Буферлі ерітінділер. Жоспар: Буферлі ерітінділер жайлы түсінік



бет3/6
Дата07.02.2022
өлшемі42,71 Kb.
#93535
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Буферлі ерітінділер дайын

Буферлік сыйымдылық – бұл, буферлі ерітіндінің рН бірге өзгерту үшін жұмсалатын қышқыл немесе сілті мөлшері (моль/л),
Ол былай анықталады:
,
мұндағы ∆С – қосылған күшті қышқыл немесе негіздің концентрациясы;
∆рН –рН өзгерісі
Буферлі сыйымдылық СНАМА және СВВ*НА болғанда максимал болады; Ерітіндінің жалпы концентрациясы неғұрлым жоғары болған сайын, ол үлкен болады.


3.Буферлік жүйе оның анализдегі мәні. Зерттелініп отырган ерітіндінің рН мәнін анықтау үшін буферлік жүйені қолданады.
Көбінесе, буферлік ерітінді ретінде әлсіз қышқыл және оның тұздарының ерітіндісінің қоспасы немесе әлсіз негіз және оның тұздарының ерітіндісінің қоспасы немесе көп негізді қышқылдың әр сатысындағы тұздардың ерітіндісінің қоспасын пайдаланады.(таблица 3.3)

Буферлік қоспаның құрамы
(мольдік қатынасты 1:1)

Қоспаның аты

рН

Құмырсқа қышқылы НСООН және натрий формиатының HCOONa қоспасы

Формиатты қоспа

3,8

Сірке қышқылы
және натрий ацетатының
қоспасы

Ацетатты қоспа

4,7

Натрий дигидрофосфаты және натрий гидрофосфатының қоспасы

Фосфатты қоспа

6,6

Аммиак және аммоний хлоридінің қоспасы

Аммоний қоспасы

9,25

Буферлік жүйенің қабілеттілігі буферлік ерітіндінің оған күшті қышқыл немесе күшті негіз қосқанда рН-тың тұрақтылығын сақтауға қабілеттілігі мынаған негізделген: буферлік жүйенің бір бөлігі қышқылдың Н+ ионымен әрекеттесуі мүмкін, ал келесісі – негізге қосылатын ОН- ионымен. Осыдан кейін буферлік жүйе құйылатын қышқыл мен негіздің ОН- ионы мен Н+ ионын байланыстырады және анықталатын шекке дейін рН-тың тұрақтылығын сақтайды. Мысалы, егер ацетатты буферлі жүйеге күшті қышқылды (НС1, Н2SO4, НNO3) құйса, онда ацетат ионы мен қышқылды сутек ионының арасында рекция жүреді, оны мына теңдеуден көруге болады:




Күшті қышқыл(HCl,H2SO4) әлсіз сірке қышқылымен ерітіндіге аз мөлшерде сутек ионын жіберіп алмасады.Ацетатты буферлі жүйеге күшті сілтілерді қосқан кезде сірке қышқылы мен күшті негіздің (NaOH,KOH) арасында бейтараптану реакциясы жүреді:


Осы және басқа да жағдайларда ерітіндідегі [Н+] пен [ОН-] тың концентрациялары өзгереді.
Аммиакты буферлі жүйеде келесі реакциялар жүреді. Күшті қышқылды енгізгенде аммиак ерітіндісі мен қышқылдың арасында бейтараптану реакциясы жүреді:


Күшті негізді енгізгенде тұз бен күшті негіздің арасында реакция жүріп әлсіз негіз NH4OH түзіледі:






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет