230
Дт Кт Сома Ескерту
1317 — 4110 = 1000000 3 типті операция
А (+) П (+)
2) құрылыс материалдары келіп түсуінің нәтижесінде сол шот-
фактураға сәйкес, 140000 теңге мөлшерде өтелуге тиіс ҚҚС-ның
сомасы пайда болды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше
болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1420 — 4110 = 140000 3 типті операция
А (+) П (+)
Енді міндеттемелердің кему (орындалу) жағдайларын қараймыз.
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің кемуі (орындалуы)
Аталмыш жағдайларда олар дебет бойынша өтеді.
Бұл жерде
біз кәсіпорын тауар-материалдық қорларының құны қандай эле-
менттерден пайда болады немесе есептелетін міндеттемелер қандай
көздерден ұсталатынына назар аударуымыз керек.
а)
Ұзақ мерзімді қарыздарды төлеу (жабу). Бұл операциялар № 4010,
4020 «Ұзақ мерзімді қарыздар» шоттарының дебеті бойынша
бейнеленеді. Несиелердің жабылуы (төленуі) болатындықтан,
шаруашылық операция № 1010, 1040 шоттардың кредитінен № 4010,
4020 шоттардың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше
болады:
Дт Кт Құжаттар
4010—4020 1010, 1040 Келісімдер, несиелерді
есептеу
бойынша есептер,
төлем тапсырмалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен
пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады.
231
Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан бір
мезгілде сол сомада несие берушілерге кредиторлық қарыздары
кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал
келтіреміз: кәсіпорын 2005 жылы наурыз айының 29
жұлдызындағы № 857 төлем тапсырмасы мен банктің келісім
шартына сәйкес, 500000 теңге сомада банктің ұзақ мерзімді несиесін
жапты (төледі). Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше
болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3010 — 1040 = 500000 4
типті операция
П (-) А (-)
ә)
Еншілес (қауымдастырылған) ұйымдарға ұзақ мерзімді кре-
диторлық берешектерді жабу (төлеу). Бұл операциялар № 4120—
4140 «Еншілес (қауымдастырылған) ұйымдарға ұзақ мерзімді
кредиторлық берешек» шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді.
Еншілес (бағынышты) ұйымдарға кредиторлық қарыздар жабы-
латындықтан, шаруашылық операция № 1010—1040 шоттардың
кредитінен дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше
болады:
Дт Кт Құжаттар
4120—4140 1010, 1040
МСИ-ның декларацияларын
есептеу бойынша есептер, шот-
фактуралар, төлем тапсырмалары,
квитанциялар
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен
пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады.
Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан
бір мезгілде сол сомада еншілес
ұйымдар бойынша кредиторлық
қарыздары кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал
келтіреміз: кәсіпорын 2005 жылы маусым айының 30
жұлдызындағы № 174 төлем тапсырмасына сәйкес, 2200000 теңге
сомада еншілес ұйымдарға ұзақ мерзімді қарызын жапты (төледі).
232
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
4120 — 1040 = 2200000 4 типті операция
П (-) А (-)
б)
Алынған ұзақ мерзімді аванстарды жабу. Олар бойынша есептер
№ 4410 «Алынған ұзақ мерзімді аванстар» пассивті шоттарының
дебеті бойынша бейнеленеді. Бұрын алынған аванстардың жа-
былуы (төленуі) болғандықтан, шаруашылық операция № 1010,
1040 шоттардың кредитінен № 4410 шоттың дебетіне жасалады.
Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
4410 1010, 1040 Келісімдер, салыстыру актілері,
төлем тапсырмалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен
пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады.
Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан
бір мезгілде сол сомада алынған аванстар бойынша кредиторлық
қарыздары кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал
келтіреміз: кәсіпорын 2005 жылы ақпан айының 29
жұлдызындағы № 439 төлем тапсырмасы мен келісім шартына
сәйкес, 1700000 теңге сомада тауар-материалдық қорларды жеткізіп
беру үшін бұрын алынған ұзақ мерзімді авансты жапты (төледі). Бұл
жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
4410 — 1040 = 1700000 4 типті операция
П (-) А (-)
Достарыңызбен бөлісу: