Ботаника Оқу әдістемелік құралы



бет26/35
Дата17.02.2017
өлшемі13,44 Mb.
#9670
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35

Жұмыс барысы

1 Кеппешөптегі (гербарий) зақымданған картоп жапырағынан фитофтораны лупа арқылы қарай отырып, кестедегі суреттермен салыстырып, талдау.



  1. Зақымданған картоп түйнегінен препарат дайындап, көргендеріне анализ жасау.

  2. Картоп фитофторасының сыртқы құрылысының, көбею кезеңдерінің суреттерін салу.

  3. Күні бұрын өсірілегн мукор саңырақұлағы бар ортадан препарат дайындап, жіпшелерін бақылау.

5 Препараттан мукор саңырақұлағының спорангийлерінің жетілу барысын және спораларын бақылап, суреттерін салу.

6 Пысықтау сұрақтарына жауап бере отырып, салған суреттеріңізге талдау жасау.

Картоп фитофторасы «картоп зілі» деп аталатын ауру туғызады. Картоп фитофторасының спорангий сағағы мицелийдің гифасын оңай ажыратылады және симподиалды бұтақтанады.

Мукор - бұл көп ядролы, перделерге бөлінбеген, жан-жаққа тармақталып бұтақтанған жіпшелерден тұрады. Жіпшелерден жоғары қарай шар пішінді спорангийлер көтеріледі. Спорангий ішіндегі протопласттар бірнеше ядросы бар көптеген майда бөлшетерге бөлінеді де, кейіннен қабыққа оралып спораға айналады.

Класс Аскомицеттер - Ascomycetes

Өкілдері Ашытқы - Saccharomyces cerevisiae

Қастауыш - Claviceps purpurea

Класс Базидиомицеттер - Basidiomycetes

Өкілдері Ағашқұлақ - Forties fomentarisius

Қара күйе - Ustilaginales

Аскомицеттер саңырауқұлақтардың ішіндегі ірі класстың бірі, бұған құрылысы және тіршілік етуі жағынан алуан түрлі болып келетін 25 мыңдай түр жатады. Аскомицеттердің басты ерекшелігі - көп жаушалы мицелийінің және жыныс процессінің нәтижесінде түзілетін қалталарының (аскаларының) болуында. Олардың ішінде қалыпты жағдайда 8 эндогенді спора түзіледі, оларды аскоспоралар деп атайды. Аскомицеттердің жынысты көбеюімен бірге конидиялар арқылы жыныссыз көбею де көп таралған. Мұнда конидия споралары экзогенді жағдайда конидия сағағының үстінде түзіледі. Жыныссыз процесс қалталы саңырауқұлақтарда көбеюдің негізгі тәсілі болып есептеледі, оның себебі жынысты қалта құру процесі даму циклының аяғында, қолайсыз жағдайлар туғанда ғана болады.

Жыныс процесі әр түрлі топтарда, тіпті бір топтың өз ішінде де әр түрлі жағдайда өтеді. Қарапайым қалталы саңырауқұлақтарда жыныс процесі зигомицеттерге ұқсас болады.

Аскомицеттерді жеміс денесінің құрылысына қарай 3-ке бөледі:


  1. Клейстотеций - тұйықталған жемісті дене, оның ішінде қалта көбінесе ретсіз орналасады. Қалта жемісті дененің жыртылуы арқылы сыртқа босап шығады.

  2. Перитеций - құмыра тәрізді, жоғарғы жағында тар тесігі бар жартылай тұйықталған жемісті дене. Қалта шоқтанып жеміс денесінің түбінде орналасады. Спора піскен кезде жеміс денесінің түбінен қалта көтеріліп, құмыраның мойнына келіп ашылып, аскоспораларын шашады. Бос қалта жеміс денесінің түбіне түседі де, оның орнын екінші қалта басады.

  3. Апотеций - ашық жемісті дене, көбінесе табақша тәрізді. Қалта оның үстінде, гимений деп аталатын қабатта жеміссіз жіпше-парафиздермен кезектесіп орналасады.

4. Псевдотеций

Аскомицеттердің көбі өсімдік қалдықтарында, топырақта, тағамдарда сапрофитті тіршілік етеді. Біраз түрлері өсімдіктердің, адам мен жануарлардың паразиттері болып саналады. Аскомицеттердің көпшілігі вегетативтік сатысында өсімдікте паразитті тіршілік етіп конидиялар арқылы көбейсе, иесі тіршілігін жойғаннан кейін оның шіріндісінде сапрфитті тіршілік етуге көшеді, ал одан көктемде қалталы спора тасушы мүшесі түзіледі.

Аскомицеттерді қалталы спора тасушы мүшенің құрылысына қарай жалаңаш қалталылар және жеміс қалталылар деп 2 класс тармағына бөледі.

Базидиомицеттер көпжасушалы бұтақталған жіпшумақтарынан тұрады. Жыныссыз көбеюі конидийлер түзу арқылы болады, бірақ бұндай көбеюлері сирек кездеседі. Жынысты көбеюі - соматогамия, бұнда 2 гаплоидты жіпшенің жасушалары қосылады, арнайы жынысты мүшесі жоқ. Екі жасуша қосылғанда ядролары қосылмайды, жұптасып, дикарион түзеді. Дикарионды ядолары бар жіпшелерден жіпшумақтар қалыптасады. Жынысты көбеюдің аяғында дикарионы жіпшелердегі ядролар қосылып, зигота түзеді, бұл бірден мейоз жолымен редукциялық бөлінудің нәтижесінде 4 гаплоидты жасуша ­ базидиоспоралар түзіліп, ал олар пайда болған алғашқы жасуша базидийлерге айналады.

Базидийдің 3 түрі бар: холобазидийлер, гетеробазидийлер, фрагмо базидийлер. Базидийлер жіпшумақтың кез келген жерінен, көбіне жемісті денесінде пайда болады. Гимений қабаты базидийлерден - парафиздерден және цистидтерден тұрады. Жемісті дененің гимений қабатын гименофор деп атайды. Саңырауқұлақтардың қарапайым құрылыстарында гименофорлары тегіс, ал күрделі құрылыстары да тікенек, қатпарлы және түтікшелі болады.

Базидиомицеттер саңырауқұлақтарында жынысты көбеюдің нәтижесінде базидиоспоралар пайда болады. Бұлардың тіршілік кезеңінде үш ядро фащалары алмасып отырады: гаплоидты (қысқа), дикарионды - тіршілік кезеңінің көпшілік мерзімін және диплоидты - өте қысқа.


Жұмыс барысы

1 Ашытқы саңырауқұлағы өсірілген ортадан препарат дайындап, құрылысы, көбеюін бақылап, суретін салу.

2 Көркем кестеден немесе оқулықтан жеміс денелердің суреттерін салу.

3 Қастауыш саңырауқұлағымен зақымдалған өсімдіктердің кеппешөптері-нен (гербарий) склероцийді алып, препарат дайындап, стромасын салу.

4 Көркем кестеден немесе оқулықтан қастауыш саңырауқұлағының зақымданған масағының, склероцийдің, стромасының, жемісті денесінің, аскоспоралары бар қалтасының (аскасының), конидияларының суреттерін салу.


  1. Ағаш саңырауқұлағының кеппешөбінен түтікшелі саңырауқұлақтардың жемісті денесінің, гименофорлар құрылыстарын қарап, гимений қабатын, плектенхимасын, базидияларын, цистидтерін анықтап, суреттерін салу.

  2. Қаракүйе зақымдаған өсімдіктердің кеппешөптерінен қай бөліктерін зақымдағанын бақылыап, суретін салу.

7 Базидиомицеттердің базидий түрлерінің суреттерін салу.

8 Қорытынды ретінде пысықтау сұрақтарына жауап беріп, базидиомицеттер мен аскомицеттерге байланысты қысқаша жалпы сипаттамасын жазу.

Ашытқы саңырауқұлағы - мицелийі жоқ, дөңгелек, сопақ, таяқша және басқа пішінді бір жасушалы саңырауқұлақтар. Көлемі ірі және жасушасы қабықшадан, протоплазмадан, ядродан, ядрошықтан, митохондриядан, ірі вакуольден тұрады. Ашытқы саңырауқұлағы қозғалмайтын ағза. Ашытқы саңырауқұлағы көбінесе бүршіктену арқылы көбейеді.

Қастауыш саңырауқұлағы - қара бидайдың және көптеген жабайы астық тұқымдастардың паразиті. Бидай масақтарында дәннің орнына бірнеше мицелийлердің өрімделуінен құралған склероцийлер деп аталатын қаракүйелер пайда болады. Жемісті денесі - перитеций. Жемісті денесінің қуысынан қалталар дамиды.

Ағаш саңырауқұлағы - гименофоры жемісті дененің төменгі жағында болатын тік түтікшелер түрінде болады. Жемісті денелері таға пішінді, көбінесе сүректенген болады. Ағаш саңырауқұлығы празиттік саңырауқұлақ. Тіршілігін жойған ағашта ағаш саңырауқұлығы сапрофитті тіршілік етуге көшеді.

Қаракүйе саңырауқұлағы - әр түрлі тұқымдасқа жататын жоғары сатыдағы өсімдіктердің паразиті. Әсіресе астық тұқымдас өсімдіктер қаракүйе саңырауқұлағымен жиі зақымданады. Қаракүйе саңырауқұлағымен зақымданған өсімдіктің масағы отқа күйген сияқты қараяды.



Қыналар - Lichenophyta

Өкілдері Бұғы мүгі (ягелк) - Cladonia rangiferina, исландия мүгі - Cetraria islandica

Қыналардың 18-20 мың түрі бар төменгі сатыдағы өсімдіктер қатарына жатады. Қыналар күй талғамайтын өсімдіктер, сондықтан табиғатта қыналар басқа өсімдіктерге қолайсыз келетін құнарсыз жерлерде мысалы, тастардың үстінде, шөлді-шөлейтті жерлерде, тундрада және ормандарда тіршілік етеді. Қыналарға ең қажетті жағдай оттегіне бай таза ауа. Қалада қыналар өспейді, себебі түтін және ысты жерлерде тіршілік ете алмайды.

Қыналар-комплексті ағза, яғни денесі саңырауқұлақтардың жіпшелерінен (гифтерінен) және балдырлар жасушаларынан тұрады, кейінгі кезде үшінші ағза азот бактериялары болатындығы дәлелденген.

Қыналар талломы әр түрлі түсті: сұр, қара, көгілдір, сары, қызғылт-сары, қоңыр түсті болады, мұндай түс беру құрамындағы қыналар қышқылдарының болуына байланысты, бұлар жіп шумақтың жоғарғы жағында түйіршікті, таяқшалы, кристалды түрде қалыптасады.

Сыртқы пішіндеріне қарай қыналар үшке бөлінеді: қаспақ немесе қабыршақты қыналар, жапырақ тәрізді қына (жалпақ жапырақ пішініне ұқсас), бұта тәрізді қыналар. Анатомиялық құрылысы жағынан қыналар талломдарындағы балдырлардың орналасуына қарай екіге бөлінеді: гетеромерлі және гомеомерлі.

Қыналар көбінесе вегетативтік жолмен көбейеді, бұл кезде қынаның кез келген жерінен сынып, үгіліп түскен бөліктерінен жас қына өсіп шығады. Сонымен қатар денесінде пайда болатын ерекше жасушалармен де көбейеді, ол жасушалар соридиялар және изидиялар деп аталады.

Қаспақ қыналар кесектері арқылы көбейеді, кейде субстратпен бірге кесектелген бөліктерімен көбейеді.

Қыналар - ыстық күндері қурап, оп-оңай үзіледі, ал аздап жауын жауса болғаны, олар қайтадан жанданады. Қыналар өте баяу өседі, мысалы, бұғы мүгі бір жылда не бары 1-3 мм өседі.

Бұғы мүгі (ягель) - бұталы қына. Ол қарағайлы ормандарда, сол сияқты тундрада көп кездеседі және қыналардың басқа түрлерімен бірге өсіп солтүстік бұғыларының негізгі азығы болып келеді.

Исландия мүгі - бұтақты қына түрі. Ол қиыр Солтүстікте, орманда, құмды жерлерде өседі. Осы қынаның құрғақ затында 50 пайызға дейін лихенин деп аталатын көмірсу болады, ол қабықтың құрамына кіреді және крахмалдан айырмасы йодпен көк түске боялмайды. Халық мүның түнбасын бас, іш ауруларына дәрі есебінде пайдаланады.
Жұмыс барысы


  1. Қыналар коллекциясынан қыналардың түрлерін анықтап, түрлерінің суреттерін салу.

  2. Суға салынап қойған Исландия мүгінен және бұғы мүгінен (немесе басқа қынадан) препарат дайындап, саңырауқұлақтардың жіпшумағын және балдырларды анықтау.

  3. Ылғалданған мақтаға қынаның бір үзімін салып, үстіне ыдыс (банка, стакан) төңкеріп, қынаның неше күннен соң тіршілік ете бастайтынын бақылау.

4 Пысықтау сұрақтарына жауап бере отырып, қыналарға байланысты қысқаша сипаттамасын жазу.

Қажетті материалдар: шалшық сулардан алынған ішінде балдырлар бар су, микроскоп, спиртке салынған қалпақты саңырауқұлақтар, лупа, күні бұрын өсіріліп қойған мукор ұнтақтары, қыналар коллекциясы, микроскоп, лупа, даяр препараттар.

Қайталау сұрақтары:

  1. Сарғыш-жасыл балдырлардың тіршілік формалары қандай және қай жерлерде кездеседі?

  2. Диатомды балдырлардың басқа балдырлардан қандай айырмашылығы бар?

  3. Диатомды балдырлардың қандай практикалық маңызы бар?

  4. Жасыл балдырлар жасуша құрылысын негізгі ерекшеліктері неде?

  5. Жасыл балдырлар қалай көбейеді?

  6. Спирогира балдырының жасушасында қандай құрылымдар бар?

  7. Саңырауқұлақтардың өсімдіктерге және жануарларға тән қандай белгілері бар?

  8. Саңырауқұлақтар қалай көбейеді?

  9. Фитофтора қандай өсімдікті зақымдайды және қандай ауру тудырады?

  1. Скомициттер класының қандай ерекшеліктері бар?

  2. Қастауыш саңырауқұлағының тіршілік кезеңі қалай өтеді?

  3. Қыналар қандай жерлерде өседі?

  4. Қыналарды не себептен комплексті ағза деп атайды?

  5. Қыналар субстратқа қалай бекінеді?

  6. Қыналар қалай көбейеді?


12 тақырып Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер. Жалаңаш тұқымдылар

Мақсаты:

- қылқан жапырақты өсімдік - қарағайдың морфологиялық құрылысындағы

және даму кезеңіндегі ерекшеліктермен танысу

Жоспар:

1 Мүк тәрізділер бөлімі

2 Папоротник тәрізділер бөлімі

3 Ашық (жалаңаш) тұқымдылар бөлімі



Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқаулар

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер

Мүк тәрізділерден бастап папортник тәрізділер, ашық тұқымдылар және жабық тұқымды өсімдіктер жоғарғы сатыдағы өсімдіктерге жатады. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің жетілген жапырақтары, сабақтары, тамырлары болады.



Тек мүк тәрізділерде ғана тамыр болмағандықтан оның қызыметін ризоид атқарады. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер органдарында арнайы қызмет атқаратын ткандар бар, оларға: өткізгіш (флоэма, ксилема), жабындық (эпидерма, қыртыс), механикалық (колленхима, склеренхима, склереида), ассимиляциялық, жасаушы (камби, прокамби) ткандары жатады.

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер ішіндегі мүктер мен папортник тәрізділер опора арқылы көбейеді. Сондай-ақ бұларда жынысты көбею мен жыныссыз көбею кезектесіп жүргендіктен ұрпақ ауысу болады. Ал ашық тұқымдылар мен жабық тұқымдылар арқылы және вегетативті жолмен көбейеді. Мүк тәрізділер мен папортник тәрізділерде жыныс органдары архегонии (аналық), антередии (аталық) жасалады. Ал жақсы жетілген ашық тұқымдылар мен жабық тұқымдыларда жыныс органдары редукцияға ұшыраған.




35 — сурет. Көкек зығыры. А — аталық гаметофит; Б — аталық гаметофиттін ұшы (ұзынынан кесіндісі); В — аналық гаметофит; Г — аналық гаметофиттін ұшы (ұзынынан кесіндісі); Д сабақ (көлденен кесіндісі); Е филлоид (жалпы көрінісі және көлденең кесіндісі); Ж —аналық гаметофитінде түзілген спорогон; 3 — спорогон қауашағы.

1 - антэдирий; 2 - парафиза; 3 - архегоний; 4 - эпидерма; 5 - қабық; 6 -флоэма қызметін атқаратын жасушалар; 7 - ксилема қызметін аткаратын жасушалар; 8 - паренхимды жасушалар; 9 – аркаулық жасушалар; 10 — ассимиляторлар; 11 - ризоидтар; 12 - 13 – қақпақтар; 14 - эпифрагма; 15 ­қорапшаның қабырғалары; 16 - ұстамдық құрам (колонкасы); 17' — спорангий; 18 — апофизм; 19 — аяқша.

Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет