Ботаника және зоология кафедрасы магистрлік диссертация


КАРТОП СЕЛЕКЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ



бет7/16
Дата18.06.2020
өлшемі373,5 Kb.
#73875
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
Гулназ магистр

КАРТОП СЕЛЕКЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Картоптың аса кауіпті аурулары рак, фитофтороз, калцийлі шіру, вирусты және басқа аурулар. Картопқа зиянкестер де көп ысырап келтіреді: колорад, эпилехна, сабақтың және түйнектің нематодалары. Бұлармен күресудің ең тиімді шарасы төзімді (иммунды) сорттар шығару.

Өсімдік иммунитеті туралы ілімнің негізін салған Н.И.Вавилов иммунитеттің өсімдіктің генетикалық табиғатымен байланысты екенін ашты. Оның теориясы бойынша төзімді формаларда паразит пен оның иесінің бірге мекен ететін ортасынан іздеу қажет. Қазіргі уақытта селекционерлер табиғи иммунитетті картоп түрлері мен сорттарын ата-аналық формалар ретінде қолдануда. Мұндай формалар отандық және шетелдік ғалымдардың экспедицияларында жиналған.

Қазіргі селекционерлердің алдында тұрған актуальды мақсат бір сорттың бойында түрлі ауруларға және зиянкестерге иммунитеті бар сорттар шығару. Бұл мәселені шешудің қиындығы паразиттер мен аурулардың картоптың түрлі физиологиялық жағдайында кездесуі. Бұдан басқа ауруларға және зиянкестерге төзімділігімен қатар шаруашылыққа пайдалы қасиеттері де сақталуы қажет.

Өнімділігі жоғары вирус ауруларымен зақымданған картоп өсімдігін термотерапиялық әдісті пайдалана отырып, төбе меристема клеткалары арқылы өсімдікті сауықтыру ғылыми шаруашылық жұмыстарында жиі кездеседі. (О.Н.Ионова. Р.Ж. 2001ж.)

П.П.Охлопкованың 2002-жылғы зерттеулері бойынша картоптың тұқым шаруашылығында ауруларынан таза өсімдіктерді алу үшін картопты жай көзбен бағалау қазіргі кезге дейін кең қолданылады.


Фитофторозға төзімділік. Фитофтороз – картоптың ең қауіпті ауруларының бірі, бұл ауру негізінде ылғалды және қоңыржай климатты аймақтарда көп тараған. Отандық селекциялық сорттардың ішінде фитофторозға төзімділері Порх, Островский, Львовский белый. (Н.Н.Пушкарев. 1962ж.) Бұл сорттарды (өндіріске) шаруашылыққа еңгіру арқасында фитофтороздан болатын өнімнің шығыны күрт азаяды. Бірақ қажетті төзімділікке жеткен жоқ. Барлық сорттар азды-көпті болса да фитофторозбен жарақаттанады. Енді фитофторозға төзімді ол ауруға мүлдем шалдықпайтын сорттар шығару мақсаты тұр. Бұл мақсатты жүзеге асыруда тек түр аралық будандастыру арқылы, селекцияның сорттарды иммунитеті жоғары жабайы түрлермен 1953 жылы НИИКХ-да Пушкарев алғаш рет селекция практикасында Гранат және Народный сорттарымен буданды қайта тозаңдандыру арқылы фитофторозға төзімді сорт алады. Бұл түр аралық будандастыруда ашылған үлкен жаңалық. Қазіргі кезде фитофтороздың барлық түрлеріне төзімді бір сорт жоқ.

Көптеген зерттеулердің айтуынша қандай жағдайда болмасын фитофторозға төзімділік пен картоп түйнегі арасында корремециялық байланыс онша байқалмайды. (А.Я.Камераз. 1959ж.)


Ракқа төзімділік. Рак – картоптың қауіпті ауруларының бірі. Рак ауруына төзімді сорттар шығару барлық селекциялық мекемелердің актуальды мақсаты. Бұл ауруды туғызатын саңырауқұлақтың спорасы 10 жылға дейін тіршілік әрекетін жоймайды, ал бұған қарсы қолданатын химиялық шаралардың қымбаттығына және олардың жетілдірілмеуіне байланысты ракпен күрестің агротехникалық шаралары қиынға түседі. Ракқа төзімді сорттар өздігінен тозаңданғанда немесе будандастырғанда ракқа ұрпағының 75-90%-і төзімді формалар алуға болатындығы көптеген ғылыми-зерттеу мекемелерінде белгілі. Ракқа төзімді және төзімсіз сорттарын будандастырғанда 50-85% төзімді сорт алуға болады. Зерттеу бойынша ракқа төзімді сорттарға рак биотипін қолдан жұқтырғанда сорттардың түрлі жағдайын көруге болады. Олар үш топқа бөлінеді: ауруды тез қабылдағыш, ауруға төзімді, нашар төзімді. (Ж.Задина. 1962ж.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет