Будда (санскрит сөзі – көзі ашылған деген мағынада) діні



бет11/12
Дата02.05.2020
өлшемі77,68 Kb.
#65482
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
2-тапсырма

Сопылық немесе тасаууф(араб.: تصوّف‎taṣawwuf) — зуһд (аскетизм), жақсылықтармен әшекейлену, нәпсіні тазарту және рухтың дәрежесін көтеру. Тасаууф ғылымы — сопылықты ұстанатын адамдардың сенімдерінің жинағы және олардың оңаша халінде және жиындарда ұстанатын әдептері. Сопылық — дүниеден безуге, нәпсіні есептеуге, тәнге қатысы бар нәрселерден бет бұруға, нәпсіні тазалауға, Аллаһ тағалаға мағрифатқа немесе хақиқатқа иман келтіру арқылы қосылу (араб.: فناء‎ — нирвана) дәрежесіне жетуге ұмтылысқа негізделген өмір салты. Сопылықты ұстанушыны сопы (араб.: صوفي‎суфий) деп атайды. Сопылар өздерін Мұхаммед пайғамбар ﷺ Жәбірейіл хадисінде айтқан ихсанды жүзеге асырушылар санайды.

Классикалық сопы ғалымдар сопылықты «мақсаты жүректі қайтару мен Аллаһтан басқа заттардан бұру» деп анықтаған. Дарқауи тариқатының  сопылық ұстазы Ахмад ибн Аджиба сопылық «сол арқылы Құдайдың ішкі болмысының құзырында қалай саяхаттауды, ластықтан тазалануды, жақсы қасиеттермен әсемдеуді білуге болатын ғылым» деген[5].

Классикалық сопылар зікірге құлшыныспен және аскетизммен ерекшеленетін болған. Сопылықтың ізбасарлары ерте Умәйя халифатының кезіндегі дүниеге деген құлшынысқа реакция ретінде пайда болған. Сопылық мыңжылдықтар бойы көптеген мәдениеттердің әсерін басынан өткізіп, бастапқыда араб тілімен, содан кейін парсы, түрік және басқа да ондаған тілдерде ойларын білдіреді. Сунниттік немесе шииттік боп келетін сопылық тариқаттарының түп негізі Мұхаммед пайғамбардың ﷺ күйеу баласы Әли ибн Әбу Талибке дейін жетеді деп саналады. Тек Нақшбандийа тариқаты ғана өз негізін Әбу Бәкірден бастайды.

12. Шиизм мен суннизм – исламдағы бағыт ретінде

Исламның өзге әлемдік діндерден айырмасы – оның айқын рәміздерінің болуы. Мұсылманшылық екі сенім негізі бойынша құрылған: біріншісі – Алладан басқа құлшылық етілетін тәңірдің жоқтығына; екінші – Мұхамедтің (ғалайһиссаламның) Алла тарапынан бүкіл адам баласына жіберілген пайғамбар екендігіне сену. Сондықтан “Алладан басқа (тәңір) жоқ, Мұхаммед оның елшісі, араб тілінде “Ла илаһа иллалаһ мұхаммадүр – Расулүллаһ,” – деген мүбарак қағиданы тілмен айтып, көңілімен бекіткен адам ислам дінінде болып саналады. Бұл сенімді (символды) Има, сенушіні Мүһмин деп атайды.

Нағыз ислам жоғары мәдениетті және гуманистік идеяларды насихаттайды. Мұхаммед пайғамбар өзінің хадисінде: “Дінде зорлық жоқ” – деген. Яғни, ислам дініне біреуді мұқтаж ету немесе пайдасын беріп, енгізуге жол жоқ. Әр пенде исламды өз еркімен, өзінің қалыбымен (жүрегімен) қабылдауы тиіс.

Діни мейрамдарға Әр мұсылман үшін жұма – қасиетті күн. Ол бүкіл араб елдерінде демалыс. Рамазан айының жиырма жетінші түні – “ләйлат әл-қадр” – қадір түні. Бұл түнді шырақты сөндірмей тілек үстінде өткергендерге Алланың рақметі жауады. Оның шығу тарихы – ҚұранКәрим Алладан Мұхаммед пайғамбарға аян етілген.

 

Исламдағы негізгі бағыттарды Мұхаммед пайғамбар айтқан екен: ислам мен дүниеден өткен соң үмметім 73-ке бөлінеді, соның біреуі ғана жаннаттық, - деп. Пайғамбар Алланың рахымына бөленген соң исламда негізгі екі тарап айқындалды. Олар-суннилер және шииттер (шиа – қосылу, бірігу). Бұл бөліну негізгі дінді таратудан емес, тақ таласынан туды.



“Сунна” араб тілінде “жол” деген мағына береді. Cуннилер хадистерді нағыз мұсылмандар жүретін жол деп таниды. Осыдан олар өздерін “аһли ас-сунна”, немесе “аһли әхли-сунна уа жамағат” - “сунна адамдары”, - деп атайды. Сонымен бірге олар Мұхаммед пайғамбардан соңғы төрт халиф құрметіне “аһли шариар” деп те аталады. Суннилер негізгі төрт мазхабқа бөлінеді. Олар – ханифийлер немесе имам Ағзам Абу Ханифи жолындағылар, шафиғилер, мәликилер, ханбалилер.

Сунниттер өзі өз ішінен асхабу рай, асхабу хадис болып екіге тармақталады.

Шийттердің төрт тармағы бар, Исмайлиттер (карматтар), “шеткілер” (гулаттар), Зайдиттер, Имамиттер.

Сунниттік бағыттың шийттік бағыттан басты айырмашылықтарының бірі, олар Мұхаммед пайғамбарымыздан кейін адамдар мен Алла тағалаарасында елшінің болғандығын және Алидің басқа халифтерден басым ерекше екендігін, әрі оның ұрпақтарының имаматқа (мемлекет басқаруға) толық мұрагер екендігін мойындамайды. Шийттер үшін имаматтық Алла тағаланың әмірі. Сондықтан да болар шийттік баспалардан шыққан Құран кәрімдерде Алиді ерекше марапаттаушы қосымша сүре жазылған. Шийттерде хадистер жинағы Ахбар (жаңалықтар)деп аталады.

Шийттіктің елеулі ағымдарының бірі – имамиттер. Олардың пайымдауларынша Али тұқымының он бірінші имамы әл-Хасан әл-Аскари (873 ө.ж) дүниеден өткен соң, он екінші имам болып таққа соңғы имамның жасөспірім баласы Мұхаммед отырады, өкінішке орай ол көп ұзамай жоғалып кетеді, кейбір риуайаттарда жасырынып қалады. Оны “жасырын” имам-махди деп атайды. Тарихта бұл жасырын имамға деген сенім талай секталардың дүниеге келуіне негіз болады.

Осымен қатар шийттіктер адам өміріне шын сенімі үшін қауіп төнетін болса, оны жан амандығы үшін жасыруға, бүркемелеуге болады деп санайды. Оны олар “такийа” – деп атайды. Такийаның қаталырақ түрдегі нысаны сунниттіктерде де кеңінен қолданылады. Сунниттіктердің айтуларынша егер адамға діні үшін қауіп төнетін болса немесе оны басқа дінге кіруге мәжбүр ететіндей жағдай туатын болса немесе оны басқа дінге кіруге мәжбүр ететіндей жағдай туатын болса, Құран ол адамға бөгде жерге қоныс аударуды бұйырады. Сонымен қатар сунниттіктер шийттіктерде қалыптасқан, өз заманында Омар тыйым салған, уақытша некені де мойындамайды. Бұдан басқа бұл екі бағыттағылардың ғұсыл алуда, дәрет алуда, намаз оқуда және бірқатар ғибадат түрлерін орындау тәртіптерінде өзіндік айырмашылықтары байқалады.

Мазһаб. Араб тілінде «баратын жол», «лайықты көзқарас» мағыналарын білдіреді. Ислам тарихында пайда болған барлық саяси, сенімдік (итикадтық) және фикһтық (шариғат ғылымы, тәсілдері мен үкімдері), сонымен қатар амалдық (іс әрекетке қатысты) пікір ағымдарын анықтайды. Терминологияда Мазһаб Ислам дінінің түрліше түсіндірілуі және іске асырылуынан пайда болған итикадтық және фикһтық қоғамдарды анықтайтын ұғым болып табылады. Негізінен, Ислам тарихындағы барлық мазһабтар саяси және итикадтық немесе фикһтық, фикһтық-амалдық мақсатта пайда болған. Белгілі бір тұлға немесе ғалымның тұжырымдары мен анықтамаларын қолдаған қоғамдар Құран аяттары мен хадистерді өз түсініктеріне арқау етіп алған. Саяси, діни және амалдық түсініктеріне Ислам дінінен дәлелдер іздестірген. Барлық мазһабтар, қай мақсатта және қай себеппен шықса да, Құран мен сүннет түсінігіне арқа сүйейді. Десек те, олар осы екі негізгі қайнар көзді түрліше түсініп, әрқалай жорамалдаған.

Ислам тарихындағы саяси және итикадтық себептермен шыққан мазһабтар бастапқыда «фырқа» (көпше түрде фырақ), «нихле» (көпше түрі нихал) және «мақала» (көпше түрі мақалат) деп аталған. Бұл ұғымдардың әрқайсысы басқа түсінік пен амалда болған топ немесе топтар деген ұғымды білдіреді. Яғни, белгілі бір себептермен мұсылман қоғамына сай келмейтін діни топтардың атауы болып табылады. Мұсылман қоғамдары арасында пайда болған бөгде діни түсінік пен жорамал алғашқыда «мақала» деп аталған. Мысалы, адамдар үлкен күнә істеген мұсылманның жағдайы туралы пікір таластырғанда осы тақырыпта бір ғалым басқа түсінік берсе, осы көзқарас немесе түсінікті «мақала», оны шығарған адамды «сахибу л мақала» деп атайтын еді. Имам Әл-Әшаридің «Китабу Мақалати л-муслимин уә хилафи л мусаллин», әл-Куммидің «Китаб л-мақалат» атты шығармалары осы салада жазылған алғашқы туындылар ретінде түрлі мақалалар туралы кең мәлімет береді. Сонымен қатар, «мақала» сол кезеңдегі адамдардың тұрақты (өзекті) мәселесі деген мағынаға және жүзеге асыруы үшін жіберілген.



13. Ислам және қазіргі заман
Адамзат өркениетінің даму тарихында дін өзінің өміршеңдігін танытумен қатар, маңызды функцияға ие екендігін көрсетіп келеді. Ұстанған діні мен дүниетанымына қарай тұтас халықтың руханияты, салт-дәстүрі мен күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі жалпы болмысы қалыптасып, соның негізінде ертеңгі күннің бағыт-бағдары айқындалады.

VII ғасырда Араб түбегінде дүниеге келген ислам діні ғасырлар бойы әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасып қана қоймай, әлемнің түкпір-түкпірінде қанатын кеңге жайып, түрлі халықтарды бір мәдениет аясына біріктірді. Ислам діні орныққан аймақтарда араб тілі, дін, мәдениет және ғылым тілі ретінде айқындалды. Қалалар мен елді мекендерде, мешіттер мен медіреселер салынып, араб жазба әдебиеті орнығып, поэзия мен ғылым, музыка, қолөнер, қолданбалы өнер, ислам ғылымы қанат жайды. Шығыс пен батыс арасындағы мәдени – сауда экономикалық қарым – қатынастың дамуына Жібек жолы елеулі рөл атқарды.

Ер мен әйелге тал бесіктен жер бесікке дейін білім іздеуді бірдей парыз қылған ислам дінінде VII-X ғасырларда философиямен қатар астрономия, алгебра, химия, медицина, география сынды ғылымның т.б. бірқатар салалары үздіксіз даму үстінде болды. Әл-Фараби, Әл-Кинди, Ибн Сина, Ибн Араби, Ибн Рушд т.б. ұлы ойшылдар мен ғалымдар еңбектері тек мұсылман әлемінің ғана емес, христиан халықтарының дүниетанымы мен Батыс Еуропалық мәдениетінің қайта жанданып гүлденуіне тікелей әсер етуші фактор болды.

