Ботаника Оқу әдістемелік құралы


Дара жарнақты өсімдіктердің эпидермасы



бет8/35
Дата17.02.2017
өлшемі13,44 Mb.
#9670
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35
Дара жарнақты өсімдіктердің эпидермасы. Дара жарнақты өсімдіктердің эпидермасын жыланқияқ жапырағынан зерттеуге болады.

Жыланқияқ өсімдігі жапырағының эпидермасын зерттеу үшін оның жапырағынан 1-2 см-дей кесіп алып, өте жүқа етіп бірнеше кесінділер дайындаймыз. Бүлардың ішінен жұқа кесілген бірнешеуін таңдап, олардан препарат жасаймыз. Микроскоппен қараған кезде көретініміз: 1) кутикула, ол эпидерманы сырт жағынан қаптап жатады. 2) эпидерма клеткалары барлық жағынан бірдей болып көрінеді. Эпидерма клеткалары кабықшасының кутикулаға қараған беті қалың болады да, астыңғы және бүйір жағындағы клетка қабықшасының керегелері жұқа, сонымен қатар таза клетчатка күйінде өзгермейді, олардың беттеріндегі поралар арқылы көршілес клеткаларындағы заттар бір-бірімен үздіксіз алмасып жатады. 3) устьицедегі жанаспалы клеткалар эпидерманың басқа клеткаларына қарағанда ұсақ, ішінде хлорофилл дәндері бар.



  1. Картоп түйнегінің кесіндісінен және тал, қайың, терек тағы басқа сүректі өсімдіктердің бір жылдық бұтағынан препарат дайындап, тоз қабатын зерттеу

  2. Ырғай және жөке ағашы сабағының көлденең кесіндісінен жасалған дайын препараттарды пайдаланып, тоз қабаты мен жасымықша клеткаларының құрылысын байқау

  3. Осы жасалған препараттармен қатар емен, қарағай ағаштары сабақтарының көлденең кесінділерінен қыртысты қарау

4) Тоз қабаттары қыртыс пен жасымықшаның суреттерін салып, тиісті белгілермен белгілеу

Ырғай сабағының тоз қабаты. Ырғайдың бұтағындағы тоз қабатын зерттеу үшін ырғайдың бір жылдық бұтағынан өткір ұстарамен жұқалап көлденеңінен бірнеше кесінді кесіп аламыз да ең жұқасынан препарат жасаймыз. Жасалған препаратты микроскоптың үлкен объективімен қараса, бірте-бірте пайда болған тоз қабаттары (феллема, феллоегон, феллодерма) және оның бұтақтарының ішіндегі негізгі бөліктері көрінеді. Препараттан ырғай бұтағының ішкі бөлігіндегі негізгі екі бөлік көзге түседі. Олар: 1) қабық бөлігі -түсі сарғыштау келеді де мұның құрамында эпидерма, тоз (перидерма) және аздап тірі ұлпалары болады; 2) ішкі бөлігі - мұның түсі бозғылттау, құрылысы ірілі - үсақты келіп, тор тәрізді болып көрінеді. Бұған өзек пен сүрек бөлігі жатады. Ырғай сабағының тоз қабатын зерттеген кезде, алдымен препараттарды хлор-цинк-йодпен бояйды. Реактив сіңгеннен кейін препаратты үлкен объективпен қарап феллогеннің, феллодерманың, колленхиманың және алғашқы қабықтың клетка қабықшалары күлгін көк түске, кутикула эпидерма клеткалары қабықшасының ішкі керегесі және тоз қабатының сыртқы қабаттарының клетка керегелері сарғыш түске, ал қалған тірі клеткалардың протопластары сары түске, крахмал дәндері қара көк немесе көк түске боялғанын көреміз. Осы препаратты судан ІІІ-пен боялғанда тек кутикула мен тоздың сыртқы қабатындағы клетка керегелері ғана қызыл түске боялғанын көреміз. Осы жасалған препараттан өсімдіктің жас бұтақтарының газ алмастыратын мүшесі жасымықшаны да көруге болады. Жасымықша эпидерманың бетіндегі бұрынғы устьицелер орнында пайда болады.





10 - сурет. 1 -феллема; 2 - қыртыс паренхиммасы; 3 - склереидтер; 4 - тін талшықтары; 5 - друзалары бар жасушалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет