8 - сурет. Элодея өсімдігінің бой конусы. А - ұзындығы бойынша кесіндісі; Б -бой конусы (сыртқы бейнесі және кесіндісі); В - алғашқы меристеманың жасушасы; Г - қалыптасқан жапырақтың жасушасы: 1 - бой конусы, 2 -алгашқы жапырақ 3 — жаңадан пайда болып келе жатқан жас бүршік. Дара жарнақты өсімдіктердің эпидермасын жүгері, жыланқияқ жапырағынан, ал қос жарнақты өсімдіктердің эпидермасын қазтамақ, алма өсімдіктерінің жапырағынан препарат жасап зерттеңдер.
Осы препараттардан устьице аппаратының құрылысын қараңдар.
3 Дара жарнақты өсімдіктердің эпидермасы мен қос жарнақты өсімдіктер эпидермасының негізгі ұқсастығы мен айырмашылықтарына көңіл бөліңдер.
Картоп, алма, аққұлақ, темекі және қалақай өсімдіктері эпидермасы бетіндегі түктер және жиде қабыршағынан препараттар дайындап, олардың құрылыстары мен түрлеріне көңіл аударыңдар.
Суреттерін салып, тиісті белгілерін жасаңдар.
9 -сурет. Жыланқияқ. жапырағының өңі: А -үстіңгі бетінің көрінісі, Б -лептестік аппараты, В - көлденең кесіндісі. 1- лептестік, 2 - жанаспалы жасушалар, 3 - ауа қуысы, 4 - өң жасушалары, 5 -кутикула, 6 - мезофилл жасушалары.