Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет5/167
Дата21.12.2022
өлшемі2,74 Mb.
#163838
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   167
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп

Қайталау үшін сұрақтар:
1. Кәсіпорынның шаруашылық құралдарының айналымында 
қандай процестерді көрсетуге болады?
2. Еңбек бұйымдары деген не?
3. Еңбек құралдары деген не?
4. Өткізу деген не және оның өндірістік процестегі рөлі қандай?
5. Дебиторлық қарыз деген не?
6. Кредиторлық қарыз деген не?
7. Қандай құралдар өндірісте пайдаланылады, ал қандай құралдар 
айналымда болады? (Мысалдар келтіріңіз)
8. Негізгі құралдардың айналымдағылардан айырмашылығы 
неде?
9. Қандай көздер меншікті болып саналады?
10. Қандай көздер қарыз болып саналады?


11
3. Бухгалтерлік есептің әдістері
Бухгалтерлік есеп кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қыз-
метінің үлгісі (моделі) болып табылады. Бухгалтерлік есеп процесінің 
барысында төмендегі ерекше әдістер қолданылады:
1. Құжаттау
2. Шоттардағы қосарлы жазу
3. Калькуляциялау
4. Бағалау
5. Түгендеу
6. Баланс
Түгендеу, бұл — бухгалтерлік есептің құжаттарын кәсіпорында-
ғы сақталу орындары бойынша тауар-материалдық құндылықтардың 
нақты бар болуымен салыстыру.
Түгендеу Материалды жауапты тұлғалардың есебіндегі мате-
риалдық құндылықтардың сақталуын тексеру мен есептегі қателерді 
айқындау үшін қажет.
Бағалау. Барлық құралдар ақша өлшегіші болатын бірыңғай 
өлшемде көрсетілуі тиіс. Осы үрдіс бағалау деп аталады.
Калькуляциялау, бұл үрдіс — өнім, жұмыстар мен қызметтерді 
өндіру мен өткізудегі шығындарды есептеу әдісі. Өзіндік құнды 
калькуляциялау өнім мен қызметтерді өндірудегі шығындарды білу 
мен талдау, бағаларды дәлелді түрде белгілеуге мүмкіндік береді.
Басқа әдістер соңында, тиісті бөлімдерде қаралады.
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Түгендеу деген не?
2. Түгендеу не үшін қажет?
3. Бағалау деген не?
4. Калькуляциялау деген не?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет