Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет73/167
Дата21.12.2022
өлшемі2,74 Mb.
#163838
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   167
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп

шығыстар (теңге)»
7010 «Сатып 
алынған тауарларды 
өткізу құны»

4
Тауарлар нақты ақшаға (шетелде ашылған банкідегі валюталық 
шоттан немесе аккредитив арқылы ақша аудару жолымен), ком-
мерциялық несие бойынша, айырбастау шартымен және т.б. сатып 
алынуы мүмкін. Тауардың жеткізушіден сатып алушыға қозғалысы 
«Импорт бойынша алынған тауарлар» субшотынан қосымша № 1330 
«Тауарлар» шоты бойынша ашылған субшоттарда бейнеленеді.
1331 «Қоймадағы импорттық және шет елге өңдеуге берілген 
тауарлар»;
1332 «Шет ел жолындағы импорттық тауарлар»;
1333 «Қазақстанда қоймаға түскен импорттық тауарлар».
Шетелдік фирмадан Қазақстанға тауар жөнелту туралы құжат (ко-
носамент) алынған соң, сатып алушы кәсіпорынның бухгалтері бұл 


120
туралы мынадай жазу жазады: Дт — 1332, Кт — 1331. Қазақстандағы 
қоймаға тауар түсірілген кезде «Түсірілудің бас актісі» деп атала-
тын құжатқа сәйкес, мынадай бухгалтерлік жазу жазылады: Дт 
— 1333, Кт — 1332. Тауар импорты тікелей немесе делдал арқылы 
ұйымдастырылуы мүмкін.
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Бухгалтерлік есепте импорттық тауарлардың келуі қалай 
бейнеленеді?
2. Нақты ақшаға сатып алынған импорттық тауарлардың келуі 
қай шоттарда бейнеленеді?
3. Коносамент деген не?
60. Реэкспорттық операциялар есебінің негізгі қағидалары
Реэкспорт, бұл — кәсіпорынның шет елде өндірілген тауарды са-
тып алуы және оны басқа шет елге сатуы болып табылады. Есеп-
те бұл операциялар № 1330 «Тауарлар» шотының дамуына сәйкес, 
«Шет елдердегі қоймалар мен өңдеудегі импорттық тауарлар» және 
«Реэкспорттық тауарлар» жүргізілетін субшоттарда бейнеленеді. 
Реэкспортқа импорттық тауарды өткізу кезінде көрсетілген 
субшоттардың біріншісі кредиттеледі, ал екіншісі дебеттеледі 
(тауардың фактурлы құнының мөлшері бойынша).
Реэкспорттық операциядан болған қаржылық нәтиже реэкспорттық 
тауарлар өткізудің есебі үшін № 6010, 7010 шоттарға ашылған 
субшоттардың мәліметтері бойынша есептеледі. № 7010 шоттың 
дебеті бойынша фактурлы құн мен үстеме шығыстар, ал № 6010 
шоттың кредиті бойынша жазып берілген шот-фактурамен сәйкес 
алушыдан тиесілі сомасы бейнеленеді. Жылдың соңында бұл екі шот 
№ 5410 «Есептік жылдың пайдасы (залалы)» шотында жабылады. Та-
быстар жағының шығыстар жағынан артықтығы пайданы білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет