Қобызшылар ансамблі
ІХ Республикалық «Ақ көгершін» конкурсының лауреаттары.
Алматы 2012ж.
Қорытынды
Қазақ халқының музыкалық қазынасы үшінші мыңжылдықтың алғашқы кезеңіне дейін өзінің сан қырлы көркемдік сипатымен сақталынып, көшпенділердің рухани – эстетикалық талғамдарына сәйкес ұлттық менталитетіміздің сарқылмас бұлағына айналуда. Көне музыкалық – поэтикалық үлгілер – бабалардың ұмытылмас даналығы, ғасырлардың өшпес үні. Теңдесі жоқ рухани байлығымыз ауызекі түрде қалыптасып, әр заманда сұрыпталып, тек өзіне тән сұлу да сүйкімді әуенімен, қайталанбас ұлттық ерекшеліктерімен, сан түрлі колорит – бояларымен 21 ші ғасырда өз жалғасын табуда.
Қобыз аспабын оқыту, біріншіден, көп жылғы педагогикалық ғылыми методика саласындағы Д.Тезекбаевтың еңбегінің жетістігі болды десек, екіншіден, осы аспаптың эксперементтік дамуының іс жүзіндегі айтарлықтай табыстарға қол жетуі болды. Бұл салада көп жылдан бері қажымай еңбек етіп келе жатқан аспап жасаудың майталман шебері А.Першиннің еңбегін атамай кетуге болмайды. Қобыздың табиғатын ашу, оның сырларына терең бойлау үлкен табыстарға бастайды.
Қорыта айтқанда, қазақтың төл ұлттық аспабы бүгінгі мәдени өміріміздің талабына сай жетілдіре түсу мен үн сапасына арттырудың музыкалық - оқу процесінде алар орны ерекше. Болашақ маман музыканттар тәрбиелеу музыка мектебінің бастауыш сыныптарының табалдырығынан басталады. Музыка мектептерінің оқу- методикасын жақсарту - ұлттық өнерді дамытудың өзекті мәселелердің бірі. Жас ұрпақтарға эстетикалық тәрбие, музыкалық білім беру саласындағы балғындарды ұлттық өнерге баулу мақсатында оқушыларым үлкен жетістіктерге жетуде.
Ұлы әрі данышпан ақын атамыз Абайдың: Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй. – деген өлең жолдарын қағида етіп ұстауға болады. Әр сабақ сайын өтілетін тақырыбқа байланысты,сабақтың мақсатына қарай музыкалық шығармаларды тиімді қолданған жөн. Оқушыға ән-күй арқылы ұлттық қазыналарды бойына құйып, өнерін жоғарыдан бағалап,музыка арқылы өнердің қыр- сырын таныту қажет. Шығармашылық жұмыс табиғаттың төлперзенті адамның көңіл күйі, ой-толғам, болмысына, сыртқы дүниені танып білу, ұмтылу мүмкіндігіне байланысты. ?????????????
Жүсіпбек Аймауытовтың «Сабақ беру - үйреншікті жәй шеберлік емес, үнемі жаңаны табатын өнер» - дегендей, үнемі жаңалыққа ұмтылып, тәжірбие алмасып, оқушы шығармашылығын арттыру оқытушылық міндетім.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Б.Қосбасаров «Қобыз өнері». Алматы «Санат» 2001ж.
2. Д.Тезекбаев . «Қобыз үйрену мектебі». Алматы 1980ж.
3. Қоңыратбаева А.БайділдаевМ.
«Қорқыт ата кітабы» Алматы: Жазушы, 1986ж.
4. Бекенов.У. «Өркен жайған қобыз өнері». - Алматы «Мектеп»,1980ж.
5. БекеновУ.Күй табиғаты. - Алма-ата: Өнер, 1981ж.
6. Қосбасаров Б.Қобыз сазы.-Алма-ата:Өнер,1983
7. ЖұбановА.Ғасырлар пернесі.-Алматы:Дайк-Пресс,2001ж.
9. Ғ.Шілдебаева «Ғасырламен үндескен қобыз» Астана 2006ж
10. З.Бисембаева «Қобыз аспабын үйретуге арналған оқу – әдістемелік
құралы» Алматы 2006ж.
Достарыңызбен бөлісу: |