Bulletin «Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет52/314
Дата02.09.2022
өлшемі6,57 Mb.
#148644
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   314
Байланысты:
Майлыбаева Вестник

Key words: 
future specialist, educational psychologist, psychological and pedagogical support, education, innovation, 
school, educational process, higher education. 
Елбасы Н.Ҽ. Назарбаевтің «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында 
тҧтас қоғамның жҽне ҽрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бағыттары арасында білімнің 
салтанат қҧруы мҽселесіне арнайы тоқталып, «табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім 
екенін ҽркім терең тҥсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім 
ҽрдайым бірінші орында тҧруы шарт. Себебі, қҧндылықтар жҥйесінде білімді бҽрінен биік қоятын 
ҧлт қана табысқа жетеді», - деп атап ҿткен [1, 10 б.]. Сондықтан, қазіргі Отандық білім беру жҥйе-
сінде инновациялық дамудың ҿзектілігі мен қатар оқушы-жастарды педагогикалық жаңалықтарға 
бейімделуін жеделдетудің маңызы арта тҥседі. 
Қазақстан Республикасында білім берудің жаңа жҥйесі жасалып, ҽлемдік білім беру деңгейіне 
бағыт алуда. Бҥгінгі таңда Отандық білім беру ҧйымдарында оқу-тҽрбие ҥдерісі инновациялық 
тҽртіппен даму сатысында. Жалпы орта білім беретін мектептерге жаңартылған білім беру мазмҧны 
ендірілуде. Мектептегі инновациялар білім беру мен тҽрбиелеу нҽтижелерін жаңа, жоғары сапалық 
деңгейге кҿтеруі сҿзсіз. Инновациялар мектептегі педагогикалық ҥдерісті ғана емес, мҧғалім тҧлға-
сында, оқушыны да ҿзгертеді. Бірақ инновациялардың ҽсерін тек бір тараптан кҿру сыни тҧрғыдан 
дҧрыс болмас. Педагогикалық жаңалықтар жақсы нҽтижелер беруі мҥмкін. Дегенмен, олардың оқу-
шылар, мҧғалімдер психологиясына ҽсері қалай болмақ?
Педагогикалық инновациялар ҽсіресе мектеп оқушыларының психологиясына ҽрқашанда оң 
ҽсерін тигізеді деуге бола ма? Педагогикалық тҽжірибе оның терісін кҿрсетеді. Мектепке тіпті шек-
теусіз педагогикалық жаңалықтар енгізіліп отырған жағдайларда оқушылар оларға қаншалықты тез 
бейімделеді? Бір жаңалыққа бейімделіп ҥлгірмей, жаңасы енгізіледі. Оған бейімделмей, тағыда бір 
жаңалық келеді. 
Бҥгінгі оқушылардың психологиясы, ҽрине кешегі оқушылар емес. Олар ақпараттық сауаттылығы 
жоғары, тілдерді меңгеруге бейім, еркін ойлайтын жҽне сҿйлейтін, мҧғалімдерден ҿз қҧқығын талап 
ететін балалар. Педагог-ғалымдар қазіргі балаларда «педагогикалық ҥдерістің объектісі емес, бел-
сенді субъектісі» ретінде, оларға жоғары баға беруде. Оқушыларға «ҿзін-ҿзі дамыта алатын», педа-
гогикалық ҥдерістің толыққанды мҥшелері ретінде қарастырады. Бҧл мҽселеде пікірталастың қажеті 
жоқ секілді. Ҿйткені, мҧндай кҿзқарас қазіргі педагогика теоретиктері мен тҽжірибешіл педагогтар 
басшылыққа алатын ҥлгі, яғни парадигмаға айналды. 
Бірақ, педагогикалық жаңалықтарға оқушылар қаншалықты бейімделіп жатыр? деген сҧрақ жауа-
бын кҥтеді. Мектеп психологиялық қызметі осы мҽселе тҿңірегінде қандай жҧмыстар атқарып отыр. 
Оқушыларды педагогикалық инновациялар жағдайында оқуға бейімдеу, негізінен мектеп психолог-
тарының қызмет міндеттеріне жатады. Болашақ педагог-психологтар жоғары оқу орындарында осы 
бағыттағы жҧмыстарға қажетті қҧзыреттілктерді игеруі тиіс. 
Осы мҽселе болашақ педагог-психологтарды мектептегі білім берудің инновациялық ҿзгерістер-
ге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы ҿзгерді, білім берудің мазмҧны жаңа-
рып, жаңаша кҿзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ҧрпаққа қоғам талабына сай 
тҽрбие мен білім беруде оқытушылардың инновациялық жағдайларда оқу ҥрдісін психологиялық-
педагогикалық сҥйемелдеуге даярлау, инновациялық іс-ҽрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін 
меңгеруі маңызды болып отыр. «...мемлекеттік білім стандарты болашақ педагог-психологтарды 
инновациялық жағдайларда оқу ҥдерісін педагогикалық-психологиялық даярлау, жаңа педагогика-
лық технологияны ендіруді міндеттейді. Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кҽсіптік қызмет-
тің ерекше тҥрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру ҥшін психология-
лық-педагогикалық аса зор тҽжірибені жҧмылдыру қажет. Шындығында да ҽрбір педагог жаңа 
инновациялық технологияны меңгеру барысында ҿзін-ҿзі дамытады жҽне ҿзін-ҿзі қалыптастырады. 
Осыған байланысты педагогикалық-психологиялық технологияларды қолдану, жаңа білім 
мазмҧнын, инновациялық жағдайларда ҽдіс-тҽсілдерді, жаңа оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын 
ендірудің тиімді қҧралы болып отыр [2, 25-26 бб.].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет