Ботаника Оқу әдістемелік құралы



бет19/35
Дата17.02.2017
өлшемі13,44 Mb.
#9670
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35
Жапырақ бөліктері. Жапырақ бөліктерін қарастыру үшін гербарий материалдары мен оранжерея жағдайында өсірілген өсімдіктер пайдаланылады. Тиісті материалдар үлестіріліп берілген соң студенттер өсімдіктердің жапырақ бөліктерімен танысу, талдау жұмысын жүргізеді.

Жапырақтың сабаққа бекіну тәсілдері. Жоғарыда аталған материалды пайдаланып, студенттер жапырақтың сабаққа бекінуінің тәсілдерін ажыратады.

1.Сабаққа сағағы арқылы бекінетін сағақты жапырақ.

2.Сағағы жоқ, сабаққа жапырақ тақтасы арқылы бекінетін қондырмалы жапырақ.

3. Қынапты жапырақ.

4. Қобылы жапырақ сабаққа өзінің қобысы арқылы бекінеді.

5. Сабақты жартылай ораған жапырақ.

6. Сабақты ораған жапырақ.

7. Шаншылган жапырақ.

8. Жанасқан жапырақ.

9. Кіріккен жапырақ.


1. Камелия, барқытшөп немесе фикус жапырақтарының көлденең кесіндісінен қос жарнақтылар жапырағының анатомиялық құрылысын зерттеу.

2. Дара жарнақтылардың жапырақ анатомиясын жүгері жапырағының көлденең кесіндісінен қарау.



  1. Көп жарнақтылар жапырақ анатомиясын қарағай қылқанынан қарастыру.

  2. Жапырақтың ішкі құрылысына орта жағдайларының әсерін күн көзінде және көлеңкеде өсетін серігүл жапырағынан көру.

  3. Алынған обьектілердің суретін салып, тиісті белгілерін жасау.

  4. Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап дайындау.


Камелия жапырағы. Препаратты микроскоптың кіші объективімен қарағанда жапырақтың жалпы бітімі көрінеді. Жапырақтың сыртын эпидерма жауып тұрады. Одан әрі, ішке қарай құрамында хлорофилл дәндері бар клеткалар жатыр. Бұл ассимилияциялық паренхима - мезофилл. Мезофилл клеткаларының аралығында бір-бірінен белгілі бір қашықтықта өткізгіш шоқтары орналасқан.

Жапырақ анатомиясының ұлпа құрылымымен толығырақ танысу үшін препаратты микроскоптың үлкен объективімен қарай отырып оның жоғарғы эпидермасын төменгі эпидермамен салыстырамыз. Сонда жоғарғы эпидерма клеткаларының сыртқы қабырғаларының едәуір қалың, кутикула қабатының қуатты және устьицесіз екендігін көреміз.

Одан әрі мезофилл клеткасы, ал оның жоғарғы эпидермаға тік бағытта бағаналы және пішіні дөңгелектеніп келген клеткааралық қуыстар түзіп орналасқан борпылдақ паренхимасы жатады.

Өткізгіш шоғын орталық жүйкеден қараған жөн.Одан ксилеманың жапырақтың үстіңгі бетінен флоэманың астыңғы бетіне қарай орналасқандығы көрінеді. Шоқ склеренхимамен қоршалған, тұйық коллатералды. Шоқтың төменгі жағында колленхима орналасқан.




25 — сурет. Камелия жапырақ құрылысының көлденең кесіндісі. 1 — жоғарғы өң; 2 - бағаналы паренхима; 3 - борпылдақ паренхима; 4 - друзалы жасуша; 5 — склереида; 6 склеренхима; 7 — ксилема; 8 — флоэма; (6-8 тұйық коллатералъды өткізгіш шоқтар); 9 — төменгі өң; 10 — лептестік аппараты; 11 - колленхима.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет