Ботаника Оқу әдістемелік құралы



бет4/35
Дата17.02.2017
өлшемі13,44 Mb.
#9670
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35

4 — сурет. Жасуша пластидтері. А - итмұрын; Б — інжугүл; В - шетен; Г -долана. 1 — хромопластар; 2 — ядро; 3 — клетка қабықшасы.
Лейкопластар - түссіз, болады. Олар өсімдіктердің түссіз бөліктерінің, мысалы, сабағының, тамырының түйнектері клеткаларының цитоплазмасында болады. Лейкопластардың пішіні алуан түрлі: көбінесе дөңгелек немесе ұзындығы 5-6 мкм-ға дейін болатын таяқша пішінді болады. Ең көп таралған лейкопластарға картоп түйнегіндегі крахмал түйіршіктеріне жиналатыны жатады. Хлоропластар, хромопластар және лейкопластар өзара бір - біріне ауыса алады.


5 - сурет. Традисканция жапырағындағы эпидерма жасушалары. А -традисканция жапырағы; Б - эпидерма жасушалары: 1 - лейкопластар; 2 -ядро; 3 - цитоплазма; 4 - вакуоль; 5 — клетка қабықшасы.
Жұмыстың барысы

Жасыл немесе виргин традесканциясының, элодея өсімдігінің не кез келген бөлме өсімдіктерінің жапырақтарының өңінен уақытша препарат дайындап, ол жасушаларынан лейкопластар мен хлоропластардың орналасуына, реңіне бақылау жүргізіп, лейкопластар мен хлоропластарға табиғи рең беріп суреттерін салу.

Спирогираның тұрақты препаратынан хромотофордың пішінін, реңін бақылап, суретін салу.

Жас немесе формалин ерітіндісіне нықтандырылған итмұрын, қызыл бұрыш, шетен, долананың піскен жемістерінің жұмсақ бөліктерінен уақытша препараттар дайындап, хромопластардың пішініне, реңдерін бақылап, хромопластардың суреттерін салу.

Жарықта тұрған картоп түйнегінен лейкопластың хлоропластқа айналғанын бақылау.

Қайталау сұрақтарына жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.



Қажетті материалдар: жасыл немесе виргин традесканциясы спирогираның тұрақты препараты (хромотомалар), элодея өсімдігі (хлоропласт), жас немесе 2-3 пайыздық формалин ерітіндісіне батырылған итмұрын, қызыл бұрыш, шетен, алқызыл долананың піскен жемістері, картоп түйнегі.

Қайталау сұрақтары:

  1. Пластидтер өсімдіктердің қандай мүшелерінде кездеседі?

  2. Пластидтердің қандай түрлері бар?

  3. Хлоропласта қандай пигменттер кездеседі, жасыл түс қандай пигментке тән?

  4. Хлоропласт өсімдік жасушаларында қандай қызмет атқарады?

  5. Өсімдіктердің қандай мүшелерінің жасушаларынан хлоропласты кездестіруге болады?

  6. Хлоропластарда қандай пигменттер кездеседі?

  7. Хромопластың биологиялық мәні неде?

  8. Лейкопласт өсімдіктердің қандай мүшелерінің жасушаларында кездеседі?

9 Атқаратын қызметіне байланысты лейкопластарды қандай топтарға бөлуге болады?

10 Пластидтердің негізі не болып табылады?


3 тақырып Клетканың бөлінуі. Амитоз. Митоз

Мақсаты:

- клетканың бөліну тәсілдерімен танысу


Жоспар:

  1. Амитоз

  2. Митоз


Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқаулар

Амитоз кезінде аналық ядро, сол сияқты клетканың қалған органеллалары ешқандай құрылымдық өзгеріске ұшырамай, жай ғана екіге бөлінеді, нәтижесінде екі жас клетка пайда болады. Бұл клеткаларға ядро заттарының бөлінуі тең қатынаста емес, сондықтан олардың биологиялық теңдігі қамтамасыз етілмейді. Амитоз жоғары сатыдағы өсімдіктерде сирек кездеседі. Төменгі сатыдағы өсімдіктер балдырларға, саңырауқұлақтарға және физиологиялық белсендігі төмен клеткаларға жатады. Сол сияқты амитоз «кәрі» және ауру ұлпалардың клеткаларына тән деген жорамал да бар.



Клетка және ядроға бөліну. Кариокинез фазаларын пияз тамырының ұшын көлденеңінен кесілген тұрақты дайын препаратын қараған кезде көруге болады.

Клетка мен ядроға бөліну жолын толық байқау үшін, препаратты мұқият қарау керек. Микроскоптың кіші объективімен қарағанда кесіндінің бөлшегінде ұсақ клеткаларды және олардың ядроларының қара түске бойялғанын байқауға болады. Ал микроскоптың үлкен объективімен қарағанда, препараттың осы бөлшегі параллель қатарлармен орналасқан клеткалардан тұратынын көреміз. Бұл тамырдың жас зонасы болғандықтан, клетка және ядроға бөліну өте қарқынды жүреді. Осы клетка зонасындағы ядролар бірдей емес, өйткені осы препаратты дайындау кезінде олар әртүрлі кариокинез фазаларында болған еді.

Препараттағы және кітаптағы суреттегі ядро құрылысын салыстыра отырып, кариокинез және цитокинез фазаларын тауып, клетка мен ядроны бөліну фазаларының реттілігімен суреттін салыңдар.

Қайталау сұрақтары:


  1. Ядроның құрылымдық элементтері қандай?

  2. Ядро жасушада қандай қызметтер атқарады?

  3. Митоздың биологиялық маңызы қандай?

  4. Амитоз қандай жасушаларға тән?

  5. Митоз нәтижесінде неше жасуша түзіледі?


4 тақырып Жасушадағы қор заттары. Жасуша қабықшасы

Мақсаты:

- жасушадағы қор заттарының түрлерімен танысу. Жасуша қабықшасының қызметі мен саңылаулар түрімен танысу.



Жалпы түсінік

Клетка қабықшасы. Өсімдіктер клеткасының бетінде тығыз қабықша болады, оны пектоцеллюлозалық мембрана деп атайды. Қабықшаның құрамында сулы, созылғыш, гель тәрізді матрикс және фибриллалық тірек жүйесінің барлығы көрсетіледі. Матрикстің құрамында күрделі көмірсуға жататын гемицеллюлоза мен пектинді заттар кіреді. Осы заттарда карбоксил топтары болуының нәтижесінде олар судың едәуір мөлшерін бойына ұстап тұрады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет