7. Баланы қорғау саласында жүйелі және кіріктіре білім беруді дамыту; адам құқықтары саласындағы стандарттар туралы, тартыстарды күштеусіз шешу және тәртіпті қамтамасыз ету әдістері туралы, сондай-ақ баланы дамыту, арнаулы мұқтаждықтарға ие балалардың құқықтары туралы ақпарат беруді қамти отырып, ата-аналарды, барлық тиісті кәсіптік топтар мен БАҚ-ты оқытуды көтермелеуге;
8. Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық нысандарының алдын алу және олармен күресу үшін, сондай-ақ осындай зорлық-зомбылық актілерін жасаған адамдар жауапкершіліктен кетпей, тиісті ем алуы үшін бұдан былай халықаралық және шекарааралық ынтымақтастықтың барлық нысандарын, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылықтарды ескерту саласында күшейтуге және дамытуға;
9. Балалардың зорлық-зомбылық жағдайларын жеңіл тануға мүмкіндік беретін білім мен машықтарды алуына және олардың жағдайды талдауға, зерттеулер мен мониторинге, сондай-ақ оларға қатысты заң актілері мен саясатты әзірлеуде қатысуын қамтамасыз ететін тетіктерді жасауға жәрдемдесе отырып, балалар мен жастардың зорлық-зомбылыққа қарсы күресте неғұрлым белсенді роль ойнауы үшін мүмкіндіктер жасауға келісеміз.
Біз, Еуропа және Орталық Азия өңірінің барлық елдерінің өкілдері осы тоғыз қадам біздің балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күресу мақсатында ұлттық және өңірлік деңгейлерде қабылдайтын алғашқы маңызды қадамдарымыз болатынына өз келісімімізді білдіреміз.
|