77
Пугачев әскерлеріне көмектесті. Орынбор қаласын қоршаруға орыс,башқұрт және
қалмақтарда қатысты. Е. Пугачев әскерлері Орынбор қаласын ала алмаған соң, Қазан
қаласына бағыт алады. Е. Пугачев әскерлерінің саны туралы (жүздік) басшысы И. Мелехов,
көтерілісшілердің әскерлерінің саны 10 мыңдай болды. Әскерлерінің құрамында
орыс,қазақ,башқұрт және қалмақ жасақшылары күрестін аяғына дейін бірге болды», - дейді.
Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысқан қазақтар өздерінің шабуылдарын
жалғастырып, орыс-қазақ бекіністерін басып отырды.1774 жылы 4 қыркүйекте 400 қазақ
жасақшылары Таналық бекінісіне шабуыл жасап, 237 жылқы 428 ірі қара малдарын айдап
кетеді. 1774 жылы 21 тамызда Е. Пугачев әскерлері Царицин қаласына шабуыл
жасайды.Орыс мемлекетінің тұрақты әскерлері Е. Пугачев жасақшыларын
талқандап жеңіске
жетеді.
Е. Пугачев жеңіліс тапқаннан кейін Жайық өзенінің бойындағы орыс-қазақ
бекіністерінің біріне бару үшін бағыт алады. Артынан шыққан қуғыншылар Е.Пугачев және
қасында жүрген адамдарын Кіші (Сары)және Үлкен (Қара) өзендерінің сағасында қолға
түсіреді. Екі өзен
қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданының жерінде орналасқан.
Е. Пугачев және оның жақтастарын Мәскеу қаласына апарып, сот үкім шығарып 1775
жылы 10 қаңтарда өлтіріледі. Көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейінде қазақтар орыс-қазақ
бекіністеріне шабуылдарын жалғастырып отырды. Ресей патшасының отарлық саясатына
қарсы күресте башқұрт халқының батыры Салауат Юлаев ұлт-азаттық соғысты
жалғастырды.
Кіші жүз ханы, Нұралы мен Пугачев арасындағы келіссөздер нәтижесіз аяқталғанымен
қазақ сұлтандарының арасында Е. Пугачевты белсенді қолдап, қазақ жасақшыларымен Яйк
(Жайық) қалашығын қоршауға және Орынбор қаласын алуға Досалы сұлтан және оның
балалары көмектесті. Досалы сұлтан жасақшыларының саны, 2000 адам болған. Досалы
сұлтан Е.И. Пугачевпен өте жақын байланысты болды. Досалы сұлтаннің баласы Сейдәлі Е.
Пугачевтың штабында аманатта болып, Досалы мен Пугачев арасында тығыз байланыс
орнатуға себепші болды. Сейдәлі сұлтан ағасы Шерғазы сұлтанды Е. Пугачевпен
кездестіреді. Шерғазы сұлтан қазақ жасақшылар отрядтарын басқарып, соғыс шайқастарына
бірге қатысып отырған. 1773 жылы қараша айында Досалы сұлтан Е.И. Пугачевке хат
жазады. Бұдан бұрын Досалы сұлтан Е. Пугачевпен хат алысып тұрған. Хатта : «Ұлы
император Петр Федерович! Сіздің жазған хатыңызды алдым. Сіздің жеңістеріңді естіп
қуанып қалдым. Сізді, Құдайдың өзі қолдап жеңістен жеңіске жете беруіңізге тілектеспін.
Сізді бүкіл қырғыз – қайсақ ұлыстарына хан болуыңызды тілеймін, құдайымыз әр уақытта
қолдап, армандарыңызға жете беріңіз...Сіздің сұраған көмегіңізге жауап ретінде 200 қазақ
жасақшыларын жіберіп отырмын, Яйк (Жайық) қалашығын алуға көмектеседі. Сізге әр
уақытта қызмет етуге дайынмын...» Досалы сұлтанның мөрі басылған. Хаттың мазмұн
аударған Сағит Халвориннің қолы қойылған. Е.И. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі 1775
жылы жеңіліс тапқанынан кейінде қазақтар күрестерін тоқтатпады. Е. Пугачев туралы халық
арасында аңыздар кең тарап, халықтардың есінде сақталды. 1775 жылы қыркүйек айында
Кіші жүз қазақтарының арасында «Белгісіз» немесе «Невидимка» деп аталған адам аңызы
кең тарап кетті. «Белгісіз» адамды қолға түсіру үшін Орынбор әкімшілігі бірнеше рет
отрядтар жібереді. Бірақ оны қолға түсіре алмайды. Көзге көрінбейтін аңыз адам әйел
болған. Әр жерде жүріп, әділет үшін күрес жүргізген, оның әскерлерінің саны екі мың адам
болған. Табын, тама руларының жерінде орыс – казак бекіністеріне тосыннан шабуыл жасап
жоқ болып кетіп отырған. Белгісіз (Невидимка) адамды қолға түсіру үшін Досалы сұлтанда
бірнеше рет ізіне түседі. 1775-1776 жылдарда Е. Пугачев көтерілісі жеңілгеннен кейінде
«Белгісіз» әйел ер жүрек, қолбасшы ретінде күресін жалғастырды. 1776 жылдың соңында
Ойыл өзенінің бойында болып содан жоқ болады.
Пугачев көтерілісіне қазақтардан басқа башқұрттар, қалмақтар, т.б., қатысқан еді. Бұл
көтерілістерден кейін, патша өкіметі 1775 жылы жергілікті басқару ісіне қайта ұйымдастыру
жүргізді. Орынбор губерниясы таратылды. Кіші жүз және Орта жүз аумағының бір бөлігін
Симбирск және Уфа генерал-губернаторлықтарының құрамына берді. Орынбордың обер-
78
комендантына Кіші жүздегі патша әкімшілігінің жергілікті мекемелерінің іс-шараларын
тікелей жүргізу тапсырылып, ол үшін Шекара істері комиссиясы құрылды. Патшалық үкімет
орындары қазақ сұлтандарын өзінің сенімді тірегіне айналдырып, олардың көмегімен
қазақтардың толқуларын болғызбауға ұмтылды. Өз тарапынан Нұралы хан мен сұлтандар
патша үкіметіне адалдығын дәлелдеуге бар күшін салды. Патшалық үкімет орындары
сыйлықтар үлестіру, айлық тағайындау, шен беру жолымен дала аристократиясымен одақты
нығайтуға ұмтылды.
1782 жылғы жарлық бойынша қазақ ауылдарының Жайықтан өтуіне хан шекаралық
үкімет органдарынан рұқсат алғаннан кейін ғана жол берілді. Сол кезде хан мен оның
жақындастары тұтқындарды сатып алу үшін халықтан қаражат жинады. Бұл қаражат Орал
әскерінің старшиналарымен бөлісілді. Сөйтіп, «тұтқын іздеу» қаржысы ханның, шекаралық
әкімшілік пен казактардың үстем топтарының тұрақты табыс көзіне айналды.
Бұл көтеріліс Ресей империясының әкімшілік-басқару жүйесінің әлсіздігін көрсетті.
Ресей патшайымы ІІ Екатерина бір орталыққа бағынған мемлекеттік басқару жүйесін енгізу
үшін «Бүкіл Ресейлік губерниялық басқару» реформасын жүргізді. Ресей империясы 40
губернияға бөлінді. Кіші жүз қазақтары Орынбор генерал – губернаторына бағындырылды.
Сонымен қатар ІІ Екатерина өзінің жарлығы мен, Яйк (Жайық) атын тарихтан өшіру үшін
Орал деп, Яйк (Жайық) қалашығын (Уральск) және Яйк (Жайық) казак әскерлерін, Орал –
казак әскерлері деп өзгертті. Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі туралы орыстың ұлы
ақыны «Капитанская дочь» деген кітабын жазды. Кіші жүз қазақтарының
жері Ресей отарлық
саясатының бастауы болды.
Достарыңызбен бөлісу: