Буллинг деген не және оның қандай түрлері бар?



Дата06.04.2023
өлшемі3,28 Mb.
#173893
Байланысты:
буллинг

Буллинг деген не және оның қандай түрлері бар?


Қоғамда «буллинг мектеп оқушылары арасында ғана болады» деген түсінік қалыптасқан. Шын мәнінде, кез келген жастағы адам үйде, көшеде, жұмыста, оқу орнында, қысқасы, барлық жерде буллингпен ұшырасуы мүмкін.
Буллинг деп көп жағдайда бір адамның бір адамды қорқытып-үркіткенін, қудалауын атайды. Ал құрбанға топ болып әлімжеттік жасауды моббинг дейді.
Буллингтің негізгі төрт түрі бар. Олар: сөзбен қорқыту, күшпен қорқыту, реляцион түрі және кибернетикалық буллинг.
  • Сөз формасындағы буллингте адам ауызша айқаймен, дауыс көтеру арқылы және күліп, кекетіп-мұқату арқылы зорлық көрсетеді. Құрбанды қорлап, оның намысына тию, сыртынан ол туралы өтірік айту, өсек тарату, дөрекі сөйлеу, жәбірлеу сөз түріндегі буллингке кіреді.
  • Буллингтің күш көрсету арқылы жүретін түріадамның тәніне зиянын тигізеді, оның дүние-мүлкіне зардап әкеледі. Мәселен, иықпен қағып өту, ұру, төбелесу осы қатарда. Әдетте буллинг басқалай басталып, ақыр соңында күш көрсетуге алып келеді. Күш көрсету — өлімге апаруы мүмкін өте қауіпті буллинг түрі.
  • Relational буллингті кейде әлеуметтік агрессия деп те атайды. Бұл – бір адаммен қарым-қатынас құру арқылы оған зиян келтіру, кемсіту. Сондай-ақ реляцион буллинг түсінігін бір адам басқа жанның репутациясына кір келтіргісі келген, оның қоғамдағы беделіне нұқсан келтіруді ойлап жасаған әрекетін сипаттағанда да қолданады. Relational буллинг сырт көзге жақын араласатын адамдар боп көрінетін ортада болуы мүмкін. Сондықтан ол ұзақ уақыт басқа адамдарға байқалмай, бірнеше жылға жалғаса береді.

Қазір қорқытудың кибербуллинг деп аталатын түрі жиі ұшырасады. Мамандар да кибербуллингтің әсіресе пандемия кезінде өршіп тұрғанын айтып жүр. Кибербуллинг — интернет, әлеуметтік желі, түрлі сайт арқылы қоқан-лоқы көрсету. Жәбірлеуші телефонмен хабарласып немесе әлеуметтік желіде жазып, адамды қорқыта алады. Кибербуллинг жасаушы ауызша немесе белгілі бір фото, видео жариялап, қорлауы мүмкін. Сонымен қатар құрбанға зиян тигізу мақсатында ойластырылған арнайы тапсырыс аясында кибербуллинг белгілері байқалуы мүмкін.

Буллинг бұдан бөлек қандай жерде немесе кімге бағытталғанына байланысты бірнеше типке бөлінеді.

  • Мүгедектігі бар адамға қарсы буллинг
  • Мүгедектігі бар немесе аутизммен ауыратын адамдар да буллингке жиі ұшырайды. Мұқатушы мұндай адамды денесіндегі ерекшелігіне бола кемсіте береді.
  • Әскердегі буллинг
  • Әскердегі ұру, мұқатып-кекету де буллингке жатады.
  • Заңмен қорқыту
  • Заңды буллингке адамды бақылауда ұстау немесе жазалау үшін сот құралдарын қолдану кіреді. Қорқытудың мұндай түрін жасайтындар көбіне ұзаққа созылатын сот процестерінің басталуына себеп болады. Осылайша буллинг жасаушы құрбанды өзіне бағынышты қылуға, қорқытып-үркітіп отыруға тырысады.

Ата-ананың баланы қорқытуы
Ата-ана балаға агрессия көрсетсе, оны шектен тыс мұқатып, ұрып-соқса, бұл да буллинг болып есептеледі. Тіпті кей психолог ата-ана баласының өзгені қорқытып жүргенін байқаса, кінәні өзінен, үйден іздеуге кеңес береді. Агрессия көріп өскен бала оны басқаға бағыттауы мүмкін.
Сонымен бірге буллинг адамның араласатын ортасына қарай оқу орнындағы, түрмедегі, мектептегі, медицинадағы қорқыту немесе жұмыстағы кемсіту деп атала береді.

Баланың буллингке ұшырағанын қалай байқауға болады?

Баланың буллингке ұшырағанын қалай байқауға болады?

  • Буллингке ұшыраған балалар көбіне мектептегі жағдайларды ата-анасына айтуға қорқады. Қысым көрген баланың мінез-құлығында ұйқы мен тамақтану режимінің бұзылуы, өзінен кішілерге агрессиямен қарау, өзгелерден оқшалану, тез шаршау, тыныштықта ұзақ отыру, оқу үлгерімінің нашарлауы, мектепке, барудан бас тарту, невротикалық белгілер тәрізді өзгерістер болуы мүмкін.

Сандар не дейді?

  • Статистикаға келетін болсақ, еліміздегі балалардың шамамен 85%-ы әр буллингтің және киберқысымның неше түрлеріне ұшырайды. Бұл қазіргі заманның үлкен түйткіліне айналып отыр. Әсіресе 11-ден 15 жасқа дейінгі әрбір бесінші қазақстандық жасөспірім бұзақылықтың құрбаны немесе қатысушысы болады. Мамандардың айтуынша, 11–15 жас аралығындағы жасөспірімдердің 17%-ы айына бір немесе бірнеше рет буллингтің құрбаны болған. Және ауылдық жерлерге қарағанда қала мектептерінің оқушылары жиі қорлауға ұшырайды. Сонымен қатар 11–15 жас аралығындағы жасөспірімдердің 12%-дан астамы кемінде бір рет кибербуллингке тап болған.
  • Баладан осындай белгілер байқалған жағдайда онымен әңімелесіп, анық-қанығына көз жеткізген соң, бірінші кезекте қысым көрсеткен балалардың ата-анасымен сөйлесу қажет. Егер әңгімелесу нәтиже бермеген жағдайда, мектер директоры, психолог, учаскелік полицияны араластыруға болады.
  • Бастысы, бала бұл туралы ата-анасына, мұғалімге айтуға құқылы екенін білуі тиіс.


Ата-анасы не істеу керек?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет