Тамырдың анатомиялық алғашқы құрылысы. Дара жарнақтыларда тамырдың анатомиялық алғашқы құрылысы тіршілігінің соңына дейін сақталады. Өйткені оларда соңғы түзуші ұлпа камбий пайда болмайды. Сондықтан дара жарнақтылардың тамыры жуандап өсе алмайды.
Тамырдың анатомиялық алғашқы құрылысын тамырдың copy аймағынан қараймыз.
Препаратты микроскоптың кіші объективімен қарағанда тамырдың қуатты қабық бөлігі мен орталық цилиндрі көрінеді.
Енді препаратты жайлап сырт жағынан ішке қарай жылжыта отырып, тамырдың анатомиялық құрылысымен егжей- тегжейлі танысамыз. Сонда алғаш көретініміз - тамырдың сыртын жауып тұрған майда тірі клеткалардан тұратын тамыр түктері бар қабылдаушы (сорғыш) әрі алғашқы жабындық ұлпа ризодерма (эпиблема).
Ризодермадан төмен тірі паренхималық клеткалары бар қабықтың қалың қабатын байқаймыз. Оның сыртқы қабаты - экзодерма тығыз орналасқан көп бұрышты клеткларадан тұрады. Экзодерма клетка қабықшалары тозданады және қорғаныштық қызмет атқарады.
Қабық паренхимасының орталық қабаты (мезодерма) борпылдақ орналасқан ірі паренхималық клеткалардан тұрады.
Қабық орталық цилиндрден бірқатар клеткалардан түратын ішкі қабаты эндодерма арқылы бөлінеді. Эндодерма клеткаларының бүйірлік (радикальды) және ішкі қабықшалары қалыңдайды, тозданады, кейде сүректеніп те кетеді.
Препаратта сондай -ақ ксилема сәулелеріне қарсы орналасқан қабықшалары жұқа тірі клеткалар - өткізгіш клеткалар көрінеді.
Орталық цилиндрдің сыртқы қабаты - бірқатар тірі паренхималар клеткалардан тұратын перицикл.
Орталық цилиндрдің орталық бөлігін радиальды (сәулелі) өткізгіш шоқ алып жатыр. Шоқта ксилема радиус бойлап сәулеленіп орналасады да олардың қолтығында флоэма бөліктері жатады.
Тамырдың анатомиялық соңғы құрылысы. Қос жарнақтылардың көбінде тамырдың алғашқы анатомиялық құрылысы ұзақ сақталмайды. Камбийдің пайда болып, қызметінің басталуына байланысты тамырдың алғашқы құрылысы соңғы қүрылысына ауысып, тамыр жуандап өсе бастайды.
Егер жас тамырдың дайын препаратын микроскоптың кіші объективімен қарасақ, алғашқы ксилеманың төрт сәулесі бар орталық цилиндрі көрінеді. Эндодерма анық көріне қоймайды, өйткені жас тамырда оның радиальды қабықшасының қабырғалары ғана қалыңдап, Каспаридағы пайда болады. Үлкен объективімен қарағанда алғашқы ксилема мен алғашқы флоэманың арасындағы тірі паренхималық клеткалардың тангенциальды қалтарыстармен бөлінгенін байқаймыз. Осы клеткалардан бөлінген соңғы түзуші ұлпа - камбий қабаты. Камбий клеткаларының бөлінуінен ішке қарай соңғы ксилема, сыртқа қарай соңғы флоэма элементтері қалыптасады.
Перициклдің алғашқы ксилема түтікшелерімен түйіскен жерлерінде клеткалар камбийге айналып, алғашқы ксилеманы қоршап жататын тұтас камбий сақинасы (шеңберлік камбий) түзіледі. Тамырдың толық қалыптасқан соңғы анатомиялық құрылысымен танысу үшін оның өткізу аймағынан бірнеше жұқа кесінділер дайындап, оны флороглюцин және түз қышқылымен өңдеп, препарат дайындаймыз.
Дайын препаратты микроскоптың кіші объективімен қарағанда, тамыр ортасында ірілеу келген орталық түтікше мен оның айналасында майда түтікшелері мен ксилема элементтері орналасқан төрт сәулелі алғашқы ксилема көрінеді.
Алғашқы ксилема сәулелерінен жұқа қабықшалы тірі паренхималық клеткалардан тұратын радиальды (өзек) сәулелер басталады. Бұлар соңғы ксилеманың түтікшелері ірі сүрек паренхимасы майда бөлімдермен алмасып отырады. Соңғы ксилеманың сыртқы жиегінде радиальды қатар түзіп орналасқан, жұқа қабықшалы клеткалардан түратын камбий қабаты жақсы көрінеді. Камбийдің сырт жағында, әрбір соңғы ксилеманың карсысында соңғы флоэма қалыптасқан. Асқабақ тамырында радиальды сәулелердің паренхимасын түзетін камбий нашар байқалады. Тамырды сырт жағынан жұқа тоз қабаты жауып тұрады. Камбийден сырт жаққа карай орналасқан (флоэма, негізгі паренхима, феллоген жэне феллодерма) ұлпалар соңғы қабық деп аталады. Сонымен, тамырдың соңғы анатомиялық қүрылысы: ксилемадан және оның радиальды сәулелерінен, камбийден, соңғы қабықтан жэне тоздан тұрады.
Қайталау сүрақтары:
Тамырдың өркеннен қандай айырмашылығы бар?
Тамыр өсімдік тіршілігінде қандай қызметтер атқарады?
Тамырдың ұзарып өсуі қалай жүзеге асады?
Тамырда қандай аймақтар бар?
Тамыр аймақтар қандай қызмет атқарады және құбылыстары қандай болып келеді?
Негізгі, қосалық жэне жанама тамырлардың шығу тегі қандай?
Шығу тегіне байланысты қандай тамырлар жүйесі бар?
Тамырдың қандай метаморфозданған түрі бар?
Тамырдың анатомиялық құрылысы дегеніміз не?
Тамырдың алғашқы анатомиялық құрылысында қандай кабаттары болады?
Алғашқы қабық өсімдік түрлеріне қарай қалай өзгереді?
Эндодермада қандай жасушалар болады, оның маңызы қандай?
Тамырдың алғашқы құрылысында өткізгіш шоқтың қандай түрі кездеседі?
14 Қандай өсімдіктерде тамырдың алғашқы және соңғы кұрылыстары
кездеседі?
8 тақырып Сабақ морфологиясы мен анатомиясы. Қосжарнақты, даражарнақты шөптесін өсімдіктердің және жалаңаш тұқымды өсімдіктердің сабақтарының анатомиялық құрылыстары
Мақсаты:
- сабақ түрлерімен және қос, даражарнақты өсімдіктер сабағының алғашқы және соңғы анатомиялық кұрылыстарымен танысып, ерекшеліктерін анықтау. Ағаштардың 2-3 жылдық сабақтарының (бұтақтарының) анатомиялық соңғы құрылысындағы ерекшеліктерін ажырату.
Жалпы түсінік
Сабақ - вегетативтік өркеннің бір бөлігі - остік орган.
Сабақтың морфологиялық құрылысы жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде өсу ортасына, сол ортаға бейімделуіне және кеңістікте орналасуына байланысты әр түрлі болады. Мысалы: кейбір өсімдіктердің сабағы тік болып өссе, екіншісі жерге жантая, төселе, ал үшіншілерінің сабағы шырмалып, енді-біреулерінің сабағы өрмелеп, ал кейбір өсімдіктердің сабағы ықшамдалып, өте кысқара, сабақтың түбіне көміле өседі.
Достарыңызбен бөлісу: |