Ботаника Оқу әдістемелік құралы



бет10/35
Дата17.02.2017
өлшемі13,44 Mb.
#9670
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35

Жұмыстың барысы

Бегония өсімдігінің жапырақ сағағының көлденең кесіндісінен препарат дайындап, бұрышты колленхиманы зерттеу.

Зығыр сабағының көлденең және ұзын кесіндісінен жасалған тұрақты препараттан зығыр талшықтарын көру.

Қазтамақ сабағының көлденең кесіндісінен препарат дайындап, склеренхима жасушаларын зерттеу.

Жас алмұрт жемісінің ортаңғы бөлігінің жұмсағынан препарат дайындап, склереиданы табу.

Колленхима, склеренхима және склереид жасушаларының суреттерін салу.

Күлгін сия ерітіндісіне салынып қойылған ағаш бұтақтарынан сия ерітіндісі флоэма немесе ксилема бөлімдерінің қайсысымен жоғары көтерілгенін анықтау.

Бөлме өсімдіктерінің жіңішке сабағынан, жапырақ сағақтарынан, ұзын кесіндісінен препарат дайындап, түтіктердің қандай түрлерінің бар екенін анықтау.

Шырша, қайың, емен, терек, жөке ағаштарының сабақтарының тұрақты препараттарынан түтіктердің түрлерін анықтау.

Қыранот (орляк) шаңжапырағы тамыр сабағының кесіндісінен сатылы түтіктерді көру.Қарағай бұтағының ұзын кесіндісінің тұрақты препаратынан жиектелген саңылаулары бар трахеидтерді тауып, суретін салу.

Асқабақ сабағының көлденең кесіндісінің тұрақты препаратынан електі түтікті, оның серік жасушасын, електі табақшаны, електі аймақты тауып, суретін салу.

Ксилема және флоэма элементтерінің суреттерін салып, тиісті белгілермен белгілеу.Жүгері сабағының көлденең кесіндісінің тұрақты препаратынан тұйық коллатералды шоқты қарап, суретін салу.

Кирказон сабағының тұрақты препаратынан ашық коллатеральды шоқты көріп, суретін салу.

Асқабақ сабағының көлденең кесіндісінен қос бүйірлі ашық шоқтың орналасу тәртібін қарап суретін салу.

Күнбағыс сабағының көлденең кесіндісінің препаратынан жоғарыда көрген шоқтардың қайсысы кездесетіндігін анықтау.

Плаун сабағының тұрақты препаратынан сәулелі шоқты бақылап, суретін салу.

Қыранот шаңжапырағының және інжугүл тамыр сабақтарының препараттарынан шеңберлі шоқты қарап, суретін салу.

Қайталау сұрақтарына жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.



Қажетті материалдар: бегония, қазтамақтың тірі өсімдіктері, зығыр немесе кендір және қазтамақ сабақтарының көлденең және ұзын кесінділерінен жасалған тұрақты препараттары, жас алмұрт жемісі, қыранот (орляк) тамыр сабағының, қарағай, шырша, қайың, емен, терек, жөке бұтақтарының ұзынынан және асқабақ сабағының көлденең кесінділерінің тұрақты препараттары, қарағайдың күлгін сия ерітіндісіне салынған бұтақтары, бөлме өсімдіктері, жүгері, кирказон, асқабақ, плаун, күнбағыс сабақтарының және қыранот (орляк) шаңжапырағының, інжугүл тамырсабақтарының көлденең кесінділерінің тұрақты препараттары.
Қайталау сұрақтары:

  1. Арқаулық ұлпа дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?

  2. Арқаулық ұлпаларға тән белгілер қандай?

  3. Колленхима, склеренхима жасушаларының құрылыстық айырмасы неде?

  4. Склеренхима жасушаларының негізгі белгілері қандай?

  5. Өткізгіш ұлпа дегеніміз не?

  6. Өткізгіш ұлпа өсімдік тіршілігінде қандай қызмет атқарады?

  7. Ксилема қандай гистологиялық элементтерден тұрады?

  8. Флоэма қандай гистологиялық элементтерден тұрады?

  9. Түтіктердің жасуша қабырғаларының қалыңдауының қандай түрлері бар?

  1. Қандай шоқтарды коллатералді тұйық және ашық деп атаймыз?

  2. Қандай шоқтар толық және толық емес шоқтар деп аталады?

  3. Қос бүйірлі (биколлатериалды) шоқ дегеніміз не?

  4. Сәулелі (радиальды) шоқ дегеніміз не?

  5. Шеңберлі (концентрлі) шоқ дегеніміз не? Ондағы флоэма және ксилема элементтері қалай орналасады?


7 тақырып: Тамыр және тамырлар жүйелері. Тамыр анатомиясы Мақсаты:

  • тамыр морфологиясымен және тамыр жүйелерінің түрлерімен танысып, тамыр аймақтарының ерекшеліктерін зерттеу

  • тамырдың алғашқы, соңғы құрылыстарына тән анатомиялық ерекшеліктерін анықтап, олардың элементтерінің орналасу тәртібін білу

Жоспар:

  1. Тамырдың морфологиялық құрылысы

  2. Тамырдың анатомиялық құрылысы

Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқаулар

  1. Көрнекі морфологиялық гербарий және жүгері, үрме бұршақ, асқабақ, бидай, қара бидай, арпа өскіндерінен тамыр, тамыр жүйелерінің түрлерімен танысу

  2. Осы аталған өсімдіктердің өскіндерінен дара жарнақтылар мен қос жарнақтылар тамыр жүйесінің қалыптасу ерекшеліктеріне талдау жасау

  3. Жоғарыда аталған өсімдіктер өскіндерінің тамыр ұшынан препараттар дайындау. Микроскоп арқылы қарап, тамыр оймақшасын, бөліну, өсу, copy және өткізу аймақтарын табу

  4. Тамыр және тамыр жүйелері типтерінің суреттерін салып, тиісті белгілермен жазу

  1. Жас тамыр ұшының суретін салып, тамыр аймақтарын белгілеу

  1. Қысқаша қорытынды жазу, тамырдың типтері мен тамыр жүйелеріне жеке- жеке қысқаша тоқталып, түсінік беру

Тамыр және тамыр жүйелері. Тамыр және тамыр жүйелерінің түрін ажырату үшін студенттердің гербарий пайдаланғаны жөн. Бұл гербарийден студенттер тамырлардың шығу тегіне қарай тамырлардың: негізгі, жанама және қосалқы түрлерін ажыратады. Тамыр жүйелерінің шығу тегі бойынша негізгі тамыр, қосалқы және аралас тамыр жүйелерін пішіні бойынша кіндік және шашақ тамыр жүйелерін тауып, оларды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік алады.

Жас тамыр ұшының құрылысы. Дара және қос жарнақты өсімдіктердің тамыр ұшының құрылысы бірдей. Сондықтан зерттеуге астықтың алғашқы ұрық тамыршасын алдымен карапайым көзбен, одан кейін лупа арқылы қараймыз. Сонда одан тамыр ұшының үшкірлеу болып аяқталып, тегістеліп, тамырдың ұшынан 1- 2 мм жерде оның негізіне қарай жайлап ұлғайып келе жатқан кішігірім тамыр түктерінің төмпешіктерін айқын көреміз.

Енді тамыр үшынан өте сактықпен 1 см-дей кесіп аламыз да бір тамшы суы бар зат әйнегіне салып, үстін жабын әйнекпен жаншымай жайлап жауып, уақытша препарат дайындаймыз. Препаратты микроскоп арқылы алдымен тамыр ұшынан бастап, оның негізіне бағыттап қараймыз. Алдымен осылай қарап шығып, тамыр бойында орналасқан аймақтардың шекараларын шамамен анықтауға болады.

Тамыр ұшында клетка қабықшалары жұқа, негіз жағында майда, ұшына қарай ірілеу тірі паренхималық клеткалардан тұратын тамыр оймақшасы жақсы байқалады. Тамыр оймақшасының сырт жағындағы клеткалары үнемі түлеп түсіп, іш жағынан жаңа клеткалар жетіледі.

Тамыр оймақшасының іш жағында төбе меристемасынан тұратын бөліну аймағы орналасқан. Бұл аймақ ұзына бойы қатар түзеп орналасқан майда изодиаметрлі меристемалық клеткалардан түрады. Аталмыш аймақтан жоғары өсу (созылу) аймағы жатыр. Өсу аймағының клеткалары көлемін ұзына бойымен созыла ұлғайтқан. Аймақтың орталық күңгірттеу бөлімі - плерома, ал оның сырт жағындағы ашық бөлімі - периблема, клеткалардың ең сыртқы қабаты дерматоген деп аталады.

Препаратты жылжыта отырып, бақылау арқылы өсу аймағынан жоғары тамыр бетінде көптеген төмпешіктердің барын, одан да жоғары әлгі төмпешіктер созыла келіп, тамыр түктеріне айналатынын көреміз. Әрбір тамыр түгі эпиблема клеткаларынан созыла келіп өсіп шыққан, клетканың ядросы, әдетте түктің ұшында орналасқан. Бұл - тамыр ұшының copy аймағы.

Copy аймағы біртіндеп өткізу аймағына өтеді. Бұл аймақтан жанама тамырлардың пайда бола бастағаны айғақтана түседі.




14 - сурет. Бидай өскінінің тамыр ұшы: 1 - тамыр оймақшасы; 2 - бөліну аймағы; 3 - созылу аймағы; 4 - сору аймағы; 5 - дерматоген; 6 - периблема; 7 - плерома; 8 - эпиблема жасушасынан тамыр түгінің пайда болуы.

Құртқашаш немесе қырлышөп тамырының көлденең кесіндісінен уақытша препарат дайындап, тамырдың анатомиялық алғашқы құрылысымен танысу.



  1. Асқабақ өскінінің жас тамырының көлденең кесіндісінен жасалған дайын препараттан камбий қабаты қызметінің бастамасымен танысу.

  2. Асқабақ тамырының өткізу аймағының көлденең кесіндісінен уақытша препарат дайындап, тамырдың соңғы анатомиялық құрылымын қарау.

  3. Қаралған препараттардың суретін салып, тамырдың алғашқы және соңғы құрылысына енетін үлпаларды белгілеу.

Тақырыптың соңындағы қайталау сұрақтарына жауап дайындау





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет