Ботагариев Т. А


Қытай қазақтарының саяси-қоғамдық өмірі



бет14/18
Дата08.06.2018
өлшемі1,77 Mb.
#41501
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


Қытай қазақтарының саяси-қоғамдық өмірі.

Қытай мен Ресей үкіметінің 1864 жылғы Шәуешек қаласында қол қойған шекара келісімі бойынша «отырған жерлерімен бірге» қытайға қараған қазақтардың алғашқы отырған жері тек шекараның арғы бетінің төңірегімен шектелді. Ал арғы бетте қалған қазақтардың мақсаты – Іле Тарбағатай және Алтай аймақтарын өрлеп қоныстану еді. Оған Қытай Чин патшалығы үкіметі бірден рұқсат бермеді. Сол кездегі қоғамдық-саяси жағдай қазақтардың ол мақсатын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызды.

ХІХ ғасырдың орта шенінде Қытайдағы әр ұлт халқының Чин патшалығының билігіне қарсылығы күшейіп, қарулы көтерілістер әрбір өлкеде, әрқайсысы ұлттар арасында орын алып, бір-біріне ұласып жатты. Солардың бірі 1864 жылы Тянь-Шаньнның Оңтүстігінде Құшар ауданындағы ұйғыр диқандарының Тоқты Ниязғали басшылығымен бас көтеруі еді. Чин патшалығының билігіне қарсы Қашқарияда көтерілген осы көтерілістің дүмпуімен Үрімжі, Іле және Тарбағатай аймақтардағы әр ұлт тұрғындары да жаппай қозғалып, өз жерлеріндегі Чин патшалығының әскери әкімшілік органдарына шабуыл жасады. Сонымен үкімет әскерлері осы қозғалыстарды жаныштауға жұмылдырды да, олардың шекара өңірін бақылауды босаңсыды. Осы орайдан пайдаланған шекара маңындағы қазақ шаруалары шығысқа қарай өрлеп қоныстанды және жергілікті тұрғындардың Чин патшалығына қарсы күресіне белсенді қатысты. Іле аймағындағы осы көтеріліс нәтижесінде 1866 жылғы жеңіске жетіп, Құлжада Іле сұлтандығы (Қара сұлтан) әкімшілігі құрылды. Оның билігі ұйғыр феодалдарының қолына тиді. Бірақ олар Іледегі қытайлар мен дүнгендердің қатты қарсылығына тап болды. Сондықтан Іле сұлтандығы өз жақтасын көбейту үшін қазақтардың Іле аймағының шығыс аудандарына кең таралып қоныстануын қолдап-қуаттады.

Іледегі көтеріліс Тарбағатайға да әсерін тигізді. 1865 жылдың соңында Шәуешек қаласында тұратын дүнгендер Чин патшалығының сондағы жергілікті әскери-әкімшілігіне қарсы шабуыл жасады, оған Тарбағатай аймағындағы, Шәуешек қаласы маңындағы қазақтар жабыла ат салысты. Шәуешектегі дүнгендер көтерілісін Чин патшалығы ақыры қалың қолмен жаныштады, тірі қалған дүнгендер шығыс жаққа қарай бытырап, қашып кетті.

Чин патшалығы өзінің батыс солтүстік шекарасы белгіленіп, «отырған жерімен бірге» Қытайға тәуелді болған қазақтарды барған аймақтары бойынша екі генерал-губернаторының басқаруына ұйғарды. Іле мен Тарбағатай аймағына орналасқан қазақтарды Іле генерал-губернаторының басқаруында, Алтай аймағындағы қазақтарды Улиастай генерал-губернаторының билігінде ұстады.Іле, Тарбағатай және Алтайдағы қазақтарды осы үш аймақ бойынша бөлшектеп ұстап, олардың жоғары жік билеушілеріне Ақалақшы (Болыс), Мыңбасы, Үкірдай, Гүң, Тәйжі деп аталатын көптеген тең дәрежелі мансап лауазымдар беріп, солар арқылы қазақтарға өз әмірін жүргізіп отырды.

Қытайға қараған қазақтардың орналасқан аймақтар бойынша рулық құрылымы негізінен мынадай болған: Іле аймағына қоныс тепкендер – Ұлы жүздің Албан, Суан рулары мен Орта жүздің Найман ұлысының Матай әулетінен тарайтын Қызай рулары; Тарбағатайға орналасқандар Орта жүздің Найманнан тарайтын Қаракерейдің кейбір рулары, Уақ рулары және Абақ керейдің ішінара рулары; Алтай аймағына қоныстанғандар Орта жүздің Абақ керей рулары мен Найманның кейбір рулары.

1911 жылы Қытайда орын алған Синхай (Шинхай) революциясы Чин патшалығын аударып тастап, Қытайда екі мың жылдан артық өмір сүрген монархиялық жүйені жойды. 1912 жылы қаңтарда Қытайда республикалық Минго үкіметі құрылып, оның тұңғыш презинденті болып Сунь Ятсен сайланды. Ол бірқатар республикалық заң-жарлықтар жариялап, қытай қоғамын жаңа бағдарға бастаған еді, бірақ қытайдың консервативтік күштері оған жол бермеді, тіпті Сунь Ятсеннің өзін презинденттіктен бас тартуға мәжбүрледі. Сонымен 1912 жылдың көктеміне ірі миллитарист Юань Шикай билік басына келді. Соған орай 1912 жылы Шыңжанның генерал-губернаторы болып Яң Зыңшын (Ян Цзэсин) тағайындалды.

Ол Шыңжан билігін қолына алған соң Шыңжанның қоғамдық басқару құрылымын өзіне тиімді етіп қайта құрды. Шыңжанның үш аймағындағы – Іле, Тарбағатай, Алтай өңіріндегі қазақтар біртұтас Шыңжан генерал-губернаторының билігіне өтті. Бірақ олардың әлеуметтік жүйесі өзгермеді. Қазақ билеушілерінің бұрынғы мансап лауазымдарын, мүдделерін сақтай отырып оларды өзін қолдауға тартты.

Яң Зыңшын өзінің билігін нығайту үшін сыртқы жағдайда «бейтарап тұру» саясатын ұстанумен қатар, ішкі жақта Шыңжанның қоғамдық және ұлттық қайшылықтарын шебер пайдалана білді. Іс жүзінде Шыңжанның әлеуметтік дамуын тізгіндеді. Ол Шыңжандағы халықтарды надандықта, кедейлікте тұмшалап ұстады.

ХХ ғасырдың 20-жылдары Шыңжан элитасы арасындағы Яң Зыңшын бастаған Шанши, Гансу провинциялықтар ен Фан Яонан бастаған Хунан, Хубейліктер арасындағы күрес өрши түсті. Оның ақыры қару жұмсауға әкеп соқты. 1928 жылы 7 шілде күні Яң Зыңшын қонақ үстінде қарсыластары тарапынан атып өлтірілді.

Яң Зыңшынның орнына Жин Шурін (Чжан Чжичжун) Шыңжанның генерал-губернаторы болып тағайындалды. Ол Яңның саясатын жалғастырды. Басқару құрылымдарына аздап өзгерістер жасап, бұрынғы сегіз аймақты (дао) сегіз әкімшілік құрылымы, провинция, әкімшілік округ, аудан, шүй (өңір), ауыл болып қалыптасты.

Жин Шурін «Шекара қорғанысын күшейту» деген желеумен әскер санын көбейтті. Бұрынғы 3 дивизияны 6 дивизияға жеткізіп, әскер санын 40 мыңнан асырды және оларды жаңа типтегі қару-жарақтармен жасақтады. Үкімет пен әскери органдардың маңызды салаларына өзінің туыстары мен жерлестерін және сыбайластарын тағайындады. Бұлар Жин Шурінге арқа сүйеп Шыңжанда жемқорлықпен алаңсыз айналысты, халыққа зорлық-зомбылық жүргізіп, салықты ауырлатты.

1931 жылы Құмыл (Хами) аймағындағы ұйғырлар Қожанияздың басшылығымен Жин Шурін үкіметіне қарсы көтеріліс жасады. Оны сол аймақтың Баркөл ауданында тұратын қазақтар қолдады.

1933 жылы 12 сәуір күні Дихуада (Үрімжіде) орын алған саяси төңкеріс арқылы Шың Шысай (Шэн Шицай) Шыңжанның генерал-губернаторы болды.

Шың Шысай өзінің Кеңес Одағымен жақындасу, антиимпералистік саясат ұстанғандығын мәлімдеп, 1933 жылы мамыр айында Кеңес Одағының Үрімжідегі Бас консулдық басқармасымен байланыс орнатты. 1934 жылы ол «Антиимперализм, бейбітшілік және құрылыс жүргізу» деген саяси бағдарламасын жариялады. 1934 жылы желтоқсаннан 1935 жылы қаңтар айында Шың Шысайдың өтініші бойынша Кеңес Одағы Шыңжан жеріне өзінің Қызыл армиясын жіберіп, Шың Шысайдың қарсыласы Жан Пейюан мен ма Жүңиңның әскерлерін жойды. Сондай-ақ оның он мың әскерін қару-жарақпен жасақтады. 1935 жылы Кеңес Одағы Шыңжанның экономикасы мен мәдениетін дамытуға 5 миллион рубль несие берді. Сөйтіп Кеңес Одағы Шың Шысайге өз ықпалын өткізе бастады. Соның нәтижесінде ол өзінің «Антиимпералистік, Кеңес Одағымен жақындасу, Ұлттар теңдігін жүзеге асыру, шенеуніктерді парақорлықтан тазарту, бейбітшілік сақтау және құрылыс жүргізу» деген саяси-әкімшілік бағдарламасын жариялады.

1942 жылы Шың Шысай өзінің саяси бағдарын түбегейлі өзгертті, ол өзінің Кеңес Одағына, Компартияға қарсы екендігін, Қытай Гоминьдан партиясын, Шаң Кайшиді қолдайтындығын ашық мәлімдеді. Өйткені, ол Кеңес Одағы жүріп жатқан соғыста немістерден жеңіледі деп межеледі.

1943 жылы қаңтарда Гоминьданның Шыңжан өлкелік бөлімшесі құрылды. Гоминьдандықтармен қатар Шыңжанға АҚШ пен Ұлыбританияның Консулдық басқармалары құрылды. Бұл жағдай Кеңес Одағына тиімсіз болды. Сондықтан Кеңес Одағы Шыңжаннан, тым болмағанда Шыңжанның солтүстік батыс аймақтарынан Гоминьдан күштерін ығыстырып шығарып, АҚШ пен Ұлыбританияның ықпалын тойтарып, өзінің Шыңжан өлкесіндегі позициясын қайта нығайтуды қарастыруға мәжбүр болды. Сонымен Кеңес Одағы бұл мақсатын революция арқылы іске асырмақ болып, Іле Тарбағатай, Алтай аймақтары мен Қашқардың қырғыздар қоныстанған аудандарында бірқатар дайындықтар жасады. Атап айтқанда Шыңжанда «Азаттық ұйымдарын» құру, халықты революция жасауға насихаттау, офицерлер дайындау және қару-жарақтармен қамдау қатарлы жұмыстарды жасырын немесе әшкере жүргізді. Соның нәтижесінде 1944 жылдың тамызында Іленің Нылқы ауданында Әкпар, Сейіт бастаған қазақ жасақтарының Шыңжанның Гоминьдан үкіметіне қарсы қарулы көтерілісі басталды. Міне, бұл аталмыш «Үш аймақ революциясының» (Іле, Тарбағатай және Алтай аймақтарын қамтыған) басталуы еді. Көтерілісшілер 2 қыркүйек күні Нылқы ауданын басып алды, қараша айында Құлжа қаласында Әбдікерім Аббасов бастаған ұйғыр және басқа халықтардың көтерілісшілермен тізе қосып шайқас жасап, жеңіске тез оқл жеткізді. 1944 жылы 12 қараша күні Құлжа қаласында «Шығыс Түркістан уақытша үкіметі» құрылды. Әлихан Төре үкімет бастығы болып тағайындалды. 1945 жылы қаңтардың соңында Іле аймағы толығымен Гоминьдан билігінен азат болды. Сол жылы сәуірде Шығыс Түркістан уақытша үкіметінің ұлттық армиясы құрылды. Ұлттық армия 1945 жылдың мамырында Тарбағатай мен Алтай аймақтарын Гоминьдан билігінен азат ету үшін солтүстік, орта және оңтүстік бағытпен жорыққа аттанды. Солтүстік және орта бағыттары Тарбағатай мен Алтай аймағын гоминьданшылардан азат етіп, қытай әскерлерін Үрімжінің батысына таяу жердегі Манас өзенінің аржағына ығыстырды. Оңтүстік бағыттағы армия Тянь-Шаньның оңтүстігіндегі Қарашар мен Ақсу аудандарына отты шабуыл жасады. Соғыс жағдайы Ұлттық армияға тиімді болып тұрған тұрғанда шайқас кенеттен тоқтатылып, Шығыс Түркістан уақытша үкіметі мен Гоминьдан үкіметі бейбіт келісім жүргізетін болды. Өйткені, 1945 жылы 14 тамызда Кеңес Одағы мен Қытай Гоминьдан үкіметі «Қытай-Кеңес Одағы достық одақтастық келісіміне» қол қойған-ды. 1946 жылы 2 қаңтарда екі жақ «Он бітімге» қол қойды. Шыңжанда коалициялық провинциялық үкімет құрылды.

Шығыс Түркістан уақытша үкіметінің Алтай аймағында уәли, кейін Шыңжан коалициялық үкіметінің мүшесі және Алтай аймағының уәлиі Оспан Исламұлы Алтайдан аластатылған гоминьдан күштерімен қайта одақтасып «Үш аймақ үкіметіне» опасыздық істеп, қарсы соғыс ашпақ болды. 1946 жылы 3 қыркүйекте Оспанның екінші рет жіберілген Үрімжідегі өкілі Жүнісбай Жаң Жыжүңға бес түрлі талап қоюмен қатар, ол Оспанды бүкіл Шыңжанның дін басы және оны мәңгілік хан етіп тағайындауды талап етеді. Жаң Жыжүң Оспанның «Үкімет Алтай аймағына әскер жіберсе» деген талаптарын қанағаттандыруға уәде береді, бірақ оның «дін басы болу» мен «мәңгілік хан болу» талабын «ескімешеуліктің көрінісі» деп кері қағады. Оспанның Шыңжанның гоминьдан үкіметімен жасырын түрде бөгет пиғылда байланыс жасағанын сезген «Үш аймақ үкіметі» 1947 жылы 1-ақпанда оны барлық міндетінен алып тастап, оның орнына Дәлелхан Сүгірбаевті Алтай аймағының уәлиі етіп тағайындайды. Соынмен Алтай аймағында және Шыңжанның шығыс аудандарында гоминьдан үкіметі қаруландырған Оспан қосындары мен Кеңес Одағы көмектесіп отырған және қаруланған Д.Сүгірбаев қолбасшылық еткен Үш аймақ Ұлттық армиясы арасында қырғын соғысы басталды.

Ақырында Қытайдың ішкі өлкесіндегі Компартия мен Гоминьдан партиясы армиясы Шан Кайшидің Гоминьдан армиясынан сегіз миллион әскерін жойып 1949 жылы қазанда Қытайды Гоминьдан билігінен азат етті. Ал Оспанды 1950 жылы ұстап алып, 1951 жылы өлім жазасына кесті. Жалпы Кеңес Одағы қозғаған Үш аймақ революциясы мен Оспан бастаған бұл соғыс, сан мыңдаған қазақ жастарының соғыста мерт болуына, он мыңдаған қазақ жастарының соғыста мерт болуына, он мыңдаған қазақ отбасының шетелге жан сауғалап босып кетуіне себеп болды.



АЛТАЙ

Казахи на Алтае

Казахское население Алтая проживает в южной части республики, в Кош-Агачском районе близ границ с Монголией и Китаем. Для данной этнической группы характерны сравнительно небольшой ареал расселения и невысокая численность. История казахской диаспоры в Южном Алтае насчитывает немногим более ста лет. Начало направленной миграции казахских родов в горную часть Алтая датируется последней третью XIX в. Переселение было вызвано ограничением пастбищных угодий, как в Монгольских степях, так и в Прииртышье.

Первые стоянки казахов в приграничной зоне Алтая зафиксированы в 1880-х гг. На кабинетских землях рядом с российскими казахами соседствовали казахи-подданные Китая. В 1900 г., накануне принятия российского подданства, их численность составила 110 кибиток. Переселения продолжались и в последующие годы, так как район Чуй пользовался репутацией земли, "где богатеют". История пограничных миграций казахов очень подвижна и нестабильна: неоднократно казахские роды пересекали границу, селясь то в Монголии, то возвращаясь обратно в Сибирь.

Значительные подвижки произошли в 30-х гг. В советское время прослеживалась тенденция к увеличению группы казахов Южного Алтая. По данным 1989 г., 39,6% (около 9 тыс.) населения Кош-Агачского района приходилось на долю теленгитов и алтайцев, 54,4% составляли казахи. Начиная с 1991 г. произошли новые миграционные движения. Тогда многочисленные казахские семьи уехали в ставший независимым Казахстан, для сближения с родными. Но спустя несколько лет многие алтайские казахи, не прижившись в "более современном" и "более русском" Казахстане, вернулись обратно.



На сегодняшний день в Кош-Агачском районе проживает окопо 50% казахов. Их традиционные поселения располагаются в Чуйской степи, в селах Кош-Агач, Жана-Аул, Тебелер, Ташанта. Казахи Алтая, существующие в пределах региона сравнительно недавно, вынужденные приспособиться к своеобразной зоне высокогорья, привыкнув жить среди других народов, объединились из нескольких родов в единую этническую группу. Для этого народа характерен высокий уровень национального самосознания, сохранение культурных традиций и языковой специфики. Кош-агачские казахи сохраняют память о местах исхода, но одновременно осознают свое единство и самобытность. Это удивительно целеустремленные, дружелюбные, гостеприимные люди, чувствующие себя одной большой семьей.

Данный раздел составлен на основе путеводителя по Алтаю
изд. ЛЕ ПТИ ФЮТЕ за 2000г.

















Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет