Ботагариев Т. А


Ұжымдастыру кезеңінен Ауғанстан соғысына дейін



бет11/18
Дата08.06.2018
өлшемі1,77 Mb.
#41501
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18

Ұжымдастыру кезеңінен Ауғанстан соғысына дейін.

1935ж швед шығыстанушысы, дипломат Гуннар Ярринг Ауғанстанда болып, елдің солтүстігінде Кіші жүз қазақтарымен кездеседі. Оның мәлімдеуінше қазақтар Акче мен Андхой аудандарында өмір сүрген. Бірақ олардың көбін шығысындағы Ханабад округінен кездестіруге болады. Батыста Құндыз өзенінен Бурхан-уд-Диннің зерттеуінше, 200 үй қазақ Чахар-дара деп аталатын ауылдық жерде тұрған. Ал Ауғанстанның солтүстігі , яғни Ходжа Саларға жақын жердедегі қазақ тұрғындары туралы 1820 жылы Муркрофот және Требек айтып өткен.

Ауғанстандағы қазақтар жөнінде терең мәліметтерді Франц Шурман өзінің «Ауғанстан монғолдары» монографиясында келтіреді: «Ауғанстандағы қазақтардың көп бөлігі ССР қашқындары болып табылады, олардың негізгі көп бөлігі Ханабад және Андхой қалаларында тұрған және қала люмпенпролетарят категориясына жатқан. 500-дей қазақтар Гераттағы Казах-Сарай деп аталған жерде тұрды.Франц Шурманның мәліметінше қазақтардың аталған топтары Амударияға жақын Қара-көл мен Дивани Багх маңындағы Қызыл-рабаттан қашып келген.Осы қазақтар 19 ғасырдың ортасына дейін түркімен тайпасы-иомудтармен сыйыспай Қарақұм аумағында көшіп жүрген.Ұжымдастыру басталған кезде қазақтардың тобы Қызыл-Рабатты тастап Керкеге келеді. Ауған шекарасыннан өткен қазақтар Андхойға келеді,онда 1 жыл тұрақтаған қазақтарды 1929ж ауған билеушілері Нимруз провинциясындағы Чахансурдың оңтүстігіннен жер бөліп береді.Бұл жер ауған билеушілеріне қажет емес жер еді. Информатордың мәліметінше қазақтардың көбі бұл жерге барудан бас тартып, Түркістанға қайтып келген.Чахансурде қалған қазақтар ыстыққа шыдай алмай өліп қалған.Чахансурде 1-2жыл тұрған қазақтар бұрын көп жыл тұрған Герат ауданына оралуға рұқсат алды. Олар Гератта жүн өңдеумен және сатумен, аз бөлігі қолөнермен айналысты. Сәуір революциясы алдында 1978 ж Кабулдағы кейбір қазақтар өз қолында бүкіл бакалеялық сауданы өз қолында ұстады

1960 ж қазақтар Ауғаныстандағы Акче, Андхой Ханабад, Құндыз, Бағылан және Герат провинциясы мен Фарах облысында тұрған. Кеңес дерек көздерінде ұлы қазақтардың тек Ауғаныстан аудандарында тұрғаны айтылып, оларды саны туралы мәлімет жоқ

Американ дерек көздерінде 1978 ж ауғаныстандағы қазақтардын саны 20 мынға жуық деп көрсетілді. Швед орталығының Упсалы университетінің мульти этникалық зерттеулері бойынша 1978 ж Ауғаныстандағы қазақтар саны 24 мын адамға жетті, бірақ кеңес жасақтары осы елге енгізіп және әскери қимылдардын бастауы кезінде ауғаныстанды 10 жыл шамасында мекендегендер үлкен топ қырғыздарымен бірге елді тастап Пакистандағы қашқындар лагеріне және 70 мыңдай отбасы Турцияға қашқан ҚР –дағы репотриациядан кейін 300 мын жанұя ҚР қайта оралды.


Диаспора: Дуглас Маккернан және оның құпия өлімі.
1950 жылы 15 наурызда Гозкөл ауданында Құсайын Тәйжі мен Әлібек Кәкім үйінде қонақ болған Үрімжіге келген АҚШ-тың Вице-елшісі Дуглас Маккернан еді. Ол елге Қытай коммунистік Сегізінші армиясы басып кірген, 1949 жылы 11 қыркүйекте кетіп тынды Үрімжіден Газкөлге дейін ат немесе түйеде 14 күде жетуге болады. Макернан жолда 5 ай жарым болды қасындағы америкалық Франк Бессак 1949-50 ж. қыста олар лагерьде өмір сүретінін жазды.

Мәнжүр Тәйжінің айтуынша Д.Маккернан Газкөлде Құсайын Тәйжінің үйінде қонақтаған.

Д.Маккернан Әлібек Кәкіммен жақсы таныс болған және Алтын тауды арқылы Тибет шекарасына жету үшін ат пен бірнеше кісі сұраған. Жолаушылар жолға шығып Дуглас Ә.Кәкімге 5 доллар беріп және тағы да кездесетінін туралы айтып, Газкөлді артқа тастады. Алайда 1 аптадан соң, Әлібектің жіберген 2 кісісі қайтып келіп, досының 3 күннен кейін оларды жіберіп қойғанын айтты.

Әлі күнге дейін Дугластың өмірге тұрарлық бұл шешімі жауапсыз қалып отыр. Оны 1950 жылы Тибетте Тибет шекарашылығы мерт қылған Далай-Ламаның бұйрығымен Д.Маккернанды Тибетке кіргізуге құқылы болып, алайда бұйрық бұл жерге және сол уақытқа жетпеген болуы керек. Екінші америкалық Франк Бессак аман қалған. 1952 жылы қаңтарда Сарай Софакедел лагерінде болып, қытай коммунистерінен қорғану үшін Кашмирге қашқан Құсайын Тәйжі өзінің америкалық досының тағдырын білгісі келіп, Ирандағы Америка елшілігіне және бұл Үрімжіге Америка елшісі болған. Дж .Хол Пәкстанға хат жіберді. 1952 жылы 11 ақпандағы хатта Макарненаның 1950 жылы көктемде Тибет шекрасында өлтірілгені туралы айтылады.

Годфри Лиас бұны Қытай өкіметінің провокациясы деп түсіндірді. Ал оны көргендер былай түсіндіреді: шекарашылар тек бір американдықты айттты. Д.Макарнен Қытай коммунистері үшін аса қауіпті болды. Себебі ол Шыңжандағы барлық шынды оқиғаларды білді. Қазақтар Үнді мен Пәкістанге Тибет арқылы қайтканда олар Д.Макернанның ойы жайлы білмей, керісінше Д.Макернан оларға Индостан түбегі арқылы өтуге көмектеседі деп білді. Алайда бәрі де басқаша болды.
Орталық Азиядағы Орыс –Қытай мемлекеттік- шекаралық қатынастары.
ХІХ ғасырдың бірінші ғасырында Ресей Қазақстан мен Орта Азияны отарлап, Ресейдің жаңа жер иеліктері Қытайдың Цинь империясының иеліктеріне дейін жетті. Ол мемлекете аралық кейбір мәселелердің, атап айтсақ, орыс – қытай сауда қарым-қатынасының , Орталық Азиядағы шекаралық жер мәселесін шешу жағдайы туды.

1860 жылдың 2 қарашасында Пекин келісім шарты Ресей мен Қытай арасындағы Орталық Азияда шекаралық қатынастарды реттеу үшін алғашқы ресми құжат болып қабылданып, ол 1864 жылы Чугучак протоколында нақтыланды. Пекин келісімінің екінші бабында шекаралық сызық көрсетіліп, ол Енисейдің арнасынан өтіп арнайы ежелгі қойылған белгі Шабин-дабагадан Том және Енисей генерал – губернаторлығының шекарасына дейін, оңтүстік- батыста Зайсан өзені , Жоңғар Алатауы, Іле өзенін кесіп өтіп, сосын Тянь-Шаньнан Қоқан билігіне дейін жетті.

Батыстағы екі ел арасындағы шекара сол жерде Қытай күзетші қақпасы көп уақыт бойы тұрғанымен әлі де шешілмегендігі жөнінде 1860жылғы Пекин шартының екінші бабында айтылған.

Бұл қақпалар Цин империясының Жоңғар хандығын жаулап алғанынан кейін біріншіден, аймақтың қазақ көшпенділері мен басқа халықтарының ішінде өздеріне қарсы күш ұйымдастырмау үшін , екіншіден, Аспан асты империясына бағынбаған қазақтарды көшпенділер территориясына енгізбеу үшін пайдаланылды. Цинь империясы жаулап алған жерлерінің солтүстік батыс – бөлігінде үш түрлі күзет қақпасын қойды:жыл бойғы, маусымдық немесе альтернативтік, уақытша немесе арнайы. Осы пикеттердің қандай да болмасын территорияда орналасуы және кейін қытай тарихшылары билеуші таптың саяси нұсқауын орындап сол жерлерді Қытай мемлекетінің территориясына енгізуі Орталық Азияның халықаралық тарихына түсініксіздіктер әкелді.

1864 жылы 25 қыркүйекте Чугучак протоколында екі мемлекет арасындағы жер бөлінісі өте нақты өткізілді. Ресей мен Қытайдың Орталық Азиядағы шекаралық –мемлекеттік бөлінісі сол жерде тұратын халықтың экономикалық, этнопсихологиялық, саяси жағдайына қарап емес, географиялық принцип бойынша бөлінді. Оны Чугучак келісімінің 5- пункті көрсетеді: «Екі мемлекеттің достық қарым-қатынасының арқасында екі мемлекеттің қазіргі иелігіндегі жерлердің халқын сол тұрған жерінде қалдырып, өмір сүре берсін, қай мемлекеттке көшпенді ел түссе, жерімен бірге адамдарын да сол мемлекет басқарады. Егер қандай да болмасын себеппен тұрғындар екінші жаққа өтіп кетсе , ол кейін қайтарылсын, және шекарада ешқандай түсініспеушілік , белгісіздік болмасын». Осының нәтижесінде Қытайда қазақ ирреденті пайда болды .

Ресей мен Қытай арасындағы Орталық азиядағы мемлекеттік шекара бірнеше рет өзгертілді. Чугучак келісімінен кейін бірнеше жылдан соң 1864 ж. басталған Синцзяньдағы халықтық –азаттық қозғалыстан кейін , Ресей шекара белгісін өзгертуді ұсынды . Соның нәтижесінде 1869 ж. Хобда келісімі, 1890 жылы Тарбағатай келісімі жасалды.



Якуб –бектің мемлекеті мен «Іле сұрағы» Орталық Азиядағы Ресей мен Қытай арасындағы территориялық-мемлекеттік жер бөлісуде маңызды рөл ойнады.Синьйзяндағы нехан халықтарының (дүнген, ұйғыр, қазақ ,қырғыз және т.б.) Цинь империясына қарсы Халықтық – азаттық көтерілісі дүниежүзілік қауымдастыққа естіліп, Орталық Азиядағы оқиғалар мен қарым-қатынастардың дамуына әсерін тигізді. 1864 жылы 7 маусымда Кучар қаласында дүнгендер бастаған көтеріліс бүкіл Синьцзянға тарап , оған бүкіл нехан халықтары қатысты. Көтерілістің нәтижесінде Синьцзяндағы Манчжоу- го әскери – бюрократтық билігі құлады. Осы оқиға билеушілердің сол кезеңде қытай үкіметіне көмектесетін әскери күші жоқ екенін, Қазақстан мен Орта Азия халықтарының түсініспеушілігіне алып келетінін сезіп, қауіптенді. Цинь үкіметінің манчжурға қарсы көтеріліске шығушыларды басуға көмек сұраса да, Ресей үкіметі Цинға қарсы күресте араласпау саясатын ұстанып көмек бермеді. Соның нәтижесінде 1865 жылы Манчжоу-го билігі жойылды.

Синьцзянда ұйғырлаР мен дүнгендердің бірнеше тәуелсіз мемлекеттік ұйымы пайда болды: орталығы Қашқар болған Йеттышаар, астанасы Құлжа болған Тараншы хандығы және орталығы Үрімші болған Дүнген сұлтандығы. Шығыс Түркістанның біраз бөлігінде орналасқан Йеттышаар мемлекеті әскери күші жағынан үлкен және күштірек болды. Мұндағы билікті қоқандының бағыныштысы, арнайы цинь империясына қарсы жіберілген аз жалдамалы әскері (68) бар Андижандық Мухамед Якуб-бек алды (1820-1877).

Якуб-бек Синьцзянь саяси сахнасына 1865 жылы ақпанда шықты. Қашқарияда Якуб-бектің билікті өз қолына алуына бірнеше себептер бар : біріншіден, Шығыс Түркістан халқы ұстанған мұсылман дінін қолдауы; екіншіден Манчжоу-го билеушілерінің апиын соғысының кесірінен (1839-1842)бұл жерді билей алмауы, 1858жылы Ағылшын-француз әскерлерінің Кантонды жаулап алуы, 1860 жылы Пекинді француз – ағылшын әскердерінің жаулап алуы, Тайпин көтерілісі (1850-1864); үшіншіден Ресей империясының солтүстік–батыс Қытайға, Орталық Азия аймақтарына әсері. Нәтижесінде Қазақстан, Орта Азиялық мемлекеттер және Синцзянь жапсарында 12 жыл өмір сүріп тек қана Қытай емес, Ресей мен Ұлыбритания санасатын мықты мұсылман мемлекеті құрылды.

1872 жылы дана саясаткер Якуб-бек жаңа мемлекетті мойындау үшін Константинопольға елшілік жіберді , ол ислам факторын пайдаланып өз билігін мойындатуға тырысты. Константинополь оған өзінің әскери миссиясын жіберіп, 1873жылдың басында мұсылман әлемінің өкілі ретінде-Якуб-бек мемлекетін мойындады. Қашғарияның жаңа басшысымен Оттомон империясынан басқа Ұлыбритания мен Ресей мемлекеті де көпжақты саясат(әскери және саяси) ұстанды.

Якуб-бек пен Ресей арасындағы қатынас төмендегідей қалыптасты.Қашғарияға билік басына келген сәттен бастап-ақ Якуб-бек ағылшын агенттіктерінің шебер араласуымен өзінің батыс көршісіне жек көрушілікпен қарады. Оның Ресейге қарсылығы Қоқанды, Тарашы хандықтарымен болған оқиғалардан көрінді. Ресейге Қашқардан гөрі Іле аймағы құнды еді, өйткені аймақтың жерінің құнарлығы мен маңызды орыс саудасының жүргізілуі империяға Іле (Құлжа ) өте керек болды. 1866 жылы қаңтарда Іле аймағын Абил-оғлы сұлтан басқарған дүнгендер басып алғаннан кейін өте тұрақты емес жүйе қалыптасты. 1870 жылы екі этникалық топ арасында келіспеушілік басталып, сауда тіаті тоқтатылып тасталды. Якуб-бек Іле аймағын алмақшы деген әңгімеден кейін манчжур билеушілерінің мүмкіндіксіздін пайдаланып, генерал Колпаковский басқарған өз әскерін Ресей Іле ауданына еңгізді.

Зерттеуші Тсинь-Юанның есептеуінше, ресей әскерінің Құлжаға енгізілуі Якуб-бекпен арадағы сенімсіздік және шамалы қатынастан болды. Пекиндегі Ресейдің елшісі Іле ауданындағы Цинь билеушілеріне көмекке , тәртіп орнату үшін кіргізілді деп есептелді деп баяндады. Британдықтардың Якуб-бекке жасаған көмегінен қорқып, Цинь империясы Іле ауданын қайтадан билеуге мүмкіндігі болғанша кетпеуге Ресей уәде берді. Онжылдықтар өткен соң, осы берген уәдесі үшін Ресей Іле аймағынан кетуге мәжбүр болды.

1871 жылы 22 маусымда қазақ – волонтерларының күшімен Ресей әскері күрессіз Құлжаны алды. Бұл жайды Британ империясы пайдаланып Якуб-бекті Ресейдің Орталық Азияда күш алмауына қарсы қоя білді .

Британдық Индия мен Ресей империясының арасында тұрған Якуб-бек мемлекетіне Британдықтардың назарының аууы жай нәрсе емес еді. Біріншіден, ағылшындар Ресейді Британдық Индияға жібергісі келмеді. Екіншіден, бұл аймақты ағылшындар ағылшын тауарларын өткізу орны және табиғи зат алудың көзі деп тапты. Үшіншіден, Қазақстан мен басқа Орта Азия мемлекеттеріне Якуб-бек мемлекеті өткел есебінде болды. Өз саяси ойынында британ үкіметі мұсылман Якуб-бекті көрші орыстарға қарсы сәтті қоя білді. «divide et impera»(бөліп ал да билей бер) деген өз нәтижесін Индияда беріп, екі ғасыр бойы отарлауды, езгіні, бытырап кеткен Үнді аралы мен халқының басынан кешкен саясатын Орта Азия мен Қазақстанға енгізе бастады. Ұлыбритания Якуб-бекке күшті мұсылман мемлекетін құруына көмектесе отырып және Қоқанды хандығындағы оқиғаларға араласып аймақтағы Ресей империясының билігін әлсіретуге тырысты.

Алайда британдықтардын күшті әскери көмек(әскери қару мен кеңесшілер) алса да Якуб-бек тәуелсіз билеуші болып қала берді. Бұл жайт британдықтардың кейіннен оның тұлғасына қызығушылығын төмендетті. Британдықтардың қызығушылығы 1874 жылы Якуб-бекпен сауда келісімі жасалғаннан кейін төмендеді, бұған себеп:1870-1073 жылдары Якуб-бекке жіберілген екі Британ миссиясын басқарған Симладағы ағылшын–үнді әкімшілігінің комисарының көмекшісі , көрнекті қайраткер Томас Дуглас Форсайттың (1827-1886) жасаған мәлімдемесі еді: «Индияның ісіне орыс әскерінің араласады деп қорқу керек емес. Себебі Қарақорымнан қиын өтетін тау және құм шөлдерінің әсерінен қандай да болмасын жақсы жасақталған әскер өте алмайды.» Осы мәлімдемеден кейін 1875 жылдан бастап британдықтар Якуб-бектен алшақтап, Цинь үкіметіне көмектесе бастады.

Үлкен шет елдік қарыздың көмегімен Циндіктер Синцзян аймағын қайтару үшін императордың генералы Дзо Цзутан басқарған (1812-1885)

басқарған Орталық және Солтүстік Қытайдың Тайпин және Няньцзун көтерілісін аяусыз жаншуымен есте қалған экспедициясын жіберді .Якуб-бектің 17 мың әскеріне қосылған 10 мың дүнген сарбаздарына 178 батальоннан құралған 89 мың адамын қытай билеушілері қарсы қойды. Қытай әскерлері Крупп фирмасынан шыққан күшті оқ қаруларымен жабдықталып, оған қарсы шығу мүмкін емес еді. 1876 жылдың 18 тамызында қытай әскерлері үрімшіні алғаннан кейін, Якуб-бектің тағдыры түсінікті боды. 1877жылдың сәуірінде Тұрпан маңында бірінші шайқас болды, содан кейін Токсундағы шайқасты Якуб-бек жеңіліске ұшырап, ұрыс алаңынан қашты, әскері қоршауда қалды. Ал қашқар билеушісі болса Қорлы қаласына келіп, сонда 1877 жылы мамырда белгісіз себептермен қаза тапты. Ал 1877 жылы Қашқар толықтай қытай әскерінің қолына өтті.

ХVIII ғасырындағы қазақ-қытай арасындағы территориясындағы ұрыстар.
Жонғарияның құлауынан кейін 1757 жылы қазақтар өз жерлерін қытаймен дипломатиялы? бейбіт келісімдер жасау жолымен қайтаруды қарастырған.Бірақ бұл саясат оңды нәтижелер бермеді.

Цин билеушілері қазақ даласына елші жіберу жолын қарастырды. Тіпті кейбір қазақ феодалдарының Тарбағатай ауданындағы өздерінің қоныстарын қайтару үшін Цин империясына ресми түрде " сыртқы васалы болып кіруіне берген келісімдері жағымды нәтиже берген жоқ.

1757 жылы император Цяньлунның Абылайға жазған хатында қазақтардың оның орталық саясатындағы рөлін былайша анықтады:Сен бізге бағынғанда , жоңғар тайпаларының бәрінің біздің иігімізде екенін естен шығармауын керек және біздердің шекараға қол сұғуды ойлама.

1757 жылы қарашада қазақ елшілері қытай императорынан Тарбағатайдағы жерлерін қайтаруды ұсынған. Ал олар болса Бұл жерлер бізге қарайды деп жауап қайтарды.

Сонымен Қытайдың Шығыс Түркістанға қарсы әскери қимылдары кезінде қазақтарды ұйғырлардың антициндік ұлт-азаттық қозғалысына араластырмай, алаңда түруды ойлады.Олар сол үшін қазақтарға Ертіс өзеннінің Жоғарғы алқабында, Іле өзенінің арасында көшіп-қонуға рұқсат берді.

Осылайша олар өздерінің шекараларын қазақтардың шабуылынан қорғау үшін алысқа(немесе қиырға) жұмсақ қатынас (Жоу Юань) саясатын жүргізуді шешеді.

Жоңғария хандығы мен Шығыс Түркістанның құлауы Циндарға өзінің әскери саяси ықпалын Орталық Азияға кеңейтуге мүмкіндік берді. Манчжау го жаулап алған жерлеріне әкімшілік-саяси жұмыстарын жүргізді.қала,бекіністер тұрғызылды.

Қазақтардың ежелгі жерлерін қайтаруда олар айырбастауды жөн көрді.Егер Әмірсананы бізге қайтарсандар онда Тарбағатай жерін қайтаруға болады деді.

Қазақтар Пекиннің бұл ұсынысынан бас тартты.Сонымен бірге бұл елшілік барысында император Цянь-Лун Абылайға өзінің ұсынысын Алтай тауында яғни ХҮII ғасыр қазақтар ойраттармен соғыста айырылып қалған байырғы жерлерінде көшіп-қонуға ұсыныс жасады.Бұл ұзаққа созылған дискуссиядан кейін қазақтар Циндарға бұл ұсынысынан бас тартып , оларға тәуелді болып қаланды.

Шығыс Түркістан қалалары жаулап алынған уақытта антициндік ұлт-азаттық қозғалыс басып жанышталды.Қытай үкіметі өзінің саясатын тез өзгертті және өзінің қазақтарға берген уәделерінен бас тартты.Жоңғар хандығы мен Шығыс Түркістанның жаулап алынуымен Қытай Орталық Азияның солтүстік-батыс бөлігіне кілт алды және қазақтардың қолдауын қажет етпеді.

Осылайша Циндар қазақтармен саяси ойындарын тқ?татып,1762 жылы Іле округінде Бас штабтың филиалы орналастырылды.Осы уақыттан бастап Үрімшіде Қытай губернаторының ставкасы құрылды.Оған Тарбағатай, Іле, Қашқария жергілікті тұрғындары қарады.

1763 жылы 5 қыркүйекте император Цянь Лунның арнайы жарлығымен қазақтар мен қырғыздарға Шу,Талас және Іле, Оңтүстік Аягөз өзендерінде көшіп-қонуғу тиым салынды.Егер малдары кіріп кетсе оларды тез арада қууға бұйырды. Бірақ бұған қарамастан қазақтар Тарбағатай мен Жетісуда көшуді жалғастырды.

Манчжау-го Іле, Лепсі, Хоргас, Алакілден кетіру саясатын жүргізуді бастайды. Әсіресе 1762-1765 жылдары соғыс қимылдары маңызды орын алды. Бұл қытай тарапынан Қазақстан тұрғындарына қарсы жарияламастан жүргізген соғыс еді. Қытайлар қазақтарды жерлерінен қуып, мүліктерін тартып алды.

Бірақ қазақтарда қарап отырмай, қарсы әрекеттерге барды.Нәтижесінде қарсылыққа тап болған Циндар 1767 жылы келісімге барып, оларға Тарбағатай, Оңтүстік Шығыс, Шығыс Қазақстан жерлерінде қыстауға рұқсат берді.

Ұлы жүздің кейбір қазақтары Ілеге көшіп-қонып,қытай империясының бодандығын мойындайды, ал басқа бөліктері 1850 жылға дейін тәуелсіз болып қалды.

Бұрынғы қазақ және ойрат жерлерінде қала бекіністер:Суйдун, Іле,Чугачак тұрғызылды. Цинь империясы сыртқы саясатта "бөліп ал да билей бер" саясатын ұстанды. Қазақтарға 1767 жылы Монғолияның Алтай Іле өлкелерінде кейбір жерлерін қайтаруға мүмкіндік туды.



Столыпиндік аграрлық реформа.

20-шы ғасырды бүкіл көрсеткіштер бойынша Қазақстанда, сонымен қатар Қытайда қазақ халқына қарсы жүргізілген генауит жүз. жылдығы д.а. болды. Столыпиндік аграрлық реформа, 1916жылы орталық Азиядағы ұлт- азаттық қозғалыс, 1918 - 1920 ж ж. азаматтық соғыс, сияқты тарихи оқиғалардың Қазақстандағы ұжымдастыру сияқты тарихи оқиғалардың нәтижесінде қазақтар өз жерлерін тастап қашуға мәжбүр болды, үлкен көлемдегі адамдар құрбанына әкелді. Сонымен қатар 2 д. ж. соғыс кезінде тұтқынға түскендер немесе белгілі бір себептерге байланысты Отанына қайтып келе алмаған қазақтар, қазақ диаспорасы өкілдерінің қатарын толықтырды.

XX ғ басында Қазақстан территориясында кең көлемде столыпиндік реформа жүргізілді. Бұл демографиялық көрсеткіштерің әлеуметтік экономикалық қатарының өзгеруіне, қазақтардың бұнсыз да ауыр жағдайдың одан сайын нашарлауына әкелді. Қазақстанға мемлекеттік емес ерікті мигранттардан басқа Ресей, Украина, Белоруссияның европалық бөлігімен өзінің жағдайы кедейленген, жерге аса мұқтан ұсақ шаруарлар, яғни мемлекеттік көшіп келушілер де келе басталды.

Тек далалық аймақтарда 1908 жылы 1 қаңтарға қарай қазақ халқының қоластындағы жерден 80 мың жандық үлес кесілді. Бұл осы жергілердің наразылығын тудырды. Қазақтың жайылымдық жердің шамамен 19 млн га жері тартып алынып, шамамен 3 млн көшіп келушілерге қоныстануға берілді. Орыс көшіп келушілердің үнемі өсімі немесе Көші - қон басқармасымен жерлерді заңсыз тартып алу қазақтарды мыңдап Қытайға миграциялануына мәжбүр етті. Қазақстанда Көші - қон басқармасымен жүрізген жерлерді күштеп тартып алу (нәтижесінде 1912 - 1914 ж ж . Қытайға қазақтар жаппай миграцияланады. Бұл туралы 1912 ж. 21 желтоқсанда " Русское слово " газетасы осы күндер туралы ьылай деп жазады: .....жұмыс беруші Прествясткий шымкент уездінің қырғыздарынан артық жерлерін тартып алу барысында оларды нагайкамен ұрып соқты, осындай артық жерлер туралы актіге қарумен қорқытып қол қанға мәжбүрледі.

1902 - 1913 ж ж. қазақ тұрғындарының саны 8 - 9 % - ға қысқарды, бұл 286 мың адамдарды құрады.

Қазақтардың көпшілігі Шыңжан мен Іле және Алтай алқабына келді. 1991 ж Қытайдағы қазақтардың саны 224 900 адамдарды құрады. Қазақтар ортасында бағынышты идеалды тұрақтандыру үшін Қытай шенеуніктері балаларды Қытай тілін мектептерде оқытуға мәжбүрледі, ал мұғалімдерді арнайы мұсылман денін насихаттамайтындарды әкелді осындай шаралармен Қытай шенеуніктері синьцзянның мұсылман тұрғындарын ыдыратып оларды тіл алғыш верноподданныйларға айналуға тырысты.

1914 жылы Шыңжанның Қытай үкіметі немесе Үрімшідегі орыс консулы келісімге келеді. Бұнда мыңдай шарт қойылды. 1911ж шілдеде айына дейін синхай революцияның басталуына дейін иммиграцияланнан және синьцзянді қалған қазақтар Қытай қоластындағылары болып қалды, ал осы уақыттан кейін келген Ресей империя қайтарылды.

Пекиндегі Қытай Үкіметі орыстар қазақтарды өздерінің Іледегі саяси талаптарына пайдаланады және қауіптенеді. Сөйтіп мынадай шешімге келеді: Оралман саны 6 мың адамнан аспауы тиіс.



«Қайғылы шешім» оқиғасы
1950 жылы сәуір айында Осман батыр мен Жанымхан Қожа Қытай коммунистерінен бас тартты. Оларға көптеп әскер, танктер, авиация, артеллерия жіберді.Шамамен 2 айы бойы Қытай әскерлерімен қазақтардың соғысы жалғасты. Борнолде аяқтады. Сұлтаншарип Тайджидтың айтуынша Милтон Дж Кларк жазғандай Барнолге жиналған шамамен 12600 адамнан 15 мың адамдары өлген. Қалғаны Қытайдың халықтық-еріктілік армиясына құлдыққа түскен. Көпшілік қазақтар Тоби құмына кетіп өлді. Көпшілік бөлігі Осман батырмен қалды.

Милтон Дж Кларк айтуы бойынша 1950 жылдың 17 мамырында Сұлтаншарип Тайджи бастаған қазақтар Баркөлден шығып Газкольге бағытталған. Хусайн Тайджи онда 12жыл тұрған. Картадағы шындықта Милтон Дж Кларк статьясында Сұлтаншарип Тайджи топтары Барколден шығып Кумул, Синсиниа арқылы әрі қарай Гаисю провинциясына Махалға жетіп, Газкол мен Тимурлина арқылы Цинхолға жеткен. Қазақтардың бұл сапарлары көптеген айларға созылып, соғысуларға шығып және НОДК әскерлері басуымен күнде белен алып отырған.

Делілхан Жаналтайдың ойынша 1950жылы 1 маусымда қытайлықтар Жанымхан қожаны соттаған. Пей Шань қаласындағы соғыста Жанымхан Тілеубайұлы тұтқында болып, 1951жылы ақпанда атылған. Осыдан кейін 7 адам тірі қалды. Жанымхан қожаның екі баласы Демел және Мажит болды. Соғыста Демел Жаналтай жараланған. Содан кейін оның ағасы Мажит және Нұрқожа батыр оны таудан тауып алған. Осыдан кейін қазақтардың Сұлтаншарип Тайджи және Демелхан Жаналтай бастаған толқулар Синсинианың оңтүстік-батысынан және Гансю провинциясынан тастап Қара Нор аудандарына кетіп қалады.

1950 жылы қыркүйекте Осман батыр мен Сұлтаншарип Тайджи Манайда болады. Олар Самес Ермекұлы, ақын Абдулкерей Интикбайұлы, Әділ Сексенбайұлымен кездесіп 20 бұрыңғы ақ гвардилік Тибет арқылы Үндістан аралына беттеді. Үндістанды алып Иолбарыспен, жерлестерімен Тайваньға келеді. Бұл оқиға 1981 жылы болды. Махалдан кейін Осман батыр мен Сұлтаншарип Тайджи топтары бөлінді. Осман батырдың бірінші басында Жананбала тауының қасына келеді, 1951жылы 41 ақпанда Осман батыр өзінің қызы Аз-Анаймен Қытай коммунистерінің қолына түсіп қалады. Екінші топ Сұлтаншарип қожа және Демелхан Жаналтай бастаған топ оңтүстікке бағытталады. Газколге барып тоқтаған. Қытайлықтар қазақтарды қатал жазалаған. Оларды бақылап отырып, Газколдегі қазақ отрядтарына келіп қысымшылық көрсеткен. Информатор Годфри Лиастың жазғанында 3 ай бойы Газкольде тыныш болды. 1950 жылы желтоқсанда Қытай коммунистері келгеннен бастап соғыс 3 күн 3 түн болып қазақтардың жеңілуімен аяқталған. Тірі қалғандары Газколді тастап кетті. Информаторлардың айтуы бойынша Газколден шығар алдында Хусайн Тайджи, Сұлтаншарип Тайджи және Демелхан Жаналтай топтары жақсы әзірленген. Адамдар тамақ, мал, киімдермен қамтамасыз етілген. Олар өздерінің көптеген адамдардың өмірін алып қалды. Сонымен қатар 1950 жылы 11 желтоқсанда Демелхан Жаналтай, Сұлтаншарип Тайджи, Нұрғожа батыр, Қарамолла, Молдахмет бастаған өздерінің адамдарын шамамен 200-300 отбасы Алтын тау арқылы, Тибет пен Үндістанға кетті. Газколден кетерде қазақтарда шамамен 3 мың бас қой, түйе, жылқы болды. Осыған байланысты Хасен батыр, Қарамолла және Молдахмет Тибетке баратын жолдарды білді.

Әлібек Ханши, Хамза Учар және Қайнаш Тритулла өз адамдарының санын 234 ке жеткізген бірінші топ болды. Олар яхасаны алуды көздеді. Салис Ермекұлы және Иолбарыс осында келіп, 1950жылы қыркүйекте Газколді тастады. Бірақ қазақтар Алибек ханым және Хамза Учар бастаған 1951жылының ақпан айының соңында тибет шекарасына келіп бірақ олар Қытай коммунистерінің сонда екенін білмеді. Олар Тибет тауы арқылы келгендерді бақылап отырды. Тибетке, Ниапиге дейін содан Үндістанға апаруға міндетті еді. Екі тибеттік жеткізуші қазақтар құпия жағдайлармен оларды тонап, немесе шабуыл жасап, оларды қытайлардың қолына берген. Үндістенген Алибек Хаким екі тибеттіктерді атып өлтірген. Сонымен қатар әрі қарай Тибеттен қазақтар компасты ұстап қозғалып отырды.

Жоғарғы Тибеттен келгендер көктемгі-қысқы кезеңде көптеген топтар 50% ерікті адамдарынан айырылған. Қатысушылардың осынша қазақтар күнделікті 300-500 гр. қой, түйе еттерін алды. Бұл жақсы энергиялық заттар. Олардың Тибет арқылы жүруіне өте күшті ықпал етті. Бұндай шаралар қазақ топтарының ішінде Хусайн Тайджи және Әлібек Хакимдерде жақсы қолданылған.

Тибеттік салқын тауда жүрген уақытша Хусайн Тайджи, Султаншарип Тайджи, Демелхан Жаналтай топтары компасты пайдаланды. Әлібек Хаким, Хамза Учар т.б. Каммир шекарасына жетіп, Рудон жерін алды. Ол тікелей жол болды.. 1951 жылы 18 тамызда 6 ай жарым өткеннен кейін Газколден шыққан. Пәкістан территориясына өткізбеді. Шекарашылар олар синьцзяннан қашқан қазақтар емес, олар қарақшылар деп шешті. Сондықтар қазақтар лагерге жақын жерде шекарада қалды. Көп аптадан соң оларға басқа қазақтар келді.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет