Буйраева Ж.Ө., Ахантаева Ә. Ж. ҚАзақстан тарихы


И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған көтеріліс



Pdf көрінісі
бет43/78
Дата31.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#107177
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   78
Байланысты:
buiraeva zho akhantaeva zh kazakstan tarikhy
buiraeva zho akhantaeva zh kazakstan tarikhy, 0012237a-acb08d87
И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған көтеріліс. 
1815 ж. Бөкей қайтыс болған 
соң  оның  орнын  басар  Жәңгір,  Әділгерей,  Меңдігерей  атты  үш  ұлы  қалады.  Хан  тағының 
мұрагері    Жәңгір  оң-солын  танып,  ел  басқаруға  араласқанша  Ішкі  Орданы  Бөкейдің  інісі 
Шығай биледі. 1824 ж. Жәңгір арнайы жарлықпен хан тағына отырды.  


84 
 
Жәңгірдің  ағасы  Меңдігерей  Бөкейханов  ханның  төңірегінде  жүрген  сұлтандар 
Мұсағали,  Шыңғали  Ормановтар,  Балқы  Құдайбергенов  т.б.  шұрайлы  жерлерді  иеленді. 
Сонымен қатар Ішкі орданың халқы Орал казак-орыстарынан да қатты қысым көрді. Жайық 
өзенінің жағалауына адам жолатпады. Қазақтарға Жайықтан балық аулау түгілі су ішуге, мал 
суғаруға  рұқсат  етпей,  өзенге  он  шақырым  жақындауға  тиым  салынды.  Ал,  ол  жаққа 
жайылып бара қалған малдарды айдап алып, иеленіп кетіп отырды.  
Ішкі  Орданың  қазақтары  1846  жылға дейін  патша  үкіметінің  алдында  міндеткерліктер 
жүктеп,  ешқандай  салық  төлемеді.  Ордадағы  салықтың  түрлерін  негізінен  ханның  өзі 
белгілеп отырды. 1825 ж. «зекет» салығынан 115 мың сом пайда түскен. «Соғым» салығынан 
жылына 6000 сом пайда тауып отырған, бұл салық кейде 800-1000 бас мал түрінде алынып 
тұрды. 1836 ж. Ішкі Орда халқы ханның «зекет» салығына 18000 қой, 800 өгіз, 1000 жылқы, 
700 түйе, одан басқа да салықтар жинағанын айтып Орынбор комиссиясына шағымданады.  
Жәңгір  хан  1833  ж.  өзінің  қайын  атасы  Қарауылқожа  Бабажановты  Каспий  теңізінің 
жағалауында көшіп-қонып жүрген рулардың басқарушысы етіп тағайындайды. Ол қазақтарға 
жерді «жалға» беру дегенді шығарып, қазақ шаруалары жер үшін ауыр салық төлеуге мәжбүр 
болды.  Осындай  жер  қатынасындағы  әділетсіздіктер,  Орал  казак-орыстарының  көрсеткен 
озбырлығы,  түрлі  салықтардан  түскен  ауыртпалықтар  Орда  халқының  наразылығын 
тудырды.  Бұл  жағдайлар  1836-38  жылдары  Исатай  Тайманұлы  мен  Махамбет  Өтемісұлы 
жетекшілік еткен көтеріліске алып келеді.  
Көтерілістің негізгі қозғаушы күші бұқара халық болды. Бөкей хан 1812 жылы Жайық 
бөлімінің  старшыны  Жабал  Бегалин  қайтыс  болған  соң    орнына  Исатайдың  жақын  серігі 
М.Өтемісұлын  тағайындайды.  Ол  Махамбет  Жәңгір  ханның  баласы  Зұлқарнаймен  бірже 
Орынборда  да  тұрады.  Жәңгір  хан  Махамбетті  сарай  ақыны  жасауға  тырысады,  бірақ 
арадағы  қарым-қатынас  өзгеруіне  байланысты  Махамбет  1828-1829  жылдары  өз  ауылына 
кетіп  қалады.  Одан  соң  шекаралық  үкімет  тарапынан  «Еділ  арқылы  құпия  өткені  үшін»  
деген  айыппен  қамауға  алынып,  екі  жылдай  қалмақ  қамалында  болады.  1831  ж.  онда 
тырысқақ  (холера)  эпидемиясы  басталғанда  қашып  кетеді.  1834  ж.  Жәңгір  хан  Махамбетті 
старшындыққа тағайындайды, бірақ бұл тағайындауды Шекаралық  комиссия бекітпейді. 
1835  ж.  Исатай  бастаған  көтерілісшілер  халық  арасында  үгіт-насихат  жұмыстарын 
жүргізіп,  орын  алған  әділетсіздікпен  озбырлықты  әшкерелеп,  хан  билігіне  бағынбауға 
шақырады.  Исатай  мен  Махамбеттің  бұл  әрекеттерін  Қарауылқожа  «елді  бүлдіріп»  жатыр 
деп  Жәңгір  ханға  бірнеше  рет  хат  жазады.  1836  жылдың  ақпан  айында  көтерілісшілердің 
Жәңгір ханға қарсы белсенді күресі басталады. Жәңгір хан енді Исатайды алдап Жасқұстағы 
ордасына    шақырады,  бірақ  Исатай  бұл  шақырудан  бас  тартып,  ханның  шақыруын  алып 
келген  шабармандарды  соққыға  жығып  қайтарып  жібереді.  1836  ж.  наурызда  хан 
Қарауылқожаға қол жинап Исатай мен Махамбетті және оларды қолдаған көтерілісшілердің 
белсенді    мүшелерін  тұтқындауға    бұйрық  береді.  Қарауылқожа  адай,  беріш,  табын  т.б. 
рулардан 522 жігіт жинап, Исатайдың ауылына аттанады. Мұны естіген Исатай 200 жігітпен 
Қарауылқожамен  соғысуға  әзірленеді.  4-сәуір  күні  Қарауылқожа  жасағымен  Исатайдың 
ауылының маңындағы Қиялы моласының жанына келеді де, Исатайға Сағыр Баршығаев пен 
Қабық молданы елшілікке жіберіп, хан мен императорға бағынуды талап етеді. Осыдан соң 
Исатай  200  жігітімен  қолдарына  ту  алып,  Қарауылқожаның  жасағымен  кездесіп,  Исатай 
Қарауылқожаны  жекпе-жекке  шақырады.  Қарауылқожа  Исатай  батырдың  айбынынан 
сескеніп,  хан  бұйрығын  орындаудан  бас  тартып,  жинаған  жасағын  ауылдарына  қайтарады. 
Қарауылқожаның Исатайдан соғыссыз жеңілуі ел арасына тез тарап, Исатай батырдың беделі 
одан  әрі  өсе  түседі.  Осы  жағдайдан  соң  Жәңгір  хан  ашуланып,  қайткенде  Исатайдан  кек 
қайтару  жағын  ойластырып,  Орынбор  әкімшілігіне  Исатай  мен  Махамбет  Күшік  Жапаров 
деген  адамды  өлтірді  деп  жала  жауып,  сотқа  шақыртады.  Бірақ  сотта  екеуі  де  өздерінің 
кінәсіз екенін дәлелдеп шығады.  
1836-37  жж.  көтерілісшілер  ханға  өздерінің  талаптарын  айтып,  өкілдерін  жіберумен 
болады.  Сонымен  қатар  Исатай  ел  ішіндегі  түрлі  мәселелерді  шешіп,  халық  казактар  мен 
байлардың жерлерін бөліске салып, Жайықтың арғы бетіне өтуге шақырып отырады. 1837 ж. 


85 
 
наурызында  Шекаралық  комиссия  Исатай  мен  Махамбетті  сотқа  шақыртады,  бірақ  олар 
сотқа  барудан  бас  тартады.  Орынбор  генерал-губернаторы  Перовский  жіберген  атаман 
Покатилов бастаған Жайық казак әскерінің отряды да оларды тұтқындай алмайды. Бұл тұста 
көтерілісшілердің  саны  3  мың  адамға  жеткен  еді.  1837  ж.  қыркүйегінде  Исатай  мен 
Махамбет  бастаған  көтерілісшілер  Қарауылқожаның  ауылы  мен  басқа  да  би-сұлтандардың 
ауылдарына  шабуыл  жасайды.    Одан  кейін  хан  ордасын  шабуылдауды  ойластырып,  қазан 
айының  басында    ордаға  12  шақырымдай  жерге  келіп  орналасады.  Исатай  хан  ордасына 
жақындаған  тұста  қол  астында  2000  жігіт  болады.  Жәңгір  хан  болса  Исатаймен  келіссөз 
жүргізу  арқылы  уақыт  ұтады  да,  Орынбор  генерал-губернаторлығына  жасырын  хат  жазып, 
көмек сұрайды. Бұл жағдайды білген Исатай да Орынборға хат жолдап, жауап күтеді.  
Орынбор  генерал-губернаторы  Перовский  қазан  айының  17-сінде  подполковник 
Геккені  Жәңгір  ханға  көмекке  жіберіп,  күшпен  тәртіп  орнатып,  Исатай  мен  Махамбетті 
тұтқындауды  тапсырады.  Қазан  айының  30-да  Гекке  хан  ордасына  жетеді.  Оған  жолда 
атаман Покатиловтың 400 казак отряды қосылады. Гекке хан ордасына келген соң қосымша 
күш жинау үшін, уақыт ұту мақсатында Исатаймен келіссөздер жүргізеді, бірақ одан нәтиже 
шықпайды.  Бұдан  кейін  Гекке  губернаторға  хат  жазып,  өздерінің  көтерілісшілермен 
соғысуға даяр еместігін және полковник Меркульевтің отрядына Теректіқұмдағы Исатайдың 
ауылына  шабуыл  жасау  керектігін  айтады.  Қараша  айының  7-де  Меркульевтің  отряды 
Исатайдың  ауылына  шабуыл  жасап,  батырдың  отбасын  тұтқындайды.  Бұл  суыт  хабарды 
естіген  Исатай  дереу  ауылына  көмекке  аттанады.  8  қарашада  Исатайдың  жігіттері 
Меркульевтің  отрядын  қоршап  алады да  ауыл  адамдарын  босатуды  талап  етеді.  Меркульев 
соғысуға  күштің  тең  еместігін  байқап,  ауыл  адамдарын  босатуға  мәжбүр  болады.  Осы 
жағдайдан кейін Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісі ханға қарсылық емес, енді ханға 
қолдау көрсеткен Орынбор әкімшілігіне де қарсылық сипатына ие болды. 
Меркульевтің  отряды  Геккенің  отрядымен  Бекетай  ауылының  маңында  қосылып, 
Тастөбеге қарай бағыт алады. Тастөбеге 4 шақырымдай қалғанда 500-ге жуық көтерілісшілер 
тобымен кездеседі. Исатай батыр Меркульевтің отрядынан құтқарып алған елді қорғау үшін 
жан-жақтан  жігіттерін  жинауға  тырысады.  Бірақ  Гекке  бастаған  2000  жазалаушы  солдат 
көтерілісшілердің  бір-біріне  қосылмауына  күш  салады.  Жазалаушы  отряд  саны  жағынан 
басымдылық  танытса  да  көтерілісшілер  бірінші  болып  шабуыл  бастайды.  Алдымен 
мергендер  тобы  мылтық  атады,  Геккенің  отряды    оларды  зеңбіректен  атқылайды.  
Зеңбіректен  дұрыс  нәтиже  болмаған  соң  Геккенің  солдаттары  шабуылға  көшеді.  Оларға 
көтерілісшілер  қарсы  шығып,  солдаттардың  арасын  біршама  сиретіп  тастайды.  Мұны 
байқаған  Гекке  көтерілісшілерге  жақындап  келіп  зеңбіректен  қайта  оқ  атуды  бұйырады, 
онысы  нысанаға  дәл  тиіп,  көтерілісшілерден  көп  адам  шығынға  ұшырайды.  Сол  уақытта 
солдаттар  тағы  да  шабуылға  шығады.  Осы  шайқаста  Исатай  оң  қолынан  жараланады  да, 
баласы  Жақия  50-60  адаммен    бірге  қаза  табады.  Тастөбе  маңындағы  шайқаста  
көтерілісшілер Геккенің отрядынан жеңіледі.  
Исатай қатары сиреген көтерілісшілерді қайта біріктіруге әрекеттенеді. Ал бұл уақытта 
подполковник  Геккенің  басшылығында  700-дей  казак-орыс  әскері,  2  зеңбірек  және  400 
адамнан тұратын хан жасағы  болды. Жазалаушы отряд енді Исатай батырдың өзін ұстауға 
тырысады.  Осы  мақсатпен  полковник  Меркульев  300  казак  отрядына  ханның  600  жасағын 
қосып алып бірталай жерді шолып қайтады. Перовский Исатай батырды ұстаған адамға 500 
сом күміс ақшамен сыйлық тағайындайды. Есаул Трафимовқа 75 казак отряды және ханның 
100  жасағымен  қоса  Тастөбенің  төңірегін  аңду  тапсырылады.  1837  жылы  15  қараша  күні 
таңсәріде Тастөбенің жанында көтерісшілер мен жазалаушы отрядтың арасында кескілескен 
шайқас  болады.  Бірақ  та  жазалаушылар  көтерісшілердің  көп  шоғырланған  тұсына 
зеңбіректен оқ атып, көтерісшілерді шегінуге мәжбүрлеп біршама жерге дейін қуғындайды. 
Бірақ даланы қанша кезсе де Исатайды ұстай алмады. Жазалаушы отряд желтоқсан айында 
Исатайды  Самар даласынан  іздейді,  ал  Исатай  болса  Жайықтың  бойында  отырып,  қолайлы 
сәтті күтеді. 


86 
 
Губернатор  Перовский  болса  Жайықтың  арғы  бетіндегі  кіші  жүздің  батыс  бөлімін 
билеуші  сұлтан  Баймағамбет  Айшуақовқа  Исатайдың  Жайықтан  өтіп  кетпеуін  алдын-ала 
тапсырады.  Губернатордың  бұйрығымен  Жайықтың  бойын  бақылау  күшейтіледі. 
Баймағанбет сұлтан өз қарауындағы елдің билері мен сұлтандарына Исатай келсе тез арада 
ұстап  беруді  тапсырады.  1837  жылы  13  желтоқсан  күні  таңсәріде  Құраң  Маябасовтың 
бастауымен  Исатайдың  тобы  Жайықтан  жасырын  өтпек  болғанда,  жағалауды  бақылап 
жүрген  Хорунжий  Жигиннің  отряды  байқап  қояды.  Бұл  кезде  Исатайдың  жігіттерінің 
көпшілігі  өткелден  өтіп,  тек  бірнеше  адам  бері  жақта  қалады  да,  олар  Жигиннің 
жендеттерімен  қақтығысқа  түседі.  Казак-орыстар  Сарайшықта  жасақтарымен  дайын  тұрған 
Баймағамбет,  Мұхамедқали  Таукинге  хабар  береді.  Бұл  жасаққа  жүзбасылар  Попов  мен 
Понамаревтің  жазалаушы  отряд  қосылады.  14  желтоқсанда  жазалаушылардың  қолына 
Исатайдың  әйелі  Несібелі,  балдызы  Бағлан,  Еділ  Сартұлының  балалары  Ерше  мен  Нұрша 
түседі. Ал Исатай біраз сенімді жігіттерімен жазалаушыларды адастырып кетеді. 
Тастөбе маңындағы шайқастан кейін көтерілістің бірінші және екінші кезеңі жеңіліспен 
аяқталады.  Исатай  мен  Махамбет  Кіші  жүзге  өтіп,  2000  жігіт  жинап,  Хиуа  ханының 
қолдауымен    патша  өкіметіне  және  оның  қолшоқпары  Баймағамбет  Айшуақовқа  қарсы 
күреседі. Кіші жүз даласындағы халық қозғалысы енді орта жүзден  Торғай өңіріне  келген 
Кенесары  Қасымов  бастаған  ұлт-азаттық  қозғалысымен  жалғасады.  Сондай-ақ,  осы  тұста 
Кіші жүздегі Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтерілісте өрши түсіп, ол Кенесарыға қосылуға 
бағыт алады.  
Бұл  уақытта  жазалаушы  әскер  мен  Баймағамбеттің  жасағы  Исатайларды  тынымсыз 
іздеуде болатын. Исатайдың қайда жүргеніне қатты мазасызданған Жәңгір хан Кіші жүздің 
ішіне өз тыңшыларын жіберіп, бақылауды күшейтеді. Ал Орынбор губернаторы Перовский 
болса  Кіші  жүздегі  көтерілістің  басуға  қосымша  әскер  жібереді.  Полковник  Гекке  мен 
Баймағамбеттің  отрядтары  Ақбұлақтың  жағасына  орналасады.  Исатай  500-дей  жігітімен 
Қиыл  өзенінің  қарсы  жағалауындағы  биік  қырға    келіп  тоқтайды.  Көп  кешікпей  екі  арада  
шайқас басталады. Жазалаушы әскер көтерілісшілерді үш жақтан шабуылдап, зеңбіректен оқ 
атады.  Шайқаста  көтерілісшілердің  70-80  адамы    қаза  табады  да,  амалсыздан  шегінеді. 
Кезекті  қақтығыста  Исатайдың  атына  оқ  тиеді  де,  оған  көмекке  Махамбет  пен  Үбі  келіп, 
аттарын  ұсынады,  бірақ  батыр  атқа  мінбей  жаяу  ұрыс  салады.  Осы  шайқаста  Исатай  қолға 
түседі, Баймағамбеттің үш нөкері оның қолын артына қайыра байлайды да, біреуі батырдың 
кеудесіне  мылтық  тақап  тұрып  атады.  Патшаның  жазалаушы  әскерлері  көтерілісшілердің 
бірігіп  ары  қарай  әрекет  жасауына  мүмкіндік  бермеді.  Осыдан  кейін  Исатайдың 
ұйымдастыруымен болған Кіші жүздегі көтеріліс жеңіледі.  
Исатай  қаза  тапқаннан  кейін  Махамбет  Өтемісұлы  біраз  адамдармен  Хиуа  хандығына  
өтіп кетеді. Кейін Орынбор әкімшілігі  оны қолға түсіріп, сотқа тартып, Атырау өңіріне жер 
аударып  жібереді.  Сот  үкіміне  риза  болмаған  Баймағамбет  сұлтанның  адамдары  1846  ж. 
қыркүйекте Махамбетті өз үйінде өлтіріп кетеді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет