Жүмысты орындау реті және студенттердің өздігімен орындайтын тапсырмалары
1.Биологиялық МБР-1 микроскопының құрылысымен танысып, онымен жұмыс істеуді үйрену.
2.Уақытша препарат жасауға керекті құрал-жабдықтармен танысып, уақытша препараттар жасаудың әдісін игеру.
3 Кез келген гүлдеп тұрған өсімдік аталығының тозаңдарынан немесе кәдімгі карағай тозаңдарынан және қатпарлы жуаның кабыршағынан уақытша препараттар жасау.
4. Тұрақты препараттармен танысып, оларды микроскоп арқылы қарау.
5. Микроскоптың және қараған объектілердің суреттерін алып, тиісті белгілерін жасау.
6.Қайталау сұрақтарына жауап бере отырып, салған суреттерін талдау.
Қайталау сұрақтары
1. Микроскоп - қандай құрал, оның көрсету мүмкіндігін қалай түсіндіруге болады?
2. Микроскоп қандай бөлімдерден тұрады?
3. Микроскоптың оптикалық және механикалық бөлімдерінің құрылыстары мен қызметі кандай?
4. Микроскоп қанша есе ұлғайтып көрсететінін қалай анықтап алуға болады?
5. Микроскоппен жұмыс істеу үшін қандай дайындық жұмыстарын жүргізу керек?
6 Окулярға дұрыс қарау дегенді калай түсіндіруге болады, оның маңызы неде?
7. Макро- және микрометрлік винттерді қай уақытта, қандай тәртіппен пайдалану қажет?
2 тақырып Пластидтер
Мақсаты:
- пластидтердің түрлері: лейкопласт, хромопласт, хлоропласттардың ерекшеліктерімен танысу.
Жалпы түсінік
Пластидтер. (гр. «plastos» - соғып жасау). Саңырауқұлақтармен кейбір балдырлардан басқа барлық өсімдіктер клеткаларының цитоплазмасында пластидтер болады. Бұл органоидтар өсімдік клеткаларына ғана тән, жануарлар клеткаларында болмайды. Пластидтер негізгі үш типке бөлінеді: 1) жасыл -хлоропластар; 2) қызыл, қызғылт сары және сары - хромопластар; 3) түссіздер - лейкопластар.
Достарыңызбен бөлісу: |