Соңғы статистикалық дерек көздеріне сүйенсек, жер бетіндегі адамзат саны 5,7 млрд. сандық көрсеткішке ие болса, соның бестен бір бөлігін,яғни 1,3 млрд. саны мұсылмандарға тиесілі. Әр түрлі ұлттан құралған мұсылман халқы әлемнің 120 елінде өмір сүрсе, 44 мемлекеттің негізгі жан санын құрайды екен. Араб түбегін есепке алмағанның өзінде, Иран, Пәкістан, Үндістан, Орталық Азия мен Шығыс Азия, бүгінгі таңда Батыс Еуропада да ислам дінін қабылдаушылар саны күннен-күнге үлкен қарқынмен өсу үстінде. «Islam-today» ақпараттық порталының мәліметіне жүгінсек, тек АҚШ-та бір жыл ішінде ислам дінін қабылдағандар саны 100 мыңға жететіндігін санақ мәліметтері көрсетіп отыр.

Дегенмен әлем саяси-экономикалық, әлеуметтік және мәдени, сонымен қатар, ақпарат саласы бойынша үздіксіз даму үдерісі мен түйінін шешуді қажет ететін жаһандық деңгейдегі күрделі мәселелерге де толы. Басты мәселелердің бірі – нәсілі мен ұлтына қарамастан кез келген адам жүрегіне қорқыныш пен қауіп ұялатқан экстремизм және терроризм феномені.

2001 жылдың 11-қыркүйегінде АҚШ-та алып сауда үйінде орын алған террорлық оқиға,бүгінгі таңда алыс-жақын елдерде көрініс берген діни экстремистік әрекеттер бейбітшілік пен ынтымаққа, діні мен тіліне қарамастан әр түрлі халықтарды өзара татулыққа үндеген ислам дінінің «теріс» келбетін, яғни «исламофобия» ұғымын ары қарай қалыптастыруда. Солтүстік Африка континенті мен Араб түбегі және Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан бірнеше мемлекетте соңғы жылдары үздіксіз орын алған билік пен оппозиция арасындағы түсініспеушіліктер, діни топтар негізінде пайда болған қақтығыстар ислам дінінің шынайы ұстанымы мен келбетін керісінше түсінуге итермелеуде.

Өкінішке орай радикалдық діни ұйымдар мен топтардың ұстанымы салдарынан кейбір адамдар үшін ислам дінін ұстанған кез келген мұсылманның ең алдымен өз нәпсісін үздіксіз тәрбиелеуге, рухани кемелденуге жол бастаған қасиетті «жиһад» ұғымы бүгінгі бейбіт күнде қолға қару алып, соғысқа шығу сынды бір жақты әрі теріс түсінікке ие болуда.

Сырт көзге, яғни басқа дін өкілдері мен ислам дініне қатысы жоқ адамдар тарапынан террорлық және экстремистік әрекеттердің себебін ислам дінінен іздеу феномені кең етек алуда. Бұған дәлел ретінде Амине Сафи есімді американдық қыздың ислам діні мен мұсылмандар жайында қалыптасқан жаңсақ әрі жағымсыз түсініктердең пайда болуына бұқаралық ақпарат құралдарының ықпал еткенін, американдық тілшілердің ислам дінін лаңкестікпен байланыстыруды әдетке айналдырып алғанын анықтағандығы жайлы зерттеу жұмысының нәтижесін мысал ретінде алға тартсақ та болады.

Үш ай бойы ерінбей-жалықпай Америка прессасын зерделеген ол жергілікті «Pioneer Press» және «Minneapolis Star Tribune» баспа басылымдарында 2009 жылдан бері ислам дінін лаңкестікпен байланыстырған 115 мақала жарық көргенін анықтап білген. Зерттеу мен зерделеу барысында елде лаңкестік оқиға орын алған жағдайда, соның 54% бұқаралық ақпарат құралдарында ислам діні мен мұсылмандарға бір сүйкеніп өтетінін, яғни, «ислам», «мұсылман» сөздері еске түсірілетінін анықтаған. Ең сорақысы, «ислам», «мұсылман» сөздерін лаңкестікпен байланыстыра қолдану 70 пайызды көрсеткен.

Жоғарыда келтірілген себептер мен салдарлар нәтижесінде соңғы жиырма жыл ішінде ислам діні мен мұсылмандарға шүйліге қарау «исламафобия» ұғымының пайда болып, таралудың үлкен қарқынына ие болды.

«Исламафобия» терминін ең алғаш 1997 жылы британдық «Runnymede Trust» зерттеу орталығы тарапынан жарияланған «Исламафобия – вызов для всех» атты мақала негізінде пайда болды.

Гордон Коннуэй есімді профессор өз кезегінде «исламафобия» ұғымына «БАҚ пен қоғамда ислам діні мен мұсылмандарға жеккөрушілік және қорқынышпен қараудың орын алуы» деп анықтама береді.

Аталмыш себептерден пайда болған «исламафобия» ұғымына қарсы мұсылман қауымы да әлемнің түкпір-түкпірінде халықаралық конференциялар ұйымдастырып, өз кезегінде ислам дінінің шынайы бейнесі мен ұстанымын насихаттауда.

Араб елдеріндегі қақтығыстар мен көтерілістер, діни экстремистік және террорлық актілер кейбір мұсылмандардың босқынға айналып, басқа мемлекеттерге, соның ішінде Батыс елдеріне қоныс аударуы сол жердің әлеуметтік, саяси-экономикалық және демографиялық болашағына да тікелей әсер етуде.

Ислам діні жаһандану дәуірінде қайта жаңғыру үдерісінің паралельді түрде бірнеше сатысын бастан өткеруде. Бүгінгі таңда дін атын жамылған діни топтар мен ұйымдар және шариғат үкіміне негізделген, рухани құндылықтарды паш еткен дәстүрлі ислам діні арасында үздіксіз күрес жүруде.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан бері Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастауымен еліміздің дін саласында келелі іс-шаралар атқарылды.

2003 жылдан бастап «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезінің» төрт рет өтуі мемлекетіміздің әлем сахнасында тек саяси-экономикалық дамуды көздеген ел ретінде ғана емес, ХХІ ғасырдың өзекті мәселелерінің бірі болған рухани-мәдени құндылықтарды арттыруға шақырған ұстанымымен өзіндік орын мен рөлге ие болып, дінаралық сұхбаттастықтың келісім алаңына айналды.

Ел ішінде діни ахуалдың тұрақтылығын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 мамырдағы № 84 Жарлығымен құрылған Дін істері агенттігі (Агенттік) және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы маңызды жұмыс атқарып үлкен еңбек сіңіруде.

Агенттік дін саласындағы ҚР ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етумен, яғни ел аумағында құрылған діни бірлестіктердің, миссионерлердің, қызметін зерделеу мен талдау және дінтану сараптамасын жүргізуді қамтамасыз етіп, Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жеке және заңды тұлғалардың, соның ішінде діни бірлестіктердің қызметіне тыйым салу жөнінде құқық қорғау органдарына ұсыныстар енгізу бойынша функцияларды жүзеге асыруда.

Діни ахуал тұрақтылығының кепілі болған халықтың діни сауатын арттыру және ата-баба салт дәстүрін ұстана отырып, дәстүрлі ислам дінінің рухани құндылықтарына шақыруда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еңбек сіңіруде.

Сондай-ақ, ҚМДБ мен Агенттік өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойғандығы алдағы уақытта діни ахуалдың тұрақтылығына септігін тигізер маңызды құжаттардың бірі айналды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 1141 қаулысы бойынша діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 — 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік органдардың экстремизм, терроризм және сепаратизм идеяларының таралуына қарсы жұмыстарыжүзеге асуда.



14. Қазақстандағы діни конфессия
Қазақстанда түрлі наным-сенімді ұстанатын көптеген этностар мен ондаған діни конфессиялар бейбіт қатар өмір сүріп,оның саяси тұрақтылығына,экономикасы мен мәдени дамуына жұмыла үлес қосып келеді. 

Еліміз тәуелсіздігін алып, өз алдына дербес мемлекет болғаннан кейінгі негізгі мақсаттарының бірі халқымыздың Тәуелсіздік туы астында өзара тату-тәтті әрі бақытты өмір сүруін қамтамасыз ету болса,қазір Қазақстанда жасампаздық пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін этностар мен діндердің өзара әрекеттесуінің әлемдік моделі қалыптасты.

Қазақстан қазіргі таңда күллі әлемге өзінің дінаралық келісім мен ұлтаралық татулықтың қасиетті ордасы екенін әйгілі етті. Дін еліміздегі бірліктің рухани тірегі болып,халықтың ынтымағы мен тыныштығы үшін қызмет ететін өзінің негізгі міндетін мінсіз атқарғанының нәтижесінде Қазақстан осындай биіктерге қол жеткізгені анық.        

Қазіргі уақытта еліміздегі конфессиялар – Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы, Қазақстан Республикасындағы Митрополит округі, Қазақстандағы Рим–Католиктік шіркеуі, Қазақстандағы Иудаизм, Қазақстандағы Буддизм  бейбітшілік пен келісімді және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуде. Олар  мәдениеттер мен дәстүрлердің және көзқарастардың әр алуандығына қарамастан, Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолында, бейбітшілік пен татулық үшін мәдени, діни іс-шараларды «Бейбітшілік пен келісім сарайында»келісе отырып жүзеге асыруда.

Республикамызда көпэтникалық және конфессионалды Қазақстан халқының діни мүддесін білдіретін 18 конфессияның өкілдері бейбіт қатар өмір сүреді және өзара әрекеттеседі.

Қазақстандағы діндер діни тәжірибелерімен және қоршаған ортаға деген көзқарастарымен еркешеленетін, әр түрлі сенімдерді ұстанатын әр түрлі ұлыстар, тіл, мәдени және әлеуметтік топтағы адамдармен қамтылған.

Ішкі тұрақтылығы бекем Қазақстан қазіргі әлемдік дамудың күрделі,қарама-қайшылыққа толы,іргелі мәселелерін шешудің аса маңызды  әдісі ретінде өркениеттер үнқатысуын ұйымдастыру үшін үш жыл сайын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізіп отыруды дәстүрге айналдырды.

Дін басшыларының2003 жылы болған алғашқы Съезінде ел Президенті Н.Назарбаев:«Материалдық игілікпен мүлдем байланысты емес,адам үшін басым және негізгі болып қала беретін дау тудырмас құндылықтар бар. Олардың бастысы–руханият,имандылық. Олардың негізгі көзі әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық және діни дәстүрлерін,өзіндік тарихи әрі мәдени тәжірибесін сақтаушы дін болып табылады»,–деген болатын.

11 қыркүйектегі сойқан лаңкестік әрекеттен кейін,әлемге «өркениеттер қақтығысы»дейтін қара бұлт төнгенде, Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен шақырылған бұл форум 2006 жылы Таяу Шығыстағы ахуал шиеленісіп, Иракта соғыс жүріп жатқан күрделі уақытта екінші Съезді ұйымдастырды. Үшінші Съезд әлемді шарпыған ең күшті қаржылық экономикалық дағдарыс қызып тұрған шақта өтті. Бүкіл әлем үшін бетбұрысты кезең, «әлемдік тәртіптің жаһандық трансформациясы басталған» кезеңде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының төртінші съезі өтті.

Осы съездің алдында Дін көшбасшылары кеңесі құрылып, оның құрамына әлемнің жетекші конфессиялары – Исламның, Христандықтың, Иудаизмнің, Буддизмнің, Индуизмнің, Синтоизмнің, Зороастризмнің өкілдері енгізілді.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының төртінші Съезін ашарда сөйлеген сөзінде Н.Назарбаев: «Қазіргі дүние жол айрығында тұр. ... Дін–руханисыздықпен ашкөздіктің алдындағы аса берік қорғаушы бөгеттердің бірі. ...Әлемнің ұлы ойшылдары дінді өнегелілік формуласы деп атайды»,–деу арқылы әлемдік деңгейдебейбітшілік пен келісімді сақтаудағы діннің  өлшеусіз ізгілігін  меңзейді.

Осы жылдың 17-18 қыркүйек күндері Съезд Хатшылығы Жұмысшы тобының ХІІІ отырысы болып,онда 2015 жылы Астанада өтетін V Съездге байланысты барлық мәселелер қаралды.

Кез келген шынайы мәдениеттің наным-сенімге негізделетіні,наным-сенімнің түп қазығы дінге барып тірелетіні белгілі.Ал дін атаулының бейбітсүйгіштік,ізгілік қасиеттерге бағышталатын құндылығын игі мақсаттарға пайдалану–айтуға ауыз бармайтын нәубеттерден ғаламды құтқарып қалудың бірден-бір жолы.

Толғанға тасымай,болғанымызды бекітіп жүруді,қазіргі аласапыран заманда жастарымызды арандап қалудан сақтандыруды уақыт талап етуде.Қалыптасқан экономикалық, әлеуметтік және рухани сұраныс себептеріне қарай қоғамның дін саласында біраз өзгерістер мен үдерістер орын алды. Бірнеше конфессияға тән және еліміздің дүниетанымына жат түрлі діни бірлестіктер пайда болды. 

Әлемнің түрлі бөліктеріндегі, соның ішінде кейбір көрші елдердегі этно-діни қайшылықтардың күшеюі, Қазақстанға сырттан  экстремизм мен радикализмнің әртүрлі нысандарының кіруі айтарлықтай қауіп туғызады. Қоғамда орын алып отырған әлеуметтік және тұрмыстық жергілікті мәселелер де этностық рең алып кетуі мүмкін. Жас ұрпақты тәрбиелеуде  жіберілген олқылықтар көпэтносты Қазақстан халқының этносаралық және мәдениетаралық төзімділік дәстүріндегі сабақтастықтың бұзылуына қауіп тудыруы мүмкін.Сондықтан осындай қауіпті болдырмау үшін ізгі іс-шараларды уақыт оздырмай іске асыру –бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірегейі.

Көп ұлт пен ұлысты және әртүрлі конфессияларды құраған зайырлы мемлекетіміздің басты мақсаттарының бірі – халықтың рухани сұранысына жауап беретін діни құндылықтарға көңіл бөле отырып, осы салада келелі қызметтер атқару.

Зайырлылық ұстанымы бойынша дін мемлекеттен бөлінгенмен, қоғамнан ажырамайды. Дін– халықтың, тұтас қоғамның ажырамас бөлігі. Дін – кез келген ұлттың болмысын, тарихын және дүниетанымын қалыптастыруда маңызды мәнге ие. Ал зайырлы мемлекет өз кезегінде түрлі конфессияға тән  діни бірлестіктердің қызметін заң қағидасына сай реттеп отырады.

Мемлекеттің зайырлылық сипаты діни бірлестіктердің қоғамдық өмірден, әлеуметтік үрдістерден, ең алдымен, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және сол сияқты басқа  салалардан оқшаулығын білдірмейді.

Қазақстан халықтары  Ассамблеясының мерейлі ХХ сессиясында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев:«Біздің қоғамның тұрақты дамуының берік кепілі – мемлекетіміздің зайырлы қағидаттарын терең зерттеу болып табылады. Дін бұл – адамның жаны мен әдебінің аясы. Әрбір дін өкілінің уағыздайтын жоғары адамзаттық құндылықтары мемлекет тарапынан әрқашан қолданып, құрметтеледі»



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет