ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың тақырыбы: «Қобыз аспабында ойнауды жетілдіру»
Сабақтың материалы: Е.Үсенов «Күзгі әуен».
Бұл шығарманы талдамас бұрын, автордың өмірбаянын қысқаша баяндау.
Ермұрат Үсенов 1952ж. Алматы облысы, Кеген ауданы, Талды совхозында дүниеге келген. 1970-1977ж. Алматы Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясын алдымен домбыра мамандығын, кейін музыка зерттеу мамандығы бойынша бітірген. 1978 – 1981 ж. Жезқазған училищесінде, 1983 –1990 ж. Фольклорлық этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінде домбыра тобының жетекшісі, 1990 – 1994 ж. Алматы музыка училищесінің бөлім меңгерушісі, 1994 жылдан «Салтанат» өнер ұжымында көркемдік жетекші және бас дирижер болып қызмет атқарған. Саз сырнай мен оркестірге, домбыра, қобыз аспаптарын фортепиано сүйемелденуімен, көптеген ұлт аспаптар және симфониялық оркестрге арналңан шығармалары бар.
Шығармалары: «Арбакеш», «Балдырған биі», «Жігер», «Дала таңы», «Қазақ өрнектері», «Майра», «Қуыршақтар биі», «Қазақстан гүлдері», «Маусымжан», «Қосбасар 1, 2 », «Поэма», «Түрік әлемі», «Толғау», «Шәмші дастан», «Күзгі әуен» және т.б. Қазақстан композиторлары шығармашылығы сайыстарының 1979 жылы 1 орын жүлдегері, 1995 жылы ІІІ орын жүлдегері аталды.
Шығарманың өлшемі: 2/4
Екпіні – асықпай, ойлана.
Тональдығы – c - moII
Шығарманы ойнамас бұрын c- moII гаммасын екі октавада І позициядан ІІ позицияға ауысу арқылы ойнаймыз, шығармадағы кездесетін штрихтарды ойнаймыз. Шығарманы талдамас бұрын, өзім ойнап, оқушыға тыңдатамын.
Шығарма 3 бөлімнен тұрады. Шығарманың 1 бөлімін нотамен талдап, кездесетін штрихтармен жұмыс жасаймыз. Санап, саусақтарды дұрыс қойып, дыбыстарды таза алу керек.
ІY. Қорытынды.
1.Е.Үсенов кім?
2.Қандай шығармалары бар?
3.Э.Мецекаппо «Тарантелла» шығармасын ойнау.
Y. Үйге тапсырма.
1. Е.Үсенов туралы оқып келу.
2. «Күзгі әуен» шығармасының 1 бөлімін нотамен ойнап келу. Санап, дыбыстарды таза алып ойнау.
YІ. Бағалау.
Оқушы сабаққа өте жақсы дайындалған, 5-тік баға қойылды. Осымен сабақ аяқталды.
Шәкірттерімнің жетістіктері:
Достарыңызбен бөлісу: |