3. Қаржылық есеп беру дегеніміз- кәсіпорын мен
ҧйымдардың қаржылық жағдайлары, қызметінің нәтиделері мен қаржылық жағдайдағы
ӛзгерістер туралы ақпараттар.
Қаржылық есеп беру «Бухгелтерлік
есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» ҚР-ның заңына сәйкес мемелекеттік
мекемелердің есеп берулерін қоспағанда мынадай есеп берулерден тҧрады:
1)бухгалтерлік баланс
2) табыстар мен шығындар туралы есеп
3) ақша қозғалысы туралы есеп
4) ӛз капиталындағы ӛзгерістер туралы есеп
5)есепке алу саясаты туралы ақпарат және тҥсіндірме жазба
Бухгалтерлік баланс қаржылық есеп берудің ең басты нысандарының бірі болып
табылады. Жылдық қаржылық есеп берудің есепті кезеңі 1 қаңтардан 31 желтоқсанға
дейінгі кҥнтізбелік жыл болып табылады.
Қайта қҧрылған ҧйым ҥшін бірінші есепті кезең оның мемлекеттік тіркеуден ӛткен
сәттен бастап осы жылдың 30 желтоқсанына дейігі мерзімі болып табылады.
Ҧйымдар
қаржылық
есеп
беруді
келесілерге
ҧсынады:
1) қҧрылтай тҧжаттарына сәйкес меншік иелеріне
2)ҚР-сы мемлекеттік статистика органына
3)қҧзіретіне сәйкес ҚР-ның мемлекеттік бақылау және қадағалау органына.
Шаруашылық операциялардың әсерінен баланстың өзгеруі
1.Шаруашылық әрекеттерінің ықпалынан баланстың өзгеріске ұшырау типтері
1.Кәсіпорын қызметінің процесінде туындайтын шаруашылық әрекеттері актив және
пассив жиынтықтарының теңбігін бҧзбайды. Сонымен бірге, жеке баптардың сомалары
мен баланс нәтижелері ӛзгеріске ҧшырауы мҥмкін. Бҧл әрбір әрекеттің баланстың екі
бабына әсер етуімен тҥсіндіріледі: шаруашылық қҧралдарының қҧрамы мен олардың
қҧрылу кӛздерінің мӛлшері. Сӛйтіп олар баланстың активінде де, пассивінде де болуы
мҥмкін.
Сонымен, шаруашылық әрекеттерінің баланс баптарындағы ӛзгерістерді
шаруашылық әрекеттің сипатына қарай тӛрт топқа бӛлеміз:
Актив
Пассив
Кӛбеюі
Азаюы
Кӛбеюі
Азаюы
І
ІІ
ІІІ
ІV
1) Шаруашылық әрекеттерінің бірініші типінде активтегі бір бап кӛбейеді, ал
екіншісі осы сомаға азаяды. Баланс валютасы ӛзгермейді:
А+Х-Х=П
Мысалы, Кәсіпорын қызметкерлеріне жалақы беру ҥшін есеп айырысу шотынан кассаға
178000 тг. сомасында ақша қаражаты аударылады. Осы әрекетке сәйкес баланс активінің
екі бабы ӛзгеріске ҧшырайды: «Есеп айырысу шоты» және «Касса». «Касса шоты»
бойынша 178000 тг. сомасына артады, ал «Есеп айырысу шоты» бойынша 178000
тг.сомасына, яғни тең сомаға кемиді.
2) Шаруашылық әрекеттерінің екінші типінде пассивтің бір бабы кӛбейеді де,
екіншісі сол сомаға азаяды. Баланс валютасы ӛзгермейді:
П+Х-Х=А
Мысалы, Қҧрылтайшылар жиналысы хаттамасының негізінде кәсіпорын
қарамағында қалған таза табыстың 54000 тг.сомасында5ы бӛлігі резервтік капиталды
арттыруға бағытталады. Осы әрекетке сәйкес баланстың пассивінде екі бабы:
«Таратылмаған табыс» азаю жағына және «Резервтік капитал» кӛбею жағына ӛзгеріске
ҧшырайды.
3) Шаруашылық әрекеттерінің ҥшінші типі бойынша активтегі де, пассивтегі де
баптар бірдей сомаға кӛбейеді. Баланс валютасы да сол сомаға кӛбейеді:
А+Х=П+Х
Мысалы, Жабдықтаушылардан кәсіпорын қоймасына 120000 тг.сомасына
материалдар алынып, кірістелді. Осы әрекетке сәйкес баланстың активіндегі
«Материалдар» бабы мен баланстың пассивіндегі «Жабдықтаушылар мен мердігерлер»
бабы кӛбейеді. Баланс валютасы да сомаға артады.
4) Шаруашылық әрекеттерінің тӛртінші типінде активтегі де, пассивтегі де баптар
бірдей сомаға азаяды. Баланс валютасы да сол сомаға азаяды: А-Х=П-Х
Мысалы, Кәсіпорын қызметкерлеріне 137000 тг.сомасында жалақы берілді. Осы
шаруашылық әрекеттерінің нәтижесінде баланс активінің «Касса» шоты мен баланс
пассивінің «Жҧмысшылармен жалақы бойынша есеп айырысу» шоты кемиді. Баланс
валютасы да осы сомаға азаяды.
Бухгалтерлік есеп шотының түсінігі және екі жақты жазу
1.Шоттар, олардың мазмұны мен құрылуы
2. Екі жақты жазу
1.Әрбір кәсіпорындарда бір айдың ішінде кӛптеген шаруашылық әрекеттері орындалады,
сондықтан шаруашылық процестерінің нәтижелері туралы мәлеметтерді алу ҥшін
кҥнделікті деректер қажет. Осындай деректерді бухгалтерлік есеп шоттарының
кӛмегімен қамтамасыз етеді.
Бухгалтерлік шоттар- бҧл ағымда есепке алу ҥшін кәсіпорынның шаруашылық
қҧралдарының олардың қҧрылу кӛздерінің және шаруашылық процесінің қҧрамында
болып жатқан ӛзгерістерді ақшалай және заттай бірліктерді экономикалық жағынан
топтастыру әдісі.
Шот- бҧл сонымен қатар есеп беру ҥшін ақпараттарды жинақтаушы болып
табылады.
Әрбір шоттың атауы онда шаруашылық қҧралдары мен олардың қҧрылу кӛздерінің
қандай топтары есепке алынатына байланысты. Мысалы: « Касса», «Есеп айрысу шоты»,
«Жарғылық капитал» және тағы басқа.
Бухгалтерлік шотты сызба тҥрінде 2 жақты кесте ретінде кӛрсетуге болады. Оның
сол жағы жағын Дебет (Дт), ал оң жағын Кредит (Кт) деп атайды.
Бухгалтерлік есеп шоттарында қалдықтарды белгілеу ҥшін Сальдо (қалдық),(шот
қалдығы) ҧғымы қолданылады.
Бухгалтерлік шот нысаны:
Дт Шот (шоттың атауы) Кт
Балансқа қатысы бойынша бухгалтерлік есептің барлық шоттары активтіжәне
пассивті болып бӛлінеді.
Активті шоттар- бҧл шаруашылық қҧралдарының қҧрамы, орналысуы мен
қҧралдарының пайдалануы ( қҧралдары мен шығындары) кӛрсетілетін шоттар.
Пассивті шоттар-бҧл шаруашылық қҧралдарының қҧрылу кӛздері мен
қаражаттардың мақсатты бағытталуы кӛрсетілетін шоттар (қҧрылу кӛздері мен
табыстары).
Активті шоттардағы жазбалар сызбасы:
Дт Активті Кт
1. Бастапқы
қалдық(Бқ)
шаруашылық
әрекеттерінің
шаруашылшық әрекеттердің нәтижесінде
кӛбеюі(+)
нәтидижесінде азаю(-)
2.Дебеттік айналым бойынша
3. Кредиттік
айналым
(барлық шарашылық әрекеттерің
бойынша (барлық
сомасы)
шаруашылық әрекеттер
сомасы)
соңғы қалдық (Сқ) 1+2-3
Активті шот бойынша шаруашылық әрекеттерін жҥргізудің соңғы қалдығы
мынандай формуламен анықталады:
Сқ=Бқ+Дт айналым – Кт айналым
Активті шотағы қалдықтың тек қана дебеттік немесе нӛлге тең болуы керек.
Пассивті шоттардағы жазбалар сызбасы:
Дт
пассивті шот Кт
1. Бастапқы қалдық Бқ
шаруашылық әрекеттерінің
шаруашылық әрекеттерінің
нәтижесінде азаюы(-) нәтижесінде кӛбею(+)
3. Дебет бойынша айналым
2. Кредит бойынша айналым
(барлық
(барлық шаруашылық
шаруашылық әрекеттерінің сомасы)
әрекеттерінің сомасы)
соңғы қалдық 1+2-3
Пассивті шот бойынша шаруашылық әрекеттің жҥргізудің соңғы қалдығы мына
формуламен анықталады:
Сқ=Бқ+Кт айналым – Дт айналым
Пассивті шоттардағы қалдық тек қана кредиттік немесе нӛлге тең болуы мҥмкін.
2. Әрбір шаруашылық әрекетті екі жақты жазу әдісінің кӛмегімен бір шоттың
дебеті және екінші шоттың кредитінде кӛрсетілетін екі жақты ӛзара ӛзара байланысты
ӛзгерістерді тудырады. Бҧлбайланыстылық бір ғана шаруашылық әрекетін екі ӛзара
байланысқан ӛзгірістерді кӛрсете отырып, бір шоттың дебетімен және екәнші шоттың
кредитімен сәйкестендіріледі.
Екі жақты жазу дегеніміз - әрбір шаруашылық әрекетін есепке алу нәтижесінде
бухгалтерлік есеп шоттарда екі рет: бірдей сомаға бір шоттың дебетінде және екінші
шоттың кредитінде жазу.
Екі жақты жазу әдісімен шоттар корреспонденциясы және бухгалтерлік жазбалар
ҧғымдары байланысты.
Шоттар корреспонденциясы- бҧл екі жақты жазу әдісі кезінде туындайтын шоттар
арасындағы ӛзара тығыз байланыстылық, мысалы: «Кассадағы ақшалар»және «Есеп
айрысу шотындағы ақша» немесе «жҧмысшылармен жалақы бойынша есеп айрысу»
және «кассадағы ақша» немесе «шикізат пен материалдар» мен «жабдықтауылар» және
тағы басқа.
Бухгалтерлік жазба – бҧл тіркеуге жататын шаруашылық әрекеттерінің сомасына
дебеті мен кредиті бойынша бір мезгілде жазба салалатын кездегі шоттар
корреспонденциясын рәсәмдеу.
Бҧл мысалдың бухгалтерлік жазбасы былай:
Дебет-Кассадағы ақша шоты
Кредит- есеп айрысу шотындағы ақша шоты 500000 теңге
Сызба тҥрінде:
Дт «Есеп айрысу шотындағы ақша шоты»Кт
Б.қ. 1500000
1)500000
Дт «Кассадағы ақша» Кт
Б.қ----------
1)500000
Мысалы: Банк қарызы есебінен 90000 теңге сомасында жҧмыскерлерге жалақы
есептеледі:
Бҧл мысалдың бухгалтерлік жазбасы былай:
Дебет: «жҧмыскерлермен жалақы бойынша есеп айрысу» шоты
Кредит: «банк қарызы» шоты
Дт «жҧмыскерлермен жалақы бойынша есеп айрысу»Кт
1)90000
Дт «банк қарызы» Кт
1)90000
Шоттар корреспонденциясының 2 тҥрі бар:
-қарапайым
-кҥрделі
Қарапайым шоттар корреспонденциясы кезінде шаруашылық әрекет бірдей сомаға
бір шоттың дебетіне екінші шоттың кредитіне ғана жазылады.
Кҥрделі шоттар корреспонденциясы кезінде шаруашылық әрекеттер бірдей сомаға
бірнеше шотың дебеті мен бір шоттың кредитіне немесе бір шоттың дебеті мен бірнеше
шоттың кредитіне жазылады.
Мысалы: Есеп айрысу шотына ӛнім сатудан 2500000 теңге және 4000000 теңге
сомасында банк қарызы келіп тҥсті.
Осы әрекеттің бухгалтерлік жазбасы:
Дебет: есеп айырысу шотындағы ақша шоты -6500000теңге
кредит: сатып алушылар мен тапсырыс берушілер-2500000теңге
кредит: банк қарызы-4000000 теңге
Бҧл кҥрделі бухгалтерлік жазбаны былай қарапайым жазбамен кӛрсетуге болады:
1) Дебет:есеп айырысу шотындағы ақша шоты-2500000теңге
кредит: сатып алушылар мен тапсырыс берушілер шоты-2500000теңге
2) Дебет:есеп айырысу шотындағы ақша шоты-4000000 теңге
кредит:банк қарызы шоты -4000000 теңге
Жинақтау(синтетикалақ) және талдау(аналитикалақ) шоттары бойынша
берілгендерді сипаттау айналым ведомосінде шоттар бойынша берілген салыстыру
1.Жинақтау және талдау шоттары
2.Жинақтау және талдау шоттарының арасындағы өзара байланыстылық
3.Ағымдағы бухгалтерлік есеп мәлеметтерінің қортындылау
1.Жинақтау шоттарыақшалай ӛлшем бірлігімен кӛрсетілген экономикалық ҧқсас шорттар
бойынша шаруашылық қҧралдары, міндеттемелері мен шаруашылық әрекеттері туралы
жинақталған мәліметтерді береді.
«Жинақтау» атауы «синтез-жинақтау» сӛзінен шыққан, біріктіру, жеке бӛліктерді
бір бҥтінге қосу деген мағынаны береді.
Жинақтау шоттарына «негізгі қҧралдар», «дайын ӛнім», «тауарлар», «кассадағы
ақша», «есеп айырысу шоттарындағы ақша», «жҧмысшылармен жалақы бойынша есеп
айырысу», «жарғылық капитал» және т.б. шоттар жатады.
Талдау шоттары жинақтау шоттарының мазмҧнын шаруашылық қҧралдарының
және әрекеттерінің жеке тҥрлері бойынша нақтылайды, заттай, ақшалай және еңбек
ӛлшегіштерімен кӛрсетіледі. «Талдау» атауы «анализ» созінен шыққан, жалпы бҥтінді
қҧрамдас бӛліктерге бӛлу деген мағынаны білдреді. Онын ішінде, «тауарлар» шоты
бойынша тауарлардың жалпы санын ғана емес сонымен қатар тауарлардың әртҥрлі
тҥрлерінің және тобының нақты орналасқан орны мен бар болуын білдіруіміз кажет, ол
«алынуға тиіс шоттар» шоты бойынша-жалпы қарызды ғана емес сонымен бірге әрбір
жабдықтаушы бойынша нақты қарыздың мӛлшерін білдіреміз.
Талдау шоттары мынандай 2 тҥрге бӛлінеді: -сомалық
-сандық-сомалық
Есеп айырысу жинақтау шоттарының мазмҧнын нақтылау ҥшін сомалық талдау
шоттары ашылады.
Мысалы, «есеп беруге тиіс тҧлғалармен есеп айырысу» шотын нақтылау ҥшін
әрбір есеп беруге тиіс тҧлғаға жеке шоттар ашылады.
Сандық-сомалық талдау шоттары материалдық қҧндылықтар шоттраын тек қана
ақшалай ӛлшемде ғана емес, сонымен қатар заттай ӛлшемде есепке ала отырып, әрбір
материалдық атауы бойынша нақтылай отырып оларды дамыту ҥшін ашылады.
Кейбір жинақтау шоттары бірнеше талдау шоттарының топтарынан тҧрады.
Субшот жинақтау және талдау шоттары арасындағы аралық буын болып табылады.
Субшоттар бірнеше талдау шоттарын біріктіреді. Кейбір субшоттарды екінші кезектегі
шоттар деп аталады, ол кезде жинақтау шоттары бірінші кезектегі шоттар деп аталса
онда талдау шоттарын ҥшінші кезектегі шоттар деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |