызылған. 1925 жылдан опырыла бастап, 1952 жылы Сырдария өзені шайып кеткен. Қазір орны белгісіз. Мазар 19 ғасырдың соңында Ә.Диваев, И.А. Кастанье, П.И. Лерх зерттеулеріне негіз болған. Бізге “Түркістан альбомы” жинағында жарияланған фотосуреттер арқылы жеткен.

Қыл қобыз орындаушылары

Жаппас Қаламбаев 1909 жылы Шымкент облысының Созақ ауданының «Талап» колхозында дүниеге келеді. Жаппас Қаламбаевтың қыл­қобызда орындаған "Жезкиік", "Қасқыр", "Мұңлық-Зарлық", домбырада орындаған "Тоғыз тарау", "Жұман", "Аққу" күйлері мен өзінің "Марш" күйі, "Кең өлке" әні, "Күй толғау" романсы қазақ музыкасының алтын қорына қо­сыл­ған айтулы шығармалар болып есептеледі. Жаппас Қаламбаевтың қазақтың музыка өнеріне сіңірген еңбегінің негізі Қорқыт пен Ықылас, Сүгір күйлерін қобыз ша­нағы­на түсіріп, қайта жаңғыртып жеткізе білуінде жатыр. Дәулет Мықтыбаев аты аңызға айналған атақты күйші Ықластың ұрпағы. Ол 1904 жылы Қорғалжын ауданы Ақмола облысында дүниеге келеді. Д.Мықтыбаевтың қобызға арнап шығарған.


 «Қоңыр» күйі , «Аққу», «Қасқыр», «Сары дала» т.б. Д.Мықтыбаевтің орындауында «Сары дала» күйін тыңдау.

Бағзыдан қалыптасқан халық өнерінің ғұмырын жалғап жүрген жас қобызшы Ақерке Тәжібаева бүгінде ұлт мәдениетінің дамуына өз үлесін қосып жүр. 



Оқушылардың алған білімдерін «Қобыз» сөз жұмбағымен бекітіп өтіп, А.Тәжібаеваның «Анаға сағыныш» күйін тыңдату.

С ө з ж ұ м б а қ














Қ






















о

























р



















қ



















ы






















т










Сұрақтар?

1.Қорқыттың күйі?

2. Қорқыт ата кітабында қанша дастан бар?

3. Кімнің еңбегінде Қорқыт ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда өмір сүрген деген ой айтылды?

4. Қорқыттың әкесі қай тайпадан шыққан?

5. Жер кіндігін тапсаң, тірі қаласың дегенді естіп Қорқыт қай жерге келді?

6. Ортекенің мүйізінен Қорқыт не жасады?

  «Қазақтың жанымен жаралған, заман ағымымен арпалысып, бүгінгі қазақ даласында сарнаған қобыз үні өшпесін» деп сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Ашық сабақ: Облыстық семинар 26.04.2013жыл
Сабақтың тақырыбы: «Қобыз аспабында ойнауды жетілдіру»
Оқушы: Дендербаева Айя 4 сынып.
Сабақтың мақсаты: Оқушыға шығармадағы кездесетін қиын тұстарын меңгертіп, ойнау шеберлігін арттыру.

Білімділік мақсаты: Қобыз аспабын еркін игеру, музыкалық

сауатын ашу және аспапта ойнауын жетілдіру.



Дамытушылық мақсаты: Оқушының ой - өрісін дамытып,

қызығушылығын арттыру.



Тәрбиелік мақсаты: Оқушының сана сезімін,ақыл-ойын дамыту.

Шығарманы түсініп, сезініп ойнауға тәрбиелеу.



Қолданылатын көрнекіліктер: Қобыз аспабы, фортепиано аспабы,

Қорқыт және Ықылас слайдттары, видео: Италияның ұлттық биі "Тарантелла".


Сабақтың түрі: дәстүрлі - аралас сабақ.
Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІY. Қорытынды.

Y.Үйге тапсырма беру.

YІ. Бағалау.
Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Аспапты (қобыз) құлақ күйіне келтіру, қөрнекіліктерді дайындау, оқушының құралдарының даярлығына назар аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

A dur гаммасын 2 октавада ойнау, штрихтар: деташе, легато, стакатто, арпеджио ойнау.

1.А. Жұбанов кім?

2.Қандай шығармалары бар?


3.А.Жұбанов «Көктем» шығармасын жатқа ойнайды. Шығарманы талапқа сай, өз ырғағымен орындауға тиіс.

4.Үй тапсырмасының қателіктерін түзеп, нұсқаулар беру.


Ахмет Жұбанов (1906-1968)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет